Сабақтың тақырыбы: Бұлшық ет қызметіне бейімделу. Ағзаның функциональды қорлары
Сабақтың жоспары:
1.Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері.
2.Дене жаттығулары және спорт физиологиясының даму тарихы.
3.Қоршаған ортаның әр түрлі жағдайларға бейімделуі туралы түсінік. Кез - келген ағза тіршілігінің негізі оның рефлекстік жүйесіне байланысты жүзеге асырады. Сыртқы орта осы рефлекстік жүйе арқылы ағзаға әсер етіп, ағза сол әсерге қарсылығы немесе бейімділігі арқылы жауап бере алады. Мысалы, қолға тікен кірсе, қолды тез тартып аламыз: бұл жай ғана рефлекстік жауабы, ал жүгіру немесе жүкті біртіндеп ауырлату арқылы ағзада күрделі өзгерістер, яғни ағзада үдемелі әсерге бейімделушілік болады, ал бұл оның күрделі рефлекстік жауабы болып табылады.Ағзаның сыртқы ортамен қайтарма әсері, яғни ағзаның сыртқы ортаға тигізетін әсері де болады. Сыртқы ортаның осылай өзгерген әсеріне және 3- ретте қайталануына да ағза жауап береді. Бұл жағдай орталық жүйке жүйесі арқылы басқарылып, ағзаның барлық құоылысына әсер ете бастайды.
Ағза сыртқы ортаның үдемелі өзгерген әсеріне бейімделе бастайды. Ағзаның сол ортаға (әсерге) бейімделуі оның құрылыс өзгерісіне қарай қалыптасады. Бір мүшедегі өзгеріс басқа мүшелерге әсер етіп, қайтадан құрылу реті күрделіленіп кете береді.
Ағзаның бейімделуі оның жеке дамуы кезінде және ол тұрақтанғаннан кейін ұрпағында да жалғасуы мүмкін.
Ағзаның бейімделуінде алдымен қызметтік бейімделу, одан кейін, өте баяу болса да, құрылымдық (морфологиялық) өзгеріс басталады. Қорыта айтқанда ағзада құрылым – қызметтік (марфофункциональды) бейімделу ұдайы жүріп отырады. Мүше немесе мүше жүйенің қызметі артуымен (гиперфункция) қатар, онда құрылымдық қайта құрылыс басталғанын көрсетеді.
Ағзадағы жетіліп, біркелкіленіп бейімделу барысы кезінде құрылымдық жағынан кейбір мүше ұлғаяды (гипертропия), ал кейбір мүше дамымай, семіп қалады (атрофия),
Мүше ұлғайғанда (гипертрофия кезінде) оның көлемі және қызметі артады, кейде шамадан тыс үлкейіп (гиперплазия), ұлғаюы да мүмкін. Мүшенің семіп қалуы (атрофия) гипертрофияға қарағанда керісінше болады. Мүшенің көлемі және қызметі төмендеп кейде семіп, жоғалуы да мүмкін. Атрофия дертті өтеді. Мүшенің шын немесе жалған ұлғаюы болады. Шын гипертрофия болғанда паренхиматозды, жасушаның қайта құрылысы болып, олардың қызметі де ерекше өзгереді. Бұл кезде аралық (май, дәнекер) ұлпалар да үлкейеді. Жалған гипотрофияда паренхиматозды жасушалар дәнекер ұлпамен алмасады да біртіндеп жоғалып кетеді.
Қозғалысы аз адамдардың жүрегінің атқаратын функциональдық қызметі белгілі мөлшердегіден төмен болады. Мысалы: белгілі мөлшерде атқарылатын жүктеме жұмыс кезінде аз қозғалатын адамдардың бір минутта қолданылатын айналымдағы қанның мөлшері 15-20 литр шамасында болса спортшылардың бір минутта қолданылатын қанның мөлшері 40 литр немесе одан да көп болуы мүмкін. Аз қозғалатын адамдардың жүрегінің жетімсіз дамуының салдарынан тамырлар жүйесінде бірнеше жағымсыз өзгерістер байқалады. Ондай адамдардың тамыр қабырғаларында өзгерістер пайда болады. Олар жүректе және орталық жүйке жүйелерінде пайда болып, қан айналымның нашарлауына, ағзаларды қанмен жабдықтау мөлшерін кемітеді. Артерия қабырғаларының функционалдық өзгеріске ұшырауы қан қысымын жоғарылатады. Бұл организмнің өмір сүру мүмкіндігіне жағымсыз кедергі жасайды. Осындай кедергілер адамның жатқан жерінен тұру кезінде жүректің жиі соғуына әкеліп соқтырады, қан көлемінің азаюына себепші болады. Дене тәрбиесіне бейімделген жаттығуларды орындау арқылы қан қысымын қалпына келтіруге болады. Бұл әдіс гипертония ауруымен емдеу кезінде де қолданылады. Гипокинезия жағдайында ұзақ уақыт болу, ішкі секреция мүшелеріне жағымсыз әсер етеді. Мысалы, бүйрек үсті кортикостеройдтың қосарлануына әсер етіп, оның гиперфункциясын айқын көрсетеді.
2.Дене тәрбиесі мен жеткілікті түрде айналысқан және дене шынықтыру жаттығуларын жүйелі жүргізетін адамдардың жұмысы өнімді, атқаратын қызметі де жүйелі болып дене тәрбиесімен айналыспаған адамға қарағанда артық болады. Себебі ағзаның мүмкіндіктері жеткілікті. Ал қозғалысы аз адамның мүмкіндіктері жетікіліксіз. Ағза түрлі мүмкіндіктерді бойына сақтайды: морфологиялық, биохимиялық, физиологиялық, психологиялық және тағы басқалар. Морфологиялық мүмкіншіліктер ұлпалар және ағзалардың құрылысына негізделеді. Биохимиялық мүмкіншіліктер ағзадағы энергетикалық заттардың жетімсіздігіне және қабілетті ферменттерді пайдалануды қамтамасыз етеді.
Физиологиялық мүмкіншілік функциялық жағдайға тығыз байланысты жеке ағзаның және түгел ағзалардың функциональдық жағдайына байланысты түсіндіріледі. Олар өмірдің әртүрлі жағдайына қалыптасуға мүмкіндік береді. Дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысу барысында ағзаның барлық мүмкіндіктері артады. Бұл кезеңде оның көлемі кеңейіп қана қоймайды, оларды толық пайдалануға жағдай жасайды.
Адамның жалпы физиологиялық мүмкіншілігі адамның қозғалыс аппаратының мүшелерінің тыныс алуы және жүрек – тамырлар жүйесін қарау арқылы, жасуша, ағза, ағза жүйелері және түгел ағзалар деңгейі тұрғысында қаралуы тиіс. Дене тәрбиесі кезінде адамның ағза жүйесінің барлық мүмкіншілігі түгел қатыса бермейді, тек жұмыс қабілетін арттыратын жүйесі ғана қатысады.
Адамның дене тәрбиесі кезіндегі жұмыс қабілеті ағзаның физиологиялық мүмкіншіліктерімен тығыз байланысты. Күнделікті өмірде адам өз бойындағы жұмыс қабілетінің 35% пайдаланады. Егер бойындағы жұмыс қабілетінің 40- 50% пайдаланса адам күрт әлсіреп, физикалық және психологиялық шаршау пайда болады. Ал егер 60-65% мөлшеріндегі күшін пайдаланса, жұмысты әрі қарай жалғастырудан бас тартады. Бұлшық ет күшті пайдалануда жаттығу жұмыстарын жүйелі жүргізетін адамдар тиімді жүзеге асыра алады, ал жаттықпаған адамдар бұл жаттығуларды толық орындауға мүмкіншіліктері өте аз болады.
Адам ағзасының қандай бөлігінің қабілеттілігін пысықтау кезінде немесе жаттығу кезінде өлшеуге болады. Ондай бақылау жүйесі кезінде адамның физиологиялық мүмкіндіктері анықталады. Бұл бақылау кезінде оның жаттығу жұмыстарын жоспарлауға, қадағалауға болады. Адамның физиологиялық мүмкіншіліктеріне қарай бірнеше кезекті жаттығуларды жоспарлау керек. Жаттығулар адамның жағдайына, қызметіне байланысты орайластырылады. 1–ші кезеңде мүмкіншілік қалыпты тыныштықтан жеңіл дене бұлшық еттерін жұмысқа қатыстыру арқылы. 2-ші кезеңде ағза жұмысы кезінде әсіресе ағза ауыр жұмысқа қатыстырылып тұрған кезде жүргізіледі. Мұндай іс – қимыл адамның өз еркімен қиын жаттығуларды тоқтатуымен шектеледі. Жаттықан адамдардың жаттығуды тоқтатуы жаттықпаған адамдарға қарағанда кейінірек болатыны байқалады. 3- ші кезең ағза өмір үшін күреседі.
3.Спортпен айналысатын адамдарға жасалынған зерттеулерге қарағанда жүйелі бұлшық еттердің қатысуы, ағзаның әртүрлі жағымсыз қиындықтарға тез арада төзімділігі, шыдамдылығы қалыптасатындығы айқындалып отыр. Төзімділігі деп қоршаған ортаның жоғары немесе төменгі температурасына, барометрлік қысымға, шыдауын айтсақ.. Оттекті жүйелеуіне ыстық немесе салқын кезеңдердегі ұзақ мерзімді жұмыстар кезінде, желді ауа райында байқалады. Спортшылар таулы аймақтарда жүргізілген дайындық жаттығу жұмыстарын жүргізу барысында арнаулы дайындықтан өтпеген адамдардың, төзімділігі және тез дағдылануы (адаптируются) қиынға соғатыны белгілі. Таулы аймақтардағы ауа райының төмен қысымы, төмен парцинольды қысымға да тез үйреніп кетеді. Дене тәрбиесімен айналысқан адамдар ауасыздыққа басқа да ауыр жүктемеге тез қалыптаса алады. Сондықтан ұшқыштар мен ғарышкерлерді дайындау барысында осыған негізделінген жаттығулар жоспарлы түрде жүргізіледі. Дене тәрбиесі жаттығуларымен жүйелі айналысқан адамдар көп ауруларға шалдыға бермейді.
Адамдарға, жан – жануарларға жүргізілген сынақ жұмыстары кезінде арнайы жасалынатын жүзу, жүгіру, аспаға асылып тұру жаттығуларын жасап дағдыланғандар ренген сәулелеріне, радияцияларға, барынша төзімділік көрсете алады.
Жоғарғы көрсетілген мысалдардан жасалынатын қорытынды адамдардың мүмкіншілігіне дене тәрбиесі жаттығуларымен, спортпен шұғылдануы өте пайдалы болады.