Ашығу кереметі: дәрісіз емделу. Толықтар мен арықтарға


Ресейдің  даңқты  спортшысы  болған,    қояма  қолтық  шайқастан



Pdf көрінісі
бет20/26
Дата03.03.2017
өлшемі1,54 Mb.
#5918
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26
Ресейдің  даңқты  спортшысы  болған,    қояма  қолтық  шайқастан 
(рукопашный бой), ережесіз айқастан (бой без правила), панкратионнан 
(гректердің  ережесіз  шайқасы)  және  соғыс  самбосынан  –  осы  аталып 
өткен  шайқастардың  төртеуінен  де    халықаралық  дәрежедегі  спорт 
шебері,  бокстан  және  соғыс  самбосынан  Ресей  Федерациясының  спорт 
шебері,  соғыс  самбосынан  және  ережесіз  шайқастан  Қазақстанның 
спорт  шебері:  Ресей  әскери  әуе  –  десант  күштерінің  бұрынғы  офицері    
Қасабаев Саяуыш Өндірханұлының толғауы: 
Саяуыштың ашығу бағдарламасы. Спортшының қазіргі жағдайы.  
 
Мен жігіт, он бес – отыз арасында, 
 
 
Бұл жаста көп: берісі – аласым да.. 
 
 
Жалыны бойға симай сырттан көрініп,   
 
 
Күн сайын тұрады артып қайрат күшім.  
Сұлтанмахмұт Торайғыров 
 
Адам өмірінде дене қимылының алатын орны ерекше екенін жұрттың 
бәрі біледі, ал осы қимыл спортшыларда ең басты орында. Осы жаттығудың 
және  салауатты  өмір  сүрудің  нәтижесінде  талай  –  талай  асуларды 
бағындырған  Ресейге  танымал,  Қазақстанға  енді  ғана  өзін  танытып  келе 
жатқан кезінде Ресейдің даңқты спортшысы болған  қояма қолтық шайқастан 
(рукопашный бой), ережесіз айқастан (бой без правила) және панкратионнан 
(гректердің ережесіз шайқасы), осы аталып өткен шайқастардың үшеуінен де  
халықаралық  дәрежедегі  спорт  шебері,  бокстан  және  соғыс  самбосынан 
Ресей  Федерациясының  спорт  шебері,  соғыс  самбосынан  және  ережесіз 

 
181 
шайқастан Қазақстанның спорт шебері Ресей әскери әуе – десант күштерінің 
бұрынғы  аға  лейтенанты        Қасабаев  Саяуыш  Өндірхан  ұлымен  кездесіп, 
салауатты  өмір  сүру  мен  дене  жаттығулары  жайында  өзінің  көзқарасын 
айтып беруді және өзінің өмірбаянына қысқаша шолу жасай кетуін өтіндім. 
 
Саяуыш  сұңғақ    бойлы,  шымыр  денелі,  қайратты  қара  шашы  аққұба 
өңіне  жарасып  тұрған  аса  келбетті  жігіт.  Күлімдеген  қой  көздерінен 
парасаттылық  пен  тектіліктің  ұшқыны  жалындап  тұрғандай.  Бүкіл  дене 
болмысынан өлшеусіз қуат, сарқылмас қайрат, мұқалмас жігер, сыңғырлаған 
денсаулық,  жалындаған  жастық  оты  лапылдап  тұрғанын  сезесіз.  Қимылы 
шалт,  сөзі  салмақты,  әр  сөзін  байыптап  ойланып  барып  айтады.  Жүрісінен, 
киім  киісінен-ақ:  «а,  мына  жігіт  кезінде  әскери  адам  болған  ғой  деп  бірден 
ойлайсыз». 
 
– 
Саяуыш  бауырым,  енді  оқырмандарға  өзіңді  қысқаша  таныстыра 
кетсең және осы дене шынықтырудың адам ағзасына әсері, ерекшелігі неде? 
 
– 
Жәрәйді аға, айтқаныңыз болсын, білгенімді айтайын.   
 
Мен  1975  жылы  24  желтоқсан  айында  –  бұрынғы  Семей 
облысы,Ұржар ауданы, Науалы ауылында дүниеге келдім. 
 
1983....
1991  жылдары  Науалыдағы  №2  орта  мектепте  оқыдым.  1984 
жылдан бастап самбо күресімен шұғылданып 14 жасымда спорт шеберлігіне  
кандидат нормасын орындадым.  
  1991...
1994  жылдар  аралығында  Алматы  қаласындағы  Кеңес 
Одағының  батыры  Бауыржан  Момышұлы  атындағы  әскери  мектепте 
оқыдым.    Осы  мектеп    қабырғасында  оқып  жүргенде  қазақша  күрестен 
Алматы қаласының жеңімпазы (чемпион) болдым. 
1994....
1999  жылдар  аралығында  Ресей  Федерациясының  Рязань 
қаласындағы  армия  генаралы  Маргелов  атындағы  әскери  әуе  –  десант 
академиясын  ойдағыдай  бітіріп,  әскери  әуе  –  десантының    офицер  атағын 
алып шықтым. Осы  оқу орнында спорттың түр-түрлерімен шұғылдандым.  
1994  жылы  әкери  училищенің  ішіндегі  самбо  және  жекпе-жек  айқас 
(рукопашный  бой)  бойынша  жеңімпаз  болып,  әскери  әуе  –  десанттарының 
құрама командасына мүше болдым.  
1995  жылы  көкек  айында  Рязань  қаласында  Ресей  Федерациясы 
бойынша  жекпе-жек  айқастан  (рукопашный  бой)  әскери  әуе  десант 
күштерінің жеңімпазы (чемпион) атағын жеңіп алып спорт шебері нормасын 
орындадым.  
1995  жылы  мамыр  айында  Ресей  Федерациясының  барлық  әскери 
күштерінің  арасындағы  жарысында  жекпе-жек  айқастан  күміс  жүлдегері 
болдым. 
1
995  жылы  маусым  айында  Санкт-Петербург  қаласында  халықаралық 
жарыста панкратион (ережесіз айқас) бойынша күміс жүлдегер атандым. 
1995 жылы қараша айында бүкіл Ресейлік турнирде Омск   қаласында 
жекпе-жек  айқастан  алтын  медальға  ие  болып,  Ресей  Федерациясының 
жеңімпазы (чемпион) атағын жеңіп алдым. 

 
182 
1996  жылы  наурыз  айында  Рязань  қаласында  Ресей  Федерациясы 
бойынша  жекпе-жек  айқастан  әскери  әуе  десант  күштерінің  жеңімпазы 
болып алтын жүлдені жеңіп алдым. 
1996 жылы мамыр айында Иркутск қаласында Ресей Федерациясының 
барлық  әскери  күштері  арасында  жекпе-жек  айқаста  алтын  жүлдені  жеңіп 
алдым. 
1996 жылы маусым айында Вильнюс қаласында халықаралық жарыста 
панкратион күресі бойынша алтын жүлдеге ие болдым. 
1996  жылы  қараша  айында  Омск  қаласында  бүкіл  Ресейлік  турнирде 
жекпе-жек  айқаста  алтын  жүлдеге  ие  болып,  Ресейдің  «техникасы  ең  үздік 
спортшы» атағымен марапатталдым. 
1997  жылы  көкек  айында  Рязань  қаласында  Ресей  Федерациясы 
бойынша жекпе-жек айқастан әскери әуе десант күштерінің арасында алтын 
жүлдені жеңіп алдым. 
1997  жылы  мамыр  айында  Краснодар  қаласында  Ресей 
Федерациясының барлық әскери күштер арасында жекпе-жек айқаста алтын 
жүлдені жеңіп алдым. 
1997  жылы  қыркүйек  айында  Рязань  қаласында  облыстық  жарыста 
бокстан жеңімпаз атандым.  
1997  жылы  қазақша  күрестен  Семей  облысының  «түйе  палуаны» 
атағын жеңіп алғанмын. 
1997  жылы  қараша  айында  Омск  қаласында  бүкіл  Ресейлік  турнирде 
жекпе-жек айқастан алтын жүлдеге ие болып, Ресей бойынша «техникасы ең 
үздік спортшы» атағымен марапатталдым. 
1998  жылы  ақпан  айында  Рязань  қаласында  бокстан  облыстық  
жеңімпаз атандым. 
1998 жылы маусым айында Рязань қаласында бүкіл Ресейлік турнирде 
бокстан алтын жүлдені жеңіп алдым. 
1998  жылы  көкек  айында  Рязань  қаласында  Ресей  Федерациясы 
бойынша  жекпе-жек  айқастан  әскери  әуә  –  десант  күштерінің  арасында 
алтын жүлдені жеңіп алдым. 
1998  жылы  мамыр  айында  Москва  қаласында,  жекпе-жек  айқастан 
бүкіл Ресейлік барлық әскери күштері арасында алтын жүлдеге ие болдым. 
1998 жылы шілде айында Москва қаласында  Бүкіл Ресейлік жарыста 
«орыс  жекпе-жегінен»  түйе  палуандықтан  (абсолют)  күміс  жүлдегер 
атандым, осы финалдық шайқасты осы жылдың желтоқсан айында Ресейдің 
орталық телеарнасы (РТР) барлық ТМД елдеріне көрсетті. 
1998 жылы қыркүйек айында Рязань  қаласында самбо күресі бойынша 
облыстық жеңімпаз атандым. 
1998  жылы  қараша  айында  Омск  қаласында  бүкіл  Ресейлік  турнирде 
жекпе-жек айқаста алтын жүлдені жеңіп алып Ресей  бойынша үшінші қабат 
«техникасы ең үздік спортшы» атағымен марапатталдым. 
1998  жылы  желтоқсан  айында  Рязань  қаласында  өткен  халықаралық 
жарыста жекпе-жек айқастың жеңімпазы болып, алтын жүлдені жеңіп алдым. 
Осы жарыста «ең шапшаң спортшы» атағымен марапатталдым. 

 
183 
1999  жылы  Маусым  айында  «ережесіз  шайқаста»  (бой  без  правил) 
Санкт-Петербург қаласында өткен жарыста жеңімпаз атағына ие болдым. 
2001 жылы Москва қаласында «ережесіз шайқастардың» тұрақты түрде 
жеңімпазы атағын жеңіп алып отырдым. 
2003  жылы  Рязань  қаласында  өткен  «ережесіз  шайқастардың» 
турнирінде жеңімпаздардың – жеңімпазы атағын жеңіп алдым (абсолют). 
2003  жылы  Бүкіл  Ресейлік  Харламов  атындағы  соғыс  самбосынын 
жеңімпаз атандым. 
2004  жылы  Иванов  қаласында  өткен  бүкіл  Ресейлік  спорттық 
айқастардың  барлық  түрлерінен:  (кедергіден  өту,  пышақ  лақтыру,  мылтық 
ату,  қояма-қолтық  шайқас)  –  (универсальный  бой)  жеңімпаз  атағын  жеңіп 
алдым. 
2004  жылы  наурыз  айында  Москва  облысы,  Чехов  қаласында 
(Олимпиский комплексте) өткен айқастардың барлық түрлерінен: (кедергіден 
өту,  пышақ  лақтыру,  мылтық  ату,  қояма-қолтық  шайқас)  –  (универсальный 
бой)  Европа чемпионатында күміс жүлдегер атандым. 
1995  жылдан    жекпе-жек  айқастан  Ресей  құрама  командасының 
мүшесімін. 
2005  жылы  18...20  наурыз  аралығында  Астана  қаласында,  Қазақстан 
Республикасының  соғыс  самбодан  (боевое  самбо)  өткен  ашық 
чемпионатында  жеңімпаз  атанып,  алтын  жүлдені  жеңіп  алдым  және  соғыс 
самбосынан Қазақстан спорт шебері дәрежесіне ие болдым. 
2005  жылы  май  айында  Алматы  қаласында  Қазақстан 
Республикасының ережесіз жекпе-жек шайқасынан алтын жүлдегер болдым.  
2006  жылы  наурыз  айында  Семей  қаласында  Қазақстан 
Республикасының ережесіз жекпе-жек шайқасынан жеңімпаз атанып, алтын 
жүлдеге ие болдым. 
2006  жылы  2  қыркүйек  пен  5  қазан  айларының  аралығында 
Қырғызстандағы  Бішкек  қаласында  өткен  Азия  біріншілігінде  соғыс 
самбосынан жеңімпаз атанып, алтын медаль мен кубокты жеңіп алып, соғыс 
самбосынан – халықаралық  дәрежедегі спорт шебері атағын алдым. 
2006  жылы  29  қазан  мен  3  қараша  айларының  аралығында  Ташкент 
қаласында өткен әлемдік біріншілікте: соғыс самбосынан 3 орын алып, қола 
жүлдегер атаным.  
Жекпе-жек  айқастың  төрт  түрінен  халықаралық  дәрежедегі  спорт 
шеберімін  (панкратион,  соғыс  самбосы,  ережесіз  және  қояма-қолтық 
шайқас),  бокстан,  соғыс  самбосынан  Ресей  Федерациясының  спорт 
шеберімін. 
Бірінші  жаттықтырушым  Қазбеков  Дәулет  Қасенұлы,  әлі  күнге  дейін 
өзім туған ауылда балаларды жаттықтырады. 
Ресейдегі жаттықтырушыларым: 
1.
 
Васильев  Генадий  Арсентьевич  –  Ресейдің  еңбегі  сіңген 
жаттықтырушысы,  жекпе-жек  айқастан  спорт  шебері, 
тайквандодан 3-ші дан. 

 
184 
2.
 
Логовский  Павел  Мистиславич  –  Ресейдің  еңбегі  сіңген 
жаттықтырушысы,  самбодан  спорт  шебері,  қояма-қолтық 
айқасты  бірінші  енгізуші,  полковник,    Ресей  әуе  десант 
әскерінің спорт жетекшісі,  жекпе-жек шайқас ассосациясының 
президенті. 
3.
 
Большаков  Николай  Иванович:  СССР-дің  еңбегі  сіңген 
жаттықтырушысы, еңбегі сіңген спорт шебері. 
4.
 
Игнатов Герман Викторович – жаттықтырушы, бокстан спорт 
шебері. 
 
Әсет аға, бірінші сұрағыңызға жауап бердім, енді екінші сұрағыңызға 
жауап беруге тырысайын.  
Мен  өзім  осы  спортпен  шұғылданғаныма  биыл  тура  20  жыл  болды, 
спортқа  10  жасымда  келдім,  биыл,  Құдай  бұйырса,  желтоқсан  айының 
бітісінде  31-ге  толамын.  Алғаш  спорт  табалдырығын  өзіміздің  ауылда 
аттадым,  ал  алғашқы  ұстазым  қазақша  күрес  пен  самбодан  спорт  шебері 
Қазбеков  Дәулет  ағай  болды,  мен  ол  ұстазыма  әруақытта  қарыздармын  деп 
есептеймін.  Кейін  Мәскеу  қаласында  өзім  күресе  жүріп  жаттықтырушылық 
жұмыспен  де  айналыстым.  Мен  тәрбиелеген  жігіттер  қазір  әлем  деңгейінен 
көрінуде. Шәкіртім Сергей Харитонов ережесіз айқастан әлемнің үш дүркін 
жеңімпазы  (чемпионы),  қазір  бокстан  олимпиадаға  дайындық  жасауда. 
Сондай-ақ шәкірттерім Жанат Сыздықов, Қуаныш Қошаев екеуі де Ресейде 
Рязань қаласындағы армия генаралы Мергалов атындағы әскери – әуе десант 
академиясының түлектері. Жанат Сыздықов, Қуаныш Қошаев екеуі да жекпе-
жек,  қояма-қолтық  айқастан  халықаралық  жарыстардың  жеңімпаздары. 
Михаил  Миненков  Ресейдің  халық  қаһарманы  т.б.  жігіттер  менің 
мектебімнен  және  дайындығымнан  өтті.  Жанат  Сыздықов  қазір 
Елбасымыздың күзет бөлімінде, ал Қуаныш Қошаеев Республикамыздың бас 
барлау басқармасында қызмет істейді. 
 
Осы жаттықтырушылық жұмыс барысында адам физиологиясын терең 
білу қажет болды, сондықтан осы денешынықтыру саласын жаттықтырушы 
ретінде басқа қырынан зерттеуіме тура келді. Енді осы алған біліміммен аз да 
болса сізбен бөлісейін, егер осының біреулерге септігі тиіп жатса, халқыма аз 
да  болса  пайдам  тиді  деп  білемін.  Сіз  тыңдаушы  болыңыз,  мен  айтушы 
болайын. 
Ауру – сырқаудан сау дене дұрыс рухтың жемісі болып табылады.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Б.Шоу 
 
Сұрақ: –  Саяуыш, өзің ашықтың ба? 
 
Жауап:  –  Иә,  мен  30  тәуліктен  жылына  екі  қабат  ашығып  отырамын. 
Бұл кезде тек қана сұйық қара шәйға лимон ғана қосып ішіп отырдым, күніне 
үш  қабат,  0,5  литрдан.  Түс  кезінде    250  гр,  кешке  250  гр  күнделікті  айран 
ішіп отырдым. Күніне 0,5 л. Сондай ақ күніне 200 гр тауық сорпасын іштім. 
Осы  аралықта  15  –  17  кг  салмақ  жоғалтамын,  осы  уақытта  жарысқа 
тыңғылықты дайындаламын. Осы ереже мені жеңістен – жеңіске жетелейді, 
осылай 12 жыл бойы үздіксіз ашығудамын. Енді осылай ашығуды өмірімнің 

 
185 
басты мақсаты қылып алдым. Осы ашығудан кейін денеме өлшеусіз күш пен, 
қуат құйылады, 
 
 
 
 
 
Қайрат етер мезгілде, 
 
 
 
 
Жүк көтерер нардай бол. 
 
 
 
 
Ақыл айтар мезгілде, 
 
 
 
 
Мың жасаған шалдай бол.   Бауыржан Момышұлы 
 
– 
Саяуыш,  сен  салауатты  өмір  салтын  ұстап  осындай  биік  шыңдарға 
қол  жеткіздің.  Өз  бетіңше  9  классты  бітіріп  Алматыдағы  Кеңес  Одағының 
батыры  Бауыржан  Момышұлы  атындағы  әскери  мектепке  оқуға  түстің,  әр 
қазақтың  қолы  жете  алмайтын  Рязандағы  әскери-әуе  десант  академиясын 
ойдағыдай  бітірдің  және  5...6  жылдай  Ресейдің  бас  барлау  басқармасында 
(развед  управления)  қызмет  етіп  бірнеше  әскери  орден,  медальдармен 
марапатталдың.  Тіпті  сені  Ресейдің  спорт  комитетінің  төрағасының 
орынбасары    қызметін    Перников  Сергей  Николаиевич  және  Ресейдің 
спорттық  дайындықтың  әуе  десантының  бастығы  полковник  Логовский 
Павел Мисеславич та ұсынды. Осының бәрін тастап келуіңнің себебі не? 
– 
Аға,  мен  ауылда  туып  өскен  баламын,  шет  жерде  көп  жүріп,  көп 
көргеннен  бе  білмеймін  өзімде  отан  сүйгіштік,  патриоттық  сезім  мол, 
сондықтан спорттағы және әскери соғыс тәжірибемді еліме, халқыма берсем 
деген  ой  соңғы  жылдар  мазалап  бой  бермей  қойды,  елді  сағындым.  Атам 
қазақ айтады ғой: «басқа жерде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол», – деп. 
Ол жақта жаман тұрған жоқпын Мәскәуде, Рязанда үйім болды, бірақ жаңа 
айтып  өткен  сезімдер  отаныма  қайтуға  мәжбүр  етті,  «ит  тойған  жеріне,  ер 
туған жеріне» дегендей. Сонан соң өз еркіммен әскер қатарынан босап елге 
осыдан 2 жыл бұрын қайта оралдым.  
Сұрақ: – Саяуыш, қазір өзің спортшы ретінде қалай сезініп жүрсің? 
Жауап: – Мен айтар едім, бір елдің жеңімпазы болған  адамға  кезінде 
құрмет көрсетілуі керек деп. Осы реттен алғанда елінің, халқының, ұлтының 
намысын  қорғап,  туын  желбіретіп,  ән  ұранын  шырқатқан  спортшылар 
барынша  бағаланатын,  айрықша  ардақталатын  адам  болуы  керек.  Бірақ, 
ақиқат – басқаша. 
 
 
 
Хан алдына барғанда 
 
 
 
Хан тыңдады тілімді. 
 
 
 
Би алдына барғанда 
 
 
 
Би тыңдады тілімді. 
 
 
 
Өз ауылыма келгенде 
 
 
 
Итке берсін күнімді, – 
деген екен Досбол шешен. Соның кері... 
Сұрақ: – Саяуыш бауырым, осы спорт қиыншылықта саған көмектесті 
ме? 
Жауап: – Осы спорт маған Кавказ тауларында қатты көмектесті, әсіресе 
арқар  өтпейтін  асулардан,  арнайы  тапсырмалар  орындап  өтуге  тура  келген 
кездерде. 

 
186 
 
 
Ашығу  ілімін  ұстайтын  Әсет  Ризаұлының  бірінші  толғауы.  Тақырыбы: 
Рухани  надандықтың  және  бей-берекет  өмір  сүрудің  салдарынан  қалай 
өліп  қала  жаздадым?  Поль  Брэгг  ілімімен  танысып,  өзімді-өзім  қалай 
жазып  алдым?  2006  жылғы  24  наурыз  бен  13  мамыр  аралығында    50 
тәуліктік аштық ұстауым.  
 
«
Адам тәнінде қарыннан жаман ыдыс жоқ. Бірнеше рет асаған тамақ 
адамға жеткілікті. Егер қажет болса, қарынның үштен бірін тамаққа, 
тағы үштен бірін суға, қалған үштен бірін тыныс алуға қалдырсын».    
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) 
 
Әсет Ризаұлы Мұқашбеков: Менің негізгі мамандығым агроном. Ол кезде 
мен  бейберекет  өмір  сүрудің  нәтижесінен  қатты  ауырып  жүргенмін,  себебі 
тамақты  кез  келген  уақытта  талғамай  қалай  болса  солай  ішу,  арақ  пен 
темекіні  мақтан  көріп  бастап  үйреніп  алып,  соңынан  қалай  мамандардың 
басым бөлігі маскүнемге және темекі мен ашты шәй бәңгішісіне (наркоман) 
қалай  айланып  кеткенімізді  білмей  де  қалдық.  Осы  әдет  Кеңес  үкіметінің 
тәрбиесімен өскен, қызмет істеген мамандардың бәріне тән ерекшелік болды 
десем  қателеспеймін,  себебі  ауыр  жұмыстан  қажығанда  демалысымыздың 
сиқы  осы  болды.  Басқадай  демалуға  болатынын  білмедік  және  жағдай  да 
болмады.  10  шақты  жылдар  бойы  заңды  демалысымызды  да  ала 
алмайтынбыз, ерте көктемнен қар түскенше тәулігіне 16...18 сағаттан жұмыс 
істеп,  балаларымыздың  түрін  апталап  көрмейтінбіз.  Осындай  бейнет  пен 
тозақтың  салдарынан,  әсіресе  ауылды  жерде  тұратын  50  жастан  асқан 
азаматтардың, қазіргі кезде түгелдей дерлігі әр түрлі созылмалы аурулармен 
ауырады, ал негізгі бөлігі мезгілсіз ажалдың құрбаны болуда.  
 
 
 
 
 
 
 
Қорғашы ден саулықты, 
 
 
 
 
 
Соға бермей тамақты. 
 
 
 
 
 
Ойлап терең байлықты, 
 
 
 
 
 
Құртқын артық салмақты. Шалқар Әбішұлы 
 
Енді  өзіме  келсек  осындай  надандықтың,  рухани  қараңғылықтың 
салдарынан  салмағым  110  кг  болып,  керек  десеңіз  еңкейе  алмай  өз  аяқ 
киімімді әзер киетінмін. Жүргенде ырс-ырс етіп, тұздың көп шоғырлануынан 
табаным  бастырмайтын.  Осылай  ғұмыр  кешудің  нәтижесінде  45  жас 
шамасында  жүрегім  қысып,  бүйрегім  істемей,  қан  қысымым  130-дан,  70-ке 
дейін  күрт  төмендеп,  асқазаным  тоқтап  қалып,  ұсақ  түтікшелері 
(кпиллярлары)  жарылып  кетті,  аузымнан  қара  қан  тоқтамай,  жансақтарда 
(реанимация)    өлі  мен  тірінің  арасында  12  тәулік  жаттым,  жансақтардан 
шыққаннан кейін ауруханада тағы бір ай жаттым, сол кезде маған күні түні 

 
187 
ине  қойып  (система)  гемодез  т.б.  витаминдермен  қоректендірді,  ал 
асқазанымның үстіне мұз қойды, мұздың ызғарын мүлдем сезбедім.  
Менің  бірге  туған  сүйікті  бауырым  провизор  (дәрі-дәрмек  жасайтын 
маман)  Қамбар  Ризаұлы  Мұқашбеков  өзінің  қанының  жартысын  құйып, 
провизор  келінім  Үміт,  медбике  Нұргүл  және  Ұржар  аудандық  жансақтар 
(рениамиация)  бөлімінің  меңгерушісі  Дәулет  Көпжасарұлы  Абақов  ажал 
шеңгелінен әрең дегенде алып шықты. Ауруханада қозғала алмай жатқан 50 
күнде,  төсегімнің  қасына  отырушы  медбике  Абылханова  Нұргүлді  арнайы 
тағайындады.   Әлі күнге дейін осы ақ халатты абзал жандарды ризашылық 
сезіммен ауық-ауық есіме алып қоямын. 
Менің арашашы дәрігерім Абақов Дәулет Көпжасарұлы айтты: «Әсет аға, 
Вас  буду  лечить  голодом  и  холодом!»  –  деп,  ол  кезде  мен  бұл  сөздің 
мағынасын түсінбедім, Жазылып тәуір болғаннан кейін, осы бір ауыз сөздің 
құдіреті мені  аштық бағдарламасын ұстануыма алып келді.   
 
Кімде-кім бір момын мұсылманды осы дүниедегі қиыншылығынан құтқарса, 
Алла  оны  ақиреттегі  қиыншылығынан  құтқарады.  Кімде  –  кім  бір  момын 
мұсылманның  айыбын  жапса,  Алла  оның  екі  дүниедегі  айыбын  жабады. 
Пенде біреуге жәрдемдесу үшін әрекет қылса, Алла оған жәрдемдеседі
 
 
 
 
 
 
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) 
 
Осыны  оқып  отырған  оқырман  қауымның  ауруларын  түгел  жинақтаса, 
сол  аурулардың  түгелі  дерлік  менің  бір  басымда  болды  десем  шындықтың 
ауылынан онша алыс кете қоймаймын. Келесі жылы да жүрегім қатты қысып 
жансақтарда бір апта емделдім, содан аурухана біртіндеп екінші үйіме айнала 
бастады.  
Поль  Брэгтің  «Здоровье  и  долголетие»  атты  кітабы  менің  қолыма  2000 
жылы қаңтар айында тиді. Осы т.б. орыс тілдерінде жазылған ашығу туралы 
кітаптарды  мұқият,  ыждағаттылықпен  оқып,  бірте-бірте  санама  толықтай 
сіңіріп  алдым.    Сонан  соң  ойланып,  ішкен  дәрілерім  әсер  етпейтін  болған 
соң: «қараптан қарап арам өлгенше, қарманып өлейін» – деп кітаптағы «ауру 
– 
қылмыс,  қылмыскер болмайық» деген ұранды басшылыққа алып 3 күндік 
ашығуға  бірден  тәуекел  еттім,  нәтижесінде  3  тәуліктен  кейін  аяғымның 
бастырмай аурып жүргені бірден жоғалып кетті. Сонан кейін екі қабат 7...10 
күндік  ашығуды  өткізіп,  денем  жеңілдеп,  денсаулығымның  күрт  жақсара 
бастағанына  көзім  жетті.  2000  жылы  Наурыз  айында  21  тәулік  ашықтым, 
сондағы  ағзамның  тазаланғанын  ауызбен  айтып  жеткізу  мүмкін  емес!  2001 
жылы ораза айында 27 күн ашықтым, 2002 жылы ораза айында 38 тәулік, ал 
2003 жылының ораза айында 40 тәулікке жеткіздім. Осы ашығу барысында 
қыста  қардың  суын,  қалған  уақытта  тұманың  не  құдықтың  суынан  басқа 
аузыма  нәр  татпадым.  Аралық  кезеңдерде  анда-санда  тәуліктеп  ашығып 
жүрдім,  бірақ  кітаптағы  шарттарды  толық  сақтадым  деп  айта  алмаймын, 
себебі  денсаулығың  жақсара  бастағанда,  баяғы  «таз»  қалпыңа  түсіп 
пендешілік  жеңіп  кетеді  екен.  2004  жылы  да  40  тәуліктік  ашығуға,  ораза 
аяқталарда  яғни  9  Қарашада  кірісіп  кеттім  де  Желтоқсанның  19  да  41 

 
188 
тәуліктік  ашығуды  ойдағыдай  аяқтадым.  Бірақта,  2005  жылы  ашығуды 
белгілі бір себептермен ұстай алмай ауру мен настық қайта меңдеп алды.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет