Ашекеева Ќ


Саясатты зерттеудегі теориялык амалдар және эмпирикалык



бет13/59
Дата27.09.2023
өлшемі0,83 Mb.
#111012
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   59
Байланысты:
Саясаттану пәнінен дәріс жинағы 2023

Саясатты зерттеудегі теориялык амалдар және эмпирикалык парадигмалар.

Саяси ғылымның объектісі - қоғамның саяси саласы және ондағы саяси
құбылыстар мен процестер. Дегенмен, қоғамның саяси саласын тек саясаттану ғана зерттемейді. Жоғарыда аталып көрсетілгендей, саясатты философия, әлеуметтану, құқықтану, тарих және басқа ғылымдар да зерттейді. Сондықтан саясат теориясына жататын ғылымдар: тарих – саяси жүйенің өткендегісін зерттейді; философия – табиғат, қоғам және таным дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейді; әлеуметтану – қоғамдағы процестерді адамдық өлшем ретінде қарап, әлеуметтік ортаның саяси салаға тигізер әсерін зерттейді. Саясаттану экономикалық теория және құқықтық ғылымдармен де тығыз байланысты. Саяси экономика саяси процестерді экономикалық тұрғыдан зерттей отырып, осы процестердің негізінде әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін анықтаса, құқықтық ғылымдар қоғамдағы саяси қатынастардың тәртібін, қызметін реттейді. Міне, осы аталған ғылымдардың әрқайсысының өзінше ерекше таным салалары мен қырлары бар. Негізінде саясатты кешенді, толық зерттейтін ғылым - саясаттану. Оның ерекшелігі - саяси құбылыстардың ішкі сырын, логикасын, өмірге қажеттілік заңдылықтарын айқындап беретіндігінде. Саяси құбылыстар мен процестерді зерттеуде саясаттану ғылыми зерттеудің әртүрлі тәсілдерін пайдаланады, ол тәсілдер үш топқа бөлінеді. Бірінші топқа саяси объектіні зерттеудің ерекшеліктеріне бағытталған тәсілдер жатады. Бұл мақсатты іске асырумен әлеуметтік тәсіл айналысады, ол саясат пен қоғамның өзара әсерін есепке алуға байланысты жүргізіледі. Әлеуметтік тәсіл әлеуметтік факторлардың біріне-бірінің өзара әсер ету жүйесін ашуға мүмкіндік жасайды. Мысалы, экономикалық ұйымдар, әлеуметтік теңсіздіктің түрлері, демографиялық факторлар, психология, т.б. саяси жағдайлар (саяси жүйе ұйымдары, сайлау жүйесі, легитимдік билік т.б.). Әлеуметтік тәсіл саяси ғылымның зерттеу саласында жетекшілік роль атқарады. Осы топқа жататын функционалдық және системалық тәсілдер саяси құрылымдарды басқа да күрделі жүйенің бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін сыртқы ортамен, басқа құбылыстармен байланысын зерттейді. Осы топтың ішіндегі ерекше маңыздысы – бихевиористік тәсіл. Ол саясатты жеке адамдар мен топтардың мінез-құлқын нақты зерттеу арқылы жүргізуге бағыт береді. Бұндай зерттеу эмпирикалық хабар мен мәліметтерге сүйенеді. Бихевиористік тәсіл төмендегідей негізгі талаптарға сай жүргізіледі:
- саясаттың басты субъектісі адам екендігі;
- саяси мінез-құлықтың негізінде психологиялық себептер жетекші роль
атқаруы, сөйтіп ол құбылыстың жеке адамның табиғатының ерекшелігін
бейнелеуі;
- саясатта адамдардың мінез-құлқын ескере отырып шешім қабылдау.
Өйткені адамдар әртүрлі болғанымен, біріне-бірі ұқсас жағдайларда саяси процеске қатысушылардың мінез-құлқын алдын-ала білуге мүмкіндік береді.
Бихевиористік тәсіл саяси зерттеулерде математикалық санақтарға, статистикалық мәліметтерге, анкеталық және басқа сұрақ-жауаптарға, компьютерлік техникаларды пайдалану мүмкіндіктеріне кең жол ашады.
Бірінші топтың тәсілдерінің ішінен сыншыл-диалектикалық тәсілді еркше атауға болады. Бұл әдістің ең басты құндылығы саясатты іс жүзіне асыруға сын көзбен қарау және талдау. Аталмыш тәсілдің тиімділігін қоғамың плюралистік ұйымдарының барлығы және плюралистік демократияны жақтаушылар түгел қолдайды. Өйткені, плюралистік теория қарама- қайшылықтар принципіне, көп салалы идеялар арасындағы күрес, бәсекеге,
құндылықтарды бағалау бағдарына, саяси, экономикалық және мәдени
институттарға, жеке адамдар мен әлеуметтік топтардың қатынастарына негізделеді. Саяси ғылымның зерттеу жұмысында екінші топ тәсілдерін қолданбау мүмкін емес. Бұл логикалық тұрғыдан зерттеу әдістері. Оған мынадай тәсілдер жатады: талдау мен синтездеу, индукция мен дедукция, тарихи және логикалық талдауларды ұштастыру, ғылыми эксперимент, модельдер жасау, математикалық, компьютерлік, прогностикалық және тағы басқа тәсілдер. Тәсілдердің үшінші тобына эмпирикалық зерттеу яяяяяяяәдістері жатады. Бұрын аталған тәсілдер сияқты бұл да саясаттанудың жеке иелігіне жатпайды, бірақ оған қызмет етеді. Эмпирикалық тәсілге мыналар жатады: статистика, құжаттарды зерттеу (анкеталық сұрақ-жауап, лабораториялық эксперименттер, саяси ойындар теориясы, нақты бақылау, т.б.). Сонымен, алуан тәсілді пайдаланудағы негізгі мақсат – түрлі саяси процестер мен олардың дамуы жөнінде ақиқат білім мен объективті мәліметтер алу. Сайып келгенде, саяси білімдер негізінде саяси ғылым немесе саясаттану қалыптасты.Олардың объектісі саясат болуы бүкіл әлемдік саяси ғылымда танылып, мақұлданған мәселе.Ал саясаттану саясат туралы ғылым болса, онда «саясат» дегеніміз не деген сауалдың ұдайы қойылып отыруының өзін білімдегі өте орынды ізденіс деп атап көрсеткеніміз жөн.
«Саясат» дегеніміз не деген сұраққа жауап беру ғылыми тұрғыдан оңай
емес, ол үшін саясат туралы түсініктердің негіздерін анықтай білу қажет.
«Саясат» ұғымын түсінудің екі негізі бар. Бірінші негізі ежелгі гректің
«politike» ұғымы (мемлекетті басқару өнері) деген мағнаны білдіреді. «Саясат» деген түсініктің екінші негізі – ғұлама ғалым Аристотельдің «Саясат» деген еңбегінің атымен байланысты. Ол өз заманында лицей оқу орнын ашып,сонда саяси ой- пікірлерді білім ретінде жастарға үйретті. Ойшылдың осы қызметінің нәтижесінде «Саясат» деген еңбегі дүниеге келді. Бұл еңбекте Аристотель өзіне дейінгі грек полистерінің саяси тарихы мен оның жүйесін терең зерттеген.Осыдан бергі ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан саясат туралы мәселелер адамзат ғылымы даму тарихының негізгі салаларының бірі болды. Барлық уақытта қоғамда, әрбір адам өмірінде саясаттың алатын орны мен маңызы айрықша, себебі қоғам өмірінде бірде – бір адам саясаттан тыс болуы мүмкін емес.Көптеген адам күнделікті өмірде бүны байқамауы да мүмкін.Бірақ әрбір жеке адамның өмірі саясатпен тікелей байланысты болады.Кейбіреулер саясат туралы әңгіме бола қалған жағдайда «менің саясатқа ешбір ықыласым жоқ, мен саясатпен айналыспаймын» деп те айтып жатады.Әрине,оларды да дүсінуге болады, себебі саясат көп салалы, көп мағыналы мәселе.Бұл саланы терең де нақтылы білу үшін, осыған негізделген жүйелі білім, жан – жақты дайындық болуы қажет.Бірақ жеке адам саясатқа қандай талғаусыздық көрсеткенімен де ол адам саясаттың шеңберінен тыс бола алмайды.Тіпті әрбір жеке адамның тұрмыс жағдайы да, оның өмір тағдары да саясатпен тікелей байланысты болуы күмәнсіз. Мысалы, ағарту дәуірінде өмір сүрген нидерландық ғалым Бенедикт Спинозаның мынадай сөздері бар: «Мен саясатпен айналыспасам да, бәрібір саясаттан тыс бола алмаймын». Саясаттың қоғам өміріндегі маңызының орасан зор болуын басқа да көптеген мысалдар дәлелдейді.Мысалы, мынадай пікір білдіретіндер аз емес: «Экономиканың деңгейі жоғары болса жеткілікті, қалған меселелер өзінен – өзі шешіліп жатады.Сондықтан саясаттың басқалар үшін де, мен үшін де аса маңыздылығы да, қажеттілігі де жоқ». Ал елде экономиканың дамуы нәтижелі болмай, құлдырауға ұшырап, оның деңгейі өте төмен болса бұл жағдай үшін экономиканы кінәлауға болар ма еді? Әрине, бұған экономиканың өзі кінәлі бола алмайды.Эконмикада береке болмай жатса, оған кінәлі саясат. Экономиканы нәтижелі ұйымдастыру жөніндегі саясаттың дұрыс жолға қойылмауы.Сонымен қалай айтсақ та, бастаушы, анықтаушы роль саясатта болып отыр. Бұл жөнінде басқа да мысалдар келтіруге болады. Мысалы, қазіргі кезеңдегі әртүрлі мемлекеттердің өркениетті деңгейге жетуі олардың табиғат жағдайына, жер байлығына ғана емес – олардағы мемлекетті басқару шеберлігімен, экономиканы ұйымдастыру саясатын дұрыс жолға қоюмен тығыз байланысты. Сайып келгенде, саяси ғылым саясат ұғымына мынадай анықтама береді: саясат дегеніміз мемлекет және қоғамның іс - қимылының түрі, жеке адамдардың, әлеуметтік топтардың, өкіметтің мүддесін іске асырудағы саяси қарым- қатынастары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет