Ашекеева Ќ


Саясат ұғымы және оның пайда болуы



бет10/59
Дата27.09.2023
өлшемі0,83 Mb.
#111012
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   59
Байланысты:
Саясаттану пәнінен дәріс жинағы 2023

Саясат ұғымы және оның пайда болуы.

Қазақстан Республикасы егемендігін алуына байланысты еліміздің әлеуметтік ӛмірінің барлық саласы түгелімен ӛзгеріп, саяси, экономикалық, әлеуметтік жүйе әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылып жатыр. Бұрын жоғары оқу орындарында тоталитарлық тәртіп, коммунистік идеология тудырған марксистік тұрғыдағы жасанды пәндердің орнына бүкіл дүние жүзі мойындап, ӛркениетті елдерде бұрынан оқытылатын бүгінгі заман талабына сай келетін пәндер енгізіле бастады. Солардың ішінде ерекше орын алатыны – саясаттану. Саясаттану – әлеуметтік және гуманитарлық пәндер жүйесіндегі жаңа пән. Саясаттанудың немесе саяси ғылымның ӛзіндік әдістік принциптері, түсінік, ұғымдық аппараты бар ӛз алдына дербес оқу пәні ретінде қоғамтану пәндерінен бөлініп қарастырыла бастауы – қазіргі Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті қалыптастыру міндеттерімен байланысты. Бұл міндеттерді орындау жас егеменді мемлекеттен қоғамдық дамудың демократиялық формаларына кӛшу, сонымен бірге оның азаматтарынан, ең алдымен жастардың саясаттанудың қарапайым негіздерін білуді қажет етеді.
Саясаттану терминіне келетін болсақ, саясаттану (орыс тіліндегі «политология») термині грек сөздерінен құралған: politike (мемлекеттік және
қоғамдық істер, мемлекетті басқару ісі, мемлекетті басқару өнері деген мағынада), polis (қала-мемлекет) және logos (ілім, ғылым) сӛздерінен құралған. «Саясат» («политика») сӛзі Аристотельдің «Политика» деп аталған мемлекет, басқару,үкімет туралы трактатының ықпалымен пайда болған. Саяси ғылымның пайда болуы ХІХ – ХХ ғасырлар межесімен байланыстырылады. Бұл кезеңде саясаттану тарих, заң ғылымы, әлеуметтану, философиядан теориялық және әдістемелік жағынан бӛліне бастады. Бұған дейін қоғамның саяси ӛмірі осы білім салалары шеңберінде қарастырылған еді. Алайда қазіргі заманғы саясаттанудың бастауларын адамзаттың тарихи өткен кезеңдеріндегі саяси идеялар мен теориялардан іздеу керек. Саяси білімдердің даму тарихында үш үлкен кезеңдерді көрсетеді. Бірінші кезең ежелгі дүние, антикалық заманнан Жаңа дәуірге дейін созылды. Бұл кезеңде саяси түсініктер мифологиялық, кейінірек философиялық-этикалық және теологиялық сипатта болып, бірте-бірте олар рациональды түсініктермен алмасты. Саяси идеялар гуманитарлық білімдердің жалпы ағымында дамыды. Екінші кезең Жаңа дәуірден бастап шамамен ХІХ ғасырдың ортасына дейін созылды. Саяси теориялар діни ықпалдан арылып, азаматтық сипат алды. Бұл кезеңдегі саяси ойлардың негізгі мәселелері – адам құқықтары, биліктің бөлінуі идеясы, құқықтық мемлекет пен демократия мәселелері болды. Алғашқы саяси идеологиялар пайда болып, дами бастады. Саясаттың адамдар іс-әрекетінің ерекше саласы екендігі түсініле бастады. Үшінші кезең – бұл саясаттанудың дербес ғылым және академиялық пән ретінде қалыптасу кезеңі болды. ХІХ –ХХ ғғ. межесінде саясаттануда саяси құбылыстарды зерттеудің жаңа әдістемелері қалыптасты, олар қазіргі заманғы саясаттанудың дамуында маңызды роль атқарған түрлі мектептер мен бағыттардың пайда болуына әкелді. Қалыптасып келе жатқан саясаттану ең алдымен принциптерін О.Конт және Г.Спенсер анықтаған позитивтік әдістеменің ықпалына ұшырады. Позитивизм ықпалымен саяси зерттеулерде верификация (латын тілінен «verus»-іздеу, «facio»- жасаймын) принципі орнықты, бұл принцип бойынша байқау, құжаттарды зерттеу, талдаудың сандық әдістері арқылы нәтижесін тексеріп білуге болатын эмпирикалық фактілер ғылыми құндылыққа ие бола алады. Позитивизм саясаттанудағы эмпирикалық (тәжірибелік) бағыттың дамуын ынталандырды. Эмпирикалық зерттеулердің дамуына белгілі американдық саясаттанушы Ч.Мерриам негізін салған саяси ғылымның Чикаго мектебі (ХХ ғ. 20-40 жж.) маңызды үлес қосты. Келесі орныққан әдістеме - әлеуметтік әдістеме, ол саяси құбылыстарды қоғамдық өмірдің басқа салаларымен: экономика, мәдениет, этика, әлеуметтік құрылыммен байланысты қарайды. Марксизм экономикалық детерминизм –саясатты таптық қоғамның объективті экономикалық заңдарының әрекеті арқылы түсіндіру дәстүрінің негізін салды. ХХ ғасырдың басындағы саясаттанудың дамуы М.Вебердің есімімен байланысты, оны биліктің легитимдігі және қазіргі заманғы бюрократия теориясының негізін салушы деп есептейді. Элиталар теориясының негізін салушылар Г.Моска, В.Парето, Р.Михельс саяси теорияның қалыптасуында маңызды роль атқарды.
Саясаттанудың әдістемелері мен мәселелерінің қалыптасуына психоанализдің негізін салушы З.Фрейдтің идеялары да күшті әсер етті. Ол саяси құбылыстарды негiздеуде бейсаналық импульстардың роліне кӛңіл аударды. Психоанализ ықпалымен саясаттануда билікке ұмтылуға итермелейтін себептерді, саяси мінез-құлықты зерттейтін бағыттар қалыптасты. Саясаттануда психоанализ әдістері мен эксперименттік психологияның әдістерінің орнығуына Ч.Мерриам және Г.Лассуэл маңызды үлес қосты. Чикаго мектебінің қызметі екінші дүниежүзілік соғыстан кейін батыстық, ең алдымен америкалық саясаттануда бихевиористік (ағылшын тілінен «behavior» мінез-құлық) революцияға алғы шарт дайындады. Саяси мінез-құлық – саяси нақтылық негізі болып мойындалды. Бұл бағыт шеңберінде түрлі жағдайлардағы, мысалы сайлау кезіндегі, саяси шешімдер қабылдаудағы мінез-құлықтар үлгілері зерттелді. Зерттеу объектісі – индивидті саяси іс-әрекетке итермелейтін себептер болды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін саясаттану ӛзінің зерттеу мәселелерінің шеңберін кеңейтті. Бұл ең алдымен мынандай мәселелер болды: саяси жүйелер (Т.Парсонс, Д.Истон, К.Дойч); саяси мәдениет (Г.Алмонд); саяси режимдер (Х.Арендт, К.Поппер, К.Фридрих, З.Бжезинский); партиялар және партия жүйелері (М.Дюверже, Дж.Сартори); саясаттағы конфликт (жанжал) және консенсус (пәтуаластық) (Р.Дарендорф, С.Липсет). Саяси ғылым демократия мәселелерін зерттеуде жаңа бағыттармен байытылды. Р.Даль, Дж.Сартори, Й.Шумпетер демократияның жаңа теориялық модельдерін жасады. Соңғы он жылдықтары саяси модернизация (жаңару, бейімделу), түрлі елдердегі демократиялық қайта құруларды анықтауға жағдай жасау мәселеріне қызығушылық өсті. Саясаттанудың дербес ғылым және оқу пәні ретінде дамуы – бұл тек қана оның негізгі мәселерін және әдістемелік негіздерін анықтау кезеңі ғана емес, сонымен бірге оның ұйымдық қалыптасу кезеңі болды. ХІХ ғ. екінші жартысынан бастап саясаттану ұйымдық жағынан қалыптаса бастады. Саясаттанудың институционалдануының, яғни білім беру мен ғылыми зерттеулер саласындағы дербес бағыт ретінде қалыптасуының басталуы туралы бірнеше пікірлер бар. Бір ғалымдар оның пайда болуын ХІХ ғ. ортасында Германияда мемлекетті зерттеуге арналған құқықтық мектептің ашылуымен байланыстырады. 1871 жылы Парижде «Саяси ғылымдардың мектебі» деген саясаттанушы орталық құрылады. Келесі бір зерттеушілер саясаттанудың пайда болуын кейін университетке айналған АҚШ- тағы Колумбия колледжінде 1857 жылы саяси теория курсының оқытыла бастауымен байланыстырады. 1880 жылы соның негізінде онда «Саяси ғылымның» жоғары мектебі құрылды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемнің көптеген елдерінде саяси зерттеулер кеңінен жүргізіле бастады. Бұл академиялық саяси институттар мен халықаралық орталықтардың құрылуын ынталандырды. 1948 жылы Парижде өткен саяси ғылым мәселелері жөніндегі Халықаралық коллоквиумда саясаттанудың мазмұнын, оның негізгі мәселелерін анықтайтын құжат қабылданды. Онда саяси ғылымның негізгі зерттеу мәселелері болып төрт мәселе көрсетілді: 1) саясат теориясы және саяси идеялар тарихы; 2) саяси институттар; 3) партиялар, топтар және қоғамдық пікір; 4) халықаралық қатынастар. Бұл ғылымның халықаралық мәртебе алып, толыққанды қалыптасуында ЮНЕСКО басшылығымен 1949 жылы құрылған саяси ғылымдардың Халықаралық ассоциациясы (СҒХА) зор роль атқарды. ХХ ғасырдың 70-90 жылдары саяси ғылымның түпкілікті институционалдануы жүзеге асты. Саясаттану жалпы мойындалған, ұйымдық жағынан құрылған, кең тармақталған білім беру және зерттеу мекемелері бар академиялық пәнге айналды. Ал біздің еліміздегі саяси ғылымның дамуы күрделі қиын жолдан өтті.
Алғаш болып саясат, мемлекет, билік жӛнінде араб тілді түрік ойшылдары, ғалымдары – Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашқари, Қ.А.Яссауи өз еңбектерін жазды.
XV-XVIII ғасырлардағы қазақ хандары, Тәуке хан, ХІХ ғасырдағы ағартушы-демократтар Шоқан, Ыбырай, Абай, ХХ ғасыр басындағы Алаш зиялылары – еліміздің саяси тағдыры, ӛз халқының болашағы туралы өз ойларын айтты. Бұрынғы Кеңес Одағында саясаттану партияға, халыққа қарсы, буржуазиялық ғылым деп оқытылмады. Себебі, Кеңес өкіметі, шын мәнінде саяси сауатты адамдарды дайындауға мүдделі болмады. Бірақ бұл біздің елімізде саяси ғылымға еш кӛңіл бӛлінбеді деген сӛз емес. Саяси мәселелер тарихи материализм, ғылыми коммунизм, КОКП тарихы сияқты коммунистік идеологияға негізделген пәндер шеңберінде, ең алдымен қандай әлеуметтік-саяси процестер социализм мен коммунизмге әкеледі, сол тұрғыдан оқытылды. Алайда тек 80-жылдардың соңында саясаттануға деген кӛзқарас КСРО-дағы түбегейлі реформаларға, қоғамның демократиялануына, тоталитарлық жүйенің күйреуіне байланысты өзгерді. Қазіргі Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарында бұл ғылым жеке пән ретінде оқытылады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет