Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы



Pdf көрінісі
бет125/188
Дата31.12.2021
өлшемі1,32 Mb.
#21981
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   188
Байланысты:
Іс қағаздарын жүргізу

4.3.8. Қызметкердің жеке карточкасы 
 
 
Белгіленген  нысан  бойынша  жасалатын  қызметкердің  жеке  
карточкасы негізгі  есепке  алу  құжаты  болып табылады  жəне  жұмысқа 
қабылданған  əрбір  қызметкерге  арнап  толтырылады.  Ол  кадрлар 
құрамын  талдау  жəне  қызметкерлер  қозғалысын  есепке  алу  үшін 
пайдаланылады.  Бекітілген  арнайы  үлгісі  бар.  Сондықтан  бұл  жерде 
оны келтіріп жатуды артық деп таптық. 
 
4.3.9. Еңбек демалысының кестесі  
 
Қазақстан  Республикасының  еңбек  туралы  заңына  сəйкес  əрбір 
азаматтың еңбек демалысын алуға құқығы бар. Еңбек шарты бойынша 
жұмыс  істейтін  адамға  еңбек  қатынастарын  реттейтін  заң  актілерінде 
белгіленген  белгіленген  жұмыс  уақытына,  демалыс  жəне  мейрам 
күндерінде  демалуға,  жыл  сайынғы  ақысы  төленетін  кезекті  еңбек 
демалысын  алуға  кепілдік  берілген.  Осыған  орай,  ұйымдарда  кезекті 
еңбек  демалысын  ресімдеу  кадр  қызметінің  басты  функцияларының 
бірі болып табылады.  
 
Кезекті 
еңбек 
демалысын 
ресімдеу 
кезінде 
алдымен 
Қазақстанның қолданыстағы еңбек заңына жүгіну керек.  
 
Кезекті  еңбек  демалысын  ресімдеу  мынадай  операциялар 
жасауды  қажет  етеді:  кезекті  еңбек  демалыстарының  кестесін  жасау; 
жыл  бойы  аталған  кестенің  сақталуын  бақылау;  кезекті  еңбек 


 
149
демалысын  беру  туралы  бұйрықты  ресімдеу;  оны  тіркеу  жəне  кезекті 
еңбек  демалысы  туралы  деректерді  арнайы  базадағы  нысанға 
толтыру жəне т.б. 
Еңбек  демалысына  ақы  төлеу  ол  басталғанға  дейiн  күнтiзбелiк 
үш күннен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.  
Егер басқа нормативтiк құқықтық актiлерде, жеке еңбек, ұжымдық 
шарттарда  жəне  жұмыс  берушiнiң  актiлерiнде  қызметкерлердiң 
жекелеген  санаттары  үшiн  көп  күн  көзделмесе,  қызметкерлерге 
ұзақтығы кемiнде күнтiзбелiк он сегiз күн болатын жыл сайынғы еңбек 
демалысы берiледi.  
Ақы  төленетiн  жыл  сайынғы  қосымша  еңбек  демалысы  еңбек 
жөнiндегі  уəкілеттi  мемлекеттiк  орган  белгілейтiн  өндiрiстердiң, 
жұмыстардың,  кəсiптер  мен  лауазымдардың  тiзбесiне  сəйкес  ауыр 
дене  еңбегi  мен  еңбек  жағдайлары  зиянды  (өте  зиянды)  жəне  қауiпті 
(өте қауiптi) жұмыстарда iстейтiн қызметкерлерге беріледі.  
Ақы  төленетiн  жыл  сайынғы  қосымша  демалыста  жүрген 
қызметкердi осы демалыстан керi шақыртуға болмайды. 
Ақы төленетiн жыл сайынғы еңбек демалысын берудiң талаптары 
мен тəртiбi жеке еңбек, ұжымдық шарттармен белгiленедi. 
Қатарынан  екi  жыл  бойы  еңбек  демалысын  бермеуге  тыйым 
салынады (Еңбек туралы заңның 60-бабы). 
 Еңбек  демалысы  күндерiне  дəл  келетiн  мереке  күндерiн 
есептемегенде,  жыл  сайынғы  еңбек  демалыстарының  ұзақтығы, 
қолданылып  жүрген  жұмыс  режимдерi  мен  кестелерiне  қарамастан, 
күнтiзбелiк күндермен есептеледi. 
  Жыл сайынғы еңбек демалысына құқық беретiн еңбектегi жұмыс 
стажына: 
1) жұмыс жылы iшiнде нақты жұмыс iстеген уақыт; 
2)  жұмыстан  заңсыз  босату  кезiнде  амалсыздан  бос  жүрген 
уақыт; 
 3) 
емделуде 
болып, еңбекке 
уақытша 
жарамсыздық 
парағымен расталған уақыт; 
4)  қызметкер  шын  мəнiнде  жұмыс  iстемеген,  бiрақ  белгiленген 
тəртiппен  жұмыс  орны  (лауазымы)  мен  жалақысы  толық  немесе 
iшiнара сақталған уақыт қосылады. 
Қызметкердiң  қалауы  бойынша  жыл  сайынғы  еңбек  демалысы 
бөлiнiп берiлуi мүмкiн. (Еңбек туралы заңның 61-бабы). 
Қызметкерлерге  жыл  сайынғы  еңбек  демалыстарын  берудiң 
кезектiлiгi  жеке  еңбек,  ұжымдық  шарттарда,  демалыс  кестесiнде, 
жұмыс берушiнiң актiлерiнде көзделген тəртiппен белгiленедi.  
Өндiрiс  қажеттерiне  байланысты  демалыс  кестесi  өзгерген 
жағдайда жұмыс берушi еңбек демалысының басталуынан кемiнде екi 
апта бұрын қызметкерге ол жөнiнде хабарлауға мiндеттi (Еңбек туралы 
заңның 62-бабы).  


 
150
Жыл  сайынғы  еңбек  демалысы  қызметкер  еңбек  демалысы 
кезеңiнде  еңбекке  уақытша  жарамсыз  болған  кезде,  жүктi  болуы  мен 
босануы  бойынша  демалысы  кезiнде  толық  немесе  бiр  бөлiгi 
ауыстырылуы  немесе  ұзартылуы  мүмкiн,  бiрақ  бұл  орайда  еңбек 
демалысы  кезiндегi  күндерге  еңбекке  уақытша  жарамсыздығы 
бойынша жəрдемақы төленбейдi.  
Жыл сайынғы еңбек демалысы (оның бiр бөлiгi) тек қызметкердiң 
келiсiмiмен  немесе  оның  өтiнiшi  бойынша  ғана  ұзартылуы  немесе 
келесi  жұмыс  жылына  ауыстырылуы  мүмкiн.  Ауыстырылған  еңбек 
демалысы  тараптардың  келісiмi  бойынша  келесi  жылға  еңбек 
демалысына  қосылуы  немесе  қызметкердiң  өтiнiшi  бойынша  басқа 
уақытта жеке берiлуi мүмкiн (Еңбек туралы заңның 63-бабы).  
Жыл  сайынғы  еңбек  демалысы  жұмыс  берушiнiң  ұсынысы 
бойынша  жəне  қызметкердiң  келiсiмiмен  үзiлуi  мүмкiн  (еңбек 
демалысынан шақырып алу). Еңбек демалысының осыған байланысты 
пайдаланылмаған  бөлiгi  тараптар  арасындағы  уағдаластық  бойынша 
ағымдағы  жұмыс  жылы  ішінде  берiледi  немесе  қызметкердiң  қалауы 
бойынша  келесi  жұмыс  жылындағы  еңбек  демалысына  қосылады,  не 
өтемақы төленедi (Еңбек туралы заңның 64-бабы). 
Еңбек  туралы  заңның  жоғарыда  келтірілген  баптарынан  мəлім 
болатындай,  жыл  сайынғы  еңбек  демалыстары  кестесін  жасау  шарт 
болып  табылады.  Бұл  əдетте  екі  түрлі  жолмен  жасалынады:  нақты 
жəне формальды. 
 
Бұлардың 
өзіндік 
ерекшеліктеріне 
жəне 
кезекті 
еңбек 
демалыстары  кестесін  жасау  мен  бекіту  рəсімдерінің  кезегімен 
тоқталып өтейік. 
Жыл  сайынғы  еңбек  демалысы  кестесін  жасаудағы  на ты  əдіс 
жыл  бойы  шын  мəнінде  қолдану  үшін  қызмет  ететін  нақты  құжат 
əзірлеуге қолданылады.  
Бұл  ең  дұрыс  əдіс,  бірақ  ол  барлық  жерде  бірдей  қолданыла 
бермейді.  Оны  негізінен  мыңнан  астам  адам  жұмыс  істейтін  ірі 
кəсіпорындарда,  сондай-ақ  кезекті  ауысыммен  жұмыс  жүргізетін 
үзіліссіз  өндіріс  орындарында  көбірек  қолданады.  Бұларда  кезекті 
еңбек  демалысы  кестесінсіз  жұмысты  жүйелі  түрде  жүргізу  мүмкін 
емес. Мұнымен қоса көптеген компанияларда  қызметкерлер арасынан 
кезекті  еңбек  демалысын  алғысы  келмейтіндері  де  табылады. 
Біреулері  жұмыс  орнынан  айрылып  қалудан  қорықса,  екіншісі  көбірек 
табыс тапқысы келеді. 
Мұндай бастамалардан жұмыс берушіге келетін ешқандай пайда 
жоқ. Себебі кезекті еңбек демалысын бермеу – еңбек заңдылығын бұзу 
болып табылады. 
Кесте  арқылы  ғана  қызметкерді  кезекті  еңбек  демалысына 
шығуға мəжбүрлеуге болады. 
Формальды  əдіс  бойынша  жасалған  кесте  тек  тексеруші 
органдарға  көрсететін  формальды  құжат  ретінде  ғана  қолданылады. 


 
151
Қызметкерлер  штаты  азғантай  жəне  басқарудың  демократиялық 
приниптері  бойынша  жұмыс  істейтін  ұйымдарда  бұл  əдіс  кең  тараған. 
Шын  мəнінде  де,  егер  ұйым  қызметкерлеріне  қалаған  уақытында 
кезекті  еңбек  демалысын  бере  алатын  болса,  алдын-ала  əзірленген 
демалыс  кестесі  пəлендей  қажет  болмайды.  Бірақ  кестенің  міндетті 
түрде  болуын  заң  талап  ететін  болғандықтан  формальды  сипатта 
болса  да  оны  жасап,  бекітіп  қоюға  тура  келеді.  Əдетте,  тексеру 
алдында  мұндай  кестелер  шынайы  жағдайға  сəйкестендіріліп,  жыл 
аяғында  қабылданған  бұйрықтар  негізінде  қайта  жасалады.  Сөйтіп 
оған  өткен  уақыт  датасы  қойылады.  Дегенмен,  тексеру  кезінде 
қолайсыздықтарға тап болмас үшін еңбек демалысы кестесін шынайы 
жағдайларға сəйкестендіре отырып жасаған дұрыс. 
Кестені  жоспарлау  мен  ресімдеу  кезінде  берілетін  демалыс 
мерзімін  бөлшектеу  орынсыз,  өйткені,  тексеруші  органдар  тарапынан 
оған  келіспеушіліктер  көп  болады.  Бұл  жөніндегі  мəліметтерді  кесте 
бекітілгеннен кейін, жыл бойы сол бекітілген кестеге енгізген жөн.  
Демалыс  кестесіне  кадрлар  қызметінің  басшысы  қол  қояды, 
сонан соң ол ұйым басшысына бекітуге ұсынады. 
Əрбір жұмыскер ішкі еңбек тəртібі ережелерінен бекітілген еңбек 
демалысы  кестесі  қай  жерде  тұрғанын  біле  алатындай  болуы  керек: 
жарнамалар  тақтасында  ма,  кадрлар  бөлімінде  ме,  əлде  басқа  жақта 
ма?  Ең  дұрысы,  демалыс  кестесін  барлық  қызметкерлерге  қол 
қойдыра отырып таныстырып шығу. 
Өндірістік  қажеттіліктерге  байланысты  демалыс  кестесіне 
өзгерістер  енгізілетін  болса,  бұл  жөнінде  жұмыс  беруші  демалыс 
басталардан екі апта бұрын мəлімдеуге міндетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет