Ашығу кереметі: дәрісіз емделу. Толықтар мен арықтарға



Pdf көрінісі
бет18/26
Дата03.03.2017
өлшемі1,54 Mb.
#5918
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26

Кемелденуден – даналыққа 
 
Рақым  Алмабекұлының  ата-тегінің  шежіресі.  Шапырашты-Қарасай 
батыр-Орымбет-Ақтөбе-Құлмамбет-Әйтейбатыр-Мамыр-Еспембет 
батыр-Сабота-Жұқтыбай-Бекбосын-Оразалы-Алмабек. 
Еспембет 
батырдың ерлігі. 
 
Өзін данышпан деп санайтыннан гөрі 
Ақымақтан жұрт көбірек үміт күтеді.  Сүлеймен пайғамбар 
 
– 
Рахым  Алмабекұлы,  Цицерон  былай  депті:  «Балаларым  болса  екен 
деу – табиғи нәрсе.. бала болмаса, адам мен адамның табиғи байланысының 
болуы  да  мүмкін  емес».  Сол  сияқты  адамзат  жаралғалы  бері 
армандайтындары  артына  қалған  ұрпақ  қалдыру.  Ендеше  сіз  бен  біз  кері 
бағытқа  қарай  жүріп,  өзіңіздің  ата-бабаларыңызды,  шыққан  тегіңізге  көз 
жүгіртсек қалай? 
 
Ата  тегіңді,  туыс  –  туғандарыңды  жақсы  танып  біл.  Өйткені  өзара 
қатынас  жасауың  үшін  қажет  болады.  Егер  қарым-қатынасың  үзілсе, 
жақын  туғаныңның  да  ешқандай  пайдасы  тимейді.  Жырақ  тұрғаныңмен 
бір-біріңмен тату қарым-қатынаста болсаң, алыстықтың зияны жоқ.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Пайғамбарымыз 
Мұхаммед (с.ғ.с) 
 
Жауап: – Шалқар досым, біздің арғы атамыз Шапырашты. Одан кейін 
Қарасай  деген  батыр  бабамыз  бұдан  420  жыл  бұрын  өмір  сүрген.  Ол  кезде 
Жоңғарлардың  жаңа  шығып  келе  жатқан  кездері.  Қазақтар  жылдап,  бес-он 
жылдап соғысады. Біз енді үлкен ру Орымбет, он-он бірінші атамыз. Оған да 
350  жылдай  болып  қалды.  Орымбеттен  туған  Беген  деген  атамыз  бірнеше 
әйел алған адам. Қазақтан, Өзбектен әйел алған. Бірінші Қазақ әйелінен біз 

 
159 
тарағанбыз. Ақтөбе деген баласы болған. Ақтөбеден – Құлмамбет одан Әйтей 
батыр  туады.  Қарасай  ауданында  Елбасымыздың  атындағы  үлкен  мұражай 
бар,  сол  мұражайда  қазақтың  үлкен  билері,  батырларының  тізімі  бар.  Сол 
мұражайдың  ішінде  Әйтей  батыр  да  бар,  ол  кісі  Қазақтың  белді 
батырларының бірі болған.  
Әйтейдің  бес  баласы  болған  –  Мамыр,  Барлыбай,  Бәкір,  Естеміс, 
Құстымбай.  Біз  үлкен  баласы  Мамырдан  тараймыз.  Мамырдың  өзінің 
бірнеше  әйелі  болған,  сол  бірінші  әйелінен  Еспембет  деген  батыр  туады. 
Еспембет  деген  керемет  батыр  болады.  Ол  бабамыз  Райымбек  батырдың 
қосынында мың басы, түмен басы болыпты. 
 
Сол  кезде  жоңғарларда  бірнеше  жыл  бойы  қазақтарға  дес  бермей 
жүрген,  керемет  алып,  жөйіт  адам  шақ  келтірмейтін  бір  батыр  болыпты. 
Батырлығы  соншама  Жоңғарлардың  түйелері  тұрғанда,  олардың  түрегеп 
тұрған атандарынан да биік болады.  
Қазақтан оған батып шыға қоятын батыр шыға қоймайды, бір соғыста 
Қазақтар  енді    кім  шығады  деп  сасқалақтап  тұрғанда  алыстан  бір  шаң 
көрінеді. Еспембет бабамыз ол кезде әлі аты шыға қоймаған жас жігіт, орта 
бойлы, аса шымыр, өте қарулы атпен шауып келіп: «Ассалау-мағөлейке-ем, 
аталар!»,  –  деп  үлкен  ақсақалдарға  сәлем  береді.  Еспембеттің  қарулылығы 
сондай уыстап ұстайтын талды сыққанда, тамшыламайды, суын сорғалатады 
екен. Ол кезде пілтелі мылтық, осы мылтықты өте тез ататын адам болыпты. 
Еспембет  батыр  айтады  екен:  «Пілтелі  мылтықты  атқанда  даусын  даусына 
қосушы ем, бірақ отын отқа қоса алмадым», – деп.  
– 
Айқасқа шығуға маған жол беріңіздерші дейді ол. 
– 
Ақсақалдар «Жолың болсын» деп батасын береді. 
      
Атамыз  Еспембет  батыр  жас  болса  да  сескенбей  жоңғардың  алып, 
жөйітімен жекпе-жекке шығады. Батыр бабасы Әйтейдің аруағына сиынып, 
«Ісім  адал,  жауызды  өлтірсем  қазымын,  елім  жерім  үшін  сенен  өлсем 
шейітпін.  Сен  сияқты  «Құтырған  қасқырдай  жалақтап,  талай  нақақты 
өлтірген  тамақтап,  жұтуға  келген  алақтап,  озбырлар  өлімге  махкүм»  деп 
жоңғарлардың қаруына сай найзасын көлбей ұстап қарсы ұмтылды. 
Қалмақ  ұрайын,  шабайын,  түйрейін  десе,  жылдамдықпен  сытылып 
кетіп  шапқызбайды,  ұрғызбайды  ары  айқасады,  бері  шайқасады.  Қалмақ 
батырының әбден сілікпесін шығарады. Бір уақытта, қару ұстауға екеулерінің 
де  шамалары  келмей  қалғанда,  қалмақ  батырының  кеңірдегінен  шап  беріп 
ұстайды  да,  аттың  үстінен  жұлып  алып  кеңірдегін  қолқасымен    қоса  бұрқ 
еткізіп, қанын судай ағызып бірақ суырып алады. 
 
 
 
Өмірде құны ескірмес, 
Бағасы құнды асыл сөз. 
 
Сүйінбай Аронұлы 
 
 
Осы  айқасқа  келгенде  Рахым  ағамыздың  жанарлары  от  шашып,  өңі 
қуқылданып,  еңгезердей  тұлғасы,  жалпақ  жатқан  жауырыны  мен  екі  иығы 
бүлкілдеп,  тәп  өзі  де  шайқасқа  кіргендей  домбырасымен  ары  қарай 
төгілдіріп-төкпелей ала жөнелді: 
 
 
 
 
Екеуі кетті айқасып, 

 
160 
 
 
 
 
Қару жұмсап шайқасып. 
 
 
 
 
Өлер жерін байқасып, 
 
 
 
 
Ебін қалай табам деп 
 
 
 
 
Кейбір кезде шегінеді тайқасып. 
 
 
 
 
Найзаменен қағысып, 
 
 
 
 
Қылышпенен шабысып, 
 
 
 
 
Шоқпарменен ұрысып, 
 
 
 
 
Білектері қарысып, 
 
 
 
 
Түйіседі қабағын, 
 
 
 
 
Ыңғайласып садағын, 
 
 
 
 
Табам қалай себебін. 
 
 
 
 
Шоқпарменен ұрады, 
 
 
 
 
Шарт-шұрт етіп сынады.  
 
 
 
Қылар айла таусылып, 
 
 
 
Жарақсыз болды құралы. 
 
 
 
Қарасайлаған ұранды, 
 
 
 
Шалады ердің құлағы. 
 
 
 
Жағаласып, жанасып, 
 
 
 
Күш сынады, тұрады. 
 
 
 
Қайрат келіп бойына, 
 
 
 
Намыс кіріп ойына. 
 
 
 
Шықшытынан ұрады. 
 
 
 
Ашулы ердің күшімен, 
 
 
 
Атынан қалмақ құлады. 
 
 
 
Кеңірдектен ұстайды, 
 
 
 
Қолқасымен қоса жұлады. 
Қанын судай ағызып! 
 
 
 
Атаңа нәлет ит қалмақ, 
 
 
 
Өкіріп барып сұлады! 
 
Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті. 
 
Бауыржан Момышұлы  
 
Еспембет  батыр  біздің  жетінші  атамыз.  Еспембет  батырдан  Сабота 
туады. Саботаның баласы Жұқтыбай деген атамыз. Жұқтыбайдан Бекбосын 
болады. Бекбосыннан Оразалы. Менің фамилиям Оразалы ғой. 
Ақылды бала – әкесінің сүйініші, 
Ақылсыз бала – шешесінің күйініші.   Сүлеймен пайғамбар (с.ғ.с.) 
 
Оразалыдан менің әкем Алмабек туады. Алмабектен Рахым, яғни мен 
туамын.  Қазір  Құдайға  шүкір,  бес  балаларым,  15  немерелерім  бар.  Бізбен 
тараған  Әйтей  батырдан  бес  ағайынды  дедім  ғой.  Бір  ағайындысынан 
Барлыбай  туады.  Барлыбайдан  –  Жолдыбай  туады.  Жолдыбайдан  Тілебай. 
Тілебайдан Есім. Есімнен Сұмағұл, ал Сұмағұлдың баласы Ахметжан. Сонда 
біз  Мамырдан  тараймыз,  ал  Есім  Барлыбайдан  тарайды,  екі  бұтақ  қатар 

 
161 
жүреміз.  Қазір  бауырым  Есімов  Ахметжан  Смағұлұлы  талай  жылдан  бері 
Министрлер  кабинетінің  төрағасының  орынбасары,  еліміздің  ауыл 
шаруашылығын басқарып келеді. 
 
Адамның  басына  қонған  бақыттың  тұрақты  болуы  жақсы  мінез-құлыққа 
байланысты. 
 
 
 
 
 
 
 
Әл-Фараби 
  
Менің әжем керемет әңгімешіл адам болатын, ол кісі айтатын: «Рахым, 
сенің Оразалы атаң да алып денелі керемет қарулы адам болған. Таңертең бес 
торсыққа айран құйып, (мөлшері он литрдей) екі тапа нан алып кетіп, кешке 
дейін  бір  га  алқаптың  шөбін  шауып,  дестелеп  қайтушы  еді.  Оразалы  атам 
шалғымен бір тартқан кезде екі метр жерді бірақ алады екен, ал жапырылған 
шөп түйенің өркешіндей болып үйліп қалатын. Шалғысының өзін жәй адам 
шаппақ түгіл көтере де алмайтын», – деп отырушы еді жарықтық әжем. 
 – 
Рахым  Алмабекұлы,  енді  балаларыңызға  тоқтала  кетсек  қалай 
ойлайсыз? 
 
 – 
Менің  үлкен  ұлым  Қайрат  қазір  45-ке  толып  қалды,  ҚазМУ-дің 
биофагін  бітірген,  сонан  кейін  Генетика,  физиология  институтына  қызмет 
істеп  аспирантураны  бітірген.  Дисертациясын  қорғап  алды,  биология 
ғылымының  кандидаты.  Бірақта  өз  саласымен  көп  істеген  жоқ,  мына  апай-
топай заман болғанда сол судың сарқынымен ағып кетті, қазір жеке кәсіпкер. 
Ең  үлкен  немерем  Ботагөз  –  Ағылшын,  Қазақстан  университетін  алтын 
белгімен бітірді, атын өзім қойғанмын. Бірінші класстан бастап Университет 
бітіргенше  бір  4  деген  баға  алған  емес,  өзіме  тартқан,  қазір  шет  елге  кетті. 
Екіншісі Садияр биыл энергетикалық институтқа түсті.    Екінші ұлым Қанат 
43-
ке  келді,  Ернар,  Ғани,  Ақжан  атты  балалары  бар.  Қызымның  үлкені 
Қарлығаш.  Оның  үш  ұл,  бір  қызы  бар.  Үлкен  ұлы  оқуды    жақсы  бітіріп, 
тестен  өтіп  «Болашақ»  бағдарламасы  бойынша  Канадаға  кеткелі  жатыр. 
Екіншісі  Шыңғыс  биыл  түрік  –  қазақ  гимназиясын  бітіргелі  жатыр.  Тимур 
деген ұлдары 1 класста, ал кішкентайлары 1,5 жаста. Күйеу балам кәсіпкер, 
жылу  беретін  компанияны  басқарады,  Түріктермен  бірігіп  жұмыс  істейді. 
Сонан  кейін  екінші  қызым  Элмира  қазір  Белградта  ғылым  докторы, 
профессор Университетте сабақ береді.  Күйеу бала серб, ол да үлкен ғалым. 
Сонан  кейін  Едіге  деген  ұлымыз  бар,  әлі  бойдақ.  Ең  кішкентай  қызымыз 
Айнұр.  
 
– 
Раха,  қазекең  айтады  ғой,  ер  жігіттің  үш  жұрты  болады  деп.  Енді 
нағашы жұртыңызға тоқтай кетсек қалай болар екен? 
            – 
Шалқар достым, мынауың да бір тамаша сұрақ болды. Айтайын. 
 
«Жемістің жақсысы ағашынан, жігіттің жақсысы нағашысынан»  
Қазақ мақал мәтелі 
 
 – 
Нағашы  жағынан  ең  жақыным  атақты  Медеу  қажы.  Ол  кісі  менің 
шешемнің  үлкен  ағалары.  Ол  кісі  сегіз  ағайынды  болған.  Менің  анам  ең 
кенжелері.  Медеу  атамыз  мыңғырған  бай  болған,  мына  Алматының 

 
162 
манындағы  сай-сайдың,  қазіргі  атақты  «Медеу»  мұз  айдыны,  Бутаковка, 
Қомиссаровка, Ремиз, Ақсай сайы, Медеу сайы, Талғардан бері – Қаскелеңге 
шейін сол кісінің меншік жері болған. Сай-сайдың бәрінде меңгерушісі сол 
атамыздың  әйелдері  болған.  Сол  сайлар  мыңғырған  жылқы,  сиыр,  қойға 
толып  тұратын.  Жылда  төл-төлдетіп,  жүнін  қырқып,  үлкен  малдарын  жыл 
сайын  Ташкентке  бір  ай  мөлшерінде  асықпай  ара  қонып  отырып,  айдап 
апарып сатып отырған. Медеу қажының да өзінің аса сәнді 3-4-6 ат жегілген 
серіппелі  қыста  ат  шанасы,  жазда  көлеңкеленген  ат  арбасы  болған.    Мал 
айдағанда бірге барған, ол кезде банк, жинақ кассалары жоқ. Ақшаның бәрін 
жылқының терісінен тарамыспен екі қабаттап жақсылап тігілген  «көн қапқа» 
салады.  Арбаның  өзі  екі  қабат  болады,  бірнеше  арбаға  көн  қаптарды  бөліп 
салып Ташкенттен қайтады екен.  
Сол кезде мына Алматының қазіргі «Жібек жолының» бойына ағаштан 
қидырып отырып салынған үйлер, үлкен-үлкен бірнеше қабатты сарайларды 
өз  қаржысына  салғызған,  негізінен  бұл  жерлерде  сауда-саттық  жүргізген. 
Бұрынғы  «Қызыл  таң»  гастрономы  т.б.  Өкінішке  орай  қазір  олардың  көбін 
құлатып тастады. Ол үйлердің бәрін қайың балғамен ұрып отырып бір біріне 
қиюластырып  бөренелерді  бір  де-бір  шегесіз  салған.  Алматыда  Медеу  су 
тасқыны болғанда сол ағаш үйлердің мықтылығы сонша, көбісі аман қалған.  
 
Ол  кісінің  ерекше  бір  қасиеті  қонақ  көп  келеді  екен,  бектер,  билер, 
батырлар  т.б.  Балуан  шолақ,  атақты  палуан  Қажымұқан  Мұңайтпасов, 
Ноғайбай деген өзі батыр атақты бай болған, сонан кейін Қарынбай деген бай 
болған бәрі дос-жар адамдар болған.  
Бір күні Ноғайбай батыр әрі бай Балуан Шолаққа қалжыңдап: «Батыр, 
мына біз отырған ағаш үйді сындыра аласың ба? Көрші сындырып», – дейді. 
Балуан Шолақ: «Рас па?», – дейді. «Рас», – дейді Ноғайбай. Сол кезде Балуан 
Шолақ жүгіріп барып үйді иығымен түйіп қалады, үй сықырлап кетеді. Енді 
екінші рет тағы жүгіріп бара жатқанда Ноғайбай Балуан Шолақты сыртынан 
қапсыра  құшақтай  алады,  Балуан  Шолақ  қанша  бұлқынса  да  Ноғайбайдың 
темір  құрсауынан  шыға  алмайды.  Ноғайбайдың  күшіне  Балуан  Шолақ  та 
разы болыпты. 
 
Шешемнің айтуы бойынша Медеу атам ет көп жемеген адам екен, жесе 
тек  қырғауыл,  бөденелердің  етін  ғана  жеген.  Қолы  өте  ашық  адам  екен, 
келген  қонақтарға  ту  биелерін,  тайларын  сойып,  қымыздарын  сапырып, 
жатқандарына қарай меймандостық танытқан. Медеу атам көп жасаған дейді, 
бірақ кездейсоқ ажалдан қайтыс болған сияқты. 
 
1916-
1917  жылдары  төңкеріс  болғанда  Медеу  атам  дүние-мүлік 
тәркіленбестен  бұрын  Лениннің  өзіне  тікелей  телеграмма  салып,  менің 
бәленбай сарайларым, үйлерім, жүз мыңдаған қой-ешкілерім, жылқыларым, 
сиырларым,  алтыным,  ақшаларым  бар.  Осының  бәрін  жаңадан  құрылған 
өкімет жасағына беремін дейді. Ленин де, мынау бір жақсы, өте ақылды адам 
екен  ғой  деп  Алматыға  телеграмма  соғады.  Медеу  атымен  жер  атауын 
атаңдар,  ғимаратқа  атын  беріңдер,  өзіне  ескерткіш  қойыңдар  дейді.  Қазіргі 
күнге  дейін  атақты  мұз  айдынының  атының  қойылуының  тарихы  осындай. 
Осы  атау  тікелей  Лениннің  бұйрығы  бойынша  қойылған.  Жақсы  атадан 

 
163 
шарапат  дейді  ғой,  оның  жақсылығы  балаларына,  немерелеріне, 
шөберелеріне, шөпшіктеріне әлі күнге дейін әсер етуде. Ұрпақтары қазір де 
жаман  емес  Республикаға  белгілі  азаматтар.  Балалары  Шайзада,  Шаяхмет, 
Ахмет дегендер. Балалары, немерелерімен қатарлас өстім.  
 
 – 
Рахым аға, Медеу атаңыздың ұрпақтарымен араласып тұрасыз ба? 
 
 – 
Қазір  заман  өзгеріп,  жас  келді  деген  сияқты  бір-ақ  баласымен 
араласып тұрамын. 
 
 – 
Рахым  аға,  айтады  ғой  «үйдің  жақсы  болуы  ағашынан,  жігіттің 
жақсы болуы нағашысынан», – дейді. Өзіңіз қалай ойлайсыз? 
 
Жауап:  –  Солай  дейді  ғой.  Медеу  атам  ақсары  өңді,  алып  тұлғалы, 
ақылды,  байсалды  кісі  болыпты.  Мен  өзім  нағашы  атама  көбірек 
ұқсаңқырағанмын  ба  деймін.    Менің  балаларым  да  бәрі  ақ-сары,  бойшаң, 
сымбатты нағашыларыма көбірек тартып кеткен сияқты.   
 
Сұрақ: – Өз ісіңізді қуып, әрі жалғастырып жүрген балаңыз бар ма? 
 
Жауап: – Әлгінде айтып өттім ғой, үлкен Қайрат деген ұлым өзі биолог, 
әрі ғылым кандидаты. Сол келетін сиқты. Немене әлі 44-ақ жаста, оған әлі 20 
жылдай уақыт бар, талай нәрсе үлгеруге болады. Үлкен қызым да мен сияқты 
биолог, биология ғылымының докторы, профессор, бірақ қазір медицинамен 
айналысады.  Белградтағы  Элмира  қызым  Ленинградтың  ауыл  шаруашылық 
институтының  топырақ  тану  бөлімін  өте  жақсыға  бітірген.  Сонан  кейін 
Жапонияда  биологиядан  тәжірибе  қойып  сегіз  жыл  жұмыс  істеді. 
Қазақстанның,  Ресейдің,  Украинаның  қара  топырақтарын  зерттеген.  Менің 
екі қызым да биолог. 
  
Ал  кішкентай  ұлым  Едіге  осы  өзіміздің  Алматыдағы  аграрлық 
университеттің  өсімдік  қорғау  бөлімін  бітірген.  Ол  да  биология  саласында, 
ғылыми-зерттеу институтының генетехнология, генний инженерия бөлімінде  
қызмет істеп жүр. Үлкен келінім тарихшы, Ұлттық аграрлық университетте 
сабақ береді, екінші келінім мұғалім.  
 
Мен  өзім  жай  үйлендім,  себебі  алдымен  жағдайымды  жасап  алуыма 
тура  келді.  Алакөл  ауданында  агроном  болып  қызмет  істегенде  кішкентай 
«Валетка» чемоданымен толтырып сол кездегі ақшамен 12 мың рубль алып 
келдім,  ол  кезде  бұл  өте  көп  ақша.  Сонан  кейін  жақсылап  отырып  үй-жай 
салып  алып,  қазіргі  жеңгелеріңе    үйлендім.  Құдайға  шүкір  жаман  болған 
жоқпын, осы Бөкен апайларың бес баламды өмірге алып келді.  
 – 
Рақым  Алмабекұлы,  өзіңіз  шет  елдерде  жиі  боласыз,  енді 
селекционер-ғалым  ретінде  осы  алыс  және  жақын  шет  елдерді  бір  шолып 
өтсек қалай? 
– 
Мен өзім Еуропада, Жапонияда 5 жылдай, Украинада, Ресейде дәріс 
тыңдадым,  дәрістен  лекциялар  оқыдым.  Адамның,  малдардың,  өсімдіктің 
биологиясы бірдей ұқсас. 
Баяғыда  ата  бабаларымыз  жастарды  үйлендіргенде  ата-тегін  зерттеп 
барып  құда  түсіп  алатын.  Олар  сонда  келешек  ұрпақтарының  қандай 
болатынын болжап отырған. Ал қазір ше, бәрі керісінше. Осы тұқым қуалау 
заңдылығын білмейді, мұғалімдердің айтайын десе өрелері жетпейді. Бізбен 
ағайындас көрші Республиканың кейбір халқында мынадай жаман әдет бар. 

 
164 
Балаларын  жатқа  бермейміз  деп  ағайынды  адамдардың  балаларын  біріне 
бірін үйлендіре салады. Нәтижесінде бастары істемейтін миғұла, ауру ұрпақ 
дүниеге келеді. Жақында Түркіменбашы өте жақсы заң қабылдады. Ол заңда 
жеті  ата  араламай,  ағайынды  адамдардың  балаларының  бір-біріне 
үйленулеріне қатаң тиым салынды. 
Енді 
өзім 
көрген 
Жапониядағы 
адамды 
ұрықтандыру 
лабораториясында  болған  жағдайды  айта  кетейін.  Бұдан  40-50  жыл  бұрын 
Жапон  халқы  ұсақталып  бара  жатқан  соң  үкіметтің  арнайы  құпия 
қаулысымен  шеттен  келген  мықты  математиктардың,  биологтардың, 
инженерлердің,  ғалымдардың,  сазгерлердің  т.б.  дені  сау  азаматтардың 
шаһуатын  (спермасын)  сатып  алып  отырған.  Осы  ұрықты  Жапон 
қыздарының  жатырына  салып  дені  сау,  сымбатты  ұрпақтарды  дүниеге 
әкелген. Сондай-ақ осы елде мынадай тағы заң бар. Екі жас үйленем деп арыз 
бергеннен  кейін  екі  жақтылы  генетикалық  тексеруден  өткізіледі.  Ол  елдің 
тағы  бір  ерекшелігі,  әрбір  адамның  өткен  оныншы  атасына  шейін  гендік 
сараптамасы  бар,  сол  бойынша  үйленгелі  тұрған  екі  жастың  аталарын 
оныншы  аталарына  дейін  мұқият  тексереді.  Сол  кезде  екеуінің  гендерін 
салыстырып келер ұрпақ қандай қабілетпен, неге бейім болатынын да болжап 
бере  алады.  Одан  болашақ  ғалым,  инженер,  жұмысшы,  мұғалім  т.б.  Ата 
аналары  да  балаларын  осы  бағытта  оқыта  бастайды.  Мемлекеттік  оқу 
бағдарламасы  да  осы  бағытпен  балаларды  оқытады.  Баланың  қабілетіне 
қарай,  нашар  оқитын  балалар  бастауыш  білім  алғаннан  кейін-ақ  өзінің 
қабілеті  жететін  мамандыққа  оқытылып,  орта  мектепті  бітіргенде  белгілі 
қоғамға  пайдалы  мамандық  иесі  болып  бірден  еңбекке  араласып  кетеді.  Ал 
талантты,  қабілетті  балаларды  да  бейімділігіне  қарай  бөліп-бөліп  оқытып 
оқуларына бар жағдайларын жасайды.  
Егер екеуінің гендерінде тұқым қуалайтын ауру бар болса үйленулеріне 
рұхсат  етілмейді,  себебі  ауру  ұрпақтың  оларға  қажеті  жоқ.  Ал  тұқымында 
созылмалы, атадан балаға берілетін ауруы бар адамның өмірге ұрпақ әкелуге 
құқы  жоқ  деп,  оның  үйленуіне  қатаң  тиым  салынған.  Ондай  адамдарды 
айдаладағы аралға апарып тастайды, онда олар ұрпақ әкелмейтін жеке тайпа 
болып  өлгенінше  сол  аралда  тіршілік  кешеді.  Осындай  ұлтық  сауықтыру 
бағдарламасының нәтижесінде қазіргі Жапондар сұңғақ бойлы дені сау ұлтқа 
айналып кетті. Қазір ресми деректерге сүйенсек соңғы 45 жылда бойларын 12 
см ұзартып, ойын да, бойын да, денсаулықтарын да қалыпқа келтіріп алған 
ұлт. Қазір Жапон әйелдерінің орта жасы 89-90 жас болса, біздің Қазақстанда 
63-
64 жас қана. Жапония балықты көп жейтін халық. Шұжық, сосиска т.б. өлі 
тағамдар атымен жоқ. Негізінен күріш, соя, теңіз балдырлары мен көкөністер 
және жеміс-жидектермен тамақтанады. 
Қазір  біздің  Қазақ  той  кезінде,  тойдан  кейін  арақ  ішеміз,  сонан  кейін 
бала  жасаймыз.  Бұны  генетиктер  «пьяная  сперма»  немесе  «мас  шаһуат» 
дейді. Ал мына Жапония мен Чехословакияда екі жас үйленген кезде бір ай 
еңбек ақыларын сақтап демалыс береді. Олар демалыстарын таза ауа, қалың 
орман  немесе  тау  баурайларындағы  демалыс  үйлерінің  біреуінде  өткізеді. 
Арақ атаулыны баласын аузына алмақ түгілі, ащы-тұщы тамақ та жегізбейді. 

 
165 
Осы бір айдың аралығында болашақ ұрпақ ана жатырына барып ұрықтануы 
керек.  Міне  көрдіңіз  бе,  осы  елдер  болашақ  ұрпақ  қамын  қалай  ойлайды, 
қамқорлыққа алады.   
 
Негізінен табиғи тірі тамақ пен көкөніс, жеміс жидектер. Ал мына соя 
дақылының  қасиеті  ерекше,  мұнда  адам  ағзасына  керекті  белоктардың  т.б. 
элементтердің бәрі де бар. Сондықтан Америкада осы дақыл 28-30 миллион 
га алқапқа себіледі. Ал біздің Қазақстанда 38-ақ мың га себіледі. Бізге қазір 
150-20
0  мың  га  алқапқа  соя  егуге  тиіспіз.  Сонда  ешқандай  холестериннен 
запа шекпейтін боламыз.   
Түсінген адамға бұл аса мемлекеттік маңызы бар мәселе, осы сұрақты 
өзім де үкімет басшыларының алдына қояйын деп жүрмін. 
 – 
Рахым  Алмабекұлы,  қазіргі  Елбасымыз  жүргізіп  отырған  саясатқа 
елімізге белгілі ғалым ретіндегі көзқарасыңыз қалай? 
 – 
Шалқар  бауырым,  мынау  мен  күтпеген  сұрақ  еді,  енді  шын 
көңіліммен  жауап  беріп  көрейін.  Жасыратын  түгі  жоқ,  бастапқы  кезде 
көпшілік  зиялы  қауымның  өкілдері  сияқты  менде  де  түсінбеушіліктер, 
адасушылықтар  болды.  Келе-келе  дұрыс  бағыт,  дұрыс  бағдарлама    екеніне 
көзім  де,  көңілім  де  жетті,  санама  сіңді.  Өзің  де  білесің,  адамзаттың  ұлы 
ұстаздарының бірі пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) былай деген ғой: 
«Патша  –  Алланың  жердегі  көлеңкесі.  Кім  оны  құрметтемесе,  Алланы 
құрметтемегені. Кім оны қорласа, Тәңіріні қорлағандық болады». 
Осыдан  артық  не  деуге  болады.  Мен  қазіргі  кезде  ақшасы  да  бар, 
мәнсәбі  де  бар  жап-жас  қазақ  азаматтарының  теріс  көзқарастарын 
түсінбеймін,  егер  жоғарыды  келтірілген  пайғамбарымыздың  осы  хадисін 
оқып,  ар  жағындағы  терең  мағынаны  түсінсе,  мүмкін  көзқарасы  өзгерер  ме 
еді қалай, білмеймін. Оларды ақша мен мәнсәптың буы ғой желіктіріп жүрген 
және де ең бастысы рухани білімдерінің таяздығы. Олардың басым көпшілігі 
орысша оқып, орысша тәрбиеленгендіктің әсерінің де ықпалы өзгеше. 
 
Сол сияқты адамзат ұстаздарының бірі Сүлеймен пайғамбар да былай 
деген: 
«Аспанның заңғар, жердің терең екеніндей, 
Патшаның ой – ниетін білмес ешкім түгелдей». 
 
«Патша алдында асқақтама, 
Ұлықтар орнына тұрып алма». 
 
Шалқар  бауырым,  мен  пайғамбар  емеспін,  мен  тек  қана  жер  бетінде, 
еліме, халқыма «қарлығаштың қанатымен су сепкендей, су сепсем екен, аз да 
болса пайдамды қалай тигізсем екен деп шырылдап жүрген» ғалым ғанамын. 
Адамзаттың осы екі ұлы ұстазынан артық жауаптан басқа берер жауабым да 
жоқ, енді саған түсінікті ме, ұқтың ба? 
Сұрақ: – Рахым Алмабекұлы ел бірлігі дегенді қалай түсінесіз? 
Жауап: – Шалқар бауырым, сенің қойған сұрақтарың бірінен кейін бірі 
терең  мағыналы  болып  келе  жатыр.  Онда  бұл  сұрағыңның  мен  де 
қарымтасын  Сүйінбай  бабамыздың  Қырғыз  ақыны  Қатаған  мен  айтысы 
арқылы жауабын берейін. Бұл өте ұзақ айтыс, мен тек екеуінің айтысқандағы 

 
166 
тоқ  етер  жауаптарын  ғана  айтып  берейін,  сонан  кейін  осы  әңгімемізді 
доғарайық, бұған қалай қарайсың? 
Жауап: – Әрине қарсы емеспін Рахым аға! 
– 
Ал  ендеше  тыңда,  деп  Рахаң  қолына  домбырасын  алды  да,  алысқа 
шабатын бәйге аттар сияқты, батыр тұлғасына ерекше көрік беріп тұрған екі 
көзі  шоқтай  жанып,  жүзінен  бір  ерекше  шабыт  лебі  есіп,  томағасын 
сыпырған  қырандай  саңқ  етіп,    Қатаған  мен  бабасы  Сүйінбай  ақындардың 
сөздерін, домбырасының сүйемелдеуімен: бастапқысын ерекше қырғызға тән 
әуенмен,  мақаммен  –  соңғысын  қазақтың  жігерлі  де,  асқақта,  төкпелетіп-
төгілдіріп  ұзақ-сонар  қиссаларды  айтатын  ырғақ  әуеніне  салып  бастай 
жөнелді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет