Ашекеева Ќ



бет51/59
Дата27.09.2023
өлшемі0,83 Mb.
#111012
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   59
Негізгі жаңғырту халықты аумақтық ұйымдастыруға, атап айтсақ қоныстандыру мен орналастыруды жатқызсақ болады.
Мысалы: Халықтың қоныстануының географиялық ерекшелігі Қазақстан халқының саны аумағынын, үлкендігіне сай келмейді. Халықты біркелкі қоныстандыру және үлкен аймақты игеру мүмкін емес. Сонымен бірге халықтың қоныстануына табиғат жағдайы қолайлы жерлердің тек 1 / 3 бөлігі ғана жарайды. Сондықтан да мемлекетті модернизациялау бағдарламасында негізгі рөлді халықты аумақтық ұымдастыруға баса назар аударады. Оның дұрыс орындалуы халықтың еңбек әлуетін тиімді пайдалануға мүмкіншілік береді.
Жабдықты жаңғырту Әскери техниканы модернизациялау (Модернизация военной техники; французша moderne — жаңа, қазіргі уақыттағы) — әскери техниканың ескірген үлгілерінің сипаттамаларын едәуір жақсарту және пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында конструкциясын және материалы мен әзірлеу технологиясын өзгерту арқылы жаңарту. Әскери техниканы модернизациялау кезінде оның жекелеген бөліктері: тораптары, аспаптары, құрылғылары, жүйелері және т.б. өзгертіледі. Әскери техниканы модернизациялау кезінде көбінесе күшін, беріктігін, пайдалану мерзімін, әлсіз буындардың төзімділігін, басқаруды автоматтандыру, пайдалану қауіпсіздігін, зақымдардан қорғауды жеңілдететін жаңа жүйелер мен кұрылғылар қосылады. Әскери техниканы модернизациялау, әдетте, ескірген әскери техниканы казіргі заман талаптарының денгейіне жеткізу қажеттілігінен туындайды.
2. Саяси модернизацияның негізгі сипаттамалары мен түрлері
Саяси модернизация теориялары - ХХ ғ. 50-60 жж. модернизация теориясы қоғамдық-тарихи даму теорияларының бір бағыты ретінде қалыптасты. Кең тарихи тұрғыда Батыста бес ғасыр бұрын басталып, біздің дәуірімізге қарай "Модерн жобасы" аталған өзгерістер мен қайта құрулар процесі деп аталады. XX ғ. модернизация процесі көптеген елдерді, аймақтарды, тіпті, тұтас құрлықтарды қамтыды, әртүрлі ұрандармен, идеялық "белгілермен" (либерализмніңсоциализмніңнационализмнің) жүргізілді, бірақ түпкі мәні индустриялық, ғылыми-техникалық және әлеуметтік тұрғыда артта қалушылықты жеңуге талпынысты білдіреді.
Бүгінгі танда "вестернизация", "қуып жетуші модернизация" аталатын түсінік тарихи тұрғыда тек жеке жағдайлар, елдер мен халықтардың бүгінгі талабына сай болуға, нақтырақ айтсақ, - "постқазіргі" қоғамға енуге талпынысының көрінісі болып табылады. Батыстық және Батыстық емес елдер де бірдей модернизациялануға мұқтаж. Батые Еуропа мен АҚШ-та модернизация басым көпшілігінде эндогенді мазмұнда, ал Орталық және Шығыс Еуропада, Азияда және Латын Америкасында сыртқы қысым мен ықпалдың нәтижесінде жүзеге асырылуда. Модернизацияның классикалық тұжырымдамасы әлеуметтің торапты дамуына дәстүрлі қоғамнан - әмбебап мән мен құндылыққа айналудан дәмелі батыстық жаңалықтар мен жетістіктерге сүйенген қазіргі қоғамға өтуге негізделді. Бүгінгі таңда бұл көзқарас өзгеріп, мәнін жоғалтуда және модернизация аса күрделі, қарама-қайшылықты, көп өлшемді және көп нұсқалы процесс ретінде түсініледі. Ол тек шеттен алып пайдаланумен, таза еліктеуден, мейлі, ол аса жетілген болса да, "қалыптасқан" бейнелерге сүйену емес (С.Хантингтон: "Модернизация деген - вестернизация емес!"), ол дәстүрлік пен қазіргі элементтердің синтезін табу. Бұл жерде мәселе әркімнің өз "ерекше жолын" іздестіруінде емес, мәселе прогресс пен регресстің бұрынғы критерийлерінің бүгінгі күннің талабына сай келмеуінде. [1]
Модернизация түрлері: 1 Классикалық спонтанды үлгісі, (Батыс Еуропа елдері, АҚШ, Австралия) феодалдық қоғамның әртүрлі құрылымының модернизациясының жүйелілігі қазіргі қоғамның негізгі құрылымдарының пайда болуына түрткі болды. 2. Жаңғыртудың кешіккен және негізгі емес үлгісі, (Жапония, Бразилия, Аргентина, Пиреней түбегі) жаңғыртудың кейбір алғышарттарының (нарықтық қатынас, азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет т.б.) болмауымен ерекшеленді, өзгерістер синхронды емес, авторитарлы сипатқа негізделінеді; 3. Кешігу жаңғырту үлгісінде (Испания, Португалия) бірінші саясат екінші экономика деген қағида ұсталынады. Дамыған қоғамға өту саяси мәселелерді шешуден, мемлекеттік институттарды құрудан, конституция даярлаудан, ұлттық-мемлекеттік құрылымның жалпы қағидаларын анықтаудан басталды. Ал, экономикалық жаңғырту кейінге қалдырылып, оған тек саяси мәселелер шешімін тапқан соң қайта келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет