Ашекеева Ќ



бет19/59
Дата27.09.2023
өлшемі0,83 Mb.
#111012
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   59
Байланысты:
Саясаттану пәнінен дәріс жинағы 2023

Қорытынды. Билік туралы білімді жоғарылату қажет екеніне дәлел – күнделіктіқарапайым түсінік деңгейі. Жер жүзіндегі адамдардың көпшілігі әлі де болса саяси билікті біреулердің қолындағы құрал, олар сол құралды өз қажетіне пайдаланады деп есептейді. Саяси билікті түсінудің бұл бірінші, төменгі деңгейі. Екінші, жоғарғы деңгей – саяси билікті қалыптастырудағы қоғам мүшелері өздерінің мемлекеттегі орнын, ролін жақсы түсіну. Бұл деңгейдегі түсінік бойынша, саяси билік біреулердің күшімен, еркімен, не болмаса ақылымен ғана ұйымдастырылмайды, саяси биліктің қызметі, белсенділігі әр адамның қосқан үлесіне байланысты. Осы бірінші деңгей мен екінші деңгейдің аралығы алыс, алшақ жатыр. Екі аралықтың арасын жақындату, қоғам мүшелерінің түсінігін көбірек бірінші деңгейден екінші деңгейге көтеру – саяси ғылымның негізгі мақсаттарының бірі.
Демократиялық саяси билік дегеніміз – құқықты, қабілеттілікті, оның
барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, халық үшін есепті қызмет етіп, қоғамның өндірістік және рухани өмірін, азаматтар арасындағы қарым-
қатынастарды басқару, ұйымдастыру. Мемлекеттік саяси билік ең алдымен қоғамдық өмірді ұйымдастыру үшін керек. Билік адамдар арасындағы қарым-қатынастарды, қоғам мен мемлекеттік саяси институттар арасындағы қатынастарды реттеуге міндетті. Ол қоғамның тұтастығы мен бірлігін қолдау үшін қажет. Демократиялық мемлекеттегі ең таңдаулы, ең шынайы билік – ол шын мәнінде халық бақылауында болатын билік.
Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Назарбаев Н.А. Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму». 30 қараша 2015 ж.

  2. Назарбаев Н.А. Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол». 11 қараша 2014 ж.

  3. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ». Қазақстан халқына Жолдауы. 2014 жыл. www.akorda.kz

  4. Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту –Қазақстан дамуының басты бағыты. Астана, 2012ж.

  5. Назарбаев Н. Ә. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан – 2050 Стратегиясы, қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» 14.12.2012

  6. Р. Әбсаттаров. Саясаттану. А., 2012 ж.

  7. Нысанбаев А.Н. Политология.А., 2012 ж.

  8. Политология: конспект лекций Мухаев Р.Т. – Изд.: «Проспект», 2011.

  9. Технологии Политической власти. Киев,1994г

  10. Сарсенбаева Ж.Ғ. Қазақстан: билік жүйесін демократияландыру саясаты. Алматы, 2007 ж.

  11. Елікбаев Н. Е. Саясаттану негіздері. Қарағанды, 2009 ж.

  12. Қуандықов Е. Саясаттану негіздері. Астана,2009 ж.

  13. Сыдықов Ұ. Саясаттану. А.,1996ж.

  14. Основы политологии. Под.ред Н.К.Капесова. А.,1995г.

  15. Панарин А.С. Политология: Западная и восточная традиции. М.,2000г.

  16. Политический словарь. Ростов-на-дону, 2000г.

  17. Сидельникова Т.Т. Политология: комментарии, схемы, афоризмы. М.,1999г.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет