Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы



Pdf көрінісі
бет69/188
Дата31.12.2021
өлшемі1,32 Mb.
#21981
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   188
Байланысты:
Іс қағаздарын жүргізу

9. ҚОҒАМНЫҢ ОРГАНДАРЫ 
 
9.1. Қоғамның органдары мыналар болып табылады: 
жоғарғы органы – акционерлердің Жалпы жиналысы; 
басқару органы – Директорлар кеңесі; 
атқарушы органы – Атқарушы директор. 
Акционердердің  Жалпы  жиналысының  шешімімен  бақылаушы  орган  –  Ішкі 
аудит қызметі құрылуы мүмкін.  
Директорлар  кеңесінің  шешімімен  Қоғамның  өзге  де  органдары  құрылуы 
мүмкін. 
 
10. АКЦИОНЕРЛЕРДІҢ ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫ 
 
10.1. Қоғамның жоғарғы органы – акционердердің Жалпы жиналысы болып 
табылады.  Акционерлердің  жалпы  жиналысы  жылдық  жəне  кезектен  тыс  деп 
бөлінеді. 
10.2.  Қаржылық  жыл  аяқталғаннан  кейін  бес  ай  ішінде  Қоғам  жыл  сайын 
акционерлердің жылдық жалпы жиналысын өткізеді. Акционерлердің басқа жалпы 
жиналыстары  кезектен  тыс  болып  табылады.  Акционерлердің  бірінші  жалпы 
жиналысы  жарияланған  акциялар  шығарылымын  мемлекеттік  тіркегеннен  кейін 
жəне  акциялар  ұстаушылар  тізілімі  жүйесін  қалыптастырғаннан  кейін  шақырылуы 
жəне өткізілуі мүмкін.  
10.3. Акционерлердің жылдық Жалпы жиналысында: 
1) қоғамның жылдық қаржылық есебі бекітіледі; 
2)  қоғамның  өткен  қаржылық  жылы  үшін  таза  кірісін  бөлу  тəртібі  мен 
қоғамның бір жай акциясы есебімен дивидендтер көлемі белгіленеді; 


 
102
3) акционерлердің қоғамның қызметіне жəне оның лауазымды тұлғаларына 
қатысты мəселелері жəне оларды қарау нəтижелері қарастырылады. 
Директорлар  кеңесінің  төрағасы  қоғамның  акционерлерін  қоғамның 
директорлар  кеңесі  мүшелеріне  сыйақы  мөлшерін  жəне  атқарушы  органының 
құрамын хабардар етеді. 
10.4.  Акционерлердің  жылдық  Жалпы  жиналысы  шешім  қабылдау  құқығы 
акционердердің  Жалпы  жиналысының  құзыретіне  берілген  басқа  да  мəселелерді 
қарауға құқылы.  
10.5.  Акционерлердің  Жалпы  жиналысының  түпкілікті  құзыретіне  мынадай 
мəселелер жатады: 
1)  Қоғамның  жарғысына  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  немесе  оның 
жаңа редакциясын бекіту; 
2)  корпоративтік  басқару  кодексін,  сондай-ақ  оған  өзгерістер  мен 
толықтыруларды бекіту; 
3) Қоғамды ерікті қайта құру немесе тарату; 
4)  Қоғамның  жарияланған  акциялар  санын  ұлғайту  немесе  қоғамның 
орналастырылмаған  жарияланған  акцияларының  түрін  өзгерту  туралы  шешім 
қабылдау; 
5) қоғамның бағалы қағаздарын конвертациялау, сондай-ақ оларды өзгерту 
талабы мен тəртібін белгілеу; 
6) есеп комиссиясының сандық құрамы мен өкілеттік мерзімін анықтау, оның 
мүшелерін сайлау жəне олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату; 
7) Директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін анықтау, оның 
мүшелерін сайлау жəне олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-
ақ  Директорлар  кеңесінің  мүшелеріне  сыйақы  төлеу  мөлшері  мен  талабын 
анықтау; 
8) қоғамға аудит жүргізетін аудиторлық ұйымды анықтау; 
9) жылдық қаржылық есепті бекіту; 
10) Қоғамның есепты қаржылық жылға таза кірісін бөлу тəртібін бекіту, жай 
акциялар  бойынша  дивидендтер  төлеу  туралы  шешім  қабылдау  жəне 
дивидендтер көлемін Қоғамның жай бір акциясы есебімен бекіту; 
11)  осы  Жарғыда  жəне  қолданыстағы  заңдарда  көзделген  жағдайларда 
қоғамның  жай  жəне  артықшылықты  акциялары  бойынша  дивидендтер  төлемеу 
туралы шешім қабылдау; 
12)  Қоғамның  басқа  заңды  тұлғаларды  Қоғамға  тиесілі  барлық  активтердің 
жиырма  бес  жəне  одан  да  көп  пайызын  құрайтын  сомада активтерінің  бір  бөлігін 
немесе  бірнеше  бөлігін  бере  отырып,  құруы  немесе  қызметіне  қатысуы  туралы 
шешім қабылдау; 
13)  қоғамның  акционерлерді  акционерлердің  жалпы  жиналысын  шақыру 
туралы  хабарлау  нысанын  анықтау  жəне  осындай  ақпаратты  бұқаралық  ақпарат 
құралдарына орналастыру туралы шешім қабылдау; 
14)  қолданыстағы  заңдарға  сəйкес  акцияларды  қоғам  сатып  алу  кезінде 
акциялардың құнын анықтау əдісіне өзгерістерді бекіту (егер оны Жалпы жиналыс 
бекітпесе, əдістемені бекіту); 
15) акционерлердің Жалпы жиналысының күн тəртібін бекіту; 
16)  акционерлерге  Қоғам  қызметі  туралы  ақпарат  ұсыну  тəртібін  белгілеу, 
оның  ішінде  егер  осындай  тəртіп  қоғамның  жарғысында  белгіленсе,  бұқаралық 
ақпарат құралын анықтау; 
17) «алтын акцияны» жүргізу жəне күшін жою; 
18) осы жарғыда акционерлдердің жалпы жиналысының түпкілікті құзыретіне 
жатқызылған басқа да мəселелер бойынша шешім қабылдау. 


 
103
Акционерлердің 
Жалпы 
жиналысының 
осы 
тармақтың 
1)-4) 
тармақшаларында  көрсетілген  мəселелер  бойынша  шешімі  Қоғамның  дауыс 
беруші  акцияларының  жалпы  санының  білікті  басым  даусымен  (төрттен  үшінен 
кем  емес)  қабылданады.  Акционерлердің  Жалпы  жиналысының  өзге  мəселелер 
бойынша  шешімі  Қоғамның  дауыс  беруші  акцияларының  дауыс  беруге  қатысып 
отырған жалпы санының жай басым даусымен қабылданады.  
10.6.  Акционерлердің  Жалпы  жиналысы  Қоғамның  басқа  органдарының 
Қоғамның ішкі қызметіне қатысты мəселелер бойынша кез келген шешімінің күшін 
жоюға (өзгертуге) құқылы. 
10.7.  Акционерлердің  жылдық  Жалпы  жиналысын  Директорлар  кеңесі 
шақырады.  Акционерлердің  Кезектен  тыс  жалпы  жиналысы  мыналардың 
бастамасы бойынша шақырылады: 
1) Директорлар кеңесі; 
2) ірі акционер. 
10.8. Акционерлердің Жалпы жиналысын дайындауды жəне өткізуді: 
1) атқарушы орган; 
2) сонымен жасалған шартқа сəйкес Қоғамның тіркеушісі; 
3) Директорлар кеңесі; 
4) Қоғамның тарату комиссиясы жүзеге асырады. 
10.9.  Акционерлер  («алтын  акцияның»  иесі)  алдағы  жалпы  жиналыстың 
өтетінін  отыз  күнтізбелік  күннен  кешіктірмей  хабардар  етілуі  тиіс,  ал  сырттай 
немесе  аралас  дауыс  берген  жағдайда  –  жиналыс  өтетін  күнге  дейін  қырық  бес 
күнтізбелік  күн  бұрын  хабардар  етілуі  тиіс.  Акционерлердің  жалпы  жиналысын 
өткізу  туралы  хабарлама  бұқаралық  ақпарат  құралдарында  жариялануы  тиіс  не 
жазбаша хабарлама жіберу арқылы акционерге («алтын акцияның» иесі) жеткізілуі 
тиіс.  Көрсетілген  мерзімдерді  есептеу  акционерлердің  жалпы  жиналысын  өткізу 
туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарына жариялаған күннен бастап 
не  оны  акционерлерге  («алтын  акцияның»  иесіне)  жазбаша  хабарлама  ретінде 
жіберген күннен бастап жүргізіледі. 
Акционерлердің жалпы жиналысының өтетіні туралы хабарлама бұқаралық 
ақпарат  құралдарында  мемлекеттік  жəне  басқа  тілдерде  жарияланған  жағдайда, 
белгіленген  мерзімді  есептеу  осындай  соңғы  жарияланым  шыққан  күннен  бастап 
жүргізіледі. 
10.10.  Қайтадан  жиналысты  өткізу  бастапқы  (өтпей  қалған)  Жалпы 
жиналысты  өткізу  белгіленген  күннен  кейінгі  келесі  күннен  ерте  емес  белгіленуі 
мүмкін.  Акционерлердің  өтпей  қалғанының  орнына  өткізілетін  қайталама  жалпы 
жиналысы  күн  тəртібіндегі  мəселені  қарауға  жəне  олар  бойынша  шешім 
қабылдауға құқылы, егер: 
1)  кворум  болмағандығы  себепті  өтпей  қалған  акционерлердің  жалпы 
жиналысын шақыру тəртібі сақталса; 
2)  тіркеу  аяқталған  сəтте  қатысу  үшін  оған  Қоғамның  дауыс  беруші 
акцияларының қырық жəне одан да астам пайызын иеленуші акционерлер (немесе 
олардың өкілдері), оның ішінде сырттай дауыс беруші акционерлер тіркелсе. 
10.11.  Акционерлердің  Жалпы  жиналысының  күн  тəртібін  Директорлар 
кеңесі  қалыптастырады  жəне  талқылауға  шығарылған  нақты  тұжырымдалған 
мəселелердің түпкілікті тізбесінен тұруы тиіс.  
10.12.  Акционерлердің  жалпы  жиналысының  күн  тəртібіне  енгізілмеген 
мəселені қарауға жəне ол бойынша шешім қабылдауға құқығы жоқ.  
10.13.  Акционерлердің  жалпы  жиналысы,  егер  жиналысқа  қатысушыларды 
тіркеу аяқталған сəтте оған қатысуға жəне ол бойынша дауыс беруге құқығы бар, 
Қоғамның  жиынтығы  елу  жəне  одан  астам  пайыз  акциясын  иеленген 
акционерлердің тізіміне енгізілген акционерлер немесе олардың өкілдері тіркелсе, 


 
104
күн  тəртібі  бойынша  мəселені  қарауға  жəне  ол  бойынша  шешім  қабылдауға 
құқылы. 
10.14.  Акционер  акционерлердің  Жалпы  жиналысына  қатысуға  жəне 
қаралып отырған мəселеге жеке өзі немесе өз өкілі арқылы дауыс беруге құқылы. 
Акционердің  өкілі  Қазақстан  Республикасының  заңдарына  сəйкес  ресімделген 
сенімхат негізінде əрекет етеді. 
10.15.  Акционерлердің  Жалпы  жиналысы  ашылғанға  дейін  келген 
акционерлерді (олардың өкілдерін) тіркеу жүргізіледі. Тіркеуден өтпеген акционер 
(акционердің  өкілі)  кворумды  анықтау  кезінде  ескерілмейді  жəне  дауыс  беруге 
қатысуға құқығы жоқ.  
10.16. Акционерлердің жалпы жиналысы кворум болған кезде жарияланған 
уақытта ашылады. 
10.17.  Акционерлердің  Жалпы  жиналысы  жалпы  жиналыстың  төрағасын 
(президиумды) жəне хатшысын сайлайды. 
10.18. Акционерлердің Жалпы жиналысы дауыс беру нысанын белгілейді – 
ашық  немесе  құпия  (бюллетенмен).  Акционерлердің  Жалпы  жиналысының 
төрағасы мен хатшысын сайлау кезінде əрбір акционер бір дауысқа ие, ал шешім 
қатысушылардың жай басым даусымен қабылданады. 
10.19.  Акционерлерінің  саны  жүзден  аз  Қоғамда  есеп  комиссиясының 
функциясын Акционерлердің Жалпы жиналысының хатшысы атқарады. 
10.20.  Акционерлердің  Жалпы  жиналысы  күн  тəртібіндегі  барлық  мəселе 
қаралғаннан  жəне  олар  бойынша  шешімдер  қабылданғаннан  кейін  жабық  деп 
жариялануы мүмкін. 
10.21.  Акционерлердің  Жалпы  жиналысының  шешімі  сыртай  дауыс  беру 
арқылы  да  қабылдануы  мүмкін.  Сырттай  дауыс  беру  акционерлердің  жалпы 
жиналысына қатысушы акционерлердің дауыс беруімен (аралас дауыс беру) бірге 
не  акционерлердің  Жалпы  жиналысын  өткізбей-ақ  жүргізілуі  мүмкін.  Сырттай 
дауыс  беру  арқылы  шешім  қабылдау  тəртібі  Қазақстан  Республикасының 
қолданыстағы заңдарында белгіленген. 
10.22.  Акционерлердің  Жалпы  жиналысында  дауыс  беру  «бір  акция  –  бір 
дауыс» принципі бойынша жүргізіледі, бұған мыналар жатпайды: 
1)  Қазақстан  Республикасының  заң  актілерінде  көзделген  жағдайларда  бір 
акционерге берілетін акциялар бойынша дауыстардың ең жоғарғы санын шектеу; 
2)  Директорлар  кеңесінің  мүшелерін  сайлау  кезінде  кумулятивтік  дауыс 
беру; 
3)  Акционерлердің  Жалпы  жиналысында  дауыс  беру  құқығы  бар  əрбір 
тұлғаға акционерлердің Жалпы жиналысын өткізудің рəсімдік мəселелері бойынша 
бір дауыстан беру. 
10.23.  Кумулятивтік  дауыс  беру  кезінде  акциялар  бойынша  ұсынылатын 
дауыстар  акционерге  Директорлар  кеңесінің  мүшелігіне  бір  үміткерге  толықтай 
берілуі  немесе  Директорлар  кеңесінің  мүшелігіне  бірнеше  үміткер  арасында 
бөлінуі мүмкін. 
10.24.  Дауыс  беру  қорытындысы  бойынша  дауыс  беру  қорытындысы 
жөніндегі хаттама жасалып, қол қойылады. Акционерлердің Жалпы жиналысының 
дауыс  беру  қорытындысы  баспасөз  басылымында  жариялану  немесе 
акционерлердің Жалпы жиналысы аяқталғаннан күннен бастап он күн ішінде əрбір 
акционерге жазбаша хабарлама жіберу арқылы назарына ұсынылады. 
10.25.  Акционерлердің  Жалпы  жиналысының  хаттамасы  Қазақстан 
Республикасының  қолданыстағы  заңдарының  талаптарына  сəйкес  жиналыс 
жабылғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жасалып, қол қойылады. 
10.26.  Акционерлердің  Жалпы  жиналысының  хаттамасына  мыналар  қол 
қояды: 


 
105
1)  Акционерлердің  Жалпы  жиналысының  төрағасы  (президиум)  жəне 
хатшысы; 
2) есеп комиссиясының мүшелері; 
3)  дауыс  беруші  акциялардың  он  жəне  одан  астам  пайызын  иеленушілер 
жəне акционерлердің Жалпы жиналысына қатысушылар. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет