Жазбаша емтихан жұмыстарын ресімдеу және тексеру бойынша жадынама 9-сынып



бет1/7
Дата07.06.2023
өлшемі47,51 Kb.
#99511
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Жадынама ҰБА-дан 9-сынып ҚА 2022 Т1


Жазбаша емтихан жұмыстарын ресімдеу және тексеру бойынша
жадынама
9-сынып


Қазақ/орыс (оқыту тілі) бойынша эссе түріндегі жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектептер үшін – эссе түріндегі жазбаша емтихан (мақала, әңгіме, эссе)
Емтихан жұмыстарын
өткізу, бағалау және ресімдеуге ұсынымдар


9(10) білім алушыларға арналған емтихан материалдарын (тапсырмалар мен балл қою схемаларын) облыстардың, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары (бұдан әрі – білім басқармалары) дайындайды.
Емтихан жұмысы өтілген тақырыптарға сәйкес келетін екі мәтін үзінділеріне негізделеді (мәтіндердің жалпы көлемі – 400-450 сөз).
Білім алушылар мәтін үзінділеріне сүйеніп, екі мәтіндегі өңделген ақпараттарды дәлелдер ретінде келтіріп, 170-200 сөзден тұратын жазба жұмысын (эссе) орындайды.
Гуманитарлық циклдағы пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептің білім алушылары үшін емтихан жұмысы өтілген тақырыптарға сәйкес келетін екі мәтін үзінділеріне негізделеді (мәтіндердің жалпы көлемі – 450-500 сөз). Білім алушылар мәтін үзінділері негізінде екі мәтіндегі ақпараттарды өңдей отырып, 200-250 сөзден тұратын жазба жұмысының 1-еуін (мақала, эссе, әңгіме және т.б.) орындайды.
Тапсырмада білім алушылардың мәтін ақпаратын өңдей отырып тиімді пайдалануы, стильдік және жанрлық ерекшелікті сақтап, аргументтер келтіре отырып, жүйелі және сенімді жаза алуы, өз ойларын дәлелді жеткізуі, сонымен бірге сөздік қор мен орфографиялық, грамматикалық норманы сауатты қолдану қабілеттері бағаланады.
Сөздіктерді қолдануға тыйым салынады.
Емтихан жұмысын жазуға 2 астрономиялық сағат бөлінеді. Емтихан өткізу тілі: қазақша
Эссе тақырыптары бар пакеттер білім алушылар мен мектеп комиссиясы мүшелерінің қатысуымен емтихан басталғанға дейін 15 минут бұрын ашылады.
Мұғалім эссе тақырыптарын тақтаға барлық білім алушыларға көрінетін етіп жазады (әр оқушыға таратуға және ұсынуға болады).
Білім алушылар жұмысты орындағаннан кейін жұмысты шимайжазумен (черновик) бірге оны Комиссияға тапсырады.

Жұмысты емтиханға бөлінген уақытта аяқтамаған білім алушылар оны аяқтамай тапсырады.


Емтихан өткізу кезеңінде білім алушыға сынып бөлмесінен 5 минутқа шығуға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда ол комиссияға жұмысын тапсырады, емтихан жұмысында білім алушының емтиханда болмауының ұзақтығы белгіленеді.
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар үшін үзіліске ұзақ уақыт беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет