Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі .
К у р с т ы қ ж ұ м ы с
Тақырыбы: Кәсіпорын қызметінде маркетингті жетілдіру.
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ
1.МАРКЕТИНГ БӘСЕКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІ ЖОҒАРЛАТУ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ
1.1.Маркетингтің әлеуметік – экономикалық мәні...........................................5
1.2.Өнімнің бәсекеге қабілетілігін бағалау........................................................8
1.3. Кәсіпорындағы маркетингтік зерттеулер...................................................12
2. МАРКЕТИНГТІ КӘСІПОРЫНҒА ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1. ”АБДИ Компани” А.Қ.-ның қызметі ………………………………….....17
2.2. ”АБДИ Компани” А.Қ. қаржылық – эканомикалық талдау…..…….......21
2.3. Фирмадағы маркетингтік жоспарлау.........................................................25
3. КӘСІПОРЫНДА МАРКЕТИНГТІ ЖЕТІЛДІРУ
3.1. Кәсіпорында маркетингті ұйымдастыру....................................................28
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................33
КІРІСПЕ
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының экономикасы түбегейлі жүйелік өзгерістер кезеңнін басынан өткеріп жатыр. Кәсіпорындар мен ұйымдарда басқарудың жаңа жүйесі қалыптасып келе жатқан кезінде негізгі құрамдарының бірі - маркетинг жүйесі. Қазақстанның маркетингтің қалыптасуының қажеттілігі жалпы әлемдік басқарудың теориясы мен практикасының тенденцияларымен анықталады. Қазақстанда маркетинг жүйесінің қалыптасуы бағыттары мен мүмкіндіктерін, шарттарын анықтау мақсатында маркетингтің дамуының теориялық тұжырымдамаларын құру және оның тәжірибесін талдау маңызды мәселелердің бірі. Нарықтық эканомиканың эвалюциялық жолына түскен Қазақстандағы маркетингтің дамуы нарық заңдары мен қағйдаларынан туындайды.Маркетингті игеру және оның кәсіпорындағы басқару жүйесімен бірігуі нарықтық эканомиканың даму деңгейін көрсетеді. Нарықтағы қатаң бәсеке, халықтың төлем қабілеттілігінің төменділігі, кәсіпорынның айналым құралдарының жеткіліксіздігі,өндірістік шығындардың үнемі өсуі отандық өнімнің бәсеке қабілеттілігін төмендетіп,өткізуді қиындатуда.Осы және басқа да проблемаларды шешу нарықты дамытатын қозғаушы күштер мен әдіс-тәсіл құралдарды түсінуге бағытталған ұйымның қазіргі бизнес филасофиясы-маркетингті творчестволық тұрғыда паидалануына байланысты.
Бүгінгі таңда қалыптасқан экономикалық жағдайларда кәсіпорындар алдында тұрған жаңа мәселелерді пайымды шешу маркетинг принциптері мен әдістерін қолдану арқылы жүзеге асады. Осы тұрғыда маркетинг өндіруші көзқарасындағы тиімді шығын мен пайда кезінде сұранысты табу, болжау және оны қанағаттандыруға байланысты тұтынушыға негізделген тауар өндіру және басқару жүйесі ретінде сипатталады.
Қазақстан Республикасында өндірілетін тауарлар мен қызметтердің көпшілігі бойынша тұтынушылар мұқтаждығының қанағаттандырылуы деңгейі әлі де төмен, осы кезде өндіріс құралдары мен жекелей түрлерінің дамуы әр түрлі қарқынды жүруі салдарынан айтарлықтай ішкі салалық және аймақтық диспропорциялардың болуына әкелді. Қазақстан Республикасы экономикасында болып жатқан құнсыздану үрдісі, жалпы өндірістік қуаттылықтар құнының қымбаттауы, сонымен қатар кәсіпорындардың қалыптасқан қаржылық жағдайындағы өз қоры есебінен дамыту және жаңғырту айтарлықтай ауыртпалықтар туғызады. Осындай көптеген ауыртпалықтарды жеңуде маркетинг ғылым, кәсіпкерлік және нақты уақытпен тексерілген тәжірибелік әдістердің қоспасы ретінде рынок шарттарында кәсіпорындардың іс-әрекетін жетілдіру мен өндірістік, өткізу, қаржылық және тағы да баска сол сияқты кең аумағында көптеген қателіктерден құтылуға көмектесуге қолайлы жағдайлар құратын әмбебап жүйе болып табылады.
Бүгінгі күнгі маркетингтің әр сипаттағы барлық анықтамалары толықтай тауар рыногымен тығыз байланысты болады және оған қатысты жекелей қолданылу ауқымына қарай тұтынушылық, өнеркәсіп тауарлары және қызметтері аумақтары бөлінеді Бұл тақырыптың өзектілігі нарықтық экономикада маркетингтің рөлі, яғни кәсіпорындағы маркетингтің рөлін және маркетингтік зерттеулерді талдау, маркетингті қалай ұйымдастыру мен жоспарлау керек екендігін қарастыру. Сондықтан мен кәсіпорындағы экономика пәнінен курстық жұмыстың тақырыбын “Кәсіпорынның маркетингтік қызметін жетілдіру” деп алдым. Ал мақсаты Қазақстан Республикасында маркетинг қызметінің мәнін ашу, атқаратын қызметін талдау, “АБДИ Компани” А.Қ.-ның құрылымын, оның нарықтағы рөлі мен ерекшелігін қарастыру.