9.1. Осы Шарттың талаптарына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар
Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Шартқа қосымша келісіммен
ресімделеді жəне оның ажырамас бөлігі болып табылады.
9.2. Осы Шарт əрбір Тарап үшін қазақ тілінде бір данадан заң күші бірдей
етіліп, екі данада жасалған.
9.3. Тараптардың еркіне бағынбайтын жəне Тараптардың осы Шарт
бойынша міндеттемелерді орындауына кедергі жасайтын жағдай орын алған
кезде, Тараптар бір-біріне талап қоюдан бас тартады.