ҚР қылмыстық процестің міндеттері мен қағидаттарын қарастырады.
Уақыты
Кезеңдері
Тапсырма
Тапсырманың мақсаты
Бағалау
Ресурстар
1 минут
Ұйымдастыру
Сабақтын тақырыбымен, оқу мақсаттарымен және бағалау критерийлерімен таныстыру
слайд 1-2
15минут
Жаңа сабақ
Қылмыстық іс жүргізу құқығы азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау ісінде, Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау әрекеті мен сот төрелігін жүргізуде маңызды рөл атқарады. Қылмыстық істердің қарастырылуына, тергелуіне, шешілуіне байланысты қылмыстық процеске қатысушылардың арасында туындайтын қоғамдық қатынастар қылмыстық-процестік құқықтың пәні болып табылады.
Қылмыстық процестің міндеттері
Қылмыстық құқықбұзушылықтың жолын кесу
Қылмыстық құқықбұзушылықты әділ, тез және толық
ашу және тергеу
Қылмыстық құқықбұзушылық жасаған адамдарды
әшкерелеу және қылмыстық жауаптылыққа тарту
Әділ сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс
қолдану
Қоғамды, мемлекетті және тұлғаларды қылмыстық
құқықбұзушылықтардан қорғау
Қылмыстық процесс қағидаттары деп негізгі құқықтық ережерлер немесе жалпы және жетекші мәні бар құқықтық нормаларды айтамыз.
Бұл ережелер қылмыстық процеске қатысушылардың барлығы үшін міндетті.
Қағидаттар процестің мәні мен табиғатын білдіреді, оның барлық сатыларының, түрлері мен институттарының құрылымын анықтайды. Қылмыстық процесс қызметін мемлекет қылмыстық сот өндірісінің алдына қойған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге бағыттайды.
заңдылық қағидаты;
сот төрелігін соттың ғана жүзеге асыруы;
адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау;
жекебастың абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеу;
жекебасқа қолсұғылмаушылық;
қылмыстық істер бойынша іс жүргізу кезінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау;
жеке өмірге қолсұғылмаушылық;
тұрғынжайға қолсұғылмаушылық;
меншікке қолсұғылмаушылық;
кінәсіздік презумпциясы;
қайтадан соттауға және қылмыстық қудалауға жол бермеушілік;
сот төрелігін заң мен сот алдындағы теңдік бастауларында жүзеге асыру;
судьялардың тәуелсіздігі;
сот ісін жүргізуді тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығы негізінде жүзеге асыру;
істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеу;
дәлелдемелерді ішкі сенім бойынша бағалау;
күдіктінің, айыпталушының қорғалу құқығын қамтамасыз ету;
білікті заң көмегін алу құқығын қамтамасыз ету;
куәлік беру міндетінен босату;