Ашекеева Қ



Pdf көрінісі
бет8/30
Дата07.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#20369
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30
Байланысты:
Мәдениеттануға кіріспе Ашекеева Д.И

5.Қарым-қатынастық 

(коммуникативтік) 

қызметі. 

Мәдениеттің 

басқа 

қызметтерімен  және  рәміз,  білім  жүйелерін  ӛндірумен  тығыз  байланыста  болады. 



Қарым-қатынас құралдарының ішінде тіл маңызды орын алады. Тіл коммуникация 

құралы  ретінде  адамның  тікелей  қатысуын  (айтуын,  естуін)  қажет  ететін 

болғандықтан  да  адамдар  ұжымы  ӛзара  ұйымшыл,  бӛлінбес  бірлікте  болады 

(Т.Ғабитов, Ж.Мүтәліпов, А.Құлсариева. “Мәдениеттану”. Алматы: “Раритет”, 2000 

ж. 49 б.) Тіл арқылы адамдар бір-бірін түсінеді, ортақ пікірге келеді, ол адамдардың 

сұхбаттасуының алғышарты болып табылады. 

Қарым-қатынастың  келесі  бір  құралдары  –  жазу  мен  мәтін  жазуды  игеру  арқылы 

адам мәтінді оқиды және сол арқылы ӛзінен бірнеше ғасыр, тіпті мыңдаған жылдар 

бұрын  ӛмір  сүрген  адамдармен  тілдеседі,  ӛткен  ұрпақтың  арман-мұратын,  талап-

тілегін,  тұрмыс-тіршілігін  таниды.  Мысалы,  Орхон-Енисей  жазбаларының  мән-

мағынасын  ашу  бізге  ата-бабаларымыздың  рухын,  мұң-мұқтажын,  тарихын  терең 

түсінуге  мүмкіндік  берді.  Қазіргі  қазақ  халқының  тарихы  үшін  бұл  жазулардың 

ӛзектілігі  күмән  туғызбайды.  Адамзат  қоғамы  дамыған  сайын  қарым-қатынас 

құралдары да күрделене береді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет