Асқарова Ұ. Б



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата03.03.2017
өлшемі0,73 Mb.
#5426
1   2   3   4   5   6

Фосфор тыңайтқыштары 
Ең көп таралған түйiршiктi жай суперфосфат — Ca(H
2
PO
4
)
2
  
жəне  қос  суперфосфат — Ca 
2
(H
2
PO
4
)
4
,  сол  сияқты  фосфорит 
ұны — Ca 
3
(PO
4
)
2

 
Калий тыңайтқыштары  
Калий  хлоридi — KCl, азот  қышқыл  калий    KNO
4
,  калий 
сульфаты — K
2
SO
4
, қос тыңайтқыштардан: сильвинит — KCl 
• 
NaCl, жəне калимаг — K
2
SO
4
 
• 2MgSO
4
 . 
 
Известi тыңайтқыштар 
Известi  тыңайтқыштарға  құрамында 50
%  аса CaCO
3
  бола-
тын известi материалдар жатады. Олар топырақ қышқылдығын 
нейтралдап, топырақтың физикалық қасиеттерi мен микроорга-
низмдер тiршiлiгiне қолайлы жағдай туғызады.   

 
59
 
ЖҰМЫСТЫҢ БАРЫСЫ 
 
1. Түр-түсi 
Консистенциясы.  Тыңайтқыш — кристалл,  аморфты  не 
түйiршiктi  болуы  мүмкiн.  Кристаллды  тыңайтқыштарға  каль-
ций  цианамидiнен  басқа  барлық  азотты  жəне  калийлi  тыңайт-
қыштар,  аморфтыларға — барлық  фосфорлы  жəне  известi  ты-
ңайтқыштар жатады.  
Түсi.  Тыңайтқыштардың  түсi  тасымалдау  кезiнде  не  шаң 
əсерiнен  жəне  өндiрiс  технологиясына  байланысты  өзгерiске 
ұшырауы мүмкiн. Тазартылған тыңайтқыштардың өздерiне тəн 
түсi болады. 
Исi.  Барлық дерлiк тыңайтқыштардың тұрақсыз исi болады. 
 
2. Тыңайтқыштардың суда ерiгiштiгi 
Пробиркаға 1-2 г  тыңайтқыш  салып,  үстiне 15-20 мл  дис-
тильденген су құйып, араластырады. Суда еру дəрежелерiн СА-
лыстырады.  
Суда  жақсы  еритiн  тыңайтқыштарға  барлық  азотты  жəне 
калийлi  тыңайтқыштар  жатады.  Суда  ерiмейтiн  немесе  нашар 
еритiндерге — фосфорлы жəне известi тыңайтқыштар жатады. 
 
3. Тыңайтқыштардың сiлтiмен реакциясы 
Тыңайтқыштың ерiтiндiсiне  бiрнеше тамшы 8-10
%-тiк сiлтi 
ерiтiндiсiн  құяды.  Ерiтiндiде  аммиак  болған  жағдайда  оны 
араластырғанда аммиакқа тəн иiс байқалады. 
 
NH
4
NO
4
 + NaOH = NaNO
4
 + NH
4
OH 
NH
4
OH 
 NH
3
 
 + H
2

 
4. Барий хлоридiмен реакциясы 
Тыңайтқыш ерiтiндiсi құйылған пробиркаға бiрнеше тамшы 
5
%-тiк барий хлоридi ерiтiндiсiн құяды. Тыңайтқыш құрамын-
да сульфар-ион болған жағдайда сiрке қышқылында ерiмейтiн 
барий  сульфатының  ақ  тұнбасы  түзiледi.  Сiрке  қышқылымен 
тексеруге болады. 

 
60
 
K
2
SO
4
  + BaCl
2
 = BaSO
4
 + KCl 
 
5. Күмiс нитратымен реакциясы 
Тыңайтқыштың  сулы  ерiтiндiсiне 2-4 тамшы 1-2
% AgNO
3
  
тамызып, пробирканы жақсылап араластырады. Ақ түтiн сияқ-
ты AgCl тұнбасы түзiледi. 
 
KCl + AgNO
3
   
= AgCl + KNO

 
Фосфорлы  тыңайтқыштармен AgNO
3
  сiрке  қышқылында 
еритiн сарғыш түстi тұнба түзедi. 
 
NH
4
H
2
PO
4
 + AgNO
3
 
= AgH
2
PO
4
+ NH
4
NO
3
 
 
AgNO
3
 — мен  реакция  бұнымен  бiрге  известi  тыңайтқыш-
тарды  анықтауда  да  қолданылады.  Мысалы,  сөндiрiлген  жəне 
сөндiрiлмеген извеспен азот қышқыл күмiс сiрке қышқылында 
еритiн қоңыр түстi тұнба түзедi.  
CaO + 2AgNO
3
 
= Ca(NO
3
)
2
 + Ag
2

 
Ca(OH)
2
  + AgNO
3
 
= Ca(NO
3
 )
2   
+ Ag
2

 
 
6. Қатты қызған көмiрмен анықтау 
Көмiр  кесектерiн  алдымен  электр  плиткасында,  содан  соң 
спиртовка  жалынында  қатты  қыздырып,  үстiне  майдаланған 
тыңайтқыш салады. Бұдан кейiн тыңайтқыштың жану жылдам-
дығын,  түтiннiң  пайда  болуын,  жалынның  түсi  мен  исiн  бай-
қайды.  Аммиакты  тыңайтқыштарды  шыққан  аммиактың    исi-
нен,  нитратты  қосылыстарды  от  жарқылынан,  ал  калий  ты-
ңайтқыштарын шытырлап жануынан бiледi.  
Селитралар  от  шашып  жанады,  ал  олардың  əрқайсысының 
жалынының  түстерi  түрлiше  болады:  натрий  селитрасының 
жалыны сары-қызғылт сары түстi, калий селитрасы-күлгiн, ам-
миак  селитрасы-  түссiз  жалынмен  жанады,  кейде  балқып,  ам-
миак бөледi. 
Фосфорлы,  известi  тыңайтқыштар  мен  гипс  отқа  қыздыр-
ғанда өзгермейдi. 

 
61
 
7. Тыңайтқыштардың қышқылмен əрекеттесуi 
Пробиркаға не фарфор тостағаншаға аз ғана құрғақ тыңайт-
қыш  салып,  үстiне 2-10%-тiк  тұз  қышықылын  не  сiрке  қыш-
қылын құяды. Егер тыңайтқыш қайнап, көмiрқышқылын бөлсе, 
онда оның құрамында карбонат болғаны. 
 
CaCO
3
  +  2HCl =   CaCl
2
   + H
2
O  + CO
2
 
K
2
CO
3
  + 2HCl =  KCl   + H
2
O  +  CO
2
  
 
8. Тыңайтқыштардағы магнийдi анықтау 
Калий  йодидiндегi  йод  арқылы  анықтайды.  Магний  ионда-
ры  гидроксил  ионымен  нашар  еритiн  магний  гидроксидiн  тү-
зедi: 
 
Mg
++
 + 2OH =  Mg(OH)
2
 
 
Магний  гидроксидi  йодпен  қызыл-қоңыр  түс  бередi.  Құра-
мында  магний  бар  калий,  известi  тыңайтқыштарын  анықтауға 
болады. 
 
 

 
62
№ 10 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС 
 
ҚАЛА КӨШЕЛЕРI ТОПЫРАҚТАРЫНДАҒЫ 
ХИМИЯЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРДIҢ СУДА ЕРИТIН 
ТҮРЛЕРIНIҢ САПАЛЫҚ АНАЛИЗI 
 
Реактивтер мен құрал-жабдықтар: 
1.
 
Таразы; 
2.
 
100 мл, 200 мл — лiк колбалар; 
3.
 
воронкалар; 
4.
 
шыны таяқшалар; 
5.
 
филтьрлер; 
6.
 
пробиркалар; 
7.
 
10%, 37%-тiк тұз қышқылы; 
8.
 
концентрациялы азот қышқылы; 
9.
 
күмiс нитраты; 
10.
 
20%-тiк барий хлоридi ерiтiндiсi; 
11.
 
күкiрт қышқылындағы дифениламин ерiтiндiсi; 
12.
 
4%-тiк қымыздық қышқыл аммоний ерiтiндiсi. 
 
ЖҰМЫСТЫҢ БАРЫСЫ 
 
А. Хлор-ионды анықтау 
Алдымен  топырақты  майдалап  үгiтiп,  електен  өткiзедi  де 
шамамен 25 грамын 100 мл  колбаға  салып,  үстiне 50 мл  дис-
тильденген  су  құяды, 15 мин  шайқап  араластырып,  фильтр-
лейдi.  Осыдан  кейiн 5 мл    топырақ  вытяжкасының  үстiне 1-2 
тамшы азот қышқылын (HNO
3
) бiрнеше тамшы азот қышқылы 
күмiс ерiтiндiсiн (AgNO
3
) тамызып араластырады, түзiлген тұз 
қышқылының  күмiс  тұзының  тұнбасы (AgCl) хлор  ионы  бар 
екенiн дəлелдейдi. 
 
Б. Сульфат-ионды анықтау 
1
 
см
3
  фильтратты  пробиркаға  құйып,  үстiне  бiрнеше  тамшы 
концентрациялы тұз қышқылын, 1-2 см
3
 барий хлоридi ерiтiндiсiн 
құяды.  Пробиркадағы  ерiтiндiнi  қайнағанша  қыздырады.  Ерiтiн-
дiде сульфат болған жағдайда төмендегiдей реакция жүредi: 
 

 
63
Na
2
 SO
4
  + BaCl
2
   =  NaCl   + BaSO
4
 
 
Барий сульфаты ақ майда кристалл түрiнде тұнбаға түседi. 
  
В. Кальцийдi анықтау 
2
 
см
3
 фильтратты пробиркаға құйып, үстiне 1-2 тамшы 10% 
тұз қышқылын, 1-2 см
3  
4% қымыздық қышқыл аммоний тұзы 
ерiтiндiсiн құяды.  Ерiтiндiде кальций болған жағдайда  төмен-
дегiдей реакция жүредi: 
 
CaCl
2
  + (NH
4
)
2
 C
2
O
4
   =  CaC
2
O
4
 +  2NH
4
Cl 
 
Г. Нитраттарды анықтау 
Пробиркаға 2 см
3  
фильтратты  құйып,  үстiне  тамшылатып 
күкiрт қышқылындағы дифениламин ерiтiндiсiн құяды. Ерiтiн-
дiде нитрат-ион болған жағдайда ерiтiндi көк түске боялады. 
 
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ 
 
1. Биосферадағы топырақтың маңызы қандай? 
2. Қазақстанның жер ресурстары, олардың құрылымы? 
3.  Топырақ  эрозиясының  түрлерi,  олардың  пайда  болу  се-
бептерi қандай? 
4.  Жердi  рекультивациялау  деген  не,  оның  кезеңдерi  мен 
əдiстерi қандай? 
5. Пайдалы қазбалар қоры, олардың маңызы? 
6. Пайдалы қазбаларды тиiмдi пайдалану деген не? 
7. Пайдалы қазбаларды тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ете-
тiн iс-шаралар қандай? 
8. Пайдалы қазбаларды өндiру кезiнде жүргiзiлетiн табиғат-
ты қорғау шаралары қандай? 
7.
 
Өсiмдiк  ресурстарын  қорғау  жəне  тиiмдi  пайдаланудың 
маңызы? 
8.
 
Қазақстанның  орман  ресурстары  жəне  олардың  халық 
шаруашылығындағы маңызы  қандай? 
9.
 
Ағаштардың қала өмiрiндегi ролi қандай? 
 

 
64
Рефераттар мен баяндамалар тақырыптары 
1. Жер ресурстары, олардың елiмiздiң халық шаруашылығы 
комплексiндегi маңызы. 
2.  Елiмiздiң  орман  ресурстары,  олардың  халық  шаруашы-
лығы комплексiндегi маңызы. 
3. Қазақстанның жер қойнауы — оның байлығының негiзi. 
 

 
65
ТЕСТIК БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ 
 
1.  Қазақстан  жерiнiң  неше  процентiн  агроценоздар  алып 
жатыр? 
A. 76,1 
B. 30 
C. 95 
D. 51,8 
E. 81,8 
 
2. Литосфераның қандай бөлiгi биосфераға жатады? 
A. 1 км-ге дейiнгi 
B. 2 км-ге дейiнгi 
C. 3 км-ге дейiнгi 
D. 5 км-ге дейiнгi 
E. 10 км-ге дейiнгi 
 
3.  Табиғи  өсiмдiктер  дүниесi  жойылып  бiткен,  топырақ-
тың табиғи ерекшелiктерi ескерусiз пайдаланылған террито-
рияларда байқалатын эрозия қалай аталады? 
A. қалыпты 
B. жылдам 
C. сызықтық 
D. жазықтық 
E. геологиялық 
 
4.  Орманды  жерлер  мен  шөптесiн  өсiмдiктердiң  топыра-
ғында  жүредi.  Ол  өте  жай  байқалып,  нəтижесiнде  бұзылған 
топырақ қабаты топырақ түзiлу процестерiнiң нəтижесiнде 
бiр жылда қайта қалпына келе алады.Бұл қандай эрозия? 
A. қалыпты 
B. жылдам 
C. сызықтық 
D. жазықтық 
E. антропогендiк 
 

 
66
5.  Топырақтың  жоғарғы  құрғақ,  құнарлы  қабатының  бөл-
шектерiнiң желмен ұшуы не деп аталады? 
A. қалыпты эрозия 
B. жылдам эрозия 
C. абразия 
D. жазықтық эрозия 
E. дефляция 
6.  Ауылшаруашылық  техникалардың  ауыр  түрлерiн  топы-
рақтың  өздiгiнен  қалпына  келу  қабiлетiн  ескермей  пайдалан-
ған жағдайларда қалыптасатын эрозия не деп аталады? 
A. қалыпты эрозия 
B. механикалық эрозия  
C. абразия 
D. жазықтық эрозия 
E. дефляция 
 
7.  Суғару  каналдарынан  судың  фильтрациялануынан  жəне 
дұрыс  суармаудан  топырақта  тұздардың  мөлшерiнiң  кө-
беюiнен болатын құбылыс қалай аталады? 
A. екiншi реттiк тұздану 
B. механикалық эрозия  
C. абразия 
D. тұздану  
E. дефляция 
 
8.  Адамның  шаруашылық  iс-əрекеттерiнiң  нəтижесiнде 
өсiмдiктерi жойылған, гидрологиялық режимi мен рельефi өз-
герген, топырақ жабыны бұзылып, ластанған жерлердi қайта 
қалпына келтiру процесi 
A. екiншi реттiк тұздану 
B. механикалық эрозия  
C. абразия 
D. тұздану  
E. рекультивация деп аталады 
 

 
67
9.  Натрий,  кальций,  магний  тұздарының  топырақта  өсiм-
дiктердiң өсуi мен дамуына зиянды əсер ететiн концентраци-
яда жинақталуын не деп атайды? 
A. екiншi реттiк тұздану 
B. механикалық эрозия  
C. абразия 
D. тұздану  
E. рекультивация  
 
10.Эрозияға  қарсы  күрес  шараларының  бiрi — шаруашы-
лық-ұйымдастыру жұмыстарына не жатады? 
A. жердi көлденеңдеп жырту 
B. су ұстағыш микрорельефтер жасау 
C. жырту қабатын тереңдету 
D. территорияны дұрыс ұйымдастыру 
E. ауыспалы егiстi қолдану 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР 
 
1. Анаништов В.В. Экономика природопользования и охра-
на окружающей среды. — СПб., 1994. 
2.  Голуб  А.А.,  Струкова  Е.Б.  Экономика  природопользова-
ния.— М., 1995. 
3.  Земельное  право.  Учебник  для  вузов  /Отв.  Ред.  Боголю-
бов С.А.— М., 1998. 
4. А.Г.Банников., А.К.Рустамов., А.А.Вакулин. Охрана при-
роды.— М., 1985. 
 
 
 
 

 
68
III ТАРАУ. 
ГИДРОСФЕРА 
             
3.1. Су — биосфераның аса маңызды элементi. 
3.1.1. Жердiң климаты. 
3.1.2. Криосфера. 
3.1.3. Сулардың өздiгiнен тазару құбылысы. 
3.2.  Гидросфераның ластануы. 
3.2.1. Суды тазарту жəне ластанудан қорғау. 
3.3.  Қалдықсыз өндiрiстер. 
 
3.1. Су — биосфераның аса маңызды элементi 
 
Гидросфера — бiздiң  планетамыздың  аса  маңызды  құрам 
бөлiктерiнiң  бiрi.  Гидросфераға  күн  энергиясы  мен  гравита-
циялық  күштер  əсерiнен  қозғалысқа  түсетiн    жəне  бiр  күйден 
екiншi  күйге  өте  алатын  барлық  су  түрлерi  жатады.  Гидро-
сфера Жердiң басқа элементтерi атмосфера мен литосферамен 
тығыз  байланысты.  Жердегi  су  үнемi  қозғалыста  болады. 
Табиғаттағы  су  айналымы  гидросфераның  барлық  бөлiктерiн 
бiр-бiрiмен  байланыстырып,  бiртұтас  жабық  жүйе : мұхит — 
атмосфера — құрлықты түзедi. Ол гидросфераның түрлi бөлiк-
терiнiң  əртектiлiгiне  байланысты  өзгеретiн  су  алмасу  проце-
сiнiң белсендiлiгiн қамтамасыз етедi.  
Мұхиттағы су гидросфераның барлық массасының 97 % құ-
райды жəне Жер планетасы бетiнiң ауданының 75% аса бөлiгiн 
алады.  Биосфера  тiршiлiгiнде  мұхиттың  алатын  орны  ерекше: 
онда  биосфераның  химиялық  тазаруы  мен  биомассаның  өндi-
рiсiн  қамтамасыз  ететiн  толып  жатқан  химиялық  реакциялар 
жүредi.  Су  кез  келген  жануарлар  мен  өсiмiдктердiң  ткандерi 
мен  клеткаларының  құрамына  кiредi.  Жануарлар  мен  өсiм-
дiкетр  организмдерiндегi  өте  күрделi  реакциялар  тек  қана  су 
қатысында  жүре  алады.  Жер  планетасындағы  климат  та  көп 
жағдайда  суға  жəне  атмосферадағы  су  буларының  мөлшерiне 
байланысты қалыптасады.   
Мұхиттардағы  судың беткi бес жүз метрлiк қабаты ондағы 
планктонның  сүзгiш  аппараты  арқылы 40 күн  iшiнде  сүзiлiп 
өтсе,  бiр жыл iшiнде мұхиттағы бүкiл су планктон арқылы та-

 
69
зарып  отырады.  Теңiз  суындағы  ерiген  тұздардың  концентра-
циясы 3,5% болса,  химиялық  құрамы  жағынан  бұл  тұздардың 
99,9% — натрий, калий, хлор, бром, фтор, магний, кобальт, т.б. 
иондардың үлесiне тиедi.  
Биосферадағы  үш  сфераның — ауа,  су,  топырақ  сфера-
ларының  арасындағы  өзара  қарым-қатынастарды,  негiзгi  заты 
көмiрқышқыл газы болып табылатын карбонаттық тепе-теңдiк 
арқылы  жақсы  түсiнуге  болады.  Мұхитта  атмосфераға  қара-
ғанда көмiрқышқыл газы 60 есе көп. Көмiрқышқыл газы суық 
суда  жақсы  еритiн  болғандықтан,  мұхит  тропиктерде  оны 
атмосфераға  насос  тəрiздi  тартып  алады,  сондықтан  да  бұл 
аймақтарда  оның  қысымы  оңтүстiк  пен  солтүстiк  ендiктерге 
қарағанда  жоғары  болады.  Атмосферадағы  СО
2
  мөлшерi  арт-
қан  сайын  мұхит  суындағы  оның  мөлшерi  де  артады,  нəти-
жесiнде кальций карбонатының ерiгiштiгi жоғарылап,   гидро-
карбонат- иондар көбейедi. СО
2
 мөлшерi азайғанда сутек ион-
дарының  концентрациясы  төмендейдi  де,  кальций  карбонаты-
ның  көбiрек  тұнбаға  түсуi  байқалады.  Осылайша  мұхит  сула-
рындағы  көмiртек  иондары  тұрақтанып,  атмосфераның  анто-
ропогендiк  ластануынан  жиналған  СО
2
  артық  мөлшерi  сiңiрi-
ледi. Қорыта айтқанда, су биосферада ең негiзгi роль атқарушы 
болып  табылады,  себебi  тiрi  организмдердегi  барлық  биохи-
миялық  процестер  тек  су  қатысында  ғана  жүре  алады,  сон-
дықтан  да  олардың  клеткалары  мен  тканьдерiнiң  көп  бөлiгi 
судан тұрады. 
Су — əлемнiң  ең  үлкен  байлығы.  Бiрақ  бiздiң  планетамыз-
дағы  тұщы  судың  қоры  санаулы  ғана,  барлық  су  ресурстары-
ның 3% ғана.  Таза  судың  жетiспеушiлiгi  жер  шарының  көп-
теген аудандарындағы өткiр мəселелердiң бiрi болып отыр. 
Жердегi  су  ресурстары  жалпы  алғанда,  жер  бетiлiк  немесе 
континетальды  сулар,  Бүкiл  Əлемдiк  мұхит  сулары  жəне  жер 
астылық сулар  болып үш  топқа бөлiнедi. Жер бетiлiк, не кон-
тинентальды  суларға — өзен,  көл,  жабық  теңiздер,  батпақтар, 
атмосфералық  жауын-шашын  сулары,  мұздықтар  суы,  Бүкiл 
Əлемдiк мұхитқа мұхиттар мен оларға құятын теңiздер, ал жер 
астылық  суларға  топырақ  ылғалдары,  жер  астылық  грунт 
сулары жатады. 

 
70
Судың  химиялық  құрамы  бiр-бiрiне  байланыссыз  екi  фак-
тордың — тарихи-табиғи  жəне  геологиялық  жағдайлар  мен 
антропогендiк фактордың əсерiнен қалыптасады. 
Судың химиялық құрамының түрлiше болуы себептi оларды 
минералдану дəрежесiне байланысты төмендегiше классифика-
циялауға болады (1 г/л): 
тұщы су  ------------------- 1 ге дейiн 
тұздылау ------------------- 1-25 
тұзды     ------------------- 26-50 
ащы       ------------------- >50 
Жер  бетiндегi  тұщы  су  қорының    97%  Антарктида,  Грен-
ландия,  полюстер  мен  таудағы  мұздықтардың  үлесiне  тиедi. 
Егер  осы  мұздықтарды  Жердiң  бетiне  бiрдей  етiп  бөлсе,  онда 
ол  қалыңдығы 53 м қабат түзген болар едi. Бiрақ осындай тұ-
щы су қорын пайдалану əлi күнге мүмкiн болмай отыр. 
Құрлықтың  бар  болғаны  шамамен 3% көлдер  мен  өзендер 
алып  жатыр.  Сондықтан  да  тұщы  судың  жетiспеушiлiгi  түсi-
нiктi жағдай деуге болады. 
Табиғатта су айналымы үздiксiз жүрiп отырады.  Күн сəуле-
сiнiң  əсерiнен  Мұхит  суларының,  құрлықтың  беттерiнен  жəне 
өсiмдiктердегi транспирация арқылы су үздiксiз буланады.  Нə-
тижесiнде  атмосфера  су  буларымен  қанығады.  Буланған  су 
конденсацияланып,  бұлттар  түзiп,  атмосфералық  жауын-ша-
шын болып жер бетiне жауады. Жерде оның бiраз бөлiгi топы-
рақ  пен  өсiмдiктер  беттерiнен  буланып,  бiразы  топыраққа  сi-
ңiп, өсiмдiктерге сiңiрiледi, не топырақтың терең қабаттарына 
өтiп, онда грунт суларымен бiрге қайтадан жер бетiне шығып, 
мұхиттарға қосылады. Жауын-шашынның бiраз бөлiгi топырақ 
беттерiнде қалып, өзендерге қосылады. 
 
3.1.1. Жердiң климаты 
 
“Адам — климат”  проблемасы  əрқашан  да  болған.  Өте 
ертедегi  кезеңдерде-ақ,  бұдан 2500 жыл  бұрынғы  Грецияның 
қалаларында  бұрынғы  өткен  кезеңдердегi  климаттық  жағдай-
ларды сипаттайтын парапегмалар болған. 
Климат  пен  ауа  райына  деген  қызығушылық  Ертедегi  Гре-
цияда  осы  құбылыстар  туралы  iлiмнiң  келiп  шығуына  əкелдi 

 
71
деуге болады.  Ауа райы мен климат туралы ең алғашқы еңбек 
ұлы ойшыл Аристотельдiң (б.э.д.384-322 ж)  “Метеорологика” 
атты еңбегi болды. Аристотельдiң шəкiртi Теофраст (б.э.д.372-
287  ж)  ауа  райының  белгiлерi  туралы  трактат  жазып,  онда 
атмосфеарның  күйiн  бiрнеше  тəулiк,  апта  немесе  тiптi  айлар 
бұрын анықтайтын белгiлерiн сипаттап жазды. Осы трактаттың 
көпке  белгiлi “Егер  кешке  қарай  жел  болса,  теңiзшiге  қор-
қыныш жоқ. Ал таңертеңгi басталған жел теңiзшiге жайсыздық 
əкелер” деген фразасы тiптi қазiргi кезде де өз маңызын жойған 
жоқ.  
Климат деген  түсiнiктi Ертедегi Греция оқымыстылары  ен-
гiздi. Грек тiлiнен аударғанда климат деген “наклон” деген сөз. 
Шын мəнiнде, климатқа əсер ететiн негiзгi фактор жер бетiнiң 
жарықталыну  жағдайы.  Бұл  жағдайлар  жердiң  барлық  нүкте-
лерiндегi белгiлi уақыт, не жыл бойынша факторлардың, оның 
iшiнде,  температура,  ылғалдылық,  қысым,  желдiң  бағыты  мен 
мұхит ағыстарының бағыттары орташаланған көрсеткiштерiнiң 
жиынтықтары. 
Климаттың  барлық  параметрлерiнiң  iшiнде  тiрi  организм-
дердiң  дамуы  үшiн  ең  маңызды  роль  атқаратын  температура, 
себебi,  биологиялық  процестер  бар  болғаны 0 ден 50
0
С  қа 
дейiнгi аз диапазонда  ғана қалыпты өтедi. Климаттың темпера-
туралық режимiндегi болатын бiршама өзгерiстердiң өзi  флора 
мен фаунада елеулi өзгерiстерге əкеледi.  
 
3.1.2. Криосфера 
 
Крисофера (қар, мұз, мəңгiлiк мұз аймақтары) — климаттық 
жүйенiң  компонентi  болып,  шағылдыру  қабiлетi (альбедо) 
жоғары, жылу өткiзгiштiгi төмен.  Жаңа жауған қар түскен күн 
сəулесiнiң 90% шағылдырады.  Қар  мен  мұздар  планета  бетiне 
“жапсырылған”  айна  сынықтары  тəрiздi.  Мұздардың 90% Ан-
тарктидада,  бiрақ  планетадағы  мұздардың  негiзгi  массасы  те-
ңiздердiң мұзы мен қар түрiнде болады. Солтүстiк жарты шар-
да Солтүстiк мұзды мұхит акваториясындағы мұз жазда 8 млн 
км
2
, ал қыста 18 млн км
2
 созылып, көлемi  Австралияның көле-
мiнен 2 есе  көп  көлем  алады.  Оңтүстiк  жарты  шарда  Антарк-
тида маңында қыстыгүнi мұз  20 млн км
2
 алады. 

 
72
Тұщы судың жетiспеушiлiгi
Қазiргi  таңда  əлемнiң  көптеген  елдерiнде  тұщы  судың  
дефицитi  байқалып  отыр.  Бұл  жағдай  су  қорының  құрлықта 
бiркелкi  таралмағандығынан,  халық  санының  өсуiнен  жəне 
өндiрiс  пен  ауыл  шаруашылығының  қарқынды  дамуынан  қа-
лыптасып отыр. Жүргiзiлген еесптеулер бойынша,  жер шарын-
да суды əртүрлi мақсатқа пайдалануға жыл сайын шамамен 150 
км
3
, ал өзендер мен жер асты суларынан 600 км
3
 алынады. Бы-
лайша айтқанда, суды пайдаланудан қоры əлдеқайда көп жəне 
жеткiлiктi болу керек.  Бiрақ табиғи сулардың химиялық құра-
мына  қатты  əсер  ететiн  фактор — адамның  шаруашылық 
əрекетiнiң  нəтижесiнде  қалалар  санының  көптеп  өсуi  суды 
пайдаланудың ғана емес, сонымен бiрге ағызынды сулардың да 
өсуiне əкеп соғуда.  Ауылшаруашылық жəне өндiрiс орындары 
ағызынды  сулармен  бiрге  өзендерге  суды  ластаушы  заттарды 
да ағызады. Нəтижесiнде табиғи суларда ерiген оттегiнiң мөл-
шерi  азайып,  органикалық  заттардың  ыдырау  жағдайлары  на-
шарлап, олардың концентрациясы көбейедi. 
Жер  бетiлiк  суларға  жыл  сайын 450 км
3
  ағызынды  сулар 
ағызылады.  Олардың  тек  қана  жартысына  жуығы  алдын  ала 
тазартылады. Ал табиғи  сулар  өздерiнiң  өздiгiнен  тазару қабi-
летiн сақтауы үшiн ағызынды сулардың көлемi ондаған есе  аз 
болуы керек.  
Адамзат  қоғамында  адамдардың  жартысына  жуығы  судың 
жетiспеушiлiк проблемасын бастан кешiруде. Құрлықтың 60% 
шөл  жəне  жартылай  шөл  жерлер.  Жер  шарының    осы  құрғақ-
шылық аудандарында адамдар ауыз судың өзiнiң тапшылығы-
ның  қасiретiн  тартуда.  Осындай  сусыз  аймақтарға  Мексика, 
Пəкiстан, Иран, Алжир, АҚШ ондаған штаттары жəне т.б. Бұ-
лармен қатар ТМД елдерiнiң кейбiр Орта Азиялық мемлекеттерi.  
Тұщы  судың  жетiспеушiлiгi  гумидтi  деп  аталатын  ылғал 
климатты аймақтарда да байқалуда. АҚШ бiрқатар штаттарын-
да,  Канадада,  Оңтүстiк  Американың,  Азияның,  Африканың 
тропиктiк аймақтарында су ресурстары мол болғанымен, олар-
дың ластану салдарынан “судың жетiспеушiлiгi” байқалуда.  
АҚШ  халқының 1/7  бөлiгi  су  тапшылығын  бастан  ке-
шiруде. Сол сияқты Батыс Европаның бiрқатар мемлекеттерi де  
осындай  жағдайда.  Сондықтан  бүкiл  адамзат  қоғамына  қауiп 

 
73
төндiрген  су  жетiспеушiлiгi,  барлық  елдердiң  ғалымдары  мен 
инженерлерiн  халықты  сумен  қамтамасыз  етудiң  түрлi  жолда-
рын iздестiруге жұмылдыруда. Осы ретте  жер астылық сулар-
ды  зерттеу,  пайдалану  жолдары  қарастырылуда,  себебi  олар-
дың  қоры  барлық  дерлiк  материктерде  мол.  Айсбергтер  суын 
пайдалану  жолдары  iздестiрiлуде.  Соңғы  жылдары  ғалымдар 
ащы суларды тұщыту мəселелерiмен де айналысуда. Бұл үшiн 
көптеген елдерде суды жұмсартатын станциялар салынуда. 
Қазiр əлемде 800 ден аса осындай станциялар жұмыс iстей-
дi, олар күн сайын 1,7 млн м
3
 тұщы су алады, оның 90% ауыз 
су  ретiнде  пайдаланылады.  Бiздiң  елiмiзде  Атырау  қаласы 
осындай суды пайдаланады. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет