Асхатқызы Аида кя 18 3


Анықтауыш болатын сөз таптары



бет3/3
Дата07.01.2022
өлшемі25,84 Kb.
#18141
1   2   3
Байланысты:
Синт5АсхатқызыА.

Анықтауыш болатын сөз таптары:

  1. Негізгі, туынды сын есімдер анықтауыш болады:

Мысалы: Ақ сары ат доп болып ішін тартқан

  1. Зат есімнен болады:

Мысалы: Қой қораның алдында электр моторының дүбірін естіді.

  1. Сан есімнен болады:

Мысалы: Жаңадан екі үй құрылып жатыр

  1. Есімдіктен болады:

Мысалы: Оспан мына қимылға тіпті сүйсініп кетті

  1. Етістіктің есімше түрінен болады:

Мысалы: Оқыған кітаптарым мені іске бастады

  1. Ілік септік жалғауы жалғанған сөздер анықтауыштың қызметін атқарады

Мысалы: Көптің ісінде береке бар. Талаптанғанның еңбегі жанады.

Анықтауыштардың жасалу жолдары:

1. Сапалық және қатыстық  сын есімдердің тіркесінен болады.

2. Екі сапалық сын есімдер тіркесінен болады.

3. -ғы, -гі (-дағы, -дегі) тұлғасы арқылы жасалады:

- негізгі сөз бен көмекші есімнің тіркесінен;

- есімдік пен зат есім немесе заттанған басқа сөз таптарының тіркесінен;

- есімше мен зат есім тіркесінен;

- күрделі сан есімдер, сан есімді анықтауышы бар зат есім сөздер тіркесінен.

4. Қабыса байланысқан негізгі және туынды түбір есімдер, есімшелі тіркестер басқа бір сөзді анықтайды.

5. Жалқы есімдер мен сықылды, сияқты, тәрізді, деген, дейтін тәрізді көмекші сөздердің тіркесі.

6. Өзара матасу, меңгеру, қабысу арқылы байланысқан предикаттық мәндегі есімшелі, есімді тіркестер өзінің субъектісі болатындай сөздердің алдында келіп, соларды анықтайды.

7. Тілімізде осындай құрылымға ұқсас, бірақ предикаттық қатынастағы (бастауыш, баяндауышы бар) тіркестер тобы тұтасымен бір сөзді немесе бір лексикалық бірлік ретіндегі сөздер тобын анықтауы да жиі кездеседі. Бұлар, әдетте үйірлі анықтауыш деп аталады. Жалпы алғанда үйірлі анықтауыштардың соңғы сөзі зат есімге біткен болады да, сол тобымен тұтаса отырып, зат есімді не заттық мағынадағы сөздерді анықтайды 

Анықтауыштарды әдетте, мағыналық жағынан сапалық және меншікті деп бөледі. Жасалу жолдары мен байланыс тәсілдеріне қарай қабыса байланысқан және матаса байланысқан анықтауыштарға сәйкес келеді.

1. Сын есімдерден жасалған анықтауыштар. Сын есімдердін лексикалық мағынасы зат есімдердің мағынасымен тікелей қатысты болғандықтан, оның зат есімді сапалық, сандық жағынан анықтауы - ең басты синтаксистік қызметі болып табылады. Сын есімдер зат есім немесе заттық мағынадағы басқа сөз таптарымен қабыса байланысып атрибуттық қатынас құрайды. Қонақ үйде дөңгелек стол үстінде, қызғылт күңгірт сәулесі бар тас шам жанып тұр.

2. Зат есімдер өзара қабыса байланысып бірі екіншісінің анықтауышы болады: Бас қанттың қалғанын тұтасымен қоярсың.

3. Сан есімнен болған анықтауыштардың да мәні зат есімдерге тікелей байланысты, себебі олар заттың мөлшерін, сандық шамасын, ретін т.б. бідіреді. Сан есімдер өздері анықтайтын сөздермен қабыса байланысады: Абай осы кезде "арбаға отырайық" деп екі әйелге белгі берді.

4. Есімдіктермен қабыса байланысып, анықтауыш қызметінде қолданылатындары - сілтеу, өздік және бірсыпыра белгісіздік, сұрау, жалпылауыш есімдіктері.

5. Етістіктердің ішінде есімше және қимыл есімдері анықтауыш қызметінде жұмсалады: Тығылған аң бары рас болса, ін түбінде жатуға қанша шыдар дейсіз.

6. Зат есімдер немесе басқа да заттанған сөз таптары ілік жалғауында келіп, басқа зат есімдермен не заттанған сөз таптарына матаса байланысып, анықтауыш қызметінде қолданылады. Анықталатын сөздер әр уақытта тәуелдік жалғауында болады. Кейде бір ілік жалғаулы сөз бірнеше бірыңғай сөздерді анықтап, кейде бірнеше ілік жалғаулы сөз бір ғана сөзді анықтайды. Тәуелдік жалғауының мәніне байланысты ілік жалғауының, тіпті ілік жалғаулы анықтауыштың өзі (көбінесе, жіктеу есімдіктері) түсіріліп айты-латын жағдайлары болады.

Анықтауыштар мынадай жағдайларда үнемі ілік септік жалғаулы болып қолданылады:

1. Матаса байланысқан сөздер арасына басқа сөздер түскенде.

2. Есімдіктер ("өз" есімдігінен басқа), заттанған сын есім, сан есім, есімшелер және тәуелдеулі есімдер меншікті анықтауыш қызметінде үнемі жалғаулы болып келеді.

Ілік септігінің түсіріліп айтылуы көбінесе күрделі тіркестер құрамында болады да, жасырын ілік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөз тіркесінің бір ғана компоненті қызметін атқарады, сөйлемнің бір ғана мүшесі болады.

Анықтауыш құрылысына қарай үшкебөлінеді: 1) дара анықтауыш; 2) күрделіанықтауыш; 3) үйірлі анықтауыш.

 

Дара анықтауыш бір сөзден құралады. Мысалы: Елімізде орманды жерлер көп кездеседі.



 

Күрделі анықтауыш екі немесе одан да көп сөзден құралады. Мысалы:



Ұлпа Керей еліндегі Байтүменов Бекбердініңқызы екен.

 

Өз ішінде шартты түрде бастауыш пен баяндауышқа жіктелетін немесе сын есімдермен есімше тұлғаларына аяқталатын анықтауыш үйірлі анықтауыш деп аталады. Жаны сұлудың (кімнің?) тәні сұлу. Қабілеті бар (қандай?) оқушы мақсатына жетеді. Қапырық ауаға тұншыққан (қай?)жолаушылар қалың талдың көлеңкесіне келіп саялады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет