Асхат әлімов интербелсенді әдістерді жоғАРҒы оқу орындарында қолдану оқу құралы Алматы


Үйренушілер алдағы тақырып бойынша қажеттіліктерін айқындайды



бет59/197
Дата21.04.2023
өлшемі1,84 Mb.
#85442
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   197
5. Үйренушілер алдағы тақырып бойынша қажеттіліктерін айқындайды.
Өз мүдделері мен қажеттіліктерін айқындауы («Не білгім келеді?») әр студентке өзінің сабақ процесіне тікелей қатысы бар екендігін сезіндіреді. Сол арқылы студент өзін сабақтың тыс бақылаушысы емей, оның белсенді қатысушысы ретінде таниды. Өз кезегінде бұл жәйт оның белсенділігін арттырып, сабақ тақырыбына деген ынтасын жоғарылатады.
6. Үйренушілер прагматикалық тұрғыдан ой толғауға және талқылауға жұмылады.
Әр сабақтың қандай да болмасын маңызы (жалпы дамытушылық, рухани, философиялық, әлеуметтік, кәсіби, тұрмыстық, т.с.с.) студент назарынан тыс қалмауы орынды. Студент өзіне прагматикалық сипаттағы сұрақтар қойып («Бұл тақырып маған тұлғалық, кәсіби даму тұрғысынан не береді? Оның маған келтірер пайдасы қандай болмақ?»), оларға жауап беру үшін ізденуі оның сабақ тақырыбына деген қызығушылығы мен ынтасын арттырады.


ҚОСЫМША
Мотивацияның ережелері
1. Үйренушілерде білімге деген қажеттілік тудыру, оның беретін пайдасы туралы пікірлесу («Бұл маған не береді?Пайдасы қандай?»).
2. Әр үйренушінің білім игеру ісіне деген жеке жауапкершілігін қамтамасыздандыруға ұмтылу.
3. Үйренушілердің қызығушылығын тудырып, оны үнемі қолдап, қыздырып отыру керек.
4. Сабақта алған білімдердің практикалық маңызына ерекше көңіл бөлу керек. Әр сабақ прагматикалық (пайда тұрғысынан) сипат алуы керек.
5. Үйренушілерді ұдайы мақтап, қолпаштап, қолдап отыру керек.
6. Үйренушілер бір-бірімен жарыспай, оларда өзімен-өзі жарысу сезімін қалыптастыруға ұмтылу керек.
7. Жүргізуші (мұғалім, оқытушы) өзі де шабыттанып, сол көтеріңкі күйін үйренушілерге көрсетуі керек.
8. Әр үйренушінің жеке мотивтерін айқындау (үйренушінің «Бұл тақырып мен үшін неліктен қызықты әрі пайдалы?», «Мен неліктен осы сабаққа белсене қатысудамын?», «Бұл сабақтан мен не аламын?» сияқты сұрақтарға жауаптары) .
9. Сабақ барысында тұлға аралық қатынастардың дамуына ықпал жасау.
10. Таңдауды әрқашан да үйренушілердің өздері жасаған жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет