Асхат әлімов интербелсенді әдістерді жоғАРҒы оқу орындарында қолдану оқу құралы Алматы



бет154/197
Дата24.10.2022
өлшемі1,85 Mb.
#45116
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   197
Сұрақ қою, қайтадан сұрақ қою – лекцияның әр бөлігінен кейін студенттерге жұп (немесе шағын топ) ішінде бір-біріне немесе өзге де студенттерге белгілі бір жүйемен сұрақ қою тәсілі.
Лекцияның бірінші бөлігі оқылып жатқанда жұптағы А студент В-ға бірнеше сұрақты жазбаша дайындайды, лекцияның бөлімі оқылғаннан кейін А студент В-ға дайындаған сұрақтарын қояды да, В оларға жауап береді. Екінші бөлімнен кейін, керісінше, енді В студент А-ға сұрақтарын қояды. Үшінші бөлімнен кейін А мен В жұбы бірлесе көрші С және Д жұбына сұрақтар әзірлеп, үзілісте солармен сұрақтарымен алмасады, бірлесе жауап іздейді. Лекцияның төртінші бөлімі оқылу барысында А мен В бірлесе оқытушыға сұрақтар дайындайды. Оқытушы бірнеше жұптан сұрақтарын тыңдауына болады, оларға өзі жауап беріп, немесе ол сұрақтарға басқа студенттердің жауап беруін талап етуі мүмкін.
Мұнда басты назарды жауаптарға емес, сұрақтарға аударған жөн. Студенттердің құрастырған сұрақтары олардың сабақта қандай дәрежеде жұмыс жасағандығының айғағы болады, сол себепті оқытушының сұрақтар жазылған парақтарды сабақ соңында жинап алғаны тиімді әрекет.
Тапсырмалардың мазмұны мен реті оқытушы тарапынан шығармашылық тұрғыдан лекцияның тақырыбына, бөліктеріне сәйкес өзгертілуі мүмкін.
(Бұл тәсіл Темпл Ч., Стилл Дж., Мередит К. Сыни ойлауды дамыту әдістері. «Сыни ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту» жобасы үшін әзірленген №2 оқу құралы. - Алматы, 1998. - кітабында келтірілген).


Бірін бірі оқыту – «Үйрете отырып, үйренемін» қағидасын жүзеге асыратын тәсіл.
Әдетте біз біреуді үйрету арқылы өзіміз де үйренеміз, екіншіден көп жағдайда оқытушыдан гөрі студенттердің бір-біріне түсіндіргені тиімдірек: олар жолдастарының айтқанына тереңірек иланады, тезірек түсінеді.
Лекция алдында оқытушы студенттерге олардың кішігірім топтарға (2-4 адамдық) бөлініп, кезекпен ұстаз рөлін орындайтындығы мен оның қандай әрекеттер атқаратындығы туралы айтып кетуі керек. Лекцияның әр бөлігінен кейін студенттер алдын-ала белгіленген кезекпен мұғалімнің рөлінде келесідей амалдарды орындайды:

  1. Мұғалім рөліндегі студент лекция бөлігі аяқталғаннан кейін лекцияда айтылғанды қасындағыларға қорытындылап шығады;

  2. Одан кейін мұғалім рөліндегі студент қасындағы студенттерге лекция мазмұны бойынша екі-үш сұрақ қояды, оның бұл жерде студенттер арасында кішігірім пікірталас тудыруы да ықтимал;

  3. Мұғалім рөліндегі студент өз тобындағы студенттердің туындаған сұрақтарына жауап беріп, лекцияның қиын жерлерін түсіндіреді;

  4. Соңында мұғалім рөліндегі студент лекцияның келесі бөлігі не туралы болатындығы туралы өз болжамын қасындағыларға келтіреді.

Лекцияның келесі бөлігінде мұғалім рөлін енді басқа студент орындап, келтірілген әрекеттерді ретімен орындайды.
(Бұл тәсіл A.Brown, B.Armbruster, A.M.Palincsar.Instructing Comprehension-Fostering Activites in Interactive Learning Situations. NJ: Earlbaym, 1984. кітабында келтірілген).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   197




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет