Theme: Grammar: Conditional sentences Conditional sentences – шартты райлы сөйлемдер.
Ағылшын тілінде шартты райлы сөйлемнің төрт түрі болады: 1. Zero Conditional 2. First Conditional 3. Second Conditional 4. Third Conditional 1. Zero Conditional –қашанда шындықты білдіретін жағдайды білдіреді. Басыңқы, бағыныңқы сөйлем де осы шақта тұрады.Мұндай сөйлемдердің шақ формуласы мынандай: If + бағыныңқы сөйлем (Present Indefinite), басыңқы сөйлем (Present Indefinite). If you heat ice, it melts. – Егер сіз мұзды қыздырсаңыз, ол ериді. If people work hard, they usually go to bed early. – Егер адамдар қатты жұмыс істесе, олар әдетте ұйқыға ерте жатады. If you know the subject, you need not be affraid. – Егер сіз пәнді білсеңіз, қорқудың қажеті жоқ. Мынандай жағдайға көңіл бөлу керек, шартты сөйлемдерде бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемнен кейін тұруы мүмкін: You need not be afraid if you know the subject.
First Conditional – болуы мүмкін шартты және оның келер шақтағы нәтижесін білдіреді. Басыңқы сөйлем келер шақ, бағыныңқы сөйлем осы шақ формаларында болады.Мұндай сөйлемдердің шақ формуласы мынандай: If + бағыныңқы сөйлем (Present Indefinite), басыңқы сөйлем (Future Indefinite). If it rains, I shall stay at home. Егер жаңбыр жауса, мен үйде қаламын. If you study hard, you will pass your examination. Егер сен қатты дайындалсаң, емтиханды тапсырасың. If I see Ann, I’ll ask her to call you. Егер мен Эннді көрсем, саған қоңырау шалуын сұраймын.
3. Second Conditional – шындыққа келмейтін жағдайды және оның мүмкін болатын нәтижесін білдіреді. Бұл сөйлемде бағыныңқы, басыңқы сөйлем де Indefinite Tenses тобындағы өткен шақтарда тұрады.Алдыңғы (Sequence of Tenses) тақырыбында қарастырылған шақтардың үйлесуі ережесі сақталуы керек.
3. Second Conditional – шындыққа келмейтін жағдайды және оның мүмкін болатын нәтижесін білдіреді. Бұл сөйлемде бағыныңқы, басыңқы сөйлем де Indefinite Tenses тобындағы өткен шақтарда тұрады.Алдыңғы (Sequence of Tenses) тақырыбында қарастырылған шақтардың үйлесуі ережесі сақталуы керек.
Мұндай сөйлемдердің шақ формуласы мынандай: If + бағыныңқы сөйлем (Past Indefinite), басыңқы сөйлем (Future-in-the-Past Indefinite). If we were rich, we would buy a big house.
Егер біз бай болсақ, үлкен үй сатып алар едік. If people drove more carefully, there would be fewer accidents.
Егер адамдар мұқият машина жүргізгенде, азырақ жол апаты болар еді. If I had enough time, I would fly to San Francisco.