Ашекеева Ќ


Дәріс 12. Саяси сана мен саяси идеология



бет49/59
Дата27.09.2023
өлшемі0,83 Mb.
#111012
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   59
Байланысты:
Саясаттану пәнінен дәріс жинағы 2023

Дәріс 12. Саяси сана мен саяси идеология.
1. Саяси идеологияның түсінігі, құрлымы, қызметтері
2. Саяси сана және оның идеологияға тигізетін әсері
3. Қазіргі кездегі негізгі идеологиялардың түрлері


1 Саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі-саяси идеология. «Идеология» деген ұғым гректің идея-бейне және логос-білім деген сөздерден шыққан. Ғылыми айналымға, әдебиетке француз ғылымы және фәлсафашы А. Дестют де Траси (1754-1836ж) кіргізді. Ол идеологияны идеялар, олардың қалай пайда болатындығы және әрекет ететіндігі жөнінде ғылым деп түсіндіреді. Кейін келе бұл сөздің мазмұны өзгерді, қазір идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады.
Идеология әр түрлі – саяси, құқықтық, этикалық, діни, эстетикалық, фәлсафалық болып келеді. Сонымен қатар қандай идеология болсын саясат пен тығыз байланысты және саяси сипаты болады. Саяси идеологияға белгілі бір адамдар тобының қоғам құрылысы және дамуы, ондағы қатынастарды орнақтыруға немесе өзгертуге қызмет ететін тұжырымдамалар мен пікірлердің жиынтығы жатады. Олар билік арқылы немес оған ықпал ету арқылы өз мақсат-мүдделерін білдіреді және қорғайды. Саяси идеология-жалпы идеологияның да өзегі. Оның ерекшелігі- саяси болмысты түсіндіреді және оны сақтауға немесе өзгертуге іс - әрекетті бағыттайды.
Саяси идеология ағартушылық дәуірде дүниеге келді. Бұл кезде адамдар өздері қойған мақсатына сәйкес қоғамда саналы тәртіп орнату мүмкіндігі туып, прогрес идеясы алға тартылады. Адамдардың мақсатты түрде іс-әрекет жасау мүмкіндігін негіздеуі идеялар туралы ғылымды талап етеді. Ол үміт етіп, болашақтан күткен қоғам туралы идеалистік түсініктерде білінеді.
Саясаттың қандай субъектісіне болсын идеология қажет. Ол – адамдарды рухани біріктіріп, топтастырудың және басшылықтың құралы. Саяси қатынастар саласында олардың іс-әрекетіне бағдар береді. Еркін қалыптастырады, саяси қызметке ұмтыстырады, белсенділігін арттырады. Саяси қызметке қатысушылардың, іс-әрекетіне мақсаттылық, жүйелілік, дүйектілі еңгізеді.
Саяси идеология теориялық тұрғыда топтың, торптың негізгі мүдделерін танытады, оларға мұраттар, ережелер, рухани байлықта, бағалы бағыттар жйесін береді. Сол арқылы күрестің нақтылы мақсаттарын, оларды жүзеге асырудың құралдарымен жолдарын белгілейді. Саяси идеология арқылы тап өзіндік санаға жеке тұтастық сезімге ие болады. Көзқарастары бір ыңғай қоғамдаастықтың мүшесі болып сезіну - әрбір саяси қозғалыстың мүшесін байланыстырып тұратын түйіні. Сонымен қатар идеология-сезім тудытартын нышандар жиынтығы. Олар адамдар мен топтардың іс-әрекетіне мән-мағына беріп күшейтеді. Мысалы, Отан үшін, ұлты үшін, халқы үшін, адамдар ғажап ерлік жасап, өзін-өзі құрбан етуге дейін барады.
Қоғам өмірінде идеология маңызды рөлді атқарады. Ол ең алдымен оның төмендегідей қызметтерінен білінеді:
Идеологиялық танымдық рөлі. Ол саяси жүйені, саяси өмірді суреттеп түсіндіреді
Бағдарламалық қызметі. Ол қоғам, әлеуметтік прогрес, тұлға және билік және т.б. негізгі түсініктер туралы мағлұматтар беріп, адамның іс-әрекетіне бағдар көрсетеді
Жұмылдыру, іске тарту. Қоғамның жоғары, құнды идеяларын алға тартып, мақсат- мүдделерді айқындап, саяси идеология саяси іс-әрекетке тікелей түрткі болып, қоғамды, әлеуметтік топтарды оларды іске асыруға жұмылдырады.
Амортизация қызметі. Саяси іс-әрекетті түсіндіру тәсілі болып, идеология әлеуметтік шиеленістерді бәсеңдетеді.
Бағалау қызметі. Идеология халық санасына қоғамның және болашақтағы дамуына өлшемдік баға берерлік жағдай жасайды.
2 Саяси сана деп өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығын айтады. Ол мемлекеттің, қоғамның саяси жүйесінің пайда болуымен бірге дүниеге келеді. Әлеуметтік, ұлттық мүдделерді, мемлекет алдындағы мақсатты жүзеге асыруымен байланысты болса, қоғамдық сана саяси мағынаға ие болады. Саяси сананың негізгі мәселесі – мемлекеттік билік, оның қызметі. Мұнда топтардың, таптардың, партиялардың экономикалық мүдделері мен мақсаттары, өкімет билігі үшін күресі және оны сақтап қалу міндеттері, бұл жолдағы әрекет, амал ұмтылыстары өз көріністерін тауып жатады.
Саяси сана әр түрлі қызметтерді атқарады. Олардың ішінде негізгілері мыналар:

  1. Қоғамдық сананың саяси ғылым, саяси теория сияқты құрамдас бөліктері арқылы саяси шындықты бейнелеу.

  2. Тұжырымдамалық түрде субъектінің мақсат мүдделерін білдіру арқылы оның саясат әлеміндегі іс-әрекеттеріне бағдар беру. Бұл қызметті іс жүзінде идеалогия атқарды.

  3. Саяси психологияның әр түрлі көріністері арқылы көңіл-күйді білдіру. Өйткені, әлбетте адамдарды іс-әрекетке итермелейтін психологиялық себептер.

Саяси сана қарапайым саяси сана және теориялық саяси сана, саяси психология және саяси идеология деген деңгейлерден тұрады.
Қарапайым (күнделікті тұрмыстық) саяси сана қалыптасып жүйеге түспеген, күнделікті саяси өмірден туған әдет-ғұрып, дағды, дәстүрлі нанымдар, тағы сол сияқтылардың жиынтығы. Ол күн сайынғы саяси өмір тәжірибесін байқап, пайымдаудан пайда болады. Саясаттың тереңіне бойламай, себеп-салдарын сараламай, көбіне сыртқы белгілеріне байланысты қорытынды жасайды. Сондықтан ол саяси сананның төменгі сатысына жатады.
Саяси психологияға саяси өмір жағдайының ортақтығы негізінде адамдар ұжымында, әлуметтік топтар, таптарда, жеке адамдарда туындайтын сезімдердің, көңіл-күйдің, әдет-ғұрыптардың, мінездің ерекше белгілерінің жиынтығы. Ол қарапайым саяси сана сияқты саяси өмірдің тікелей тәжірибесінен туады. Бірақ қарапайым саяси санада өмірді танып-білуіне, хабардарлығына көңіл бөлінсе, мұнда сол жағдайларда адамның қатынасуына, өмірді бағалауына баса назар аударылады. Қандай болсын саяси идея адамдардың белгілі бір сезімін тудырып, көңіл-күйіне әсер етпей қоймайды. Мұның бәрі саяси психологияға жатады.
Саяси психологияның мазмұнында адам психикасының түрлі көріністері мен қасиеттері жинақталады. Ол белгілер сөз жоқ саяси оқиғалардың ағымына ықпал жасайды, олардың бөлігі болып табылады. Саяси мінез-құлықтың стратегиясы мен тактикасын анықтаудың маңызды элементі болып саяси психологияны орнықты және орнықсыз, тез ауыспалы феномендерге жіктеу саналады. Саяси психологияның бұл саласының көрінісі болып ұлттық мінез-құлық қызмет етеді. Белгілі бір саяси оқиғалар кезеңінде түрлі халықтар әрқилы көрінеді, олардың қатынасуы, мақсатты мәселені шешудегі талап-тілектері, бағдарлары, ұмтылыстары өзгеше болады. Саяси сана сан қырлы, оның маңызды деген құрылымдық элементтері саясатта атқаратын функцияларымен анықталады.

  1. Саяси теория мен саяси ғылым сияқты саяси сананың құрылымдық элементтерінің көмегімен іске асатын саяси ақиқаттық объективті бейнеленуі.

  2. Саясат әлеміндегі субъект қызметінің бағдары оның мүдделерінде тұжырымдамалар түрінде көрінеді, ал оның іске асуының осы функциясын идеология атқарады.

  3. Саяси психологияның түрлі көріністеріне көңіл-күйлік жағдайда бейімдік ететіндіктен тек психологиялық импульс қана адамдарды іс-әрекетке итермелейді.

Саяси сана осы өзара әрекеттес қажеттер арқылы көрініп оны белсенді қимылға дайындап, наным арқылы қалыптасады. Ал ерік болса пісіп-жетілген саяси міндеттерді көрсете отырып саяси сананың себептерін нақтылы саяси әрекетке аударып оларды қозғалысқа келтіреді. Саяси сананың құрамының ұйымдастырылуы екі деңгейде жүреді: тұжырымдамалық - мұнда саяси сана саяси теория, доктрина, бағдарлама ілім түрінде қалыптасады, күнделікті немесе кәдімгі саясат құралы жүйелі емес жинақталған түсініктер, дәстүрлер, саяси мінез-құлық қағидалары болып кездеседі. Әрине адамзат бұл терминдерді өзінше түсінеді, сондықтан нағыз теориялық білімнің элементтері жетіспей жатады. Саяси сананың әрбір құрылымдық элементтері бір-біріне етене араласып ықпал етеді, сонымен бірге адамдардың ірі-ірі топтарының саяси мінез-құлықтарына әсерлі болады да бұқараның сана құбылысына қызмет етеді. Мұның өзі өмірдегі түрліше саяси және рухани қасиеттердің әлеуметтік табиғатының жиынтығы болып көрінгенімен психиканың түрі, психология мен идеологияның деңгейі, көңіл-күйі және теориялық білімдер түрінде байқалып отырады. Міне осы қасиеттерді саяси санаға жеткізетін идеология болып табылады. Сондықтан идеологияны саяси іс-қимылды белгілі мүдделерге сәйкес бағыттап отыратын ой деп атауға болады. Саяси сананың өзге элементтері идеологияның анықтаушы ықпалымен дамиды, оның әсерінің іздері анық байқалып тұрады. Саяси санадағы идеологияның ерекшелігі мен орнын дәл анықтау үшін оны саясаттағы теориялық қорытындылаудың бір түрі - саяси ғылымнан айырмашылығын көрсету керек.
3 Қазіргі кезде табиғатына қарай идеология прогрессивтік және реакциялық, либералдық және радикалдық, ұлтшылдық және шовинистік болып жүр. Сондай тарихи тәжірибеге орай антифашизм, антикоммунизм идеялары да өрістеу үстінде.
Саяси идеологияның тұнғыш түрлерінің бірі – либерализм. (Латынның либералис – еркін деген сөзінен). Оның негізін салушылар: Дж. Локк, Ш. Монтескье, С. Смит, И. Кант, Т. Джефферсон, А. Токвил, Дж. Милль. Ол феодалдық қоғам ыдырап, буржуазиялық қоғамдық қатынастар қалыптаса бастаған дәуірде пайда болады. Буржуазия ол кезде экономикалық жағынан еріксіз еді. Сондықтан өзінің саяси билікке деген дәмесін, талабын либеральдық саяси доктрина арқылы білдірді.
Бүгінгі таңда либерализм – ең кең дамыған идеологиялардың біреуі. Ол үшінші сословиенің идеологиясы ретінде пайда болғанымен, кейін келе оның көптеген принциптері жалпы адамзаттық қажеттіліктерге сай келіп, ойынан шықты. Либерализмнің идеалы қазіргі саяси демократия принциптерінің қалыптасуы мен жетілуіне , дамуына зор ықпал етіп, оның қазына байлығына енді. Либералдық идеологияның негізгі принципі – адамның еркіндігі, тұлғаның табиғи құқықтары мен бостандықтарының қасиеттілігі мен ажырамастығы. Олардың қоғам және мемлекет мүдделерінен жоғары тұруы.
XX ғасырдың бірінші жартысындағы (1929-1933) терең дағдарыс либерализмнің әлеуметтік теңсіздіктің өсуін тоқтатуға мүмкіндігі аз екендігіне көз жеткізді. Шексіз бәсекелестік пен нарық адамдар арасындағы үйлесімділікке, экономиканың гүлденуіне әкелмейді. Сондықтан либерализм өз идеяларын қайта қарауға тура келді және ол жаңарған либерализм (неолиберализм) деген ат алды.
Консервативтік (латынның консервативус-қорғаушы деген сөзінен) идеология Ұлы Француз революциясының (1789ж) саяси идеялары мен оқиғаларына жауап ретінде дүниеге келді. Бұл революцияны олар қоғамдық былықтың, бүлікшілік пен күйзелістің себебі деп санады. Бірақ ол бастауын XVII ғасырда пайда болған дәстүрлік діни-монархистік қорғаушы ағымынан алады. Консерватизмнің негізін қалаушыларға ағылшын философ және мемлекет қайраткері Эдмунд Берк (1729-1797), француз публицисі және қоғам қайраткері Жозеф де Местр (1754-1821), немістің тарихшысы, құқықтанушысы Фридрих фон Савиньи (1779-1861), Австрияның канцлері Меттерних (1733-1859) және т.б. жатады. Консерваторлар монархияны қалпына келтіруге және феодалдық және аристократиялық құрылыстың дәстүрлі құндылықтарын қайта түлетуге тырысты. Өмірде әдет—ғұрып дәстүр негізгі рөл атқарады.
XIX ғасырдың аяғы XX басында консерватизм негізгі қағидаларына өзгерістер еңгізді. Ол еркін нарықтық қатынастар, алуан түрлілік және саяси демократия принциптерін қабылдады. Осы ғасырдың 70-жылдарынан Батыстағы консервативтік ой-пікірдің жетекші бағыты жаңарған консерватизмге (неоконсерватизмге) айналды.Ол жеке адамның құқықтары бостандықтарының басымдығын мойындауға бет бұрды.
Коммунистік (латынның коммунис – жалпы деген сөзінен) идеялар XIX ғасырдың орта кезінде дүниеге келген. Негізін салғандар К. Маркс (1818-1883) пен Ф 7 Энгельс (1820-1895). Олар жаң-жақты дамыған, еркін адамды қалыптастырғылары келді. Ол үшін тап күресі жүргізілуі, жұмысшы табы буржуазияны құртуы керек. Олардың ойынша, социализм орнататын бірден-бір құрал - социалистік революция. Оны жасай алатын бірден-бір күш – жұмысшы табы. Мемлекеттік биліктің таптық сипаты болады. XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басында марксистік саяси идеология революциялық және реформистік болып екіге бөлінді. Революциялық ағымды В.И. Ленин басқарды. Рюрмистік идеялар немістің социал-демократы Э. Бернштейн еңбегінде дамытылды.
Сонымен қатар социал-демократия идеологиясы, фашизм, неофашизм идеологиялары бар. Фашизм (Италияның фашизмо-бірлестік деген сөзінен шыққан) 1919 жылы Италия мен Германияда пайда болған. Негізін салушылар: Ф. Ницше, Дж. Джентилье, О. Шпенглер.
Әдебиеттер:

  1. Әбсоттаров Р.Б.Саясаттану және оның проблемалары. А., 2007.

  2. Ирхин Ю. В. Политология: Учебник. –М.,2006.

  3. Политология. Учсебное пособие. /Под ред.. К. Н. Бурханова, Л. А. Байдельдинова, А. В. Соловьева/- Алматы., 2000.

  4. Политология: Хрестоматия / Сост. М. А. Василик, М. С. Вершинин.- М., 2000.

  5. Саясаттануға кіріспе. 1, 2, және 3 бөлім –Алматы., 1994.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет