1. Саясаттану ілімінде бұл тақырыптың маңызы зор. Ол нақтылы саяси жүйенің сипатын, қазіргі саяси тәртіптің мәнін, қоғамдық топтардың саяси санасы мен іс-әрекетгерінің ерекшеліктерін, саяси процестердің даму жолын және бағытын түсінуге мүмкіндік береді. Саяси мәдениет адамдардын жүріс-тұрысы мен әр түрлі үйымдардың кызметіне, олардың ішкі және сырткьі саясат күбы-лыстарын үғынуға, саяси болжам жасауына тікелей әсер етеді.
Бүл ұғымның саясаттануға енгеніне көп болған жоқ. XX ғасырдың 50 жылдарының екінші жартысы — 60 жылдардын басында Г. Алмонд, С. Верба, Л. Пай деген Американың зерттеушілері мен олардың шәкірттері саясатқа да, мәдениетке де қатысы бар өзгеше қоғамдык кұбылыс жөнінде бірнеше жүмыстар бастырып шығарды, Олар кейін "саяси мәдениет" деген атпен кең тарап кетгі.
Бірак бүдан саяси мәдениет жөнінде бұрын ешқандай ой-пікір болмаған екен деген ой тумауы керек. Себебі, антикалык ойшылдар, атап айтқанда, Платон ("Мемлекет", "Зандар" деген еңбектерінде), Аристотель ("Саясат" деген еңбегінде), кейінірек Н. Макиавелли, Ф. Бэкон, Ш. Монтескье және басқа ойшылдар да бұл мәселеге көңіл аударған. Олар әр түрлі салт-дәстүрлерде тәрбиеленген, әр қилы әлеуметтік және саяси тәжірибе алған адамдар бірыңғай, біртектес жағдайды әр түрлі сезіп, оған сан - қилы жауап қайтаратындығын байқаған. Бүл неліктен, неге байланысты болатындығын білгілері келген. Сол сұрактарға жауап іздеген.
Саяси мәдениет тұжырымдамасын белгілеп, оның негізгі пікірлерін жасауға М. Вебер, Э. Дюркгейм, Т. Веблен, Т. Парсонс сияқты батыстың ірі саясатшылары мен әлеуметтанушылары да елеулі үлес қосты. Ал жалпы "саяси мәдениет" деген ұғымды бірінші қолданып, ғылыми әдебиетке енгізуші деп XVIII ғасырда өмір сүрген немістің ағартушысы, фәлсафашы Иоганн Гердерді санайды.
Бірақ олардың қай-қайсысы болмасын "саяси мәдениетті" саяси өмірдің белгілі бір әрісін білдіретін саясаттанудың ұғымы ретінде колданбады, мұны жасаған жоғарыда аттары аталған американдық ғалымдар болды.
Кейінірек бұл мәселені зерттеуге Польшаның, Кеңес Одағының, Болгарияның және т. б. бұрынғы социалистік елдердің коғамтанушылары қосылды. Бірақ, өкінішке орай, олардың басым көпшілігі "дамыған социалистік қоғамның" саяси мәдениеті дүниедегі ең озығы, ең демократияшыл деген желеуді дәлелдеуге тырысты.
Саяси мәдениет ұғымының жалпыға бірдей ортақ анықтамасы жоқ. Қазіргі саяси әдебиетте оның 30-дан астам анықтамасы кездеседі. Бүл мәселенің күрделілігімен әлі жете тексерілмегендігін білдірсе керек.
Саяси мәдениеттің мағьшасын айқындау үшін ең алдымен оның құрылымын жақсы білген жөн. Бүл жөнінде де ғалымдар арасын-да келіспеушілік бар. Америкалық саясатшылар Г.Алмонд пен С.Верба саяси мәдениетті адамдардың психологиялық бағдарларының жиынтығы деп түсінеді. Бірталай саясатшылар оны саяси қазыналардың, нанымдардың, нұсқаулардын жиынтығы деп санайды.
Сонымен катар басқа да көзқарастар бар. Мысалы, ағылшын саясатшылары Р. Карр мен М. Бернстейн саяси мәдениетке саяси идеялар мен әлеуметтік тәжірибе, адамдардың саяси өзін-өзі ұстауы да кіреді дейді. Олардың ойынша, саяси мәдениетке әлеуметтік топтардың саяси іс-әрекеттеріндегі тәсілдерді, саяси нанымның табиғаты және оның мүшелерінің қазыналары жатады.
Кеңес өкіметі кезінде бұл пікірге Ф. Бурлацкий мен А. Галкин қарсы шықты. Олар адамдардың саяси іс-әрекеттері саяси мәдениет ұғымынан кең, оны өз алдына бөлек зерттеу керек деп пайымдайды. Бірак бүл көзқараспен келісу қиын. Себебі, біріншіден, саяси мәдениеттен саяси іс-әрекет пайда болады. Екіншіден, егер адамдардың саяси өзін-өзі ұстауын саяси мәдениеттен бөліп алсак, оның іс-әрекеттік жағы ескерілмей қалады. Ал кандай мәдениет болмасын ол сананын. элеметтерімен бірге нақтылы іс-әрекеттің бірлігін білдіреді. Сондықтан біз саяси мәдениетке саяси санамен қатар іс-әрекеттер де кіреді дейміз.
Саяси мәдениет қоғамдағы саяси өмірдін, барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардын., топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстауы, осы саяси жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті, өкімет пен азаматтардың өзара катынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар жатады.
Сонымен, саяси мәдениет деп белгілі бір қоғамга немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси санамен іс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығын айтады.
Саяси мәдениеттің өзіндік міндеттері, қызметтері бар. Оларға танымдық, реттеушілік, тәрбиелік, біріктірушілік, қорғау, сабақтастық қызметтері жатады.
Танымдық қызметі — қоғам мен саясаттың дамуын айкындайтын заңдылықтар мен принциптерді танып-білуге, субъектіні саяси салада табысты жүмыс істеуге керекті біліммен, қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдерімен қаруландыру.
Реттеушілік қызметі — саяси жүйенің қалыпты жұмысын, дамуын, саналы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, әлеуметтік-таптык, ұлттық қатынастарды реттеу.
Тәрбиелік қызметі — әркімді коғамдық-саяси қызметке, әрекетке, саяси белсенділікке ынталандыру, табандылыкка, кеңш-лікке, төзімділікке, қоғам алдында жауапкершілікке баулу.
Біріктірушілік қызметі — қазіргі өмір сүріп отырған саяси жүйені қолдау аркылы әлеуметтік топтар, таптарды біріктіру, бұкараны мемлекет пен қоғам жұмыстарын басқаруға жұмылдыру.
Қорғау қызметі — қоғамның қарыштап алға дамуына сәйкес келетін саяси құндылықтарды, қазыналарды сақтау.
Сабақтастық қызметі — саяси тәжірибені бір ұрпқктан екінші ұрпаққа жалғастырып, саяси процестің тоқтаусыз ұласып дамуын қамтамасыз ететін тарихи сабқтастық.