Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы


 ТАРАПТАРДЫҢ  МЕКЕН-ЖАЙЫ  ЖƏНЕ  ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет123/188
Дата31.12.2021
өлшемі1,32 Mb.
#21981
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   188
Байланысты:
Іс қағаздарын жүргізу

10. ТАРАПТАРДЫҢ  МЕКЕН-ЖАЙЫ  ЖƏНЕ  ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ 
 
Жалдаушы: 
 
«Арқау» ЖШС 
480092, Алматы қаласы,  
Абай д-лы, 21-үй 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бас директор 
_________________ 
 
   Қызметкер:  
Үйінің адресі: 
Алматы қаласы, 
______________  
______________ 
 
Жеке куəлігінің 
№ ______________ 
    ______________  
Қазақстан Республикасының 
ІІМ берген. 
 
CТН: ______________ 
ƏЖК: ______________ 
Қызметкер        
      ____________________ 
 


 
147
4.3.7. Қызметке қабылдау туралы бұйрық (өкім) 
 
 
Қызметкерді жұмысқа қабылдау жасалған еңбек шарты негізінде 
шығарылатын  бұйрықпен  (өкіммен)  ресімделеді.  Жұмыс  беруші 
бұйрығының 
(өкімінің) 
мазмұны 
жасалған 
еңбек 
шартының 
мазмұнымен сəйкес келуі тиіс. 
 
Жұмыс  берушінің  жұмысқа  қабылдау  туралы  бұйрығы  (өкімі) 
еңбек  шартына  қол  қойылған  күннен  бастап  үш  күн  ішінде 
қызметкердің  қолын  қойдыра  отырып,  таныстырылады.  Қызметкердің 
талабы  бойынша  жұмыс  беруші  оған  бұйрықтың  (өкімнің)  расталған 
көшірмесін беруге міндетті.  
 
Жұмысқа қабылдау кезінде жұмыс беруші қызметкерді ұйымдағы 
ішкі  еңбек  тəртібімен,  қызметкердің  атқаратын  міндеттеріне  қатысты 
ішкі  нормативтік  құжаттармен  жəне  ұжымдық  шартпен  таныстыруы 
керек.  
 
Жеке  құрам  бойынша  бұйрықтар  басқару  құжаты  ғана  емес, 
сонымен бірге бастапқы есептік құжат та болып саналады. Өйткені ол 
азаматты  жұмысқа  қабылдау,  ауыстыру  немесе  босату  фактісін 
белгілейді жəне оған еңбекақы есептеуге негіз болып табылады. 
 
Жұмысқа  қабылдау  туралы  бұйрық  ұйымға  қызметке  алынған 
əрбір адамға шығарылады. Жұмысқа бірнеше қызметкерді бір мезгілде 
алған  кезде,  əсіресе  уақытша  жəне  маусымдық  жұмыстарға 
қабылдағанда, барлығына арнап бір бұйрық шығаруға да болады.  
 
Бұйрықты  ресімдеу  кезінде  ұйымның  құрылымдық  бөлімшесі, 
мамандық  немесе  лауазым  атауы,  егер  қызметкерді  жұмысқа 
қабылдау кезінде тексеруден өткізу белгіленсе, сынақ мерзімі, сондай-
ақ  жұмысқа  қабылдау  шарты  мен  алдағы  жұмыстың  сипаты  (екі 
қызметті қоса атқару, басқа ұйымнан ауысу тəртібі, уақытша болмаған 
қызметкердің  орнына  алу,  белгілі  бір  жұмысты  орындау  жəне  т.б.) 
көрсетіледі.  Бұл  деректер  еңбек  шартынан  алынады.  Бұйрықта 
міндетті түрде қызметкердің жұмысқа кіріскен күні көрсетілуі тиіс. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет