Әлі Тарақты шежіресін жазуға М. Сәрсекеевтің «Тарақты және Қаракесек» шежіресі негіз болды. Қосымша Оңтүстік Қазақстан



Pdf көрінісі
Дата03.03.2017
өлшемі13,4 Mb.
#6405

554
Әлі Тарақты шежіресін жазуға М. Сәрсекеевтің «Тарақты және Қаракесек» шежіресі негіз болды. Қосымша Оңтүстік Қазақстан 
облысы Созақ ауданының тұрғыны Мұқанұлы Қартабайдың «Теріскей тарақтыларының шежіресі» және Оңтүстік Қазақстан облы-
сы  Ордабасы  ауданының  тұрғыны  Әлібеков  Серік  Әлібекұлы  жинаған  деректер  қосылды.  Әлі  Тарақтыдан  тараған  Марғұл  атаның 
ұрпақтары жайлы Төлеков Тұрсынқұл Құрманғалиұлының жинаған «Жеті ата шежіресінен» алынды. Бұлардан басқа өз аталарын жі-
берген ағайындар да үлестерін қосты.

555

556

557
Серік Тергеубаев —ақын, шамамен 1878 жылы (кейбір деректе 1866-70 жылдарда) Дегелең болысына қарасты 2-ауылда туған. Атак-
ты әнші Әміре Қашаубаевтін немере ағасы. Әміреге үстаздык етіп, өнер жолына баулыған, халык әндерін үйреткен, өзі де әнші адам. 
Әуелі өз ауылында, кейін Семей қаласында көп уакытын ойын-сауықпен өткізген. Абай шығармаларын жаксы көріп, ілім-білім ту-
ралы жанашыл өлеңдер шығарған. Оныи үш жүздей еледі сақталған деседі. Серік ақын 1878 жылы туды деуіміз дұрыс тәрізді, өйткені 
сол заманды көзі көрген жазушы С. Бегалин Серікті Сылдырбай Төкірұлымен кұрдас деп жазған. Ал Сылдырбай мазарында 1878 ж. 
туғаны жазулы тұр. Ақын 1914 немесе,, 1916 жылы өз ауылында дүниедсн өткен. Гағы бір деректерде ол 37 жасында дүние салғаны, 
сүйегі Абыралы өкіріндегі Шәку тауы бауырында екені айтылады. С. Тергеубаевтін есімі мен шығармашылығы С. Бегалиннін «За-
мана белестері» романында, С. Тәбәрікұлының «Замана ағысы» кітабында, М. Сәрсекеев шежіресінде, Ө. Мустин, С. Қасымбеков, 
т.б. газет-журнал бетіндегі макалаларында сөз болып, өткір ойлы елендерінен мысалдар келтірілген. Серіктін Қоянды жәрменкесінде 
өнер көрсетіп, жүлде алатын сал-серілігі де болған. Тышқанбай болыстың Әнипа деген сұлу қызына ғашык больш, косылуға колы 
кыска ақын шерін өлеңмеи төккен екен. «Біржан, Ақан, Тәттімбет, Жаяу Мұсаны жақсы білген Серік Көкбай ақынмен де жолдас бо-
луына қарағанда, ол да Абайдың ақын шәкірттерінің бірі екеніне илануға тиіспіз» деп жазды С. Тәбәрікұлы. 
Бір ескертер жайт: кейбір шежірешілер Есенәліні Есенгелді деп таратады...
Есенәлі әулетінен Серік Тергеубайұлы есімді төкпе ақын, атақты ән дүлділі, қазақтың кең дауысты әнін Европаға тұңғыш естірткен 
Әміре Қашаубайұлы туады. Тегінде ән-жырға құмарлық, үлкен өнер деп біліп әуей болу бұл атада ертеден басталса керек, солардың 
есімдері тек шартарапқа таралмаған, сірә, соған жағдайы да болмаған... Серік ақынды да қазақ қауымы аса білмейді, білсе де немере 
інісі Әміренің «аузына түкіріп», жастай бауырына тартып, айтып, домбыра тартуға баулығанымен. Серік ақынның ел ішінде көл-көсір 
айтқан өлеңдерінен бізге жеткені бір-екеуі ғана. Соның бірі өзінің рулас туысы, құрдасы, тарақтының Сары ұрпағының дәулетті ада-
мы Сылдырбай мырзаға әзіл ретінде базыналықпен айтқан бір ауыз өлеңі. Қымызға бөртіп отырған мырза есіктен кіріп келе жатқан 
Серікке: «Шын ақын болсаң, бір ауыз өлең айта кірші» деп табалдырықтан тоқтатқанда, ақын қолындағы домбырасын күйлеп алып:
«Ассалаумағалейкум, мырза Сылдыр, 
Тілің бар жас баладай алдыр-бұлдыр, 
Бүгін кел, ертең келің таусылмайды, 
Құрбыңның ат сұраған көңілін тындыр!..»
деп сайрай жөнелгенде (жазушы Сапарғали Бегалин ақсақалдың дерегінде бұл өлең жиырма шақты шумақ, ал Сапаекең Серікті 
көріп, өлеңін тыңдаған адам), құрдасына риза болған мырза бай жылқыға кісі жіберіп, бір құр ат сыйлапты-мыс...
Осынау бір ауыз өлеңнің өзі-ақ Шәку аулының сіңірі шыққан кедей екендігін аңғартып тұр. Сондықтан да бұл ауылдың еті тірі 
ұрпақтары Ертіс жағасына ерте жетіп, Алаш қаласында (қазіргі Жаңа Семей) қара жұмыс істеп тірлік құрған. Бұлардың ішінде Қашаубай 
да, Жанай да бар. Жанайдың Исабегінің бай-көпес болғаны әншейін сөз, бірақ арбакеш болып кәсіп еткені анық. Сірә, күнкөріс із-
деп келген Қашаубайдың жасөспірім баласы Әміренің бір мезгіл арбакеш ағасының делбесін ұстап ауыстырғаны да шындыққа жақын 
іс. Сөйтіп жүріп ол әнші бала атанады, ойын-тойға арнап шақырылып, әншілік атағы Ертіс өңіріне, бүкіл Сарыарқа, қазақ даласы-
на жетеді.

558
Жиырмасыншы жылдардың орта кезінде Әміре Қашаубайұлының қазақ әнінің жұлдызын аспанға көтеріп, Парижде, Майн-Фран-
кбургте, Мәскеуде шырқата ән салып зиялы қауымды таңғалдырғаны, Қазақстанның халық артисі болып, Қызылорда мен Алматы-
да бас әнші атанып, есімі дәуірлеп тұрған шақта дүниеден өткені жұртшылыққа жақсы мәлім.
Жиырмасыншы жылдардың орта кезінде Әміре Қашаубайұлының қазақ әнінің жұлдызын аспанға көтеріп, Парижде, Майн-Фран-
кбургте, Мәскеуде шырқата ән салып зиялы қауымды таңғалдырғаны, Қазақстанның халық артисі болып, Қызылорда мен Алматы-
да бас әнші атанып, есімі дәуірлеп тұрған шақта дүниеден өткені жұртшылыққа жақсы мәлім. 
Тергеубайдан  –  Серік  ақын  (О).  Жанайдан  –  Исабек  –  Нығмет...  (Қ.  Жармағанбетовтың  «Әнші  азамат»  хикаятында  Әміренің 
әнші атағы шықпай жүргенде атшы болатын Исабек осы, өзінің азғасы).
Күлаш Қашаубаева - Әміренін екі қызьшын бірі (үлкен кызынын аты - Күлән). 1926 жылы жазда Семей қаласында туған. 1934-1941 
жылдарда Алматы қаласында жетіжылдық мектепте оқыған. Соғыстан кейінгі жылдарда Мемлекеттік филармонияның хор капелла-
сында әнші болған. Әнші-термеші Әли Құрманов баскарған бригада құрамында ән сапарларына шыққан. 1956 жылы Қостанай фи-
лармониясына ауысады. Әміренің Шайзада, Марат, Әміржан атты жиен немерелерін дүниеге әкелген. Жолдасы Сейтім Жақыпұлы 
да өнер адамы болған.

559
Әлі  бұтағының  шежіресін  Мырзагелді  әулеті,  ескі  әңгімеге  аса  жүйрік  есті  қартымыз  Мәдиян  Түсіпұлының  баласы  Шәйкенге 
жаздырып,  кенже  ұлы  Шілкеннің  үйінде  (Лениногор  қаласында  тұратын  кенші-зейнеткер)  сақталған  шежіре  қағаздан  таратып 
отырғанымызды ескерту парыз. Осындай есті жандарға рақмет айтып, дұға қылу міндет!..

560

561

562
Жұмағұлды  елдегілер  Оқалақ  деп  атап  кеткен).  Қаратоқаның  May,  Түмен,  Ақпан,  Сушы,  Мырзағұл  есімді  балаларынан  ұрпақ 
қалмаған, сірә, осылардың бәрі де үрім-бұтағымен 1932 жылғы аштықта опат болған сияқты.
Шодан Қонысбайұлының бір ұрпағы Қарқаралы қаласында деседі, ауызекі бір шежіреде одан Байбала – Әрін, Сауқанбайды тара-
тыпты, бұл аталарды біз жоғарыда Мұңайтпастан өрбіткенбіз. 

563

564
Қонысбайдың бел балаларынан өрбіген ұрпақтарда ат тұяғы жетер жерге емшілік-тәуіптік атағы және киелі қасиетімен мәлім болған 
жан – Кешудің Текебайынан туған Сеңкібай қажы. Бұл кісі дін жолына құлай беріліп, Мекеге үш мәрте барып, аман-есен оралған. 
Ол жарықтық ертеде болған бір ашаршылықта айдаладан жүз қаралы киікті дұғамен айдап келіп, ауыл-аймағын соның сүтімен аман 
алып қалыпты-мыс. Сеңкібай қажының моласы Ақбұлақ шаруашылығының (Абыралы ауданы) Қажы қыстағында олай-былай өткен 
жұрт дұға оқып, ауру-сырқаулы адамдар басына түнеп, қабірінен орамалға түйіп топырақ алып жүреді.
 
Жоғарыда есімі аталған Серік Тергеубайұлының жұрт жадында сақталған тағы бір ауыз өлеңі осы Сеңкібай қажыға арналған: 
 
 
 
«Тоқсан алтыншы жыл хазірет еткен,
 
 
 
Сексеннің бесеуіне жасы жеткен.
 
 
 
Жігіттер, ғибрат ал қажы атадан,
 
 
 
Жақсы іс одан қалып бізге жеткен...»
 
Осы өлеңге қарағанда Сеңкібай Текебайұлы 1811-1896 жылдар аралығында ғұмыр сүрген деп шамалауға болады...

565

566

567

568
ТОМПАҚ Ырғызбайұлынан –  ...  – Ысқақ, одан Бүркіт ақын, одан Нариман... Бүркіт ақын ашаршылық жылдарында әке шешес-
інен айырылып қалып, Қарағандының балалар үйінде тәрбиеленген. Оның ақындық дарыны жас күнінде-ақ танылып, 1938 жылдан 
өлеңдері жария бола бастаған. Қарағандының мұғалімдер институтын тамамдай сала жас ақын майданға аттанады (1942), одан аман-
есен оралған соң ҚазМУ-ге түсіп, одан соң аспирантураны бітірер қарсаңында нақақ жаламен ұлтшыл атанып, отыз жылға кесіледі. 
1951 жылы ұзақ сапарға айдалып бара жатқанда Бүкеңнің айтқан өлеңі:
 
 
«Жазығым болмаса да жұртқа қылған,
 
 
Басыма бұғалық сап түстім зындан.
 
 
Нақақтан жаламенен жазаландым
 
 
Деген соң: «Бөрі аш болса – қозы құрбан».
 
 
Салынар таразыға ақ-қарамыз,
 
 
Шындықтың түбін қоймай ақтарармыз.
 
 
Қазіргі қаралаушы, жазалаушы
 
 
Жауыздар, сонда шығар масқараңыз!..»
 
Ақынның айтқаны келді, шындық жеңіп, қаралаушылардың масқарасы шығып, ол 1956 жылы Жезқазғанның жер астында 
бас еркінен айрылып, «кенші» болып жүргенінде түрмеден босанды. Сонда ақын: «Сен азатсың, сыртқа шық!» деп келген күзетшіге 
қарап: «Азаттық деген лебізді, естігенде жаутаңдап, аяққа іліп кебісті, жөнеле бердім томпаңдап!» депті...

569
 
Амал қанша, Алматыға қайтып оралғанда ол тірі қалдырып кеткен келіншегінен де, баласынан да елі айырылғанын біліп, жа-
ны жүдейді, шабыты да мұқалады. Алайда, тұла бойынан жаңа жігер тауып үй болады, ұл да сүйеді, ақындық шабытын да қайтадан 
қоздырады, ғылыммен де белсене шұғылданады. Орыс ақындарын аударады, өлеңдер жинақтарын да шығарады, ән сөздерін де жа-
зады. Осы күнде дүние жүзіне таныс «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегі-фильмі осы Бүркіт ақынның өлеңмен жазған ерте-
гісінен қойылған-ды.
 
1990 жылы Бүкең «Қазақ әдебиеті мен Еділ бойы халықтары әдебиетінің идеялық-творчестволық байланысы» атты тақырыпта 
докторлық диссертация қорғауға әзірленіп жүргенде кенеттен дүниеден қайтты. Ғажап іс: марқұмның жылын беруге жақындаған 
мезгілде үйіне ұры түсіпті, жиһаз-мүлкіне тиіспеген, шкафтағы пұл-дүниеге де қол сұқпаған қарақшы ғалымның докторлық диссер-
тациясын, өмір бойы жинаған архив қазыналарын ғана әкетіпті...
 
Соған қарап талантты жанның қайтадан жарқырап шығуын қаламаған қаныпезер жауыздар қырық жылдан соң қайтып ора-
лып, аруақты тағы бір мәрте мұқатқан деуге болады... Шындығында Бүкең марқұм шынайы білімді адам еді, академиядағы әріптестері 
оны «Ходячая энциклопедия», яғни, «Сұрағанынды қолма-қол айтып беретін білгір» деп тектен-текке атамаған.

570
х)  Қабланбайды замандастары адуын батырлығы жойқын оспадарлығы үшін тентек деп те атаған
 
ең, екі емшегі екі сүйретпедей толық, бір аяғы ақсақ кыз ал. Солай қылсаң – тұқым – жұрағатың құтты да туады, сүтті де туа-
ды әруақты бақытты ханға бергісіз би де туады деген соң, қырықтан асқанша қатын алмай жүріпті...»
Қаракесек ішінде Бошан, оның ұрпағы Шаншар абыздың Келдібегі көп іздеп жүріп тапқан қосағы – осы Байқошқардың Тоқмейіл 
деген қызы екен. Келдібек Шаншарұлынан (руы Айбике) – Асан, Үсен, Бадана, Бедене, Сәдібек, Қазыбек туады. Бұларды барлық 
шежірешілер «Ақсақтың алтауы» деп шешесінің бір аяғынан ақсайтынын белгі етіп даралайды. «Шешелері балаларын емізгенде бір 
емшегін баланың аузына салғанда, бір емшегін иығының үстіне асып отырады екен. Олай қылмаса, сүті жерге саулап кетеді екен. 
Асан, Үсен егіз туған екен. Екі емшегінің сүтін егіз бала тауыса алмаған екен. Қазыбек жалғыз өзі-ақ сүйретпелерін керегенің басына 
іліп қоятұғын қылады екен...» – дейді Мәшекең «Қазақ шежіресінің» 29 бетінде.
Көптеген шежірелерде Тоқмейіл ананың әкесінің атын Байшошқа дейді. Оны да түсіндіре кетейік: Балқаш көлінің жағасын жай-
лап жүргенде Байқошқардың Жолбарыс деген баласы дүниеден қайтып, оны Сары өзенінің бойына жерлейді. Тарақты ауылдарының 
өзі  иемденіп  жүрген  кең  қонысты  бөле  пайдалануын  Сартымбай  төре  ұнатпай,  Байқошқарды  шақыртса,  батыр  би  иіліп  келе 
қоймапты. Бұған да намыстанған төре оның жамағайыны, тарақтының Базар-Көбет бұтағының жігіті Қуат батырды алдына алды-
рып, төлеңгіттерін жауып жіберіп, оның төбе құйқасын ойып алғызып, байлаулы жатқан батырға «Же!» дейді. Қуат батыр тайсалмас-
тан өз құйқасын өзі қылғыта салыпты. Төре енді Байқошқарға шапқыншы жіберіп інісін алып кетсін депті. Байқошқар батырдың 
қарасы көрінгенде, төренің қақпасының алдына аузынан көбік шашқан бір қара бура келіп, жер тарпып тұрып алады. Мұны естіген 
соң төре төлеңгіттеріне: «Сірә, иесі болар осының, биді құрмет көрсетіп, аттан түсіріп алыңдар!» деп бұйырады. Сартымбай төренің 
жер дауына Байқошқар би: «Қазақ мал тұяғы басқан жерді қорымаушы еді. Бұл жерде баламның сүйегі жатыр, інімнің әне қаны там-
ды, Жер екеумізге де ортақ. Құдайдың кең даласын қорығанды қоясың, не тұрысатын жеріңді айт, төре!» деп інісінің қолын шешіп 
босатып алып, аттанып кетеді. Адуын бидің мысы басып шарасыз тұрып қалғанына, әлде дегеніне көнбеген қараға ызаланған төре 
«Мынау бір баласының атын Қабан қойды деп еді, нағыз қабан баласы емес, өзі болды. Шын шошқа екен!..» десе керек. Содан бері 
Байекең Байшошқа атанып кетсе керек, сірә, мінезінің де қаттылығы болғанға ұқсайды.
Бертінгі  ұрпақтары  оны  ерекше  қастерлеп  Бапаң  дейді.  Бейітінің  басына  түнеп,  мінәжат  етіп  те  жүреді.  Оның  зираты  «Семей-
Қайнар» даңғыл жолының Ақбұлақ шаруашылығына бұрылар жерде, Тойөткен өзенінің бойында тұрған екі шошақ бейіттің терістік-
шығысындағы,  ал  қатарындағы  туған  ағасы  Елшібайдың  мазары.  Ә.Бөкейханов  жазбаларына  қарағанда,  Байқошқар  әулеті  бұл 
маңатқа 1763 жылы келіп қоныстанған.
Тоқмейіл анадан туған алтаудың бірі Қаз дауысты Қазыбек атанып, бақ-беделі ханнан да артық болып, қазақтың дана биі саналғаны 
жұртшылыққа  мәлім.  Оның  қайсар  мінезінде,  алғыр  беттілігі  мен  тапқырлығында,  қаз  дауысты  зор  үнінде,  шешендігінде  қанша 
қасиет-дарын шешесі арқылы нағашысы Байқошқардан келді, қаншасы өз ныспысы Шаншар, Бұлбұлдан дарыды? Мұның жөнін бір 
құдайдан өзге кім айырар!.. Мәшекең айтпақшы, «Қаз дауысты Қазыбек туған соң не кемдігі болсын» демекпіз.

571

572
Баяндының  он  ұлының  тоғызы  аштықта  опат  болмаса,  олардан  қазірде  қанша  ұрпақ  өсер  еді?  Тірі  қалған  жалғыз  Мұсаханнан 
бүгінде он бір шаңырақ түтін түтетіп отыр, ал қалған тоғызынан ше? Сол нәубетті қолдан ұйымдастырған И.Сталин мен оның И. Го-
лощекин тәрізді шолақ белсенділерінің халқымызға қаншама қасірет-қайғы әкелгенін бір ғана Баянды, иә Ақтанберлі ұрпақтарының 
тағдырынан шамалауға болар... Пәзіл Тышқанбайұлынан – Уәли (О).
Ақтанберлінің  үлкен  қызы  Қайшаға  Ысмағұл  деген  жігіт  үйленіп,  қолына  бала  боп  кіреді.  Ысмағұл  төрт  ағайынды:  Ысмағұл, 
Ешмағанбет, Ыбырай, Шәркей; бұлардың әкесі – Сәмті, ол Тоқсанбайдан туады; оның әкесі –  Құрымсы, оның әкесі – Төлек, оның 
әкесі – Төлеуберлі; Төлеуберлі болса –  түбі тобықты, атақты батыр Сарының бәйбішесінен туған екеудің (Мәмбетей мен Үмбетей) 
үлкенінің бел баласы (Сарының тоқалы – Есім хан өлтіретін Тұрсын ханның қызы Қоңырбике)...
Қайша мен Ысмағұлдан бес бала туады: Сәдуақас, Бәкеш, Сүлекей, Төлеуғали (Ұлы Отан соғысында жастай шейіт болған) және 
Нұршай  есімді  қыз  (оны  бөкей  Күйебайдың  Мұсасы  алған,  ұрпақтары  бар).  Сәдуақастан  –  Жұмағазы,  Арғынғазы,  Жеңісғазы; 
Жұмағазыдан – Асқар (Шалқар, Дарқан), Нұрлан, Қайрат; Арғынғазыдан – Болат, Марат, Жомарт; Жеңісғазыдан –Мұрат, Еңбек, 
Ермек, Қайнарбек; Бәкештен – Күлшай есімді қыз, жиендері бар. Сүлекейден – Серікқали, Жанат (Қанат, Жандос)...
Ысмағұл мен Қайша ұрпақтарын Абыралы жұрты тобықты деп білмейді, жиен деп те ешқашанда айтпайды, исі тарақты деп таныған. 
Әлі бұтағының біршама аталарын осы атадан өрбіген егде ағамыз, көп жылдар Абыралы, Абай аудандарында ірі шаруашылықтарды 
басқарған, қазірде зейнеткер Жұмағазы Ысмағұловтың ізденістерін пайдаланып толықтырып отырмыз...

573

574

575

576
Мақади Бекқожаұлынан – Әлімқұл, Тұрсынхан, Қадығұл – үшеуі де Ұлы Отан соғысында шейіт болған, ұрпақтары жоқ. Мақадидың 
үмбеті Әсима, Нәзия атты екі қыздан ғана жалғасып келеді... Ахмет Бекқожаұлынан – Қадами – бұл сабаз да Ұлы Отан соғысында 
қыршын кеткен, ұрпағы жоқ. Ал Ахмет болса орысша да, мұсылманша да аса сауатты да зерек, әмбе ақын, өжет мінезді азамат бопты. 
Сонысынан да тартқан болар-ау, 1937 жылғы зобалаңда «Халық жауы» болып, түрмеде өлген, бәлкім атылған. Ахметтің қосағы Рәш 
апайды көрдік, еңбекке жаралған кісі еді, Мырзахан қайнының қолында тұрып, 1964 жылы дүниеден қайтты... Жұмақан Бекқожаұлы 
да  соғысқа  үйленбей  аттанып,  шейіт  болған.  Мырзахан  Бекқожаұлынан  –  Жомарт  (Бағдат,  Тимур),  Амангелді  (Асылан),  Марат 
(Асқат), Қанат (Мақсат), Қайрат (3 қыз), Қуат (Дәурен, Асылан), Болат (Дәулет), Талғат (қызбала), Самат... Бекқожа әулетінің аштық 
пен соғыста, қудалауда опат болған перзенттерінің үңірейген орнын толтыру үшін, әмбе қазақ халқының қарамын асыруға аянбай 
еңбек еткен – сол үшін тоғыз ұл туып, тоғыз шаңырақ көтерген Мырзахан ағамыз бен Қайшыкен жеңгемізге мың да бір рақмет ай-
тып, сол еңбектерінің қызырын көре беруге тілек білдіру орынды!..
Сексен Сұлтангелдіұлынан – Тасыбай, Тастанбек. Тасыбайдан – Омар – Кәрім (О), Кәрібай (Сағынғали, одан Нұрлан; Серікқали, 
одан 3 ұл...), Халық (Советқайша есімді қыз). Тастанбектен – Шалабай (Түсіпжан, одан Нұрсағит, Нұрғазы, Орынғазы), Жұдырық 
(Қосшығұл (О), Райымбай (Ілияс, одан Сансызбай – осы ініміз қазірде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына мүше болып, 
ірі заңгер атанып жүр).
Сұлтангелдінің Алпыс, Жетпіс, Тоқсан есімді ұрпақтарын тарата алмадық, Мәдиян ақсақалдың, Ысқақ Байбосынов ағайдың ар-
тында қалдырған шежірелерде де бұл марқұмдарға сызықша қойылыпты, сірә ұрпақтары біржола үзілген болу керек...
Е с к е р т у: ескіден ауысып келе жатқан бір ауызекі шежіреде Сұлтангелдіні – Солтан және Келді деп екі атаға бөледі де, Сол-
таннан – Елшібай мен Байқошқарды, Келдіден – Алпыс, Жетпіс, Сексен, Тоқсанды таратады. Ағайындылардың ұқсас аттары бұл 
нұсқаны иланымды етеді, бәлкім олар екі әйелден туған? Он жетінші ғасырдан қалған бұл жұмбақты ұрпақтары айырмаса, біз таба 
алмадық.

577

578

579

580

581

582

583

584

585

586

587

588

589

590

591

592

593

594

595

596

597

598

599

600
Базардың Есенбол ұрпақтарын Абыралыдағы тарақтылар біліңкіремейді, тіпті ауызекі шежірелерден түсіп те қалған. Оның себебі 
XIX ғасырдың бас шенінде Есенбол ұрпақтары әлдеқандай бір себептерден қазіргі Мақаншы жеріне қоныс аударуы... Біздің шамала-
уымызша, бұлар тарақтының Алтай, Байтемір, Марғұл, Көгедай, Битті деген бергі аталарының ұрпақтары. Сірә, бұлар Абыралыдағы 
тарақтылардың Әлі, Сары бұтағынан тарайтын аз аталар. Бәлкім Есенбол аталған атаның Есенәлі болуы да ғажап емес.
Ту  баста  бұлар  да  Абыралыдағы  Матай  тауларын  қоныс  еткен.  Күндердің  күнінде  осы  елдің  300  жылқысы  қолды  болып,  оны 
жоқтап тарақтының Жолдыбай аулының Құрақ батыр бастаған 15 жігіт із кесе отырып, Сарыбас керей Мөни байдың Тарбағатайдың 
күнгей бетіндегі аулына жетеді-міс. Мөни де қырсық кісі болса керек, «Жылқыңды берсем аласың ба, бермесем аласың ба?» деп күш 
көрсетеді білем. Мына сөзге ашуланған Құрақ батыр тапай талтүсте байдың аулына тасырлата шауып келіп, ат ойнатып, жекпе-жек-
ке байдың өзін шақырып қотанда тұрып алады. Мөни бай сонда елші шығарып: «Сендерде мал көп екен де, жайылым жоқ; ал бізде 
мал аз, бірақ жеріміз мол. Келген малды алмаңдар, орнына кісі алыңдар, тіпті жер де берейін...» деп сауға сұрапты. Құрақ батырдың 
кісілері ақылдаса келе «Мына шіркін жауласатын кісі емес, құшақ айқастырып құда болатын жандар екен...» десіп, байдың туған қызы 
Нұрбике сұлуға өздерінің ауыл иесі Дүйсенбінің он алты жасар Қараша есімді баласына құда түсіп, соның сый-сияпат, қарғыбауына 
қолды болған бар жылқыны өткізіп, өздері де жол-жоба алып кері қайтады да Матайды тастап, Жанкісі балалары, аталас туыстары 
Толыбай, Мұрынбай, Алшынбай, Жанбөлектер ауылдарымен Тарбағатайға көшіп келеді. Ту баста олардың қоныстанған жерлері – 
Қарабауыр, Қарашоқы маңайы екен. Кейіннен олар Алакөлге құятын Еміл өзенінің бергі жағасынан да шұрайлы қоныстар алыпты. 
Ал Дүйсенбі аулына Кішіарқарлы, Тастұма, Егізқызыл деген шалқар қоныстар тиген.
Жаңа қоныс бұларға ту баста құтты мекен болыпты: шағын төрт-бес ауыл құрақ шөптей қаулап өсіп, аз жылда-ақ бір старшын ел 
болыпты. Бірақ, бертінде 1931-1932 жылдардың аштығына тап болып, күнкөріс үшін Қытай еліне ауып, онда да жоқшылық, неше 
алуан бейнет шегіп, ол жақтан 1955 жылы ғана Мақаншыға оралады. Қазірде бұл аталардан жүз қаралы түтін болса керек. Жоғарыдағы 
ата тарату шежіресін біз осы Марғұл ұрпағының естияр қарты Тұрсынқұл Төлеқұлының жиған деректері бойынша жазып отырмыз. 
«Онда-мұнда ауып жүргенде естияр кісілеріміз өліп қалып, әмбе ауыр тұрмыстың тауқыметі билеп, түпкі аталарымызды ұмытып, 
ақыры оны Тышқанбайдың немересі Ғабдолла ақсақалдың (бұл кісінің де Матайдан қашып барып, Қытай елін паналағанын ескерт-
кеміз) айтуымен қайта жалғадық. Көбіміз Әлі бұтағынанбыз, ал біразымыз Сарыдан тарасақ керек, бірақ нақтылы білмейміз...» – деп 
сыр шертіпті Тұрсынқұл ақсақал осы жолдардың авторына бұдан үш-төрт жыл бұрын жазған бір хатында...
Тұрсынқұл ақсақалдың айтуынша, осы таралымда есімі аталған Бұғыбай Кірісбайұлы 1891-1896 жылдарда Бұхара медресесінде 
білім  алып,  найманның  Мәмбет  еліне  келіп  бала  оқытқан.  Ол  жарықтық  Сүттіген  деген  жерден  өзіне  қыстау  салып,  онда  кейін-
нен мешіт-медресе де ашады. Бұғыбай молда қыстауы іргесінен бау-бақша өсіріп, жүргінші халық тоқтайтын дарбазалы керуен-са-
рай да тұрғызыпты. Қысқасы, күнге күйіп тұрған бұлақ басы ағашқа толып, саялы мекенге айналады. Осы күнгі Мақаншы-Бақты 
жолындағы үлкен шаруашылықтың бір бөлімшесі орналасқан жер сол Бұғыбай аулының жұрты...

601

602

603

604

605
Тарақтының  Әлі  бұтағының  толық  дерлік  ата  таралымын  біз  Базар  тегі  Бөртенің  бергі  ұрпағы  Ысқақ  Бекжанұлы  Байбосынов 
ақсақалдың  үйінде  сақтаулы  қос  дәптердегі  деректерінен  таптық.  Ысқақ  ағай  көп  жылдар  Абай,  Абыралы  аудандарында,  Семей-
де  партия,  кеңес  жұмыстарын  тыңғылықты  атқарған,  халыққа  сыйымды,  әмбе  көкірегі  ояу  адам  еді.  Сөйте  жүріп  ата-бабасының 
шежіресін де бүгінгі ұрпағына дейін тыңғылықты жаза беріпті.
Бүкіл Әлі әулетінің бүгінгі ұрпағы Ысқақ ағайдың аруағына тағзым етіп дұға оқыса, сірә, артық болмас!..

606
Көбеттің Таңат үмбетінен Семей өңіріне, бүкіл Ертіс бойына емшілік атағы шыққан қасиетті сынықшы Тоқмет (Тоқымбет) қажы 
шыққан. Оның өзі де, баласы Кәдірсіз де, немересі Оразхан ақсақал да бұл кәсіппен өмір бойы шұғылданып, дәрігердің тексеріп бер-
ген арнайы ұлықсатымен сынық салып, жүздеген адамдардың сырқатын жазып, рақметіне бөленген иманжүзді, үйінен қаріп жандар 
арылмайтын қонақжай адамдар еді. Тоқмет қажының қасиетті бәкісі қазір де Бертістің қолында болса керек...
Нақ осы әулеттен соғысқа дейін Түркісиб жолында сәтті еңбек еткен теміржол инженері Шоқыұлы Адахан шыққан, бұл азамат 
Ұлы Отан соғысында шейіт болған, одан қалған Халел Адаханұлы әке жолын қуып, темір жол жүйесінің ірі маманы. Бірақ ол Шаку-
пов болып жазылады, сірә ертеде әкесі паспорт алғанда солай жазып жіберген сықылды...
Жоғарыда  есімі  аталған  Мекіш  Жақыпұлы  да  кеңес  өкіметіне  еңбегі  сіңген,  көп  жылдар  бойы  Абыралы  ауданында  ірі  колхоз, 
шаруашылықтарды басқарған абыройлы азамат еді.

607

608
Көбеттің Таңат үмбетінен Семей өңіріне, бүкіл Ертіс бойынша емшілік атағы шыққан қасиетті сынықшы Тоқмет (Тоқымбет) қажы 
шыққан. Оның өзі де, баласы Кәдірсіз де, немересі Оразхан ақсақал да бұл кәсіппен өмір бойы шұғылданып, дәрігердің тексеріп бер-
ген арнайы ұлықсатымен сынық салып, жүздеген адамдардың сырқатын жазып, рақметіне бөленген иманжүзді, үйінен қаріп жандар 
арылмайытн қонақжай адамдар еді. Тоқмет қажының қасиетті бәкісі қазір де Бертістің қолында болса керек...
 
Нақ осы әулеттен соғысқа дейін Түркісиб жолында сәтті еңбек еткен темір жол инженері Шоқыұлы Адахан шыққан, бұл аза-
мат Ұлы Отан соғысында шейіт болған, одан қалған Халел Адаханұлы әке жолын қуып, темір жол жүйесінің ірі маманы. Бірақ ол Ша-
купов болып жазылады, сірә ертеде әкесі паспорт алғанды солай жазып жіберген сықылды...
 
Жоғарыда есімі аталған Мекіш Жақыпұлы да кеңес өкіметіне еңбегі сіңген, көп жылдар бойы Абыралы ауданында ірі колхоз, 
шаруашылықтарды басқарған абыройлы азамат еді.

609

610

611
Көтібай әулетінен шыққан Жағыпар Сатыбалдыұлы Абыралы ауданының гүлденуіне, шаруашылығының іргеленуіне көп еңбек 
сіңірген азамат еді. Сол еңбегінің жемісін қазір де ұрпақтары мен інілері көріп отыр...
Осымен Атаннан туатын Жолманбет, Әлменбет ұрпақтарының ата таралымын аяқтап, Жантоқа әулетінің шежіресіне көшеміз...

612
Базарбайдың Несібелді деген жалғыз қызынан – Төкен Әбікенов. Осы Төкен де Базекеңе бала болып қолында өскен-ді. Төкен 
марқұмнан  –  Қайрат,  Жомарт,  Жанат...  Базарбай  ақсақал  Абыралы  атырабында  ауа  райын  күн  ілгері  болжайтын  есепшілігімен 
танылған адам еді. Және соны керемет көріпкелдігімен емес, күнделікті жүргізіп отыратын бақылау, үлкен есеппен болжайтын, қате 
айтқан күні болған емес. Жоғарыда таратылған аталар Өтеулінің бәйбішесінен туғандар.

613

614

615

616

617

618

619

620

621

622

623

624
Амалдық Құдайназарұлынан – Өтеуіл, Тайтан... (Ысқақ ағайдың бір дәптерінде осылай жазылған, бұл аталарды бері қарай тарат-
папты, сірә таба алмаған. Ал екінші дәптерінде әлгі екеуін атамай, атаны таратады)

625

626
бұлардың да Құдайбергеннен басқасынан ешкім қалмаған деседі.
Ескерту: Амалдық ұрпақтарында Айтуғаннан тарайтын кейбір аталардың қайталануын (Ақайдар, Шабан т.б.) түсіндіре алмадық. 
Не олар өзара адас кісілер, не шежіре жинаушылар анық айыра алмаған. Бірақ, олардың төменгі таралымдары бірдей. Сол себепті біз 
оларды қайталап таратпадық. Дұрысын әр ұрпақтың өзі айырып алар деген ойдамыз.
Құдайназардың Самалдық есімді баласының ұрпағы жоқ...

627

628

629
Құдайназар ұрпақтарында, исі Жантоқада атағы төңіректегі жұртшылыққа мәлім – Тышқанбай ауылы. Ә.Бөкейханов кітабының 
47 бетінде «Тышқанбай Қошанұлы (сірә, Қашақты айтып отыр. – М.С.) Дегелең болысындағы тарақтылардың бәрінің басшысы, бе-
делді қазақ» деп атап көрсетіпті. Тышқанбайға дәулет те мол біткен, әмбе жөн-жобаны жақсы білетін шешен де алғыр кісі болыпты. 
Өз заманында бірнеше жыл болыс та, би де болып сайлынған. Ел жадында оның әділдігі, қарауындағы жұртқа жасаған қамқорлығы, 
ағайыншылдығы туралы түрліше аңыздар сақталған: соның бірі «Жамбастоған тарақтылары» аталатын  Тарбағатайдың күнгей бетін-
дегі бір старшын елге қысылтаяң кезде қорған болып, олардың Лепсінің түрмесінде жатқан 15 азаматын (Үкі, Жайылған, Міке және 
басқалары)  Омбыға  дейін  ізденіп,  жазықсық  жер  айдалудан  құтқаруы;  осы  тәжікенің  соңы  «Жамбастоған  тарақтыларының»  сол 
өңірдегі найман елімен бірнеше мәрте құда болып, қыз алып, қыз берісуімен тынады; яғни Тышқанбай болыс бұл жерде бүлік туған 
елді біріктіруші, жарастырушы болған.
 
Тышқанбай  болыс  орысша  да  сауатты  адам  болған,  балаларына  қаладан  білім  алғызып,  өз  заманының  алдыңғы  легінде 
тәрбиеленген.  Мақаншы  ауданында  тұратын  қарт  зиягер  Тұрсынқұл  Төлековтың  «Семей  таңы»  газетінде  жарияланған  естелігіне 
қарағанда, жиырмасыншы жылдардың аяғында Кеңес қыспағынан жылыстап, Қытай еліне босып барған Тышқанбай ұрпақтары – 
Ғабдолла Ғабдырәсілдер (бұлар ұлы тәркі кезінде бүкіл ауылымен жасырын көшіп кеткен) жат елге барған барша  тарақты баласына 
басшы болып, тіпті ел билігіне де араласыпты. Сірә, бұл жақтан басын арашалап, әмбе ерекше жүдеп-жадап барған ара ағайынға да 
қол ұшын беріп сүйеу болған тәрізді. Мысалы, Шәкерім Құдайбердиевтың Зият есімді бел баласы Ғабдолла Тышқанбаевтың Айтқазы 
деген перзентімен түйдей құрдас, әрі Семейде екеуі  бір мектепте оқыпты, осы Зият Қытайға қашып барған жылында Ғабдолланың 
аулында тұрыпты. Бұдан кейін Айтқазы екеуі Үрімші қаласына білімін көтеруге аттанғанда, екеуіне қысы-жазы тамақ тасып, қаражат 
беруші де Ғабдолла аулы болыпты.

630
 
Тұрсынқұл  ақсақалдың  жадында  Ғабдолла  Тышқанбайұлының  Зиятқа  өлеңмен  жазған  сәлем  хатының  бірер  шумағы 
сақталған:
 
 
«Бір ауыз сәлем жаздым Зият саған,
 
 
Кеше көрген бүгін жоқ пәни жалған,
 
 
Қажыға тартып туған асыл Зият,
 
 
Көтерсін мәртебеңді қақ тағалам!
 
 
Алғанша алтын шашқан ескі әдетін,
 
 
Нұсқай гөр сол әдетті маған таман.
 
 
Маған таман дегенді ойла, шырақ,
 
 
Айтқазым бол жүрмесін ойға шабан...»
 
Тышқанбай «Абай жолы» романында суреттелетін Қарамола съезінде арғын мен найман елдерінің арасындағы дау-шарды ше-
шу үшін Абыралыдағы рулардың атынан кедей Алдабергеннің Төлебайы екеуі Абай Құнанбайұлына қосылып билік айтыпты деген 
де сөз бар. Заман беті бері қараған алпысыншы жылдарда Тышқанбай әулетінің кіші ұрпақтары елге оралып, қазірде олар Аягөз, Тас-
кескен аудандарына келіп қоныстанған...

631

632
 
Қали,  ІІІәріп  (соңғы  екеуінен  ұрпақ  жоқ  деседі).  Осы  Қабанбайдың  Байбармақ,  Сәрі,  Беген  деген  де  балалары  болыпты, 
алғашқы екеуінің үмбеті белгісіз, ал Бегеннен – Дүйсетай, одан Тілеуқожа мен Қалиқожа... Бәлкім осы Беген Бөрібайдың кіші бала-
сы болмасын?
Ескерту: Таз ұрпақтарының қазіргі білгірін таба алмадық, ал Ысқақ ағай да, Мәдиян ақсақал да кейбір балаларын ауыстырып жа-
зыпты, біз де оларды түзей алмадық...
Нығметолла - бұл кісіні жұрт Нығмет дейтін, ертегі, қиссаны көп білуші еді.

633

634

635

636

637

638
Құл Шобайұлынан – Құрамыс – Жаман – Жәнібек қажы. Осы Жәнібек те туысы Сеңкібайға бір сапарда еріп, Мәкке мен Меди-
неге мінәжат етіп қайтқан, содан Кіші қажы атанған...
Бөкейдің Байболатынан 12 ұл туыпты (екі әйелден). Ескі шежірешілерді тыңдап, бізге жеткізгендер солардың үзік-үзік есімдерін 
сақтаған. Ысқақ Байбосынов пен Мәдиян ақсақалдың артында қалған жазуларда да солай, оған өзіміздің Байболат ұрпақтарынан 
білгенімізді қосып төмендегі аталарды шығардық. Алайда, он екі ұлды Байболатты түгендей алмадық.
Байболаттың тоқалынан туған бір баласы – Алғазы, оның үмбетін тарата алмадық...
Байғазы Байболаттың тоқалынан туған, одан Көнен. Көненнен – Байтаңбай, Барғана. Тағы бір ауызекі шежіреде Барғанадан – 
Байтаңбай, Темеш депті.

639

640

641
Айдарбекұлының Ноқы, Айтбай есімді балалары болса керек. Ноқыдан – Хасен... Айтбайдан – Жұмағали... Табан Жомартұлынан 
– Түйсікбай, Төлеубай. Төлеубайдан – Қабидолла, Қайролла (бұлардың үрім-бұтағы 1932 жылғы аштықта Сібір кетіп, одан Шығыс 
Қазақстандағы Шемонайхы қаласында тұрақтап қалған)...
Байболат  Бөкейтегінің  бір  перзенті  Болатбек  Мұқашов  бізге  жазып  берген  шолақтау  бір  шежіреде  «Бекей  –  Байболат  –  Жо-
март – Табан, Көнен, Темеш...» деп таратылған. Біздіңше, бұл бірнеше атаның баласын өзара біріктіре салған таралым. Сол себеп-
ті біз Болатбектің әкесімен тұстас ақсақалдар жадында сақталған, қағазға ертеден түскен таралымдарды ұсындық. Сірә, Байболат 
ұрпақтарын түгендеу әлі де алдағы күндердің жұмысы... 

642

643

644

645

646

647

648

649

650

651

652

653

654

655

656
Талдықорған облысы, Сарқанда тұратын отбасыларының тізімі 
31.07. 2005
                                                                                                                                                         
1.  Әліппай Нағалиұлы – Саматтың орынында отыр (1974 ж.)
2.  Қуаныш (1973 ж.)
3.  Мұрат (1975 ж)
4.  Марат (1977 ж.)
5.  Самат (жоғарыда көрсетілді)
6.  Дана (1985)
Әліпбайдың інісі Тәліпбайдың түтіндері
1.  Қайрат Тәліпбайұлы – Ұшқыш, (1966 ж.)
2.  Дәулет Тәліпбайұлы – ұшқыш, (1970 ж.)
1.  Кәдек Сақайұлы
2.  Қуат Кәдекұлы (1984 ж.)
3.  Әлия Кәдекқызы (1983 ж.)
1.  Несіпбай Сақайұлы (1939 ж.)
2.  Камал Несіпбайұлы (1961 ж.)
3.  Жәкен Несіпбайұлы (1964 ж.)
4.  Әсет Несіпбайұлы (1966 ж.)
5.  Саят Несіпбайұлы (1969 ж.)
6.
7.
1.  Гүлсара Сақайқызы
2.  Айсара Сақайқызы
1.  Мәлікайдар Жолдасбайұлы (1954 ж.)
2.  Қанат Жолдасбайұлы (1959 ж.)
3.  Армия Жолдасбайұлы (0) (1942 ж.)
4.  Қуат Армияұлы (1973 ж.), Маскеуде оқуда
5.  Нұршолпан Жолдасбайқызы (1938 ж.)
6.  Күнтай Жолдасбайқызы (1945 ж.)
7.  Ақшолпан Жолдасбайқызы (1947 ж.)
8.  Күлатай Жолдасбайқызы (1950 ж.)
9.  Тоқан Жолдасбайқызы (1957 ж.)
10.  Айшолпан Жолдасбайқызы (1961 ж.)
Сәпиұлы Сейітбатқалдың ұрпақтары
1.  Қожабек Сейітбатқалұлы (1947 ж.)
2.  Берлібек Сейітбатқалұлы (1954 ж.)
3.  Зәлә Сейітбатқалқызы (1952 ж.)
4.  Айдар Сейітбатқалұлы (1961 ж.)
Орынбасарұлы Оралқанның түтіні 
1.  Болат Оралқанұлы (1938 ж.)
2.  Қанат Оралқанұлы (1954 ж.)
3.  Жанат Оралқанұлы (1959 ж.)
4.  Кенжебай Оралқанұлы (1963 ж.)
5.  Майра Оралқанқызы (1952 ж.)
Ғали Өтелбайұлының түтіні (0)
1.  Бақытжан Ғалиұлы (1954 ж.)
2.  Бауыржан Ғалиұлы (1957 ж.), Павлодарда...
3.  Неля Ғалиқызы (1961 ж.)
Қаркетеров Түркістанның түтіндері

657
1.  Мұқтар Түркістанұлы (1970 ж.)
2.  Ербол Түркістанұлы (1973 ж.)
Қадыр Сейсенбайұлы (1970 ж.)
1.  Арнай Дәулетбақұлы (1973 ж.)
2.  Алтай Дәулетбақұлы (1982 ж.)
3. 
Әбимолла түтіні (0)
1.  Бақыт Әбимоллақызы (1973 ж.) 
2.  Сәлімбай Бисекұлы (1951 ж.)
Жакеновтер түтіні 
1.  Емберген Байдуәліұлы (1943 ж.)
2.  Сағат Байдуәліұлы (1959 ж.)
3.  Марат Байдуәліұлы (1952 ж.)
4.  Қанат Байдуәліұлы (19?? ж.)
5.  Серікбай Байдуәліұлы (1954 ж.)
6.  Серік Байдуәліұлы (1955 ж.)
7.  Ерік Байдуәліұлы (1966 ж.)
  Жалпы  52 үй  

658
Сарқанттың өзіндегі Тарақты ауылы                                                                                                          01. 08. 2005 ж.
1. Нұрдан Мейрамғалитегі Оразмолдаұлы, келін Майнұр. Біздің тұрғылықты жеріміз – Қарақуыс тауының сайы. Аталардың айтуы 
бойынша жеті атамыз осында өсіп-өніпті. Осыдан бұрын 1930 жылы Жоңғар Алатауының сілемі – асуы Қарағайлы, Тікасу, Әзберген 
– Қақжалбай асуларының біреуімен Ілебасы, Қас, Күнес, Текес жеріне өтіп мекендеген. Жанбай ата сонда қалған. Зираты сонда. 
Ақжол атамыз көшті үлкен-кіші елмен бірге басқарып шыңжаңға барған. Менің әкем Оразмолда 1928 ж. туылған. Үш жасында сонда 
өткен. Ал енді менің әкем Оразмолдадан кейінгі інісі Нұғыманды шешеміз Нұрғайша қиын асу, мұзды таудың үстінде туыпты. 
Биік шатқалдарды басып өтетін таутеке мен арқардың жалғыз аяқ мұзды жолдарына киіз текеметтерін тіліп төсеп өтіп отырыпты. 
Бір қиын қияда     ????     жақын ағамыздың көшін жетелеп өткізіп жатады. Қасында қырықынан шықпаған нәрестесі бар қарындасы 
келе жатқан. Көлікпен бірге сол қарындасы тайып тұрып, әбігерленген кезде ағасы қарындасына: – жаныңды сақта, таста баланы 
– деп жандауысы шығады. Оның өзі де көлікпен бірге тайғанақтап бара жатып, қарындасының қолындағы қимай тұрған баласын 
жұлып алып, лақтырып жіберіп қарындасы мен бұтаны қоса құшақтап ұстап қалыпты. Үстінде жүгі бар жетегіндегі тайғанақтаған 
жылқы сол жағындағы екі жүз құлаштық терең құзға құлап кетіп ұшып, тас-талқаны шығыпты. Алды-артындағы шұбап келе жатқан 
жұрт жеткені жылап келіп қараса ағасы лақтырып жіберген нәресте құндағымен қалың бұтаның арасына ілініп қалыпты. Алып қараса 
тірі екен. Сонымен қарындасы мен ағасы нәрестені әупірімдеп жүріп тірі қалып, елмен бірге арғы бетке қашып өтіпті.
1955 жылы сол бұтаның басында тірі қалған нәресте өзіміздің елге адам болып келді. Аман ердің аты шығар деген осы екен.  
1.  Қалабаев Жарылқасын (1945 ж.)
1.  Еділов Айтан (1964 ж.)
2.  Еділов Амантай (1966 ж.)
Сыбановтардың отбасы
1.  Нүсіпбай Сыбанов (1953 ж.)
2.  Несіпбай Сыбанов (1962 ж.)
3.  Алтай Сыбанов (19?? ж.)
4.  Жүніс Сыбанов (1966 ж.)
1.  Дүйсенғали Уанов (1943 ж.)
2.  Дәуренбек Уанов (1955 ж.)
3.  Назарбек Уанов (1960 ж.)
4.  Базарбек Уанов (1970 ж.) 
5.  Манарбек Уанов (1972 ж.)
Тайамеровтар 
1.  Қанат Тайамеров (1950 ж.)
2.  Тоқтасын Тайамеров (1957 ж.)
3.  Төртеубек Тайамеров (1966 ж.) 
4.  Әуес Тайамерова (1962 ж.)
5.  Жүніс Тайамеров Түсіпбек (1965 ж.)
6.  Алмас Тайамеров (1972 ж.)
7.  Тұрымбек Тайамеров (1947 ж.)
8.  Керімбек (Кертай) Тайамеров (1964 ж.)
Қали ағаның түтіндері 
1.  Серікболұлы Айдос (1990 ж.) 
Сембай балалары
1.  Бейсек Сембайұлы (1960 ж.)
2.  ???          
1.  Серік Байқожаұлы (1964 ж.)
2.  Қырықбай – ұста, атбегі, (1957 ж.)

659
                                                                                                                                                          
                                                                                                                                                                                                 Жалпы 86 үй 
Тезек – одан Аламан ұрпақтары бізде бар. Күнтолық (Тоқан) қарындасымыз шежіре берген. Осы Шежіренің көшірмесін Сержан 
алдыртты. Онда Тоқанның ағсы Жұмабай туралы да дерек бар. 
                                                                                                                                                     Сарқанттық туыстарға сәлеммен:  Яһуда Амандықов 
ЖҰМАБАЙ
Жұмабай – 1900 жылы Ленин орденін алған атақты шопан. Аудан советінің депудаты болды. 
1986 жылы дүниеден қайтты. Жұмабай төрт әйел алған кісі.
Жұмабайды  Жұмабай  еткен  өте  ақылды  анамыз  Жәмила.  Осы  мәліметті  беріп  отырған  Күнтолық  (Тоқан  деген  атпен  тараған) 
Ұлмекеннен туған. Бірақ ол кісі қызым деп атамай, өле-өлгенше қайынсіңілім деп атап кеткен. 
Жұмабай мен Жолдасбайдың анасы Хадиша қарақағаз келіп естірткенде менің балаларым өлген жоқ, аман деп сенбеген. Басқалар 
жылайды. Ел оларды соғыста өлді деп жүреді.
Көп жыл өтіп Жұмабай ұмыт болып кеткен соң ел қайта дүрлігеді.
Сарқанның орталығындағы қалың ағшты сайды кесіп өтетін жалғыз аяқ жол болатын. Жұмабайдың туған қарындасы Айша мек-
теп директоры болып қызымет атқаратын. Айша үйінен мектепке барарда үлкен жолмен айналып жүрмей-ақ ағаш арасындағы сай-
ды кесіп өтетін жалғыз аяқ жолмен төтелеп барушы еді. Бір күні сол әдетімен сайға түсе бергенде алдында қарсы келе жатқан жалғыз 
жаяу ер кісіні көреді. Таянып келгенде өзінің алдеқашан «өліп қалған» ағасымен кезігіп қалады. 
–  Жұмабай ағамыздың аруағы келе жатыр деп үйіне жылап қашады. 
Анасы Хадиша талып қалады.
Ол кісінің алдынала көретін ұстамалы күші бар еді. Найзағайлы жауынға да кейде бозарып талып қалатын. Баяғыда баласының 
өлігін естірткенде Хадиша апаның «менің балаларым өлген жоқ» деп сенбегені шындыққа айналды.
Не керек, Алла жарылқап «өлген» Жұмабай тірі болып келіп бұл отбасына бақ келеді.  
Омаров Бексұлтан ұрпақтары
1.  Серғазы 
2.  Әбілғазы (1965 ж.)– заречный зонада милиция
3.  Қайрат – бұл да сол жерле...
4.  Әли
5.  Нұрман
6.  Абай (1978 ж.)
7.  Нұрсара (1962 ж.)  
8.  Қанай (1975 ж.)
9.  Жанат (1983 ж.) 
Тілеуқали ұрпағы
1.  Сайлау Тілеуқалиұлы

660

661


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет