1. Мәдениет – қоғамдағы мәдени сабақтастықты, мәдени мұрагерлікті жүзеге
асырады. Тарихи даму барысында адамзат жинақталған тәжірибені ұрпақтан-
ұрпаққа жеткізудің әлеуметтік механизмдерін қалыптастырады. Егер биологиялық
ортада ақпарат ген негізінде мұраланса, қоғамда ол әлеуметтік тәсілдер және құрал-
жабдықтармен толықтырылады. Білім беру, тәрбиелеу, үйрету тәжірибені жеткізудің
әлеуметтік механизмдері болып табылады. Мысалы, Кӛне мәдениеттегі ритуалдық
билердің Сакральдық мәні мен қатар практикалық мәні де болған. Осы билер
арқылы еңбек ету әрекеттеріне (аңшылық, балық аулау және т.б.) жастарды
баулыған.
Достарыңызбен бөлісу: |