Саяси көшбасшылықтың теориялары: белгі теориясы, жағдайлық тұжырымдама, психологиялық тұжырымдамалар, интерактивтік амал.
Саяси қызметтің ажырамас компоненті саяси лидер болып табылады, себебі кезкелген саяси белсенді топ өздерінің ортасынан басшылар тобын алға шығарады.Саяси лидерліктің табиғаты барынша күрделі және оның түптамыры ғалым-ойшылдардың консульдар, императорлар, корольдер феноменін зерттеп білген алыс өткенде жатыр. Лидерлік феномені саяси психологиядағы ерекше проблема. Оның ертеректегі теориясы «геройлар» теориясы деп аталады. Оның басқа да теориялары бар. Лидерліктің саяси психологиялық типологиясын жасағандар мыналар: психопотологиялық типологияны Г. Лассуэль, саяси типтерін Д. Рисман, макиавеллилық теориясы, Президенттер типологиясы Д. Барбер және т.б. жасаған. Лидерлік феномені саяси психологиядағы ерекшелігі бар мәселе.
Лидер (ағылшынның «басты» деген сөзінен алғанда) –сол бірлестіктің мүддесін қанағаттандыруға бағытталған бірлескен қызметті біріктіру мақсатында басқаларға ықпал етуге қабілетті адам. Лидерге тән қасиеттер:
Жауапкершілікке және бастаған ісін аяқтауға күшті ұмтылысы;
Айналасындағылардың мінез-құлқына, іс-әрекетіне ықпал ету қабілеті;
Іс-әрекетінің және шешімдерінің салдарын «өзіне» қабылдау қабілеті;
Топтық фрустрацияға және ыдырауына қарсы тұра алатын қабілеті.
«Саяси лидер» категориясы саясат саласындағы адамдардың белгілі бір бірлестігіне басшылық ету бойынша қызмет процесін білдіреді.Лидерлік –ең алдымен қоғам мүшелері арасындағы қатынас, себебі лидер әрқашанда қандай да бір әлеуметтік топтың немесе қауымдастықтың бір бөлігі болып табылады. Бұндай жағдайда лидер белгілі бір қауымдастықтың мүддесі мен мақсатын тұжырымдау және білдіру құқы мен жауапкершілігінің белгілі бір көлеміне ие болады, оларды жүзеге асыру және барлық қауымдастықтың саяси процеске қатысуын ұйымдастыруда бастамашы болуға құқы бар.
Саясатта қызметінің сипаты мен ауқымы бойынша лидерлердің үш деңгейін ажыратады:
1.мүдделері ортақ қоғамда барынша көп билікке ие шағын топтың лидері;
2.қоғамдық қозғалыстың (ұйымның, партияның) лидері, яғни белгілі бір әлеуметтік топ өзінің қажетсінуін қанағаттандыру мүмкіндігін байланысты-ратын адам;
3.лидер –биліктік қатынастар жүйесінде әрекет етуші саясаткер.
«Бірден қол жеткізген» билік лидерлік болып саналмайды. Лидерлік жай ғана кездейсоқ билікті пайдалану емес, жалғасын табуды білдіреді. Лидерліктің қоршаған ортадан шет қалуы мүмкін емес. Лидерлік дегеніміз–талдау жасау мен шешім қабылдауға қарағанда әрдайым үлкен нәрсе, ол өзінің соңынан жүретін адамдардың ақылы мен күш-қуатына әсер етуді қамтиды.
Саяси лидерлік –өзінің тағдырын жақсарту үшін іс-әрекетке, бірлескен жұмысқа қоғам мүшелерін итермелейтін күш.
Жеке бастың қызметінің нәтижесі әр алуан: жақсы немесе жаман, өте жақсы немесе өте нашар болуы мүмкін. Дәл сондықтан да нәтиженің амплитудасы соншалықты күшті, яғни оның тұтастығы бойынша барынша талдау жасалуға тиісті. Осыған орай, лидер қоғамның саяси өмірінде аса маңызды орындардың бірін алады, оның іс-әрекеті мен нұсқауына қоғамның қандай бағытта дамитындығы байланысты болады. Лидерліктің мән-мағынасы және формасы бойынша биліктің феномені дегеніміз осы. Лидерлік дегеніміз –билік, себебіол белгілі бір адамның бірдеңежасауына мәжбүр ету қабілетінен тұрады. Лидер –халықтың, қоғамның, топтың және т.б. үстінен қарайтын адам. Бірақ билік пен лидерлік қатынасы айырықша тең болмауымен ерекшеленеді, себебілидер өзінің тобының барлық мүшелерін басқа жағдайда олар жасамаған, ал кейде ерікті түрде бір нәрсені жасауға көндіруге қабілетті адам. Осылайша, лидерліктің негізінде биліктік қатынас жатады, бірақ олар айырықша тең болмауымен –ерікті болуымен ерекшеленеді.Саяси лидер –қоғамда белгілі бір қызметті жүзеге асыру үшін өкілеттіліктің тиісті мөлшеріне ие болатын саяси қайраткер.
Лидердің негізгі қызметі:
- интегративтік, яғни халықтың белгілі бір бөлігінің мүддесін анықтау және саяси бағдарламаны жасау;
- алға қойған мақсатты орындау үшін ұтымды шешімді табу және қабылдау қызметі;
- билік органдарының қоғам мүшелерімен байланысын нығайту, қоғам мүшелерінің биліктен және басқарудан шет қалуын болдырмау қызметі;
- бір жерге жұмылдырушы, яғни нақты міндеттерді шешуге көпшілікті ұйымдастыру, көпшіліктің әлеуметтік күш-қуатын, саяси мәдениетін және белсенділігін дамыту қызметі;
- прагматикалық, яғни мақсат пен міндеттерді нақты әрекетке айналдыру.
Психологиядағы зерттеулерде лидердің мынандай қатынаста қызмет аткаратындығы айқындалған:
- ол топ алға қойған мақсатқа жетудің жолдары мен құралдарын жоспарлайды;
- топ мүшелері арасында атқарылатын іске жауапты адамдарды белгілейді;
- егер топтың алдына маңызды іскерлік мүдде қойылған болса және бұл топ өндірістік еңбек ұжымы болса, белгілі бір топтық шырай орнатады;
- топ мүшелерінің әлеуметтік белсенділігін дамытады.
Лидердің мынадай бес белгісі мен сапасын айтуға болады:
1. биологиялық дәрежедегі белгісі мен сапалары: тұқым қуалаушылығы, темпераменті, жынысы, денсаулық жағдайы.
2. психологиялық дәрежесі: адамның эмоциясын, еркін, жадын, қабілетін, интелектін, мінезін қамтиды.
3. әлеуметтік-психологиялық дәрежесі: адамның мүдделеріне, көзқарасына, ұстанымына, қарым-қатынасына т.б. байланысты.
4. саяси психологиялық дәрежесі: саяси әлеуметтенуіне, саяси таңдауына, саяси мінез-құлық түрлеріне байланысты.
5. әлеуметтік дәрежесі: мүдделердің жалпы әлеуметтік ұстанымы мен көзқарастарын білдіреді.