Асқарова Ұ. Б



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата03.03.2017
өлшемі0,73 Mb.
#5426
1   2   3   4   5   6

 
 
 

 
16
1.3. Атмосфералық ауаның ластануының зардаптары 
 
Атмосфераның  ластануы  адам,  жануарлар  мен  өсiмдiктер 
үшiн əрқашан зиян. Түтiннiң құрамындағы газдар қолайсыз ме-
теорологиялық жағдайларда қалың улы тұмандардың түзiлуiне 
əкеп  соғады.  Тiптi  кейбiр  жағдайларда  улы  заттардың  жинақ-
талуы  нəтижесiнде  адамдардың  аса  қауiптi  аурулары  мен  өлi-
мiне  себеп  болады.  Мысалы,  Лос-Анджелес  қаласында,  Кали-
форнияда,  Британ  аралдарында,  сол  сияқты  ФРГ  мен  бiрқатар 
елдерде  зиянды  улы  заттардың  жоғары  концентрациясының 
атмосферада  жинақталуы  нəтижесiнде  смог  деп  аталатын 
қалың тұмандар байқалды. 
Лондонда  смогтар  ХIХ  ғасырдың  соңынан  бастап — ақ 
белгiлi болған. Əсiресе 1952 жəне 1956 жылдары болған смог-
тар елге үлкен зардаптарын тигiздi. 1952 жылдың  5-9 декабрь 
аралығында  қаланың  үстiн  қаптаған  тұман  жауып  тұрған.  Тұ-
манның  құрамындағы  зиянды  қосылыстардың  (күкiрт  ангид-
ридi,  азот  оксидтерi,  альдегидтер,  хлорлы  көмiрсутектер,  т.б.) 
мөлшерi  ауада  қалыптағы  нормадан 5-6 есе  көп  болып, 12 
сағаттан  кейiн  көптеген  адамдарда  тыныс  алу  жолдарының 
аурулары,  бас  ауру,  бас  айналу,  жөтел  күшейген.  Созылмалы 
бронхит  ауруымен  ауыратын  адамдардың  көпшiлiгi  смогтың 
əсерiнен  қазаға  ұшыраған.  Ұлыбритания  астанасының  үстiнде 
1956 жылы январьда 96 сағат бойы жауып тұрған смог мыңда-
ған  адамдардың  ажалына  себеп  болған. 1968 жылы  Лондонда 
"Ауа тазалығы туралы заң" қабылданғаннан соң атмосфераның 
ластануы бiршама азайған.  
Өндiрiс орындарынан шыққан қалдықтар құрамында 140-қа 
жуық  зиянды  заттар  болады.  Олардың  көпшiлiгi  түссiз,  иiссiз 
болып,  организмге  бiрден  əсер  ете  қоймайды.  Медициналық-
санитарлық  зерттеулер  нəтижесiнде  адамның  денсаулығына 
зиянды  заттардың  бiрлесiп  əсер етуi аса қауiп  туғызатындығы 
белгiлi болды. 
Ауаның  ластануы  адамның  жалпы  жағдайын  нашарлатып, 
жұмыс  қабiлетiн  төмендетiп,  жөтел,  бас  айналу,  дыбыс  жол-
дарының  спазмалары,  өкпенiң  түрлi  аурулары,  организмнiң 
жалпы  улануын  туғызып,  түрлi  ауруларға  қарсы  тұра  алу  қа-
бiлетiн төмендетедi. 

 
17
Өндiрiс орындарынан шыққан қалдықтар, транспорт түрле-
рiнен шыққан газдар, түтiн, iрi қалалардың үстiнде пайда бола-
тын  түрлi  шаңдар  Күн  сəулесiнiң  Жердiң  бетiне  түгел  түсуiне 
кедергi  келтiредi.  Мысалы,  Париж  қаласының  маңындағы  өн-
дiрiс  орындары  аз  аймақтарда  ультракүлгiн  сəулелер 3 % 
болса,  заводтар  мен  фабрикалар  көп  шоғырланған  аймақтарда 
0,3 % қана  болған.  Ультракүлгiн  сəулелерiнiң  жетiспеушiлiгi 
балаларда авитаминоз жəне рахит ауруларын туғызатыны бел-
гiлi.  
Атмосфераның  құрамындағы  зиянды  заттардан  жануарлар 
мен жабайы аңдар да уланады.  
Өндiрiс  орындарынан  шыққан  қалдықтар  құрамындағы 
фторлы  жəне  мышьякты  қосылыстардан  бал  аралары  уланып, 
олардың бал жинау қабiлетi төмендейдi. 
Бiрқатар  мемлекеттерде  жабайы  аңдардың  (бұғы,  қоян  мен 
қырғауыл,  т.б.)  атмосфераның  құрамындағы  күкiрттi  газ,  мы-
шьяк, сурьманың əсерiнен улану оқиғалары көп кездеседi. 
Өсiмдiктер  үшiн  əсiресе  улы  болып  саналатын  күкiрттiң, 
фтор,  хлордың  қосылыстары  мен  көмiрсутектер.Олар  ауыл-
шаруашылық дақылдарына, орман мен бақтар, парктерге үлкен 
зиян келтiредi.Дəндi дақылдардан бұл газдарға өте сезiмтал — 
арпа, көкөнiстерден — шпинат, капуста, салат, редис. 
Ауаның  құрамында  болатын  күкiрттi  газдың  шектеулi  нор-
масы 0,02 мг/м
3
,  азот  оксидтерi — 0,02 мг/м
3
  жəне  аммиак — 
0,1 мг/м
3

Мамандардың есептеулерi бойынша, Франция мемлекетiнде 
атмосфераның ластануынан болатын шығын ұлттық табыстың 
4%, АҚШ — 3%, Жапонияда 8% құрайды. 
 
1.4. Атмосфералық ауаны ластанудан сақтау  
жəне қорғау жолдары 
 
Атмосфералық  ауаның  ластануымен  күресу  мəселесi  күр-
делi, жан-жақты жəне үлкен материалдық шығындар мен күштi 
қажет етедi. Дегенмен ғылыми-техникалық прогресстiң қазiргi 
заманғы  даму  деңгейi  адам  организмi  мен  қоршаған  ортаға 

 
18
зиянды  əсер  ететiн  заттардың  түзiлуiн  жəне  бөлiнуiн  азайтып, 
ластанудың  алдын-алудың  iс-шараларын  жасауға  мүмкiнiдк 
бередi. 
Атмосфералық  ауаның  ластануының  алдын  алатын  жəне 
зиянды қалдықтардың мөлшерiн азайтуға мүмкiндiк беретiн iс-
шараларды төмендегiдей 3 топқа бөлуге болады: 
1.
 
Зиянды қосылыстар түзiлетiн технологиялық процестердi 
жақсарту жəне мүмкiндiгiнше зиянды заттар аз бөлiнетiн жаңа 
технологияларды өндiрiске енгiзу. 
2.
 
Отынның  құрамын,  аппараттар  мен  карбюрацияны  жақ-
сарту  жəне  ауа  тазартқыш  қондырғылар  арқылы  ауаға  зиянды 
заттардың түсуiн азайту немесе мүлде болдырмау. 
3.
 
Зиянды қосылыстарды бөлетiн объектiлердi тиiмдi орна-
ластыру жəне жасыл өсiмдiктердi көптеп отырғызу, егу. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
19
№ 1 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС 
  
АТМОСФЕРАДАҒЫ ШАҢ МӨЛШЕРIН АНЫҚТАУ 
 
Шаң  атмосферада  аэрозоль  түрiнде  кездеседi.  Ол  қатты,  не 
сұйық күйде атмосфераның төменгi қабаттарында, тропосфера 
мен  стратосферада  таралады.  Аэрозольдардың  көпшiлiгi  био-
сферадағы  табиғи  процестер  нəтижесiнде  түзiлсе,  бiраз  бөлiгi 
адамның  шаруашылық  iс-əрекетi  арқылы  түзiледi.  Кейбiр 
есептеулер  бойынша  Жер  атмосферасына  адамның  iс-əрекетi 
нəтижесiнде  түсетiн шаң мөлшерi жылына 1 млрд тоннаға же-
тедi.  Шаңның химиялық құрамы түрлiше болуы мүмкiн: крем-
ний диоксидi — құм, улы металлдар, пестицидтер, көмiрсутек-
тер, т.б. 
Антропогендiк  аэрозольдар  жану  процесi  нəтижесiнде  түзi-
ледi. Энергетика мен транспорт антропогендiк аэрозольдың 2/4 
бөлiгiн  түзедi,  бұдан  басқа  металлургия,  құрылыс  материал-
дары жəне химия өнеркəсiптерiнде де бiразбөлiгi түзiледi. 
Аэрозольдар  Жердiң  клиамтын  өзгертедi,  адамның  тыныс 
алу органдарында жинақталып, аса қауiптi пневмониоз ауруын 
туғызады.  Көп  жағдайда  аэрозольдар  құрамында  радиоактивтi 
бөлшектер,  вирустар,  микробтар  болады,  қышқыл  жаңбырлар 
мен смогтар түзедi. 
Атмосфералық  ауадағы  шаңның  мөлшерiн  анықтау  үшiн 
қазiргi  кезде  салмақтық  əдiс — гравиометрия  қолданылады. 
Бұл  əдiс  бойынша  елдi  мекендер  мен  санитарлық-қорғаныш 
аймақтарындағы ауада шаңның 0,04-10 мг/м
3
 аралықтағы мөл-
шерiн анықтауға болады. 
 
ЖҰМЫСТЫҢ  МАҚСАТЫ:  Атмосфералық  ауаның  құра-
мындағы шаң мөлшерiн анықтау. 
 
РЕАКТИВТЕР МЕН ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: 
1).  Шаң  ұстағыш  құрал:  фильтрлi  ұстағыш,  ФПП  фильтрi, 
үлгi алуға арналған респиратор, металл-конус тəрiздi жəне бөл-
шектенетiн ыдыс; 
2). Аналитикалық таразы; 

 
20
М 
V
0
 
3). эксикатор; 
4). пинцеттер; 
5). шыны тостағаншалар, диаметрi 10 см; 
6). барометр 
7). психрометр; 
8). анемометр; 
 
ЖҰМЫСТЫҢ БАРЫСЫ : 
ФПП  материалынан  жасалған  фильтрдi  бөлмеде 40-60 мин 
ұстап,  содан  соң  пакетке  салып  ауасы  зерттелетiн  орынға 
əкеледi  де,  фильтр  ұстағышқа  бекiтедi.  үлгi  алынар  алдында 
фильтр  ұстағыштың  дұрыстығын  тексередi,  ол  үшiн  оның 
ұшын тығынмен жауып, құралды iске қосады, фильтр ұстағыш 
дұрыс болса, құрал 0-дi көрсетедi. 
Үлгi алу 250-400 л/мин жылдамдықпен жүргiзiледi, фильтр-
дегi  шаң  массасы 4 мг — нан  кем  болмау  керек.  Үлгi  алу 30 
минут  жүргiзiледi.  Бұдан  соң  фильтрдi  пинцетпен  босатып 
алып, шаң жұққан бетiн iшке қаратып төрт рет бүктеп, пакетке 
салады.  Лабораторияда  фильтрдi 40-60 минут  бөлме  темпе-
ратурасында ұстап, тұрақты массаға жеткiзедi. Егер үлгi 100

—  ке  жақын  салыстырмалы  ылғалдылықта  алынса,  фильтрдi 
балқыған CaCl
2
  шыны  тостағаншамен  эксикаторға 30-50 ми-
нутқа қояды, содан кейiн 40-50 минут бөлме температурасында 
ұстайды. 
 
Шаңның  концентрациясын  С  (мг/м
3
)  төмендегi  формула 
бойынша есептеп табады: 
        
С =          ; 
        
 
 
мұндағы, 
М — фильтрдегi  шаңның  массасы,  ол  таза  фильтр  мен 
шаңданған фильтр массасының айырмасына тең, мг; 
V
0
 — қалыпты  жағдайдағы  зерттеуге  алынған  ауаның 
көлемi, м
3


 
21
V
t
 х Р х 273 
(273 + t) х 1013
Қалыпты жағдайда температура 0
0
С жəне атмосфералық қы-
сым 1013 ГПА (760 мм.сын. бағ.). 
       
V
0
 =                             ;  
           
 
мұндағы,  
V

 — берiлген температурадағы жəне атмосфералық қысым-
дағы Р (гПа, м
4
) алынған ауаның көлемi, м
4

273 — газдардың ұлғаю коэффициентi; 
1013 — қалыпты қысым, гПа. 
 
 

 
22
№ 2 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС 
 
АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАДАҒЫ МИКРООРГАНИЗМДЕР  
САНЫН АНЫҚТАУ 
 
Ауасы  жиi  желдетiлмейтiн  тұрғын  үй,  қызмет  орындары, 
мектептер,  вокзалдар,  т.б.  орындардың  ауасында  түрлi  микро-
организмдер  көп  болады.  Мысалы,  мектептерде  сабақ  бастал-
ғанға  дейiн 1 м
3
  ауада 2 мыңдай  бактерия  болса,  сабақ  бiткен 
соң олардың саны бiрнеше ондаған мыңға жетедi. Əсiресе ауру 
туғызатын патогендi микроорганизмдер тұмау, т.б. аурулардың 
эпидемиясы кезiнде көп жиналады. Мұндай кезде күн сəулесi, 
бактерицидтiк  лампалар  немесе  ылғал  шүберекпен  сүрту  ар-
қылы  бактериялардың  санын  бiршама  азайтуға  болады.  Бұны-
мен қатар қылқан жапырақты ағаштар бөлiп шығаратын фитон-
цидтер де бактерияларды жойып жiбередi. 
Бұл  жұмыста  студенттер  ауасы  ластанған  орындардағы  ат-
мосфера  құрамындағы  микроорганизмдер  санын  анықтауды 
үйренедi  жəне  микроорганизмдер  тiршiлiгiне  фитонцидтердiң 
əсерiн анықтайды. 
 
РЕАКТИВТЕР МЕН ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: 
1.
 
Бактерицидтiк лампа; 
2.
 
Петри тостағаншалары; 
3.
 
Су банясы; 
4.
 
Спирт шамы; 
5.
 
Термостат; 
6.
 
Пипеткалар; 
7.
 
Шыныға жазатын карандаш; 
8.
 
Ет-пептонды агар немесе басқа қоректiк орта; 
9.
 
Шпатель; 
10.
 
 Қылқан жапырақты ағаш жапырағы. 
Барлық ыдыстар алдын ала стерильденген болу керек. 
 
ЖҰМЫСТЫҢ БАРЫСЫ 

 
23
Лабораторияны  ылғал  шүберекпен  сүртiп,  тазалап, 15-20 
мин бактерицидтiк лампамен стерильдейдi. Ет-пептонды  агар-
ды автоклавтан соң Петри тостағаншаларына салады. Стериль-
денген  Петри  тостағаншаларын  кiшкене  қақпақшасын  төмен 
қаратып, үлкен қақпақшасын ашыңқырап столға қояды. Бұдан 
соң  қоректiк  ортаны  тостағаншаға    құйып,  қақпағын  жауып, 
агарды тостағаншаға бiркелкi етiп жаяды да бiраз уақыт қорек-
тiк орта қатқанша сақтап қояды.  
А. Ауадағы микроорганизмдер санын анықтау 
Қоректiк  орта  қатыңқыраған  соң  ауасы  лас  орында 5 мин 
бiрiншi  Петри  тостағаншасын  ашып,  екiншiсiн  осы  уақытта 
лабораторияда,  үшiншiсiн  көшеде  немесе  қылқан  жапырақты 
ағаштар  арасында  ашып  қояды. 5 мин  соң  тостағаншаларды 
жауып,  астын  жоғары  қарай  аударып  (қоректiк  ортаға  екiншi 
қақпақшадағы конденсацияланған су тамшылары түспеу үшiн), 
шыныға жазатын карандашпен нөмiрлейдi де, барлық тостаған-
шаларды +25
0
 -та термостатқа қояды.  
 
Б. Микроорганизмдерге өсiмдiктерден бөлiнген 
фитонцидтердiң əсерiн анықтау 
Коэффициенттердiң сан мəндерiн орындарына қойып, атмо-
сфералық ауаның СО
2
 газымен ластану деңгейiн анықтаймыз: 
К
СО2
  
= (0,5 +0,01 х 500 х 1,4) х1 х1,06 х 1,20 х 1,00 = 8,96 мг/м
4

 
Автотранспорттың СО
2
 газы бойынша ПДК 
=5 мг/м
4
.   
Автотранспорттан  шығатын  улы  газдардың  мөлшерiн  азай-
ту үшiн төмендегi шараларды iске асыру керек: 
— автомобильдер қозғалысына тыйым салу; 
—  қозғалыс  интенсивтiлiгiне  сағатына 300 автомобильге 
дейiн шек қою; 
—  жүк  машиналарының  карбюраторларын  дизельмен  ал-
мастыру; 
— фильтрлер орнату. 
 
