Ақша-несие саясаты



бет8/8
Дата31.12.2021
өлшемі27,81 Kb.
#21791
1   2   3   4   5   6   7   8
Валюталық интервенция деп ұлттық валюталық бағамына әсер ету мақсатында Ұлттық Банктің шетел валютасын сату және сатып алу жолымен валюталық нарықтағы операцияларға араласуын айтады.

Отандық банктік тәжірибемізде 1999 жылдың 4 сәуір айына дейін немесе еркін өзгермелі бағам режиміне өткенге дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюталық нарықтағы интервенциялау саясаты алтын-валюта резервтері есебінен жүзеге асырылды.

Еркін өзгермелі бағам режиміне өткенен кейін де Қазақстан Ұлттық Банкі ұлттық валютаның айырбас бағамының алыпсатарлық өзгерістерінежол бермеу мақсатында валюталық интервенциялауды қолданылып отырғаны жасырын емес. Соған байланысты аталған бағам режимін басқарылатын режим деп қарастырған дұрыс болады. Еркін өзгермелі бағамға өтуге біздің ұлттық валюта бағамының шетел валютасына қатысты тұрақсыздығы мүмкіндік бермейтіні сөзсіз.

Ұлттық Банктің валюталық нарықтағы интервенциясы дербес түрде кез келген банктер және валюталық биржалар арқылы кез келген валюталық мәмілелер түрлерін пайдалану негізінде жүзеге асырылады.



Мұның салдарынан алтын-валюта резервінің құнсыздану қаупі туындады. Осындай жағдайларды болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ішкі валюта нарығында сатып алушы ретінде қатысып, алтын-валюта резервінің ұлғаюына септігін тигізді. Бұл жерде бір нәрсені естен шығармаған жөн, яғни Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ішкі валюта нарығындағы сұраныстан артық шетел валютасын сатып алған кезде, айналысқа артық ақша эмиссияланады жөне ол ақшаның құнсыздануына жол береді. Осындай теріс салдарларды болдырмау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «стирилизациялау» құралын пайдаланып отыр. Яғни, айналысқа шығарылған артық ақша көлемінде өзінің қысқа мерзімді ноталарын шығарып, артықақшаны айналыстан алып отырды.[1]

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет