Бұлшықеттер адам ағзасындағы әртүрлі қозғалыстарды қамтамасыз ететін тірек-қимыл жүйесінің белсенді бөлігі. Бұлшықеттің қатысуымен адам кеңістікте қозғалып, дененің тепе-тендігін сақтайды. Кеуде қуысын құрайтын қабырғалардың арасындағы бұлшықеттер мен көкет (кеуде мен құрсақ қуысын бөліп тұратын ет) тынысалу қозғалысына қатысады. Жұтыну, дауыстың шығуы, көздің қозғалуы, ішкі мүшелер жұмыстарының барлығы бұлшық еттердің жиырылу, босаңсу әсерінен болады. Сүйектермен бірлесіп денеге пішін беріп, денені тік ұстауға көмектеседі.
Бұлшық еттердің пішіні әр түрлі, өйткені олардың ет талшықтарының бағыты атқаратын қызметтеріне байланысты. Бұлшық еттерді жалпы үш түрге бөледі.
ҰЗЫН ҚЫСҚА ЖАЛПАҚ Дене еттері қол-аяқ еттеріне қарағанда жалпақ, жұқа болып келеді де, дененің бірталай жерін жауып жатады. Ал қол-аяқ еттерінің пішіні керісінше ұзынша келеді. Олар бірнеше буындардан аттап өтеді. Ұзын еттердің жоғарғы сіңірін басталар жері десе, төменгі сіңірін тіркелер бөлігі деп атайды. Қысқа салалы еттер омыртқа жотасының бойында, қол-аяқ басында терең орналасқан. Ал жалпақ еттерді көбінесе дененің арқа, құрсақ, көкірек бөліктерінде кездестіреміз. Мысалы, арқаның жалпақ еті, кеуденің үлкен еті, құрсақтың қиғаш еттері. Жалпақ еттердің ет сіңірлері өздеріне тән жалпақ, жұқа келеді. Сол себептен оларды ет шандырлары деп атайды. Сақиналы еттер дененің табиғи тесіктерінен айнала орналасқан. Мысалы, көз, ауыз, қуық, тік ішек тесіктерін жиектеп, қоршап жатады. Осы сақиналы еттердің ет талшықтарының жиырылуы нәтижесінде сол тесіктер тарылып тұрады. Кейде бұлшық еттер сіңірлері бірнеше бөліктен түзілуі мүмкін. Ондай жағдайда оларды қосбасты, үшбасты, төртбасты еттер деп атайды.
Қаңқа бұлшық еті көлденең жолақты бұлшықет талшықтарынан тұрады. Бұлшықет талшықтарының айтарлықтай көлемін миофибриллалар алып жатыр. Бір-біріне параллельді миофибриллаларда ашық және қара дискілердің орналасуы сәйкес келеді, ол көлденең сызықтың пайда болуына әкеледі. Миофибриллалардың құрылымдық бірлігі – саркомер, ол жуан (миозин) және жіңішке (актин) жіпшелерден құралған. Саркомердегі жіңішке және жуан жіпшелердің орналасуы сол жақта және сол жақтың төменгі жағында көрсетілген. G‑актин — глобулярлы, F‑актин — фибриллярлы актин.