Ұстаз: Ата мен осы ауылға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жұмысқа тұрған жас маманмын.
Атасы: Бәрекелді балам! Өркенің өссің!
Немересі: Ата мына жерге өте ұзын жол салынған екен?
Ұстаз: Ата бұл сұрағыңызға мен жауап берейін.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың саясатының арқасында Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту мақсатында Батыс Қытай – Батыс Еуропа жолы салынды. Осы жол арқылы қант, жүзім, шабдалы, қауын сияқты өсімдіктер мен азық-түлік түрлері де саудаланңған. Ортағасырлық Шығыстың ұлы ақыны Фирдауси Ұлы Жібек жолын, -
Сансыз қымбат жүк тиеген,
Мыңдаған алып түйелер
Жүз сары нарға дирхем артса,
Қырық нарға динар жегілген.
Ең керемет мускус пен ал
Ғажап жібек маталарды
Иран мен Мысыр керуені артқан
Тағы бар отыз түйесі, - деп тамаша бейнелеген.
М.Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңі Атасы: Рахмет.Қызым. Ұлы Жібек жолы туралы көп мәлімет біледі екенсің зейінің өссін!
Ұстаз: Рахмет ата! Сау болыңғыз!
Немересі: Ата, ата алама жегім келіп тұр. Алмам алып беріңізші.
Атасы: Ал балам алмаң қаншадан?
Сатушы: Ата сізге 200 ден берейін.
Атасы: (Алманы иіскеп) Ой жарықтық мына алманың исін ай Алматының апортынан кем түспейді.
Гүл сатушы: Ата амансыз ба? Үйдегі апама мына қызғалдақтарды ала барыңызшы!
Атасы: Ия, балам
Қорытынды: «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасының жаңа компрнентері ата-бабаларымыздың көп ғасырлық мұрасының цифрлық өркениет жағдайында түсінікті әрі сұранысқа ие болуын қамтамасыз ете отырып, оны жаңғыртуға мүмкіндік береді.
Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өйткені мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы.
Соңында: Қазақстаным алға өлеңі.(Шар, гүл)