2.Танымдық қызметі. Кез келген этномәдениетпен танысу оның салт-дәстүрлер
мен рәсім-рәміздер жүйесін игеруден басталады. Адам олардың түпкі мәнін,
қызметін ашуға ұмтылады. Ол бұл дәстүрдің мән-мағынасы неде? – деген сұраққа
жауап іздейді. Мәдениеттің терең сырын танып, рәміздерін игерген адам ғана сол
мәдениетті түсініп, құрметтей алады. Осы тұрғыда мәдениетің танымдық қызметі
мәдениеттер сұхбатын дамытуда ерекше рӛл атқарады. Мәдениеттің танымдық
қызметінің екінші бір қыры біліммен байланысты. Адамның танымдық харекетінің
барысында таным тәсілдері мен құрал-жабдықтары қалыптасады. Әрбір келесі ұрпақ
алғы ұрпақтың таным нәтижелеріне сүйенеді және осы негізде таным процессін әрі
қарай дамытады. Тіл, сана, ойлау қабілеті, жазудың пайда болып, дамуы адамзат
мәдениетінің үздіксіз дамуының, жетілуінің нәтижесі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |