Қасқабасов С. Таңдамалы


«Сапаһи» ертегісі. Институттың қолжазба қорында (114-п



Pdf көрінісі
бет53/60
Дата06.12.2022
өлшемі1,31 Mb.
#55473
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   60
«Сапаһи» ертегісі. Институттың қолжазба қорында (114-п., 
I дәп.)
«Бұрынғы заманда бір Сапаһи деген кісі өз заманында теңдесі 
жоқ өте сұлу бір әйел алыпты. Әйелінің сұлулығы өте төтенше 
артық болып, бір көрген адам екінші көруге кұмарланып 
тұратын, ауызбен айтып келтіре алмайтын сұлу екен. Ері Сапаһи 
әйелін өте жақсы көріп, әйелі үйде отырса, үйде отырып, тысқа 
шықса, әйелімен бірге тысқа шығып, қашан ұйқыға барғанша 
әйелінің бетіне қарап отырудан басқа тіршілік әрекеттен түк 
те істемей, сонымен бірнеше жылдар өткізіп, Сапаһи басында 
жақсы, ауқатты болса да, бірнеше жылдар басқа әрекет болмаған 
үшін, ақыры кедейлене бастапты. Бара­бара тіпті нашарла­
на бастағанда, бір күні әйелі отырып, ері Сапаһиге: «Қолдағы 
мал, ақша таусылды, бізде халық қатарлы істеп жүрген тір­
шілік жоқ. Енді жанды қалай бағамыз. Сен неге тіршілік 
етпейсің?» – депті.
Сонда Сапаһи әйеліне қарап: «Мен сені үйге қалтырып, 
қайтып басқа жақта шыдап жүре аламын. Сыртқа шығып


[
266
]
бір қонып, түнемек тұрсын, бір сағат көрмесем сені, көргенше 
асығып, өліп кете жаздаймын», – депті.
Сонда әйелі: «Сіз анығында қалай ойлайсыз, мені «ұзаққа 
жолаушы жүріп кетсем, әлде біреулермен ойнап қояма», – 
деп, ойлаймысыз?» – деп сұрапты. Сонда Сапаһи: «Шынында, 
мендегі ой­фікір: бірінші, сені көрмей, тұра алмаймын, екін­
ші – мен алысқа кетсем, біреулермен ойнап қоя ма деп те ой­
лаймын», – депті.
Сонда әйелі Сапаһиге: «Мен сізге бір әңгіме айтайын, оты­
рыңыз», – депті (23­24­6.).
«Қазақ ертегілерінің» II томында:
«Ертеде Сапаһи деген кісінің теңдесі жоқ өте сұлу бір әйелі 
болыпты. Әйелінің сұлулығы сонша бір көрген адам екінші 
көруге кұмарланып, сол көргенін ауызбен айтып жеткізе ал­
майды. 
Ері Сапаһи әйелін өте жақсы көріп, әйелі үйде отырса үйде 
отырып, тысқа шықса әйелімен бірге тысқа шығып, қашан 
ұйқыға барғанша әйелінің бетіне қарап мөлиіп отырудан басқа 
тіршілік етпепті. Сонымен бірнеше жылдар өткізіпті. Сапаһи 
басында жақсы, ауқатты адам болса да, бірнеше жылдар басқа 
әрекет болмағаны үшін, ақыры кедейлене бастапты. Бара­бара 
тіпті нашарлап кеткен соң, бір күні әйелі отырып ері Сапаһиге:
«– Қолдағы мал­мүлік, ақша таусылды, бізде халық қатарлы 
істеп жүрген тіршілік жоқ Енді жанды қалай бағамыз, сен неге 
тіршілік етпейсің», – депті.
Сонда Сапаһи әйеліне қарап:
– Мен сені үйде қалдырып, қайтып басқа жақта жүре ала­
мын. Сыртқа шығып, бір қонып, түнемек тұрсын, бір сағат сені 
көрмесем асығып, өліп кете жаздаймын, – депті.
Сонда әйелі:
– Сен анығында қалай ойлайсың? Ұзақ жолаушы жүріп кет­
се әлдебіреулермен мені ойнап қояды деп ойлаймысың? – деп 
сұрапты. Сонда Сапаһи:
– Шынында, сені көрмей, тұра алмаймын, әрі алысқа кет­
сем, біреулермен ойнап қоя ма деп те ойлаймын, – депті.
Сонда әйелі Сапаһиге: – Мен саған бір әңгіме айтайын, әбден 
тыңлап отыр, – депті» (234­235­б.).


[
267
]
Бұл ертегіні институттың қолжазба қорына 1958 жылы 
жіберген Мұсабеков Д. мәтіннің соңында былай деп жаза­
ды: «Бұл ертегіні «Тоты­наманың» бір түнгі әңгімесі деп, 
1937 жылы Тесебай Көкежанұлының айтқанынан есіттім».
Ал, келтірілген бұл мысалдардан нені көреміз? Ең алдымен 
айтатын нәрсе – кітапқа басылып шыққан мәтін баспаға дейін 
екі рет әдеби редакцияға ұшыраған. Дәлел: қолжазбадағы 
мәтіннің түпнұсқасына шығарушылар «басылсын» деп таңба 
басқан да, машинкаға бермей, қолжазбаның өзіне түзетулер 
енгізген. Ал, кітапта шыққан нұсқада не мәтіннің алғашқы 
түпнұсқасындағы түрі, не үстінен жүргізілген түзетулер кез­
деспейді. Демек, «түзетілген» қолжазбалық мәтін машин­
каға басылған, содан кейін машинкадан шыққан мәтін та­
ғы да редакцияланған. Мұның ғылыми текстологияға үш 
қай наса сорпасы қосылмайтынын айтып жату артық!
Екіншіден, кітапта шыққан мәтіннің стилі барынша жаз­
ба әдебиетке жақындастырылған. Әрине, ертегі стилі ауызекі 
сөйлегендіктен қалыпқа салып құйған кірпіштей теп­тегіс, 
жап­жатық бола қоймауы ықтимал. Сондықтан кейбір сөйлем­
дер ұзақ шұбалаңқы болуы мүмкін. Оларды дұрыс сөйлемге, 
синтагмаға бөлу шарт. Бірақ сөйлемге бөлем деп бір сөздің 
орнына басқа сөз немесе түгел бірнеше сөз тіркесін ойдан 
қоюға болмайды. Онда біз ертегінің стильдік, лексикалық 
ерекшеліктерінен айырыламыз. Ендеше, ертегі тілін, ауызекі 
сөйлеу тілін, керек болса өткен дәуірлерге тән лексиканы 
зерттеу мүмкіншілігінен айырыламыз. Сондай­ақ кейбір фо­
не 
тикалық ерекшеліктерді сақтаған да лазым. Айталық, 
жоғарыда келтірілген қолжазбада «үйге қалтырып», «әбден 
тыңлап» деген сөздер бар. Осындай фонетикалық өзгешелікті 
неге кітапта сақтамасқа? Бұл біздің тілшілерге де өте пайдалы 
емес пе?
Бұдан шығатын қорытынды: біздің фольклортану ғылы­
мымызда текстологиялық редакциялау ісі көкейтесті мәсе­
лелердің бірінен саналады. Орыс совет фольклортану ғылы­
мында бұл мәселеге соңғы жылдары қатты көңіл бөлі ніп жүр. 
Бірнеше автор текстология проблемаларын арнайы қарасты­
рып, ойлары мен пікірлерін ортаға салды 
7
. Әсіресе, орыс совет 
фольклортану ғылымының аса көрнекті өкілі проф. В.Я. Проп­


[
268
]
птың ұсынған шарттары ғалымдар көңіліне ұялап, қол дау та­
уып жүр. Айталық В.Я. Пропптың мына қорытынды сын 
барлық дерлік фольклоршылар мақұлдауда: «Таким обра­
зом, осторожно проведенная замена некоторых или даже всех 
диа 
лектальных особенностей произношения общерусскими 
произносительными нормами при соответствующей оговорке 
и мотивировке для некоторых типов изданий вполне возможна 
без всякого ущерба для фольклористики.
Наоборот, обработка особенностей словоизменения, словооб­
разования и пр. недопустима. Вмешательство редактора в этих 
случаях представляло бы собой уже не только языковую, но и 
литературную обработку. В болыдинстве случаев так называе­
мая «литературная обработка должна квалифицироваться как 
варварство, если речь идет об издании памятников народного 
творчества» 
8
.
Ал, қазақ совет фольклортану ғылымы бұл пробле 
маға 
әлі көңіл бөлмей келеді. Сол себепті де біздің құрасты рушы­
ларымыз бен редакторларымыз жинағына енген мә 
тін­
дерді, «қазаншының еркі бар қайдан құлақ шығарса» деген­
дейін, өз еркінше түзеп, редакциялайды. Тіпті кей жағ­
дайда халық мәтіні әдеби қалыпқа түсіп кеткенін көреміз. 
Бір­екі мысал келтіре кетейік. Әбубәкір Диваев жинаған біраз 
ертегілер совет заманында бірнеше рет жарық көргені бел­
гілі. Мәселен, 1946, 1957­1964 жылдары шыққан жинақтар­
да және арнайы Ә. Диваев мұрасына арналған кітапта. 
Мі не, алдымызда «Үш ауыз сөз» атты ертегінің екі басылымы. 
Са лыс тырып көрелік:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет