26
қабылдағанымыз ғана шындық. Сезімдік шындықтан басқа шындық жоқ. Міне осы
принцип,
құлдырауға
айналған
идеоциональдық
мәдениет
принципімен
қақтығысады, Бұл принциптердің қосылуы, органикалық тұтастыққа айналуы ХҮІ ғ.
жаңа мәдениеттің пайда болуына әкеп соқты. Оның негізгі алғы шарты, объективті
шындық
бір жағынан сезімнен тыс, бір жағынан сезімдік. Ол сезімнен тыс және
рациональдылықтан тыс аспектілерді, сонымен қатар рациональды және сенсорлық
аспектілерді қамтиды. Осы алғышартты іске асыратын мәдени жүйе идеалистік деп
аталады. Батыс Еуропалық қайта ӛркендеу, б.э.д. ІҮ-ҮІ ғғ. классикалық грек
мәдениеті негізінен идеалистік сипатта болады. Бұл мәдени жүйе шындықтың тек
ізгі – әсем жақтарына
ғана назар аударып, оны әсірелеп суреттейді. Ол табиғаттан
да, адам бойынан да үйлесімділік пен сұлулықты іздейді. Бұл тенденция, әсіресе,
ӛнерде ӛзінің толық кӛрінісін табады. Адамның ізгі бейнесі, ӛмірге
деген
құштарлығы – Еуропалық қайта ӛркендеу ӛнерінің басты сарындарының бірі.
Бірақ бұл процесс мұнымен тоқтап қалған жоқ. Идеационалдық мәдениет одан әрі
құлдырай берді. Ал объективті шындық нақты және оның мәні сенсорлы, немесе
сезімдік дегенді ұстаған мәдениет келесі ғасырларда да одан әрі дами берді. Ал ХҮІІ
ғ. бастап бұл принцип және оған негізделген мәдени жүйе басымдылыққа ие болады.
Оны сезімдік мәдениет (мәдени жүйе) деп атайды. Оның барлық құрамдас бӛліктері
осы мәдени жүйенің басты құндылығы мен принципінің тӛңірегіне топтасады.
Сезімдік ӛнердің мақсаты –
нәзік сезімдік ләззат беру, кӛңіл кӛтеру, шаршаған
жүйкені тыңайту. Ол діннен де, моральдан да азат.
Достарыңызбен бөлісу: