Қазақстанда алғаш рет ашығумен емдеу орталығын ашқан азамат, ақын
Шалқар Әбішұлы мен академик Рақым Алмабекұлының бірінші сұхбат
толғауы. Тақырыбы: Табиғаттың (пәндік, материалдық әлемнің) –
ізгілік, құмарлық, надандық байлауларына қалай байланамыз?
Көп оқысаң – адам боласың,
Оқымасаң – надан боласың. Шалқар Әбішұлы
127
Сұрақ: – Рақым Алмабекұлы, біздің қазақ «таңғы ас тәңірден» деп
жатады, енді осының мағынасын айта кетіңізші. Сонда таңертең тамақ
ішпеуіміз керек пе?
Жауап: – Шалқар бауырым, адам ояна салысымен, бірден тамақ ішеді.
Асқазанның қалауына сана бағынады, асқазан билеуші болады. Шартты
рефлекс бойынша асқазан әрқашан да таңғы тамақты күтеді. Мен үшін таңғы
тамақтың қажеті жоқ, не болар болмас қана, себебі ағзам түні бойы демалды,
қуат жұмсаған жоқ. Адам неге ұзақ демалыстан кейін асқазанын таңғы аспен
толтырып алуы тиіс? Сондықтан тағы қайталаймын: «Сіз тамағыңызды
тынымсыз дене қимылын жасап барып ішуіңіз керек. Таңғы астың қажеті
жоқ деуімнің себебі, таңғы асты жегенде, түні бойы жиналған қуат бекер
рәсуә болады. Таңертең сіздің тәніңіздің, ақылыңыздың, рухыңыздың қуаты
өте жоғары деңгейде болуы керек. Тек осылар ғана, сіздің шабыттық және
тәндік жұмыстар атқаруыңызды іске асырады.
Менің ақиқат сенімім бойынша, бір де бір адамның басқа адамды
емдеуге құқысы жоқ, себебі бұл табиғаттың ісі.
Ашығу мен табиғи тамақтарды, табиғи әдеттерді қолданудың
арқасында, әрбір адам өзінің өмірін сау, салауатты қыла алады. Тазалану –
ағзаның өзі ғана орындай алатын ішкі биологиялық міндет, ашығу арқылы
осы жұмыстарды жандандыра түсесіз. Табиғат үнемі сізді неғұрлым сау,
өміршең болуға итермелейді, сондықтан өзін-өзі тазалау кезінде болатын
келеңсіздікте не істеу керектігін өзі біледі. Табиғаттың жетегіне жүріңіз, сізді
еш уақытта орта жолға тастамайды. Ашығу – аса керемет көмекші.
Сұрақ: Рақым Алмабекұлы, адам баласының жаратқан Жаратушысын
ұмытып, пәндік дүниеге байланып қалуын қалай түсіндіресіз?
Жауап: – Шалқар әбішұлы, ол ойлау жүйемізге, пәндік дүниеге
(материалдық) байлануымызға байланысты жағымды не жағымсыз болады.
Табиғат бірде былай, бірде олай,
Кетері мәлім емес әлдеқалай.
Әкесі жан, шешесі дене болып,
Көңіліміз сол себептен екіталай. Шәкәрім
Адам осы әлемде ізгілік, құмарлық, надандық деп аталатын үш арқанға
байланған, себебі пәндік әлемді басқаратын осы үшеуі. Осының барлық
жанды және жансыз заттарға да қатысы бар. Біз туған кезде ақыл-ойымыздың
қалыпына байланысты не ізгіліктің, не құмарлықтың, не надандықтың
шырмауына түсіп байланамыз. Біз осы үшеуінің де әсерінде боламыз, бірақ
ішінде біреуі белең алып тұрады. Шөппен қоректенетін жануарлар: жылқы,
қой-ешкі т.б. ізгіліктің, жыртқыш хайуандар құмарлықтың, ал есек, қашар
сияқты жануарлар надандықтың шырмауына байланған. Сондай-ақ өсімдік
әлемі: хош исті гүлдер, шөптер, көкөністер – ізгілік, кесіп кететін, шаншып
алатын, қышытатындар – құмарлық, ал улы, жабысқақ тікен тәріздестер және
жаман иіс шығаратын өсімдіктер – надандық шырмауына маталған.
128
Пайдасыз құмарлық та, мақтан-дағы,
Ерте бойға жуытпа сақтан-дағы.
Үйір қылып алған соң құтылу жоқ,
Бейне түлкі боласың қақапандағы.
Шәкәрім
Адамдар да осылай бөлінеді: ізгілік аясындағылар – білім мен ілімге
ұмтылып үнемі ізденетіндер және Жаратушының бар екенін мойындайтын,
сенетіндер. Мұндай адамдардың денесі дөрекі, қолапайсыз емес. Олар
қайырымды, адамдармен араласуы сыпайы, ауруларға бой алдырмайды,
жүрістері мен дене қозғалыстары жеңіл, көңіл күйлері көтеріңкі болғаннан
кейін үнемі күліп бірқалыпта жүреді. Құмарлық шылауына оралған адамдар
–
қайырымдылығы аздау, Жаратушыны мойындап қайыр-садақа беріп жүрсе
де, барлық іс-әрекеттерін өзінің сезімдерін қанағаттандыруға бағыштайды.
Оларға – көре алмаушылық, қызғаныш, ызалану, кекшілдік, шырт етпе т.б
сезімдер тән. Олар – табанды, тәуекелшіл, жылдам, пікірлерін кесіп айтатын,
ішкі жалыны тепе-теңдікте болған кезде адамдармен жақсы қарым-қатынас
жасайтын, көңілді адамдар болады. Надандық құрсауындағы адамдарда
көптеген жаман қылық пен қасиеттер болады. Олар Құдайға сенбейді, сенгісі
де келмейді. Қылықтары маңайындағы адамдарға бақытсыздық пен зардап
әкеледі. Мұндай адамдар жалқау, жұмысқа құлқы жоқ маубас болады.
Денелері ауыр элементтерден құралып аурушаң, санасы мен ақылы
жануарлар деңгейінде ғана қалыптасады.
Жалқау тірі болғанмен өлгенге есеп,
Білімнің кеселі жоқ мұнан кесек.
Білімсіз, әрекетсіз еріншекті,
Күнәкер де болмаспыз өлді десек.
Жан талпынар талайды көрмек үшін,
Әр сырын дүниенің білмек үшін.
Дене байғұс салмақ боп баса берер,
Жаралған ғой түбінде өлмек үшін.
Шәкәрім
Сұрақ: – Рақым Алмабекұлы, пендеге адам денесі не үшін беріледі?
Жауап: – Шалқар Әбішұлы, сен өте маңызды сұрақ қойып отырсың.
Тірі жан иесіне Жаратушымен жоғалтып алған байланысын қайта қалпына
келтіру және өзін-өзі тану үшін адам денесі беріледі. Қазіргі қауымның
санасы – Құдай туралы ілімнің жоқтығынан жануарлардың деңгейінде тұр.
Хайуан да ұйықтайды, ішіп-жейді, қосылады, қорғанады, ұрпақ әкеледі,
ауырады, жазылады, дәретке отырып өз денелерінен қалдықтарды шығарады.
Адамдардың артықшылығы жақсы жағдайда тұрады. Хайуандар мен
жануарлар күнәға батпай табиғаттың заңдылығымен өмір сүреді. Олардың
шамасы жеткені әлсізін жесе де даму сатысына әсерін тигізбейді, тек
нашарлары мен ауруларын сұрыптайды. Біз саналы түрде ағаштарды кесіп,
хайуандарды аяусыз жойып қырудамыз. Осындай іс-әрекетімізбен сананың
129
эволюциялық сатылап даму ағымын тоқтатамыз. Сондықтан да осы тірі жан
иелері осы денесімен қайта тууға мәжбүр болады. Қарымта қайтару заңы
бойынша – осы істеген күнәларымыздың жазасын тартпай қоймаймыз. Бұл
күнәлардан бір өмірімізде құтыла алмаймыз, бұның өтемін талай-талай
өмірлерді өткізіп барып қана өтейміз.
Сұрақ: – Раха, адам баласының осы өмірге келгеннен кейінгі түпкі
мақсаты неде?
Жауап: – Шалқар досым, адам баласының түп мақсаты – Құдайға қайту
екендігі мұсылман қауымының киелі кітабы Құран Кәрімде бүкпесіз ашық
көрсетілген.
Мекен берген, халық қылған ол ләмәкан
Түп иесiн көксемей бола ма екен?
Және оған қайтпақсың, оны ойламай,
Өзге мақсат ақылға тола ма екен?
Абай
Табиғаттың заңы мүлтіксіз. Адамдар ойлайды, сәбилер пәк, таза туады
–
себебі, әлі күнә жасап үлгерген жоқ деп. Өкінішке орай сәбилер пәк емес,
олар – өткен өмірлерінің салдарын өсе келе көретін болады.
Сұрақ: – Рахым Алмабекұлы, адамның жаны табиғаттың үш
байлауының біреуіне қалай шырмалады?
Жауап: – Шалқар Әбішұлы, адамның жаны тәнде болғанда пәндік
табиғаттың байлауының біреуіне шырмалады, ал жан өзі бөлек болғанда
табиғаттың байлауы әсер ете алмайды, себебі ол фәни пәндік әлемде емес,
бақилық рухани әлемде болады. Кей кездерде ізгілік аясында жүрген адамға
керемет жаман ойлар келеді, ол адамның өзі осы ойдан шошып кетіп:
«адамға неше түрлі сұмдық ойлар келе береді екен-ау», – деп таңырқайды.
Немесе надандық, не құмарлық байлауына шырмалып жүрген адамға керемет
тамаша жақсы ойлар келеді. Бірақ осы ойлар біздің санамызды өзгерте
алмайды, себебі бұл жерде рухани ілім жоқ. Адам толықтай рухани ілім
алмаса сезімнің жетегінен шыға алмай, әре-сәре күй кешіп өмірін өткізе
береді. Материалдық білімнің өзі екі түрлі болады: академиялық және пәндік.
Біздің жоғарғы оқу орындарында алған біліміміз академиялық, ал өмірден
алған сабағымыз пәндік. Академиялық білім жетілмеген, себебі пәндік үш
байлаудың (ізгілік, құмарлық, надандық) ықпалынан шыға алмайды.
Сұрақ: – Біздің денеміз неден құралады?
Жауап: – Біздің денеміз Жаратушының барлық пәндік (материалдық)
әлемді жаратқаны сияқты 24 элементтен құралады. Оның бесеуі көзге
көрінетін, сыртқы қабығымызды құрайтын тұрпайы элементтер. Бұны
тамақтың қабы дейді, себебі осы қабық ішкен тамақ арқылы құралады. Адам
өлгеннен кейін осы қабық бастапқы қалпына айналып қайта бес бөлікке
ыдырап кетеді. Бұл қабық – топырақтан, судан, оттан, ауадан және эфирден
тұрады.
Адам тәнінің өзі үш дененің: көрінетін физикалық, көрінбейтін нәзік
және көрінбейтін жоғары денелердің жиынтығы. Топырақ – біздің денеміздің
130
қатты да ауыр бөлігі: бұл біздің қаңқа сүйегіміз, бұлшық етіміз, сіңіріміз,
шашымыз, тырнағымыз, тісіміз; Су – біздің денеміздің сұйық бөлігі: бұл
қанымыз, шырыш, ет арасындағы сұйықтық, қан түйіршіктері лимфа және
микрофлорамыз. От – біздің денеміздің газ түріндегі бөлшектері: ол біздің
асқазанымызда, бауырымызда, етімізде болады. Адам денесінде оттың 13 (он
үш) түрі бар. Ауа – біздің денеміздегі айланып жүретін қуат бөлігі.
Ауа сүйектің, бастың , мүшелердің бос қуыстарын толтырып, өкпеде,
ішек-қарын жүйесінде болады. Эфир – біздің денемізде: мұрын мен құлақ
қуыстарын толтырады. Эфир қозғалғанда кәдімгі ауа. Біздің денемізді
құрайтын бөлшектер әр адамда әр түрлі мөлшерде болады. Ізгілік аясына
байланған адамдарда – жеңіл элементтер басым. Оларда ауа мен эфир
көбірек те, топырақ пен су азырақ болады. Құмарлық байлауындағы
адамдарда – от, су көбірек те, ауа, эфир, топырақ азырақ болады. Надандық
шырмауына байланған адамдардың денесінің бөлігінде топырақ пен су белең
алады.
Біз өз денеміздің құрлысшысымыз. Біз өзіміздің ойлау жүйемізбен,
қалауымызбен өзіміздің болашақ тәніміздің негізін қалаймыз. Егер де өз
денемізді жақсылап жасай алсақ, онда осы денеміздің артықшылығын
ойдағыдай пайдалана аламыз. Егер де жасаған денеміз жаман болса – осының
зардабын өзіміз шегетін боламыз.
Сұрақ: – Раха, біздің денеміздің табиғаттың үш байлауына шырмалып
өзгеруі мүмкін бе?
Жауап: – Шәке, біздің денеміздің бөлшектері тіршілік кешкен
уақытымызда өзгеріп отыруы мүмкін. Егер адам құмарлық пен надандықтың
байлауымен туса, онда ол осы байлаудың жетегінде кетеді деген түсінік емес.
Осыны өткен өміріндегі ақыл-ойының қалыптасуының нәтижесі деп
түсінуіміз керек. Егер адам қазіргі өмірінде рухани білім ала бастаса, ол
рухани дамып денесінің бөлшектерінің сапасы өзгере бастайды. Төменгі
ауыр бөлшектердің орнын жеңіл бөлшектер алмастыра бастап – өзінің пәндік
байлауын да өзгерте алады. Керісінше: ізгілік байлауындағы адам төмен
құлдырап маскүнем не бәңгіші (наркоман) болып кетуі және рухани
дамытпайтын істермен, не қылмыстық іс-әрекетпен шұғылданып азып-тозуы
мүмкін. Осындай адамның дене бөлшектерінің құрылымы да өзгеріп сала
береді. Жеңіл бөлшектердің орнын ауыр бөлшектер алмастырады. Біз қазіргі
өмірімізден де: маскүнемнің, бәңгішінің, қанішердің түрлерінің қорқынышты
болып кететінін көзіміз көріп, құлағымыз естіп жүр. Адам қартайғанда да
түрінің өзгеруінің куәсіміз. Көптеген қариялардың бет әлпеті әлем-жәлем,
ұсқынсыз маймылға айналады – бұл оның ниетінің, ақыл-ойы деңгейінің тура
көрсеткіші. Ақыл-ой – маңдайды, бет сүйектің пішінін жасайды. Адамның
өңіне қарап-ақ оның: ниетін, мінезін және ізгілік жолымен, әлде құмарлық
жолымен жүретінін, немесе хас наданның дәл өзі екенін дөп басып айырып,
не ойлап тұрғанын да түрінен, бет әлпетінен оқи аламыз. Ол адамның
өлгеннен кейін де, о дүниеге қай байлаумен кеткенін анықтауға болады.
Адамның санасы қандай білім алғанына қарамастан да әрқашанда айқын
болып тұрады. Академиялық білім адамның көзқарасын, ойлау жүйесі мен
131
пәндік әлемге байлануын өзгерте алмайды. Адам өзінің ойлау жүйесі мен
ақыл-ойына байланыста келешектегі іс-әрекетін анықтай алады. Немесе
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) айтпақшы: «Әр адам не үшін жаралса,
соған ғана ылайықты өмір сүреді».
Қазақстанда алғаш рет ашығумен емдеу орталығын ашқан азамат, ақын
Шалқар Әбішұлы мен академик Рақым Алмабекұлының екінші сұхбат
толғауы. Тақырыбы: Сана деңгейлері қандай болады? Адам анасының
жатырында қалай дамиды? Біз кімбіз? Адамда неше дене бар? Нәзік
денелердің атқаратын жұмысы не?
Көптің қамын ойласаң – өшпейсің,
Өз қамыңды ойласаң – өспейсің. Шалқар Әбішұлы
Сұрақ: – Рақым Алмабекұлы, сана деңгейлері қандай болады?
Жауап: –
Шалқар бауырым, ж
ан иелері адам денесін алу үшін ұзақ сатылы
(эволюциялық) даму жолынан өтеді. Қозғалатын және қозғалмайтын тіршілік
иелерінің бәрінде де сана болады. Ол таста, минералдарда, ағаштарда т.б.
Таулардың, жоталардың өсетінін, ағаштың көріп иіс сезетінін ғалымдар
баяғыда-ақ дәлелдеген. Ең төменгі сана таста, минералда, сонан кейін
өсімдіктерде, онан жоғары балықтар – дәм сезуі жетілген. Араларда иіс сезу
жетілген болса, жыландардың есту қабілеті ерекше. Құстар тұлғаны не өзінің
жемтігін биіктен жақсы көре алады. Құстардан да жақсы дамыған төрт аяқты
хайуандар, ал осылардың ұшар басын адам тектестер тұйықтайды. Осы
қосамжарлықтан адамның ғана жаны азат бола алады.
Атаның шаһуатының көп қой мәні,
Ананың құрсағында қан болғаны.
Құс пен адам болар деп кім айта алар,
Өлі қан мен жаны жоқ жұмыртқаны.
Басында оның киімі шаһуат еді,
Қызыл қан, ақ жұмыртқа кигені әні!
Денесі неше миллион құбылса да,
Оның жаны – баяғы ескі жаны.
Сезімінің зорайып, азаймағы –
Қандай түрде болғаннан оның тәні.
Қайда барса, ол өзін "өзім" дейді
"Өзім" деп денесі емес, жанды айтқаны.
Сол жаннан тіпті "өзімдік" жоғалмайды,
Есеп емес, сан өліп, сан қайтқаны.
Шәкәрім
Сұрақ: – Рахым Алмабекұлы, адамның санасы дегеніміз не? Адам
анасының жатырында қалай дамиды?
132
Жауап: – Шалқар Әбішұлы, адамның санасы туарда анасының
жатырында жатып дамудың барлық сатыларынан өтеді. Ұрықтанған кезде
еркектің шауқаты әйелдің жұмыртқа жасаушасымен қосылып – бес тәуліктен
кейін жасауша жұмыртқасының бөліну нәтижесінде тамшы пайда болады. 10
күннен кейін тамшы өріктей болып не жұмыртқаға, не қауашаққа айналады.
Алғашқы айда бас, екінші айдың аяғына таман – қол, аяқ т.б. дене мүшелері
пайда бола бастайды. Үшінші айдың соңында аяқ пен қолдың саусақтары,
шаш, сүйектер, тері, жыныс мүшелері мен тесіктер пайда болады. Төрт айдан
кейін құлын мүшелері түгенделіп бітеді. Бесінші ай аяқталар кезде – жан
аштық пен шөлді сезеді, ал алтыншы айдың бітісінде су қабымен қапталып
жатырдың не оң, не сол жағына орналасады. Оң жаққа орналасса еркек бала,
ал сол жаққа орналасса қыз бала болғаны. Анасының жатырында болашақ
адам өте жаман жағадайда болады, бірақ сана төмен болғандықтан осы
азапқа шыдап кетеді. Сәби мойны қисайып басын ішіне қарай тығып алып
тізесінің қолымен жауып төмен қарап бүктеліп жатады. Егер үлкен адамды
осындай жағдайға салса бірнеше минутта өмір сүрмес еді. Жеті айдан кейін
санасы оянады, өзіне соққан желдің лебін сезеді. Өзінің тар қапаста
жатқанын білген адамның жаны жүрегінде орналасқан ғазиз жаннан
(Алланың қуатының кішкентай бөлшегі) осы қапастан алуын сұрайды және
Оны ұмытпасқа ант етеді. Бірақта жарық дүниеге келіп ата-анасының аялы
алақаны мен қамқорлығына бөленгеннен кейін берген анты есінен шығып
кетеді. Осы әлемде барлық адам баласы әйтеуір бір кезде ант-су ішеді,
бірақта осы пәндік әлем сияқты олардың да ант-суында пәтуа болмайды.
Жоғарыдағы өлең – Шәкәрім қажының рухани жетілу шыңын, биік
философиялық ой-өрісінің деңгейін білдіретін шығармалардың бірі. Осы
қысқа өлеңде жан иелерінің өзін-өзі тану бағыты, оның өзінің кім екені, бұл
әлемге қайдан және қалай келетіні өте қысқа тұжырымдармен тезис ретінде
беріліп отыр.
Атаның шаһуатының (ұрықтың) мәні шынында да көз жетпейтін тереңде
жатыр. Себебі, жан иелерінің келешек өміріндегі көретін бақыты мен
қорлығы, адамшылық қасиеттері осы шаһуаттың қуат түріне, оның ана
құрсағына түсу уақытына, жағдайына және басқа да көптеген себептерге
байланысты. Қандай жан иесі болса да ұрықтан, не болмаса жұмыртқадан
тарап, өмірге келеді.
Адам баласы өмірге келу үшін әуелі әке шеше құрсағына өзінің ұрығын
салу керек, ал шеше одан әрі оны бала қалпына келтіріп қалыптастырады.
Яғни, әке – жаратушы, ал шеше – қалпына келтіруші. Бұндай ойларды
Шәкәрім мен Абай аспан, не болмаса күн мен жер, олардың арасындағы
байланыс туралы жазылған өлеңдерінен алуға болады. Күн мен жердің
арасындағы махаббаттан бүкіл жер бетіндегі жан иелері туып, өмірге келеді.
Махаббатқа жан тартылып шаһуатпен ана құрсағына түседі. Шәкәрім
айтпақшы, басында оның киімі шаһуат еді. Ананың құрсағына түскен соң
жан ананың ұрығына оранып қызыл қан қалпын алады. Әрі қарай жан өзінің
рухына байланысты, ақын сөзімен айтқанда, неше миллион құбылып, өзіне
дене қалыптастырады. Рухтың қасиеттері жан иесінің өткен өмірінің
133
нәтижесіне байланысты. Бірақ, денесі өзгерсе де, оның жаны – баяғы ескі
жаны болып, өзгермейді. Медицинаның дәлелдеуіне қарағанда ана
құрсағында оның денесі өсу барысында әртүрлі болып өзгереді екен.
Құрсақтағы баланың денесі балықтың қалпынан бастап, жер бауырлаушылар,
құстар және басқа да түрлі хайуанаттардың қалпын алып, ақыры адам түрін
алады. Бұл – материалдық ғылымға түсініксіз құбылыс болып көрінгенмен,
рухани тұрғыдан алсақ, оны түсіндіруге болатын сияқты.
Өмірдегі көрген тәжірибенің барлығы жан иесінің генасында жазылып, ол
келесі өмірлерде өзінің көрінісін береді. Өткен өмірдегі тәжірибе көрінісін
біз инстинкт деп атап жүрміз. Әрбір дене түрінде өзіне лайық инстинкт бар.
Соның арқасында барлық жан иелері өзіне тиесілі өмір түрін алып,
қалтқысыз өмір сүреді. Шәкәрім сөзімен айтқанда, сезімінің зорайып,
азаймағы – қандай түрде болғаннан оның тәні. Сонымен бірге, ол қандай тән
алса да өзін "өзім", яғни, жан деп айтқаны. Мысалы, жылан жорғалайды, құс
ұшады, аң жүгіреді деген тәрізді. Олардың барлығының негізі – жан. Ең
соңында адам қалпын алады.
Жанның өткен өмірі оның рухында жазылып қалғандықтан, құрсақтағы
рух өзіне дене қалыптастыру барысында өткен өмірдегі денелерін тағы да
есіне түсіріп, бірінен кейін бірін қалыптастырып өтеді. Құрсақтағы бала
денесінің түрлі жануарладың бейнелерін алатыны осыдан болса керек. Бірақ,
табиғаттың сырлы заңдылығы бойынша, ол бұл жарық әлемге келгенде өзінің
өткен өмірлерін ұмытып, олардың ең негізгі қорытындыларын ғана
қалдырады. Мысалы, жаңа туған баланы ешкім де емшек емуге үйретпесе де,
өзі еме береді. Өткен өмірдің адамның есінде сақталмауы тағдырдың
бейімділігінің бір көрінісі. Егер адам өткен өмірінде жауласқанын білсе, ол
бұл өмірде онымен бірге тіршілік құра алмас еді. Ол өзінің өткен өмірінде
жау болғанын ұмытып, бұл өмірде оған дос болып келіп, өзінің қарызын
өтеуі мүмкін.
Анаға берілген шаһуаттың құндылығы әкенің қасиеттері, кім екеніне
байланысты. Егер әкенің шыққан тегі, өмір сүру әдісі, жан дүниесі жақсы
болса, әрине, шаһуаттың құндылығы да соған сәйкес жоғары болады. Барлық
өмір көріністері біздің хромосомымызда, әрбір клеткаларымызда жазылып,
сақталып отырады. Егер ата-тегімізде жаман қасиеттер мен аурулар болса, ол
ұрпаққа беріліп, түзету өте қиынға соғады. Жерге отырғызған ұрықтың
келешек тегі ағаштың түрі мен қасиетін беретіні сияқты, әкенің берген
шаһуаты да келешек ұрпақтың қадір-қасиетін анықтайды. Ал баланың анасы
тоғыз ай бойы құрсағында баланың тәнін ғана қалыптастырып қоймайды, ол
оның әкесі берген шаһуаттың жақсы-жаман қасиеттерін де өсіреді. Бұл – ең
әуелі ананың өзінің қадір-қасиетіне, сонан кейін оның сол кездегі көңіл күйі,
ойлаған ойлары мен сезімдері, өмір сүру қалпына байланысты. Яғни, өсімдік
ұрығы үшін жердің құнарлығы қандай маңызыды болса, ана құрсағының
қасиеттері де шаһуаттың жетілуі үшін сондай маңызы бар. Ананың өзінің
қасиеттері мен оның бала көтеру кезіндегі қалай тамақ ішу, ұйықтау, өзінің
көңіл күйін басқара білу қасиеттеріне байланысты келешек нәресте
қалыптасады.
134
Материалдық әлемде, мектептен белгілі, химиялық гальванизация деген
ағым (процесс) бар. Адамның қалыптасуын, оның келешек өмірінің қандай
болатынын осы ағыммен салыстырып отырып түсінуге болады. Бұны
француз философы Айванхов О.М. (1900-1986 жж.) – рухани гальванизация
деп атайды. Егер кім болса да жақсы бала көргісі келіп, ұрпағының және
өзінің өмірі қайғы-қасіретсіз дұрыс болсын десе, осы заңдылықты білуі
керек.
Ыдысқа металл тұзы ерітіндісін құйып, екі электрод салынады. Оның бірі
–
оң полюс –анод, ал екіншісі – теріс полюс – катод. Тоқ жіберілгенде
ерітіндідегі металл теріс полюске тартылып оны жабады, ал оң полюстегі
металл еріп, ерітіндінің құрамын бір қалыпта ұстап отырады. Егер ыдыстағы
ерітінді алтын, не болмаса қорғасын, мыстікі болса, онда теріс полюсті
алтын, не болмаса қорғасын, мыс жабады.
Табиғатта гальванизация процесінің көріністері өте көп. Мысалы, ғарыш
кеңістігінде біздің жер теріс полюс болып өзіне әлемдегі өзіне керекті
заттарды тартады. Ал әлем кеңістігіндегі жұлдыздар, оның ішінде күн де, оң
полюс болып табылады. Уақыттың әр сәтінде жерге әсер жасайтын
ғаламшарлардың (планеталардың) әсері әртүрлі болғандықтан, сол кездегі
туған жан иелерінің тағдыры да әртүрлі болады. Оларға сол сәттегі
ғаламшарлардың өзара байланысы әсер етіп, сол байланыс адамның алдағы
өмірін басқарып отырады. Астрология ғылымы, міне, осы заңдылықты білу
арқылы адамның келешек өмірін болжай алады. Ғарыштағы ерітінді – эфир,
ал батарея Құдайдың әлемдік көрінісі болып, осылай ғарыш кеңістігіне қуат
беріліп, барлық ғаламшарлар (планеталар) арсында үздіксіз өзара байланыс
болып жатады. Теріс полюске – жер, әйел жыныстылар, ал оң полюске – күн,
еркек жыныстылар жатады. Сондықтан, ана құрсағындағы ұрық өзіне керекті
заттарды тартып бала денесін құраса, жер құрсағындағы өсімдік ұрықтары да
өздеріне жерден, күннен, ғарыштан өздеріне керекті заттарды тартып, өз
денелерін құрайды. Ұрық қасиеті қандай болса, ол өзіне сондай қасиеті бар
заттарды тартады. Ұрық маскүнем, күнәһар адамдікі, не болмаса рухани
жетілген, иманды адам болуы мүмкін. Ұрық та, соған байланысты, өзіне
соған сәйкес заттарды тартып, болмысын құрайды. Сондықтан, туған бала
маскүнем, хайуан болып, не болмаса адамгершілігі үлкен адам, әулие болып
шығуы мүмкін. Ерітінді – ананың қаны. Қан бүкіл денені аралайтын
болғандықтан, онда адамның қандай тамақ ішкені, не ойлап, не сезгені –
барлығының әсері бар. Анод, оң полюс бастағы ми зат (ойлар) бөледі де, ол
заттар қан арқылы шаһуатқа жетіп, оның нәзік және тұрпайы болмыстарын
қалыптастырады. Егер анасының басында "қорғасындай" ауыр, қайғылы
ойлар болса, онда шаһуат та сол "қорғасындай" заттармен жабылып, туған
бала уайымшыл, ауру, зардапты, ақылы төмен болып қалыптасуы мүмкін.
Егер ана гальванопластика заңдылығымен таныс болып, келешек баласының
көкірек көзі ашық болсын десе, ол басына "алтын" анодын орналастыруы
керек. Яғни, ана жаман ойларға жол бермей, тек қана жақсылық ойлап, көңіл
күйін жоғары ұстап, рухани музыка тыңдап балаға (катодқа) "алтын" жіберіп
отыруы керек. Сонда шаһуат қымбат металлмен қапталып, дені сау, ақылды,
135
сұлу, барлық қиыншылықтарға төзімді, қымбат бала туады. Бұндай баланың
келешегі зор, ата-анасына қуаныш, еліне тірек болады. Міне, осының
барлығы аяғы ауыр әйелдердің өздерін дұрыс ұстап, өте қатаң бақылауда
болуының зор маңызын көрсетеді. Адамзат ұрпағының келешегі әйелдерге
көп байланысты, сондықтан олардың табиғаттың осы заңдылығын мұқият
білгендері жөн.
Бала дүниеге келген соң да гальванопластика ағымы (процесі)
тоқаталмай, оның өмірінің соңына дейін жалғаса береді. Бала енді өз
болмыстарын қалыптастыратын заттарды өзін қоршаған ортадан, табиғаттан
алады. Сондықтан баланың қоршаған ортасы оның келешектегі өмірін
анықтайды. Ал, шаһуаттың өзіне жасалған жағдайларды барынша ұтымды
пайдалануы оның өзінің рухани қасиеттеріне, яғни, жанның туа біткен
қасиеттеріне байланысты болады. Жан қасиеттері – оның өткен өмірлерінің
нәтижесі. Бұл – барлық өмірдің квинтэссенциясы, яғни, мәні. Адамның басқа
жан иелерінен айырмашылығы да осы мәнде жатыр.
Сонымен, рухани гальванопластика заңдылығы бойынша, адам
болмысының құндылығы ең әуелі шаһуаттың қасиетіне, яғни әке тұқымына;
сонан кейін, ол шаһуаттың құрсақтағы дұрыс өсу жағдайына, яғни ана
қасиеттеріне; туғаннан кейінгі өскен ортасына; және өзінің жан талабына
байланысты болады.
Шалқар Әбішұлы мен академик Рахым Алмабекұлының үшінші сұхбат
толғауы. Тақырыбы: академик Оразалиевтің қысқаша өмір жолдарының
өткелдері.
Жер бетіндегі ғұлама данышпандар аспандағы жұлдыздарға ұқсайды.
Жерде де, суда да жұлдыздарға қарап жол табуға болады. Жұлдыздар
көрінбесе жолаушылар адасуы мүмкін.
Пайғамбарымыз Мұхаммед
(с.ғ.с.)
Сұрақ: – Рақым Алмабекұлы, өткен жылы Желтоқсан айында болған 70
жылдық тойыңызға орай әріптесіңіз биология ғылымдарының докторы Ә.
Ысқақов «Жас қазақ « газетінің 2005 жылғы № 47 санында былай деп
жазыпты, осы үлкен мақаладан өзіңізге шағын үзінді оқи кетсем қалай
қарайсыз? Мына бір үзіндіні жазып жатқан кітабымызға кіргізссек және
оқырмандар сіз туралы үстіртін болса да ақпарат алса қарсы болмайсыз ба?
Жауап: – Мейлің, оқимын десең оқи ғой, менің атақ даңқым, шығарған
сорттарым арқылы алыс шет елдер мен жақын шетелдергі ғалымдар мен
зиялы қауымға онсыз да мәлім ғой, Шалқар бауырым, өзің біл, қарсы
емеспін. Тек айтқандарымды оқырмандарымызға дұрыс тілмен жеткізсең
болды, халқым салауатты өмірдің не екенін түсініп, осы бағытқа бет бұрса,
маған осыдан артық қандай атақ, қандай құрмет керек.
«Рахым Алмабекұлының еңбекке деген ерен құштарлығы және
селекционер – генетик ғалым есебіндегі дарыны оған 40 жылдың ішінде
(1966-
2005ж.ж.) өзінің шәкірттері және әріптестерімен бірлесіп ауыл
136
шаруашылық дақылдарының, бидайдың 120 астам сорттарын шығарды,
оның 45-і аудандастырылған, Мемлекеттік селекциялық жетістіктер ретінде
енгізілді. Бұл сорттар 4,9 млн, га егілуде. Қазақстанда 3 млн. гектар алқапта
себілуде. Оның сорттары Украинада, Ресейде және Орта Азияның бүкіл
елдері мен Ауғанстан, Монғолияда да егіле бастады.
Селекция жолында 40 жыл еңбек етті деп айтуға ғана оңай. Ғылымның
ең қиын саласы саналатын селекциямен айналысу кез келгеннің қолынан
келе бермейтін ерлік. Бидайдың бір сортын шығару үшін селекционер
ғалымның тынымсыз 10-15 жыл бойы еңбек ететінін ескерсек, бұл жұмысқа
тек төзімді, ғылымға шынайы берілген адамдар ғана келетінін түсінесіз.
Селекционер болу дегеніміз табиғатта миллиондаған жылдарға созылып
жататын эволюциялық процессті 10 жыл шеңберіне сиғыза білу деген сөз.
Селекционердің жасы табиғи жасымен ғана өлшенбейді, сонымен қатар
шығарған сорттарының да санымен өлшенеді. Олай болса бидай мен басқа
ауыл шаруашылық дақылдарының 40-тан аса сорттарын шығарған Рақым
Алмабекұлының жасы 400 жылға барып жығылады».
Ә. Ысқақов, биология ғылымдарының докторы.
« Жас қазақ газеті» № 47, 25.11 – 01. 12..2005 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |