Асқаров Нұрлан Əуезханұлы Нəлібаев Жəнібек Бəкірұлы Белғара Біржан Байғараұлы



Pdf көрінісі
бет162/188
Дата31.12.2021
өлшемі1,32 Mb.
#21981
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   188
Байланысты:
Іс қағаздарын жүргізу

5.4.2. Электрондық қолтаңба 
 
 
Электрондық  құжат  үшін  құжаттың  түпнұсқа  екендігін  растауға 
мүмкіндік  беретін  құрал  қажет.  Яғни,  ол  электрондық  құжатқа  бөгде 
адамның қандай-да бір өзгеріс енгізбегендігін жəне құжатты нақты сол 
ұйымның жіберіп отырғанын дəлелдеуі керек. Бұл үшін электрондық қ 
қолтаңба пайдаланылады.  
Электрондық  құжат  айналымы  мен  электрондық  цифрлық 
қолтаңба жүйесінің тəртібі Қазақстан Республикасының «Электрондық 
құжат  жəне  электрондық  цифрлық  қолтаңба  туралы»  Заңында 
реттелген.  Заңда  электрондық  цифрлық  қолтаңбаға  былайша 
анықтама  берілген:  «электрондық  цифрлық  қолтаңба  -  электрондық 
цифрлық  қолтаңба  құралдарымен  жасалған  жəне  электрондық 
құжаттың 
дұрыстығын, 
оның 
тиесiлiлiгiн 
жəне 
мазмұнының 
өзгермейтiндiгiн растайтын электрондық цифрлық нышандар терiмi». 
 
Электрондық  құжатты  рұқсат  етілмеген  кіруден  сақтау  үшін 
ақпаратты  криптографиялық  өңдеу  немесе  шифрлау  əдістері 
қолданылады. 
 
Электрондық  қолды  криптографиялау  екі  түрге  бөлінеді: 
симметриялық кілт жəне ашық кілт.  
 
Симметриялық 
кілтпен 
криптографиялағанда 
электронды 
хабарламаны жөнелтуші де, алушы да шифрлау үшін де, ашу үшін де 
бірдей ортақ кілтті пайдаланады. 
 
Ашық  кілтпен  криптографиялағанда  екі  кілт  пайдаланылады: 
ашық кілт жəне өз иесіне ғана мəлім құпия кілт.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет