Банкте есептік шот ашу үшін келесі құжаттарды ұсыну керек: Ақшасыз есеп айырысудың мынадай негізгі нысандары ұсынылады: Төлем-талап-тапсырмасы Төлем тапсырмасы Аккредетивтер Чектер Жиынтық талаптар арқылы есеп айырысу Векселдермен есеп айырысу
Ағымдағы банктік шоттардағы ақшалай қаржылар шоты бойынша шаруашылық операцияларының шоттар корреспонденциясы Шетел валютасымен байланысты операциялар № 21 «Валюталық бағам өзгерістерінің әсері» ҚЕХС реттеледі.
Кәсіпорындарда шетел валютасындағы ақша қаражатының есебі 1032 «Банктегі ағымдық шоттағы валютамен ақша қаражаты» шотарында жүргізілуі мүмкін. Бұл шоттар активті. Бұл шоттардың дебетінде есепті мерзімнің басындағы және соңындағы шетел валютасымен ақша қаражатының қалдығы, шетел валютасымен түскен ақша қаражаты, ал кредитінде шыққан шетел валютасы көрсетіледі. Бұл шоттардың аналитикалық және синтетикалық есебі 1010 және 1030 шоттарындағы есеп тәріздес жүргізіледі.
№ 21 «Валюталық бағам өзгерістерінің әсері» ҚЕХС –на сәйкес, шетел валютасындағы операция шетел валютасында көрінетін және реттелетін мәміле болып табылады. Оған келесі мәмілелер жатады:
- бағасы шетел валютасында көрсетілген тауарлар мен қызметтерді сатып алғанда немесе сатқанда;
-алашақ немесе берешек сома шетел валютасында көрсетілгенде;
валютаны айырбастау келісімін орындалмаған тарап болып табылса.
Бағамдық айырма – бұл бағам өзгерген жағдайда шетел валютасының дәл сол мөлшерін бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру жүйесінде есептілік валютасында көрсету нәтижесінде пайда болған айырмашылық.
Шетел валютасындағы ақша қаражаттарының есебі Ақшалай қаржыларды түгендеу олардың сақтығын қамтамасыз ету, ақшалай операциялар бойынша операциялардың жүргізілуінің дұрыстығын тексеру мақсатында кәсіпорынның басшысымен бекітілген комиссиямен жүзеге асырылады. Түгендеу кезінде кассадағы ақшалардың және басқа да құндылықтардың нақты бары қаралады. Түгендеуде барлық ақшалай қаражаттар бойынша жүргізілген операциялардың толықтығы, дұрыстығы, нақты іс жүзінде бары және толтырылған құжаттардың дұрыстығы қаралады. Бағалықтардың нақты бары анықталып, құжаттардағы мәліметтермен салыстырылады. Түгендеу тізіміне барлық тексерілген құндылықтар жазылады. Түгендеу нәтижелерін шығарғанда ауытқулар, яғни артықшылықтар немесе жетіспеушіліктер анықталуы мүмкін . Мұндай артықшылықтар кіріске алынуы керек.