«Қызыл кітап жастардың көзімен» республикалық интернет-байқауын
қашықтықтан өткізу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша, кәсіптік және техникалық
білім беру ұйымдары білім алушыларының арасында Қазақстан Республикасы
Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұрпақ+» мәдени-білім беру жобасын
іске асыру аясында «Қызыл кітап жастардың көзімен» республикалық
интернет-байқауын (бұдан әрі - Байқау) қашықтықтан өткізу ережесі оны
өткізудің мақсаты, міндеттері және тәртібін анықтайды.
2. Мақсаты: жеке өңірлердің және жалпы ғаламшардың өсімдік пен
жануарлар әлемінің алуан түрлі түрінің қысқару мәселесіне қарым-қатынасы
бойынша өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениеті мен белсенді өмірлік
ұстанымын қалыптастыру.
Міндеттері:
балалар мен жастардың назарын қоршаған табиғат ортасының бар
мәселелеріне аудару;
ғаламшардың табиғи байлықтарына ұқыпты қарау қарым-қатынасын
дәріптеу;
мәдени және табиғи түрлілікті сақтау принципіне сәйкес әр жастағы
балалардың жалпы адами құндылықтарға ұқыпты қарым-қатынасын тәрбилеу;
білім алушылардың табиғи және тарихи-мәдени мұрасын зерттеу
негізінде шығармашылық әлеуетін ынталандыру және дамыту.
3. Байқауды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
«Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК
өткізеді.
4. Байқауды ұйымдастырушылар әділ қазылар алқасы мен ұйымдастыру
комитетінің құрамын қалыптастырады.
2. Байқауды өткізу мерзімі мен тәртібі
5. Байқау жұмыстары 2016 жылғы 26 қазаннан 5 желтоқсанға дейін
nt_ekotur@mail.ru электронды поштасына қабылданады.
2016 жылғы 5 желтоқсаннан кейін түскен байқау материалдары,
сондай-ақ
талаптарға
сәйкес
келмейтін
байқау
материалдары
қарастырылмайды.
Байқаудың қорытындысы, жеңімпаздардың дипломы, қатысушылардың
сертификаттары 2016 жылғы 21 желтоқсанда www.ziyatker.org сайтында
орналастырылады.
6. Байқауға келіп түскен жұмыстар қайтарылмайды. Байқаудың
ұйымдастырушылары авторды көрсете отырып, жұмысты бұқаралық ақпарат
құралдарында жариялауға құқылы.
7. Байқауға қатысу үшін 1500 (бір мың бес жүз) теңге төлемақы төленеді.
Төлемақы барлық банк немесе Қазпошта бөлімшелерінде келесі
реквизиттер арқылы жүргізіледі:
ҚР БҒМ «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы»
РМҚК (резидент).
БИН 990140004733
ИИК KZ918560000005068448
БИК KCJBKZКX
Кбе 16
Төлемақы мақсатының коды: 859.
АО БанкЦентрКредит
Төлемақының мақсаты: «Қызыл кітап жастардың көзімен» байқауы.
Байқауға қатысушының (жіберуші) аты-жөні, тегі міндетті түрде көрсету қажет.
8. Байқауға қатысу үшін міндетті түрде келесі құжаттарды:
1)
кестеге сәйкес өтінімді;
2)
сканерден өткізілген түбіртек немесе төлем тапсырмасын;
3)
электронды түрде байқау жұмысын nt_ekotur@mail.ru электронды
поштасына жіберу қажет.
3. Байқау талаптары
9. Байқауға мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша, кәсіптік және
техникалық білім беру ұйымдарының 6-18 жас аралығындағы білім алушылар
келесі жас санаттары бойынша қатыса алады:
6 жасқа дейін мектепке дейінгі жас санаты;
7-10 жастағы кіші жас санаты;
11-14 жастағы орта жас санаты;
15-18 жастағы жоғарғы жас санаты.
10. Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
1. «Қызыл кітап» номинациясы - байқауға Қазақстан территориясында
кездесетін сирек және жойылып бара жатқан жануарлар немесе өсімдіктер
түрінің суреті қабылданады.
Кез-келген материалда орындалған суреттер (ватман, қатырма, кенеп
және тағы басқа) және кез-келген техникамен салынған (май, акварель, тушь,
түрлі-түсті қарындаштар, борлар және тағы басқа) болуы керек. Байқауға
ұсынылған жұмыстар JPEG немесе BMP форматында электронды түрде
ұсынылуы мүмкін. Графикалық файлдың көлемі 3 мегабайттан аспауы тиіс.
Байқау жұмыстарын бағалау өлшемдері:
байқаудың тақырыбына және номинациясына сәйкестігі;
жұмыстың сапалы және шебер орындалуы;
ойдың түпнұсқалығы;
жұмыстың көркемдік деңгейі;
шығармашылық деңгейдің автордың жас ерекшелігіне сәйкестігі;
тақырыптың шығармашылық ойы және толық ашылуы.
2. «... қорғауға аламыз» номинациясы- зерттеу
жобаларының
байқауы.
Байқау жұмысы келесі құрылымдардан тұруы тиіс: беткі парақ, мазмұны,
кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, әдебиеттер тізбесі, қосымшалар.
Кіріспеде зерттеудің өзектілігі мен тәжірибелік мәні, жұмыстың мақсаты
мен міндеттері, зерттеу объектісі мен құралы көрсетілген, болжамы
қалыптасқан, зерттеу әдістерінің таңдауы негізделген, зерттеу кезеңдері
көрсетілген болуы тиіс.
Байқау жұмысының негізгі бөлімі қарастырылатын қиындықтарды
сипаттауды, оларды шешу әдістерінің сипаттамасын, зерттеу кезеңдерін,
шығарылған қорытынды негіздемесін және қосымшаны өңдеуді қамту керек.
Байқау жұмысының қорытындысында кіріспеде қойылған мақсат пен
міндеттер жетістігінің барынша маңызды тұжырымдары қысқаша баяндалуы,
қиындықтарды шешу перспективалары және осы тақырып бойынша әрі қарай
зерттеуге болатын бағыттар көрсетілуі керек. Автордың тәжірибе түріндегі
ұсынымдары аса маңызды болып табылады.
Байқау жұмысының әдебиеттер тізбесінде зерттеу жұмысын орындауда
қолданылған барлық дереккөздер көрсетілуі керек. Байқау жұмысының
мәтінінде қолданылған дереккөздерге сілтеме болуы тиіс.
Қосымшада көмекші және қосымша материалдар орналасады (кесте,
графикалық материал, құжаттардың үлгілері және басқалары).
Жұмысты ресімдеу талаптары:
1) жұмыстың мәтіні MSWord мәтіндік редакторында терілуі керек. Қаріп:
TimesNewRoman; қаріп мөлшері: 14; аралық: 1; жол: әр жағынан 2 см-ден;
сәйкестендіру: көлемі бойынша, бірінші жолдың азат жолы – 1,25 см;
2) жұмыстың көлемі – 3-10 бет А4 форматында, қосымшаны қоспағанда.
Қосымшаның көлемі 5 беттен артық емес;
Байқау жұмыстарын бағалау өлшемдері:
зерттеудің өзектілігі мен жаңашылдығы;
ғылыми мазмұндылығы мен жобаның тәжірибелік мәні;
зерттеу міндеттерін шешудің шығармашылық және өзіндік тәсілі;
қиындықтарды шешу тәсілдерінің сонылығы;
материалды
баяндаудың
дәлділігі
және
қиындықты
зерттеу
толықтылығы;
шешімдердің қисындылығы, негізділігі.
3. «Табиғатқа жолдас бол» номинациясы - өзі жазған авторлық өлеңдер
байқауы.
1) жұмыстың мәтіні MSWord мәтіндік редакторында терілуі керек. Қаріп:
TimesNewRoman; қаріп мөлшері: 14; аралық: 1; жол: әр жағынан 2 см-ден;
сәйкестендіру: көлемі бойынша, бірінші жолдың азат жолы – 1,25 см;
2) жұмыстың көлемі – 2 беттен аспайтын А4 форматында
.
Байқау жұмыстарын бағалау өлшемдері:
байқаудың тақырыбына және номинациясына сәйкестігі;
ұйқас стилистикасы, күрделілігі;
сонылығы мен көркемдігі;
қысқалығы мен түсініктілігі.
4. «Табиғат және біз» номинациясы - эссе байқауы.
Көлемі: 1 беттен артық емес (А4 форматы, Word for Windows, Times New
Roman қаріпі, 14 кеглі, арақашықтығы бір жарым, барлық жолағы - 2 см).
Байқау жұмыстарын бағалау өлшемдері:
байқаудың тақырыбына және номинациясына сәйкестігі;
тақырыпқа сәйкес теориялық және деректі материалдардың болуы;
тақырыптың қисындылығы мен толық ашылуы;
авторлық мәтіннің мазмұндау жүйелілігі және хат жазу мәдениеті.
11. Байқауда бір қатысушы бір номинация немесе бірнеше номинацияға
қатыса алады. Әр номинацияға әр қатысушыдан бір ғана жұмыс қабылданады.
Әр номинация бойынша әр жеке жұмыс үшін төлемақы қабылданады.
12. Байқау жұмысының титул парағында көрсетіледі:
облыс, аудан (қала), ауыл;
білім беру ұйымының аталуы;
байқау, номинация, жұмыс аталуы;
автордың аты-жөні;
қатысушының жасы;
e-mail, байланыс мәліметтері;
жетекшінің аты-жөні, тегі;
жетекшінің лауазымы және жұмыс орны.
13. Интернет желісінен алынған және өзге авторлардың материалдарын
қолдануға тыйым салынады. Байқау жұмыстары бұрын ешқандай интернет
желісінде жарияланбаған болуы тиіс.
4. Байқаудың қорытындысын шығару және жеңімпаздарды
марапаттау
14.
Әділқазы
мүшелері
номинациялар
бойынша
байқаудың
жеңімпаздарын анықтайды.
15. Байқау жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежедегі дипломдармен, байқау
жеңімпаздарының жетекшілері алғыс хатпен марапатталады, орынға ілікпеген
қатысушыларға сертификаттар беріледі.
Байқау жеңімпаздарына дипломдардың, олардың жетекшілеріне алғыс
хаттардың және қатысушыларға сертификаттардың электронды нұсқалары
www.ziyatker.org сайтында мына сілтеме
http://www.ziyatker.org/#!-/c10hg
бойынша автоматты түрде жүктеу мүмкіндігімен орналастырылады.
Анықтама телефондары: 8(7172)249308 ( «Қызыл кітап жастардың
көзімен» байқауы).
Диплом,
сертификаттардың
онлайн
нұсқасын
жүктеу
үлгісі
www.ziyatker.org
→Республикалық шаралар→ «Қызыл кітап жастардың
көзімен» байқауы → жалғасы. «Жасыл ғаламшар» қауымдастығына
(«ВКонтакте» әлеуметтік желісі арқылы) тіркелуі тиіс. (Мына сілтеме
бойынша
https://vk.com/greenplanetkz
).
Қашықтықтан өткізілетін Республикалық интернет байқауына қатысу өтінімі
Қатысуш
ының
аты-жөні,
тегі
Жа
сы
Облыс, қала, аудан,
ауыл, білім беру
ұйымының атауы,
сыныбы, курсы
Байқаудың,
номинациян
ың,
жұмыстың
атауы
Байланыс
мәліметі
(ұялы
телефон, эл.
адресі)
Жетекшінің аты-
жөні, тегі (толық),
егер бар болса,
жұмыс орны мен
қызметі
Жетекшінің
байланыс
мәліметі (ұялы
телефоны, эл.
адресі)
1
2
3
4
5
6
7
Достарыңызбен бөлісу: |