Ашытқы биомассасын алу


Ашықы биомассасын синтездеудегі сыртқы орта факторының әсері



бет10/12
Дата22.03.2022
өлшемі197 Kb.
#28542
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Ашықы биомассасын синтездеудегі сыртқы орта факторының әсері

Ашытқы тіршілігіне қоршаған факторлары үнемі әсер етіп отырады. Олар температура, рН ортасы, құрғақ заттар концентрациясы, культруалды ортаның оттегімен қамтылуы, т.б. заттар. Жоғарыда көрсетілген факторлар жасушаға қолайлы немесе қолайсыз әсер етуі мүмкін. Микроорганизмдерге әсер етуіне қарай факторлардың үш түрін ажыратады: минимальды, оптимальды, максимальды. Микроорганизмдер тіршілігіндегі барлық процестер оптимальды факторлардың жағдайында жақсы жүреді. Егер қандайда бір фактор минимумнан төмен болса, организм дұрыс жетілмейді. Температура жасушадағы зат алмасулар процесінің интенсивті өтуін анықтайды. Нан ашытқысындағы оптимальды температура 21-340С. Қазіргі уақытта жаңа оптимальды температура алынды – 380С температурасының оптимальды жағдайдан жоғарлауы алынатын өнімнің сапасын төмендетеді, ал төмендеуі ашытқының көбеюінің активтілігін төмендетеді. Ортаның активті қышқылдығы рН орта. Ашытқылардың тіршілігіне рН орта айтарлықтай әсерін тигізеді. рН-тың көлеміне қоректік ортаға түсуі, ферменттердің активтілігі, витаминдердің түзілуі, ашытқы жасушаларының өсуі байланысты. Нан ашытқысының жақсы өсуі рН-тың 4,5-5,5 мәнінде ие болады. Аппаратты жүктегенде және процестің бірінші кезеңінде рН ортаны 4,5-4,6 деңгейінде ұстау керек. Құрғақ заттар концентарциясы. Ашытқылардың көбеюінің активтілігі қоректенуге, осмостық қысымға ба йланысты. Сахаромицет ашытқыларының жасушасының осмостық қысымы 0,8-0,12 МПа. Ол ашытқылардың концентрлігі жоғары ортасында жоғарылайды. Культуралды ортаның аэрациясы. Кез – келген микроорганизмнің тіршілігінің тұрақты болуы үздіксіз түсіп отыратын энергияға байланысты. Оны ашытқы жасушасы ашу мен тыныс алу процесінен алады. Бұл процестер бір-бірімен байланысты. Ашытқы жасушаларындағы ферментация процесінің не ашу, не тыныс алу аймақтарына бағытталуы мүмкін. Ферментациялық процесс интенсивті аэрациялау жағдайына биомасса жинауға бағытталады. Ортадағы еріген оттегінің жетіспеуінде тыныс алу процесімен бірге ашу процесі де жүреді. Онда ашытқылармен бірге спиртте жиналады. Ортада оттегі аз болған сайын ашытқы мен спирттің жиналуы азаяды. Ашытқы өндірісіндегі жұмысшылардың мақсаты, тауарлы ашытқы өндіруді биомасса синтезіне бағыттап, спирт пайда болуын жою. Химиялық заттар. Химиялық заттар ашытқыларға әртүрлі әсер етеді. Ол культуралды ортаның концентрациясына байланысты. Культуралды ортаға химиялық заттар шикізатпен бірге (меласса, аммоний сульфаты, диаммонийфосфаты және т.б.), күкірт қышқылымен немесе залалсыздау аппараты жуу арқылы келеді. Оларға сульфидтер мен сульфаттар, фтор, мыс, нитриттер, фенолдар, пирокатехин және кейбір бейорганикалық заттар жатады.


      1. Ашу процесі

Тотығу – тотықсыздану процесі ашу процесі деп атайды. Процестің жүру кезінде АИФ түзіледі. Ашу процесі кезінде сутегі доноры және акцептор қызметін ашу процесі нәтижесінде түзілетін органикалық қосылыстар атқарады. Ашу процесінің қоздырғыштары – облигатты анаэробты микроорганизмдер. Ол тек қана анаэробты жағдайда жүреді. Ашу процесінің оттегінсіз жағдайда жүретін 1860 жылы Л. Пастер ашқан. Әрбір ашу процесі екі кезеңнен тұрады. 1-кезеңінде глюкоза пирожүзім қышқылына айналады да, 2 молекула сутегі субстраттан бөлініп шығады. С6Н12О6 2СН3СОСООН + 2Н2 Көмірсу пирожүзім сутегі қышқылы 2-кезеңінде пирожүзім қышқылының сутегі тотықсыздандырады да спирт немесе қышқылдар түзіледі.

2СН3СОСООН + 2Н2 2СН3С НОНООН



Микроорганизмдердің әсерінен қанттың пирожүзім қышқылына айналуы үш жолмен жүреді. Бірінші жолы – Эмбден-Мейергоф-Парнас немесе фруктозадифосфат жолы. Оны гликолиз деп атайды. Бұлар бактерияда анаэробты облигатты және факультативті анаэробты организмдерде табылған. Екінші жолы – пентозофосфат жолы. Ол көптеген прокориот және эукориот организмдерде кездеседі. Үшінші жолы – Энтнер-Дудоров. Ол көбінесе аэробты бактериялардан табылды.




      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет