Арқа бұлшықеттері көп: олардың басты бөлігін тұлға миотомдарының дорсалды бөлімдерінен пайда құрайды, оған бастан және қолдан арқаға ауысқан бұлшықеттер қабаттасады, соның себебінен олар екі беткей және терең-қабат болып орналасады. Беткей бұлшықеттер Иық белдеуі мен тоқпан жілікке бекитін бұлшықеттер Қабырғаларға бекитін бұлшықетте бұлардың екеуі де тұлғаның кейін қарай ығысқан вентралды бұлшықеттерінің туындылары. Олар бас сүйек нервтерінің алдыңғы тармақтарынан нервтендіріледі. Терең бұлшықеттер Арқаның беткей бұлшықеттері: Иық белдеуі мен тоқпан жілікке бекитін бұлшықеттер екі қабат болып орналасады, олардың ең беткісі екі жалпақ бұлшықеттен тұрады: Трапеция тәрізді бұлшықет- Жоғарғы бөлігі жауырынды көтереді, ортадағысыжауырынды омыртқа жотасына жақындатып, ал астыңғысы оны төменге тартады. Арқаның аса жалпақ бұлшықеті-иықты, қолды артқа тартып, қолды ішке бүгеді. Ромбтәрізді бұлшықет Жауырынды көтеретін бұлшықет Артқы жоғары тісті бұлшықет Артқы төменгі тісті бұлшықет.
Көкет (лат. diaphragma ) көкірек және құрсақ қуыстарын бірбірінен бөліп тұрған, пішіні күмбез тәрізді жалпақ жұқа бұлшық ет. Күмбездің дөңес келген ортаңғы сіңірлі төбесі көкірек қуысына қарай бағытталған. Көкеттің шеткі етті бөлігі — тарамдалған бұлшықет будаларынан тұрады. Олар бекитін орындарына қарай: бел, қабырға және төс бөлімдеріне бөлінеді. Көкет жиырылған кезде құрсақ қуысына қарай күшті тартылып, көкірек қуысын кеңейтіп, тынысты ішке қарай алуға көмектеседі. Сондықтан, көкетті тыныс алу бұлшық еттерінің инспираторлар тобына жатқызады.