Ашекеева Қ



Pdf көрінісі
бет3/27
Дата14.10.2023
өлшемі0,68 Mb.
#114376
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
╠ ─┼═╚┼╥╥└═╙ └ ╩ ╨ ╤╧┼ └°σΩσσΓα ─.╚

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



1 тақырып. МӘДЕНИЕТТАНУДЫҢ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР 
ЖҤЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ 
 
1.
 
Мәдениеттану пәні 
2.
 
Салт-дәстҥр, әдет-ғҧрып, қҧндылықтар мен рәміздер мәдениеттің қҧрамдас 
бӛліктері ретінде 
3.
 
Мәдениеттің қоғамда атқаратын қызметтері 
4.
 
Мәдениет және ӛркениет 
 
Бірінші сұрақты қарастыру барысында мәдениеттану пәнінің қалыптасып даму 
кезеңдеріне, оның заңдылықтарын ашуға назар аудару қажет. 
Мәдениеттану жеке пән ретінде ХІХ ғ. соңғы ширегінде қалыптасты. Ӛйткені, дәл 
осы кезде мәдениет пен табиғатты (табиғылықты) қарама-қарсы қою, мәдениетті 
адам жасампаздығының, шығармасының нәтижесі, туындысы деп түсіну 
гуманитарлық білім жүйесінде берік орын алды. 
Мәдениеттану пәнін тереңірек түсіну үшін аталмыш ғылым саласының нені, қандай 
құбылыстар саласын зерттейтініне талдау жасау керек. 
Мәдениеттану қоғамдағы әртүрлі процестерді: материалдық, саяси-әлеуметтік, 
кӛркемдік, моральдық құбылыстарды зерттейді. Мәдениеттанудың мақсаты – 
мәдениет дамуының жалпы заңдылықтарын, оның қоғамда қызмет етуінің 
принциптерін, әртүрлі мәдениеттердің ерекшелігін, бірегейлігін, олардың ӛзара 
байланысын ашу. Сонымен бірге мәдениеттану қазіргі ӛркениет келбетін, 
ерекшеліктерін, заңдылықтарын, мәдениет тарихын, адам бойында мәдени 
қажеттіліктер мен мүдделердің қалыптасуын, оның мәдени құндылықтарды ӛндіріп, 
сақтаудағы және оны келесі ұрпақтарға жеткізудегі рӛлін зерттейді. 
Мәдениеттану құрылымында екі бағытты бӛліп қарастыруға болады. Біріншісі 
– мәдениет теориясы. Ол мәдениет генезисін, даму заңдылықтарын, мәдениеттің 
қоғамдық болмыс салалары мен арақатынасын және т.б. теориялық мәселелерді 
зерттейді. Екіншісі, мәдениет тарихы – мәдениет дамуының негізгі кезеңдерін, оның 
уақыт пен кеңістік аясындағы келбетін, әртүрлі мәдениеттер арасындағы 
сұхбаттастықты, сұхбаттастық пен айырмашылықты тануға бағытталған. 
Міне, осы тұрғыда мәдениеттану тарих, әдебиет, этнография, ӛнертану, 
археология сияқты ғылымдармен тығыз байланыста болады. Аталған ғылым 
салалары мәдениеттің белгілі бір салаларын зерттейді. Ал мәдениеттанудың олардан 
айырмашылығы, ол мәдениетті біртұтас, жүйелі құбылыс ретінді қарастырады. 
Екіншіден, мәдениеттану мәдениетті туынды немесе нәтиже ретінде емес, үнемі 
дамуда болатын әлеуметтік-тарихи процесс ретінде зерттеуге талпынады. 
(Мәдениеттанудың басқа ғылымдардан айырмашылығын терең түсіну мақсатында 
сіздерге Т.Х.Габитовтың “Мәдениеттануға кіріспе” (Алматы: “Санат”, 1995 ж.) және 
“Мәдениеттану” (Алматы: “Раритет”, 2000 ж.) оқулықтарын қарап шығуды 
ұсынамыз. 
Мәдениеттанудың қалыптасуына әлеуметтік (мәдени) антропология зор ықпал 
етті. Антропология – адамзат пен адамзат қоғамының қалыптасып дамуы туралы 
ғылым болып табылады. Әлеуметтік (мәдени) антропология ӛзінің даму барысында 
бірнеше сатылардан ӛтеді. 



1. Этнографиялық кезең (1800-1860 жж.). 
2. Эволюциялық кезең (1860-1890 жж. ортасы). 
3. Тарихи кезең (1890-1920 жж. ортасы). 
4. Психологиялық кезең (1920-1950 жж.). 
5. Құрылымдық-функционалдық кезең (1930-1950 жж.). 
6. Неоэволюциялық кезең (1950-1980 жж.). 
7. Постқұрылымдық кезең (1980 жж. – осы уақытқа дейін). 
Бұл кезеңдердің әр қайсысының ӛзіндік ерекшеліктері бар. Бұл туралы сіздер 
А.И.Пигалевтың “Культурология” (Волгоград, 1999 ж.) оқулығынан толық мәлімет 
ала аласыздар).
Екінші сұрақ салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптардың, құндылықтар мен рәміздердің 
мәдениеттегі алатын орнын, маңызы мен рӛлін талдауға бағытталған. Аталмыш 
ұғымдар мәдениетті дамыту мен сақтауда, жетілдіруде маңызды рӛл атқарады. 
Ең алдымен мәдениеттің диалектикалық байланыста болатын екі жағы бар 
екендігіне назар аударайық. Мәдениет салт-дәстүрге негізделген тұрақтылық және 
үнемі ӛзгеріп, дамып отыруға бағытталған жасампаздық арқылы ӛніп-ӛрбиді. 
Ф.Ницше бұл құбылысты мәдениеттегі апполондық пен дионистік бастаулардың 
күресі арқылы бейнелейді. 
Салт-дәстүр мәдени дамудағы сабақтастықты жүзеге асырады. Сол арқылы 
адамзат қауымының тарих пен шындықты, табиған пен әлеуметтік ортаны игерудегі 
тәжірибесі жинақталады. Әрбір келесі ұрпақ қалыптасқан мәдени дәстүрді бойына 
сіңіру арқылы мәдениет субъектісі болып қалыптасады. Яғни салт-дәстүр мен әдет-
ғұрыптар, құндылықтар мен рәміздер адамның әлеуметтену процесінде шешуші рӛл 
атқарады. Сондықтан дәстүрсіз мәдениеттің болуы мүмкін емес, салт-дәстүр 
мәдениетті сақтаудың ғана емес сонымен қатар жаңа мәдениет үлгісін жасаудың да 
басты алғы шарты болып табылады.
Мазмұны жағынан салт-дәстүрге жақын ұғым әдет-ғұрып ұғымы. 
Әдет-ғұрып – адамның рәмізделген жүріс-тұрысы немесе іс-әрекеті. Оның 
басты мақсаты адам қауымдастығы арасындағы байланысты, қарым-қатынасты 
нығайту, сенімсіздік пен тұрақсыздыққа жол бермеу. Адамзат тарихындағы ең 
алғашқы әдет-ғұрыптар тұрмыс тіршілікке, шаруашылық харекетке және діни 
нанымдарға байланысты пайда болады (Мысалы: аңшылық, магия, діни ритуалдар 
және т.б.).
Мәдениет әлемі құндылықтармен тығыз байланысты. Құндылықтар адам мен 
қоғамға жақсылық пен зұлымдықтың, ақиқат пен жалғанның, сұлулық пен 
ұсқынсыздықтың, әділеттілік пен әділетсіздіктің ара жігін ашуға мүмкіндік береді. 
Сол арқылы адам мен қоғам ӛмірлік, дүниетанымдық, моральдық ұстанымын 
айқындайды, қалыптастырады. Құндылықтарды зерттейтін білім саласын 
аксиология (грек 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет