Экспанциондық ақша-несие саясаты — несие беру көлемін кеңейтумен, айналыстағы ақша-массасының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуімен байланысты шаралар.
Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгені тұрақтылығын қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жетуде Ұлттық Банк қатаң ақша-несие саясатын жүргізуде.
Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттің ақша-несие саясатын (бұдан әрі — АНС) жүргізуші болып табылады. Нақтырақ айтсақ ақша-несие саясатының бағдарламасын және қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ҚҰБ Басқармасы анықтайды, ал Директорлар кеңесі оны жүргізеді және өзге ресми мөлшерлемелерді белгілейді. Сонымен қатар АНС-ның жүзеге асырылуына ҚҰБ-нің ақша-несие саясаты жөніндегі Техникалық комитеті тікелей жауап береді. Техникалық комитет әр апта сайын АНС-на байланысты мәжіліс өткізеді және ұсыныстар жасайды. Оның құрамы 13 мүшеден: басшы, екі орынбасары, төрт департамент директорлары, төрт басқарма бастықтары, Төрағаның кеңесшісі және Қаржылық қадағалау агенттігінен бір өкіл кіреді.
АНС-ның мақсаты — инфляцияны төмендету және теңгені тұрақтылығын қамтамасыз ету. 2004 жылдан бастап, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолданып отырған ақша-несие саясатының құралдары екі топқа бөлінеді. Тікелей құралдар (несие бағасы мен немесе сомасына тікелей бақылауға арналған):
несиенің бағасын (Р — сыйақы мөлшерлемесін) не санын (Q) белгілеу немесе шектеу;
коммерциялық банктердің балансына қатысты несиелік лимиттер белгілеу.
Жанама құралдар (нарыққа ықпал ету арқылы ақшаға деген сұраныс пен ұсынысқа ықпал етуге арналаған):
ашық нарықтағы операциялар;
міндетті резервтік талаптар;
несиелеуге және вексельдерді қайта есепке алуға байланысты операциялар.
Қазіргі уақытта жоғарыда аталған құралдардың ішінде іс-жүзінде қолданылып отырғандары: ресми сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу, қысқа мерзімді ноттарды эмиссиялау, ашық нарықтағы операциялар.
Ұлттық Банк өзінің жүргізетін операциялары бойынша мынадай ресми сыйақы мөлшерлемелерді белгілейді:
ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі;
ресми есептік (дисконттық) мөлшерлеме;
РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;
«овернайт» займдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;
овер драфт займдар бойынша сыйақы мөлшерлемесі.
банктерден тарайтын депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі.
Достарыңызбен бөлісу: |