Асхатқызы Аида кя 18 3



бет1/3
Дата07.01.2022
өлшемі25,84 Kb.
#18141
  1   2   3
Байланысты:
Синт5АсхатқызыА.


Асхатқызы Аида

КЯ 18 3

1. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері туралы жалпы түсінік

2. Анықтауыш, жалпы түсінік, түрлері және жасалуы

Тұрлаусыз мүшелер - сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің айналасына топтасып, семантикалық жағынан кеңейтіп, толықтыратын мүшелер. 

Тұрлаусыз мүшелерді тіл білімінде үш топқа бөліп қарау қалыптасқан: 



  • анықтауыш;

  • толықтауыш;

  • пысықтауыш.

Осылайша жіктеуде олардың тұрлаулы мүшелерге мағыналық қатынасы негізге алынады. Дегенмен, олардың қай сөз табынан болған мүшемен қатысы да ескеріледі. Мысалы, Ол шебер сөйледі. Ермек шебер ойыншы. Мұндағы шебер сөзі бірінші сөйлемде пысықтауыш, екінші сөйлемде анықтауыш қызметінде жұмсалып тұр. Толықтауыш пен пысықтауыш көбіне баяндауышпен, ал анықтауыш көбіне бастауышпен және субстантивтенген басқа мүшелермен байланысты болады десек те, тұрлаусыз мүшелер туралы мәселелер сөздердің тіркесуімен байланыста қаралғанда ғана шешімін табады.

Тұрлаусыз мүшелер бастауыш пен баяндауышқа тікелей қатысты болып, сөйлемде айтылуға тиісті ойды толықтырып, айқындап тұрады.



Толықтауыш септелген сөздердің заттық қасиетін көрсетеді де, тура және жанама түрлерге бөлінеді.

Анықтауыш заттың, субстантивтенген  сөз таптарының, септік жалғаулы пысықтауыштарды айқындайды, оның сапалық, меншікті түрлері бар.

Пысықтауыш көбіне қимылға, кейде есімдерге де қатысты жұмсалады. Сөйлем мүшелері негізінен дербес мағыналы сөз таптарынан жасалады, олардың жасалуына көмекші есім, көмекші етістік, шылау, модаль сөздер де қатынасады, дербес мағыналы сөздердің семантикасын осы көмекші сөздер айқындайды. Сөйлем мүшелері дара, күрделі, үйірлі, кейде құрама болады.

Сөйлемде заттардың әр түрлі сынын, сапасын білдіретін сөздер көбінесе анықтауыш қызметінде жұмсалады, олар заттардың түсі, түр-тұрпаты, көлемі, салмағы, саны сияқты сапаларын білдіреді де, анықтайтын сөзімен тығыз байланысты айтылады. Қазақ тілінде анықтауыштың көпшілігі анықтайтын зат есімдерінен оқшауланбай, қатар тұрып, қабыса байланысады.       ​

Анықтауыштар бір сөзден де, бірнеше сөзден де құралады, сонда құрылысына қарап, оларды дара, күрделі, үйірлі деп үшке бөлеміз. 

Түрлі сөз таптарынан жасалатын анықтауыштың мағыналары да әртүрлі болады. Оларды мағыналарына қарай негізгі 2 топқа бөлеміз:

1) сапалық анықтауыш 

2) меншікті анықтауыш.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет