№ ______ ЖЕКЕ ЕҢБЕК ШАРТЫ Алматы қаласы 2007 жылғы 27 қазан
«Арқау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, бұдан əрi – Жалдаушы деп
аталады, Жарғы негiзiнде iс-қимыл жасайтын Бас директор ___________________ арқылы, бiр жағынан жəне азамат ______________________________, бұдан əрi –
Қызметкер деп аталады, екiншi жағынан, бұдан əрі –Тараптар деп аталады,
төмендегі жайында осы Жеке еңбек шартын (бұдан əрі – Шарт) жасады:
1. ШАРТТЫҢ МƏНІ
1.1. Тараптар Жалдаушының Əкімшілік бөлімінің бас маманы қызметіне Қызметкер жалдау туралы осы Шартты жасады.
1.2. Жалдаушы осы Шартқа сəйкес жалдайды жəне ақы төлейді, ал
Қызметкер осы Шарттың талаптарында белгіленген жұмысты орындауға
міндеттенеді.
1.3. Осы Шарт еңбек қатынастарын жəне соған байланысты осы Шарттың
талаптары мен міндеттемелерін орындау барысында белгілі бір жұмысты жүзеге
асыруға байланысты Тараптар арасында пайда болатын басқа да құқықтық
қатынастарды реттейді.