Ақселеу Сланұлы Сейдімбек Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданына қарасты Атасу аулында 1942 жылы 12 желтосанда дүниеге келген. Әкесі Слан Екінші дүниежүзлік соғыста қайтыс болып, әкесінің ағасы Аманбектің тәрбиесін көріп өскен.
Ақселеу Сейдімбек өзінің «Қазақтың күй өнері» (2002) атты кітабында былай деген болатын:
«Өзіндік қасиеттен айырылған ұлт өледі. Ұлтты өлтірмейтін оның төлтума мәдениеті ғана. Сондықтан бұл жолда еткен еңбек пен төккен терді Тәңірдің сыбағасына балай жүріп, өткеннің асылдары болашақ ұрпақтың жан-жүрегін жылытуы үшін қол жалғап жіберуіміз қажет-ақ»
Ақселеу Сейдімбектің соңғы сапары..
Ақселеу Сейдімбек 2009 жылдың 16 қыркүйек күні Астана қаласында қайтыс болды.
19 күнгі қаралы митингке Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов, Асанәлі Әшімов, Алдан Смайыл, Ғалым Жайлыбай, Серік Тұрғынбеков қатысып, сөз сөйледі.