 
 
 

 
24
№3 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС 
 
АТМОСФЕРАДАҒЫ АЗОТ ОКСИДТЕРIН АНЫҚТАУ 
 
Азот оксидтерi жоғарыда айтып кеткенiмiздей, атмосферада 
″фотохимиялық смог″ түзуге, озон қабатының бұзылуына жəне 
қышқыл жаңбырлардың түзiлуiне себеп болады. Транспорт пен 
энергетика атмосфераға бiр жылда түзiлетiн 60 млн тонна азот 
оксидтерiнiң 36 процентiн  бөледi.  Газ  тəрiздi  азот  (
ΙV)  оксидi 
тек  қана  улы  емес,  сонымен  қатар  коррозияға  белсендi  агент 
болып  саналады.  Оның  шектеулi  концентрациялы  мөлшерi 
(ПДК) — 0,085 мг/м
3

 
РЕАКТИВТЕР МЕН ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: 
1.
 
Аспиратор;   
2.
 
Рихтер құралы; 
3.
 
аналитикалық таразы; 
4.
 
барометр; 
5.
 
термометр; 
6.
 
фотокалориметр; 
7.
 
калий иодидi (х.т.); 
8.
 
натрий нитраты, (х.т.); 
9.
 
сiңiргiш  ерiтiндi: 20 г  калий  иодидiн 250 мл  суда  ерiту 
арқылы  алынады.  Алынған  ерiтiндi  түссiз  болу  керек  жəне 
қараңғы шыныда сақталады. Сақтау мерзiмi 2 апта; 
10.
 
күкiрттi  қышқыл  натрий,  х.т., 0,06 % ерiтiндi, 0,03 г 
Na
2
SO
3
  50 мл суда ерiтедi, ерiтiндiнi анализ алдында ғана дай-
ындайды; 
11.
 
сiрке  қышқылы,  х.т., 12 %-тiк  ерiтiндi. 64 мл  кон-
центрациялы сiрке қышқылын 500 мл өлшеуiш ыдысқа құйып, 
үстiне белгiсiне дейiн су құяды; 
12.
 
сульфанил  қышқылы,  т., 5 г  сульфанил  қышқылын 150 
мл 12 %-тiк  сiрке  қышқылының  ерiтiндiсiнде  ерiтедi.  Ерiтiн-
дiнi қараңғы шыны ыдыста тығыз жауып сақтайды; 
13.
 
α- нафтиламин, т., 0,2 г    α-нафтиламиндi 20 мл суда су 
банясында  қыздыра  отырып  колбаның  түбiнде  алқызыл  тұнба 
түзiлгенше  ерiтедi.  Ерiтiндiнi  қараңғы  шыны  ыдысқа  жайлап 

 
25
құяды, тұнбаны колбада қалдырады, алынған ерiтiндiге 150 мл 
12 %-тiк сiрке қышқылын құяды; 
14.
 
Гриссс-Илосвай  реактивi.  Анализ  алдында   
α-наф-
тиламин  мен  сульфанил  қышқылының  ерiтiндiлерiн 1:1 қаты-
насындай етiп араластырады; 
15.
 
бастапқы  стандартты  ерiтiндi. 2-3 г  натрий  нитритiн 
үгiтiп, 50-60
0
 температурада 2 сағат кептiредi. 0,1500 г NaNO
2
  
100 мл-лiк колбада ерiтедi. Алынған ерiтiндiнiң 1 мл-i 1000 мкг 
NO
2 — 
ге сəйкес болады; 
16.
 
1 мл 10 мкг NO

болатын ерiтiндiнi стандартты ерiтiндiнi 
сiңiргiш ерiтiндiмен 100 есе сұйылту арқылы алады; 
17.
 
негiзгi  стандартты  ерiтiндi, 10 мкг/мл NO
2
  болатын  ерi-
тiндiнi сiңiргiш ерiтiндiмен 10 есе сұйылту арқылы алады. 1 мл 
негiзгi ерiтiндi 1 мкг NO
2
 сəйкес болады. Бастапқы стандартты 
ерiтiндi 2 апта қараңғы шыны ыдыста сақталады. Негiзгi стан-
дартты ерiтiндi анализ алдында дайындалады
Жұмыс 4 сағатқа арналған. 
 
ЖҰМЫСТЫҢ БАРЫСЫ 
Атмосферадағы NO
2
  концентрациясын  анықтау  үшiн  зерт-
телетiн ауаны 6 мл сiңiргiш ерiтiндi құйылған Рихтер сiңiргiшi 
арқылы 20 мин  бойы 0,25 л/  мин  жылдамдықпен  өткiзедi. 
Прибормен жұмыс iстеп тұрғанда оған күн сəулесiнiң түспеуiн 
қадағалау керек. Алынған үлгiнi сақтау мерзiмi 2 аптадан аспау 
керек. 
Лабораторияда  сiңiргiш  прибордағы  ерiтiндiнiң  деңгейiн 6 
мл  сумен  белгiсiне  дейiн  жеткiзу  керек.  Анализ  үшiн  əрбiр 
үлгiден 5 мл  ерiтiндiнi  пробиркаға  құйып, 0,5 мл  Грисс  реак-
тивiн құяды. 
Пробирканы жақсылап шайқап, 20 мин соң (өлшеу алдында)   
пробиркаларға 5 тамшы 0,06 %-тiк Na
2
SO
4
  ерiтiндiсiн  құйып, 
тағы  да  шайқайды.  Содан  соң  қалыңдығы 10 мм  кюветаларда 
оптикалық тығыздықтарын өлшейдi. 
Үлгiлердегi NO
2
  мөлшерiн  калибрлiк  график  бойынша  та-
бады.  Үлгiлермен  бiрге  нольдiк  үлгiнiң  де  оптикалық  тығыз-
дығын табады. 
Ауадағы NO
2
  концентрациясын  төмендегi  формула  бойын-
ша есептеп шығарады: 

 
26
а х m 
V
0
 х b 
        
С 
=                ;  
 
бұндағы: 
а — сiңiргiш прибордағы ауаның жалпы көлемi (6 мл); 
b — анализ үшiн алынған ауаның көлемi, (5 мл); 
m — калибрлiк  график  бойынша  табылған NO

  мөлшерi, 
мкг; 
V
0 — 
қалыпты жағдайдағы сiңiрiлген ауаның көлемi, л. 
 
Калибрлiк график құру 
Сыйымдылығы 50 мл өлшеуiш колбаларға 1, 2, 4, 6, 8, 10, 20 
мл  негiзгi  стандартты  ерiтiндiнi (1 мкг/мл)  құяды.  Белгiсiне 
дейiн  сiңiргiш  ерiтiндi  құяды.  Өлшеуiш  колбалардағы 5 мл 
стандартты  ерiтiндiлердегi NO
2
  концентрациясы  сəйкес 0,1; 
0,2; 0,4; 0,6; 0,8; 1,0; 2,0 мкг болады. 
Стандарттар  шкаласын  дайындау  үшiн  пробиркаларға 5 мл 
əр  стандарттан  құйып,  жоғарыда  көрсетiлген  əдiс  бойынша 
жұмыс жүргiзедi. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
27
№4 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС 
 
АТМОСФЕРАДАҒЫ КҮКIРТ ҚЫШҚЫЛЫ МЕН ЕРIГIШ  
СУЛЬФАТТАР МӨЛШЕРIН АНЫҚТАУ 
 
Атмосфераның антропогендiк факторлар əсерiнен ластануы-
ның негiзгi түрлерi күкiрт қышқылы мен сульфаттар.  
Күкiрт  қышқылы  мен  суда  ерiгiш  сульфаттарды  анықтау-
дың  негiзгi  жолы  бұл  қосылыстардың  барий  хлоридiмен  əре-
кеттесуiне негiзделген.  
Күкiрт қышқылы үшiн ПДК — 0,3 мг/м
3

 
РЕАКТИВТЕР МЕН ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: 
1. Аспиратор мен  АФА — ХП-18 пластмасса фильтрлi фи-
льтр ұстағыш;  
2. көп саңылаулы пластиналы шыны фильтр; 
3. фотокалориметр; 
4. барометр; 
5. термометр; 
6. глицерин (х.т.) немесе этиленгликоль; 
7. тұз қышқылы, конц.  (тығыздығы 1,19 х.т.); 
8. этил спиртi; 
9. сутек асқын тотығы, х.т.; 
10. сусыз калий сульфаты, х.т.; 
11.  сiңiргiш  ерiтiндi: 10 мл 30
%-тiк    Н
2
О
2
 1 л  суда  ерiтедi, 
0,3
% Н
2
О
2
 бiр аптадай қараңғы шыныда сақтайды.  
12.  барий  хлоридi: 5,85 г  барий  хлоридiнiң  кристаллды  тұ-
зын 50 мл суда ерiтедi. Одан соң үстiне 150 мл этил спиртi мен 
150  мл  глицерин  не  этиленгликоль  құяды.  РН  мөлшерiн  кон-
центрациялы  тұз  қышқылымен 2,5-2,8-ге  дейiн  жеткiзедi.  Ерi-
тiндiнiң сақтау мерзiмi 2 ай.  
13.  бастапқы  стандартты  ерiтiндi.  Сусыз  калий  сульфатын 
майдалап  үгiтiп, 120-150
0
С  температурада 2 сағат  кептiредi. 
Одан кейiн 0,2720 г тұзды  100 мл суда ерiтедi. Бұл ерiтiндiде 
1000 мкг/мл    SO
2
 болады; 
14. негiзгi стандартты ерiтiндi. Бастапқы стандартты ерiтiн-
дiнi  сiңiргiш  ерiтiндiмен 10 есе  сұйылту  арқылы  алынады. 
Алынған ерiтiндiде 100 мкг/мл SO
2
 болады. 

 
28

• m  
V
0
  
• b
 
ЖҰМЫСТЫҢ БАРЫСЫ 
 
Зерттелетiн  ауаны 20 мин 40 л/мин  жылдамдықпен  АФА 
фильтрi  арқылы  өткiзедi.  Одан  кейiн  фильтрдi  пинцетпен 25 
мл-лiк стаканға салып, үстiне 0,2 мл этил спиртiн, 10 мл ыстық 
су  құяды.  Стаканды 10 мин  шыны  таяқшамен  араластырады. 
Аэрозольдың ерiмеген бөлiгiн шыны фильтр арқылы сүзедi. 
Сульфат-иондарын анықтау үшiн  4 мл фильтраттың үстiне 
1  мл  барий  хлоридiн  құяды.  Осымен  бiрге  нольдiк  ерiтiндi 
дайындайды, ол үшiн таза фильтрге 1 мл барий  хлоридiн құя-
ды.  15 мин  соң  ерiтiндiнi  шайқап,  қалыңдығы 10 мм  толқын 
ұзындығы 400 нм  кюветамен  оптикалық  тығыздығын  анық-
тайды. Нольдiк ерiтiндiнiң оптикалық тығыздығы 0,01 ден ас-
пауы  керек.  Егер    одан  көп  болса,  онда  ыдыстар  мен  кюве-
таның тазалығын, дайындалған ерiтiндiлердiң сапасын тексеру 
керек. Күкiрт қышқылы мен сульфаттардың үлгiдегi мөлшерiн 
калибрлiк  график  құру  арқылы  үлгi  мен  нольдiк  ерiтiндiнiң 
оптикалық тығыздықтарының айырмасы бойынша табады. 
 
Калибрлiк график құру 
50  мл-лiк  өлшеуiш  колбаларға 0,5; 1; 2; 4 мл  негiзгi  стан-
дартты  ерiтiндi (100 мкг/мл), 0,6; 0,8; 1 мл  бастапқы 
стандартты  ерiтiндi (1000 мкг/мл)  құяды.  Белгiсiне  дейiн  дис-
тильденген  су  құяды. 4 мл  стандартты  ерiтiндiдегi SO

  кон-
центрациясы  сəйкес 4; 8; 16; 24; 32; 48; 64; 80 мкг  бола-
ды.Стандарттар  шкаласын  дайындау  үшiн  үлгi  алуға  арналған 
бiр  ғана  фильтрдi  пайдаланады,  анализдiң  барысына  сəйкес 
барлық  жұмыстарды  жүзеге  асырады.  Осымен  қатар  нольдiк 
үлгiнiң оптикалық тығыздығын да анықтайды. 
Күкiрт  қышқылы  мен  ерiгiш сульфаттардың концентрация-
сын төмендегi формула бойынша анықтайды: 
          
С =                ; 
              
 
бұндағы:  
a — үлгiнiң жалпы көлемi (10 мл); 
b — анализге алынған үлгiнiң көлемi (4 мл); 

 
29
m — калибрлiк график арқылы табылған үлгiдегi SO
2
 (мкг); 
V
0
 — анализге  алынған  ауаның  қалыпты  жағдайдағы  көле-
мi, л. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет