Эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау
Бағалау критерийі:
Оқылым бойынша: - толғаудың мазмұнын түсіну; - «Зар заман» толғауындағы автордың суреттеу тәсілін, ішкі сезімін, жеке авторлық көзқарасын анықтау; - толғаудағы автор бейнесін ашу.
Саралап оқыту тапсырмалары
Ұжымдық жұмыс Жаңа тақырыптың түсіндірілуі
Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма) Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету
Жеке жұмыс Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы
Уақыты
Кезеңдері
Тапсырма
Тапсырманың мақсаты
Бағалау
Ресурстар
2 минут
Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Өткен сабақтың тақырыбына бір шолу.
Өткен білімді негіздеу.
4 минут
Сабақтың басы
Оқушыларға автор бейнесін түсіндіру. Автор бейнесі - әдеби шығармадағы жазушының өз тұлғасын көру қалпы. Әр жанрдағы шығармаларда автор бейнесі әр түрлі дәрежеде әр қырынан аңғарылады. Эпикалық шығармаларда автор негізінен алғанда оқиғаны баяндаушы болады. Ал драмалық шығармада автор оқиғаның даму барысынан мүлде сырт тұрады. Поэзиялық шығармаларда автор негізінен лирикалық тұлға ретінде танылады. Лирикада ақынның ішкі сыры, сезімі, толғанысы, яғни жеке авторлық тәжірибесі басқа жанрларға қарағанда айқын, анық бедерленеді. Өмір шындығын оқырман лирикалық тұлға позициясындағы автордың көзімен қарап, танып біледі.
1-2 Слайд
13 минут
Тәжірибе
1-тапсырма. Сұрақтарға толық жауап беріңдер.
1.«Зар заман» толғауындағы ақын өткен заманның келбетін қалай суреттеген?
2.Шортанбай ақын не себепті толғауында «Заманақыр болар деп, Сол себептен қорқамын!»,- деп жырлаған?
3.Автор толғауында нені аңсады?
Дескриптор: Берілген сұрақтарға толық жауап береді;
Жауап беру арқылы автордың көзқарасын, ішкі сезім-күйін суреттей алады.
3-4 слайд
2 – тапсырма. Өлең үзінділері арқылы ақынның жан дүниесін, танымдық көзқарасын, өзіндік суреттеу тәсілдерін анықтап, сол арқылы автор бейнесін ашыңыздар. Толғаудан Автордың Автор үзінді қасиеті бейнесі
Дескриптор: Мысалдар арқылы ақынның ішкі сезімін, жай-күйін, танымдық көзқарасын анықтайды;
Өлеңдегі суреттеу тәсілдері арқылы ақынның тілдік ерекшелігін бағалайды;
Автордың жеке қасиеттері арқылы образдық тұлғасын ашады.
Слайд 5-6
3 минут
Бекіту
Оқушыларды бағалау.
Үйге берілетін оқу тапсырмасы:
«FILA толтыру» әдісі арқылы «Зар заман» толғауындағы автордың образдық тұлғасын ашасыңдар.
F/ Дерек/ – шығармадан автор бейнесін ашатын мысалдар табу;
I /Пікір/– автор туралы өзінің ой-пікірі;
L /Сұрақ/–автордың бейнелік тұлғасын ашатын сұрақтар;
A /Іс-әрекет/– автордың өз көзқарасы мен ішкі сезім-күйін суреттеудегі қолданған тәсілі .
Жаңа сабақтағы білімін қорытындылау
Дескриптор: Шығармадан автор бейнесін ашатын мысалдар табады;