Асқазан аурулары



бет4/26
Дата31.12.2021
өлшемі61,36 Kb.
#22980
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Асқазан аурулары

6. Жұқпалы аурулар

Асқазан және ішек жұқпасы – асқорытудың және нәжістің бұзылуы (іш өту немесе іш қату), іш ауруы, тәбеттің төмендеуі, терінің бөртуі және т.б түрінде көрінетін аурулардың жалпы атауы. Жалпы улану белгілері, соған қоса жоғары температура байқалуы да мүмкін. Асқазан-ішек жолы жұқпаларының қоздырғыштарына сальмонелла, стафилококк, ішек таяқшасы және т.б жатады.



7. Паразиттік жұқпа

Асқазан-ішек жолында өмір сүретін паразиттер асқазан бұзылуына алып келеді: іш өту, іш қату, тәбеттің төмендеуі, салмақтың өзгеруі. Сонымен қатар, ішек құрт инвазиясы қаназдықтан (кей паразиттер қан жасушаларымен қоректенеді), аллергиялық реакциядан (паразиттер бөлген затқа аллергия беру) және ұйқы бұзылуынан (паразиттердің көпшілігі түнде белсенді бола түседі) да байқалуы мүмкін.



8. Күйзеліс

Аурудың көпшілігі жүйкеден екенін білеміз. Күйзеліс шынымен де асқазан-ішек жолына өз әсерін тигізеді. Егер күйзеліс созылмалы бола түссе, асқазан мен ішектер әлсіз бола түседі де гастрит немесе ойық жара пайда болуы мүмкін.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет