Қашықтықтан оқытуға арналған білім беру платформалары мен сервистер жиыны.
Әр платформа мен сервистерге әдістемелік талдау жасау.
Өзіңіз үшін ең тиімдісін айқындау және сипаттама беру.
Қашықтықтан оқыту технологиясы-заман талабы
Жоғары оқу орындарын қашықтықтан оқытуға, оның ішінде білімді бағалаудың барлық түрлерін қашықтықтан жүргізуге ауыстыру – әлемді жайлап келе жатқан коронавирус індетінің таралуын тежеу үшін қабылданған нақты қадамдардың бірі екені шындық. Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның жиынына қатысқан ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов еліміздегі жоғары оқу орындары мен коллеждер қашықтықтан оқытуға дайын екенін хабарлағаны мәлім. Министр айтқандай, қашықтықтан оқытуға Қазақстандағы жоғары оқу орындарының қауқары жетеді. Студенттерді қашықтықтан оқытуға техникалық мүмкіндік бар және интернеттің жылдамдығы да жеткілікті.
Бүгінгідей, әлемді, оның ішінде біздің елімізде де коронавирус індетінің қауіпі орын алған жағдайда қауіпсіздік шараларының бірі ретінде студенттерге қашықтықтан дәріс беру шын мәнінде қажетті де маңызды шара. Осы ретте сандық оқытудың әдістері, проблемалары, нәтижелері мен болашағы туралы бағдарлар білім саласындағы әрбір маманды бей-жай қалдыра алмайды. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруға арналған сандық шешімдер мен сервистер саны күн сайын өсіп келеді. Мәселен, серверлік бағдарламалық қамтамасыз ету, open-source, ақылы бұлтты порталдық шешімдер, интеллектуалды корпоративтік жүйелер айырықша мазмұнға ие. Технологиялық шешімдердің сан алуандығына қарамастан, оқытушылар мен студенттердің қашықтықтан оқыту форматын еш қиындықсыз игеруі үшін және дәріс беру нәтижелерін сапалық деңгейге көтеру алгоритмдерін дұрыс түсіну мен бағалау мақсатында нақты ойластырылған жоспарлы бағдарлар керек. Сандық технологияларды тиімді енгізуге, міне, осындай бағдарлар ғана көмектесе алады. Бұл орайда цифрлық бағдарларға көшу үрдістері ең алдымен адами капиталға бағытталуы қажет: білім алушылардың таланттарын ашатын ұлық тұлғалар – педагогтарға деген қамқорлықтың маңызы зор, қайтарымы көп. Онлайн дәріс оқытушылардың да, студенттердің де жауапкершілігін арттырады.
Қашықтықтан оқытуды енгізудің бастапқы кезеңінде оқытушылардың жүктемесі айтарлықтай өседі. Сандық оқу контентін дайындау, білім алушылардың жетістіктерін қадағалау, студенттермен тұрақты коллаборация жасау, сандық және кәсіби дағдыларды жетілдіру – дәрістік жұмыстағы негізгі бағдарлар болмақ. Бұл бағытта оқытушының рөлі мен қызметіне, кәсіби шеберлігіне талаптар күшейеді. Олар оқытудың жаңа әдістемесін дайындап қана қоймай, «қашықтықтағы» аудиторияны біліктілігімен,іскерлігімен, шешендік өнерімен баурай білуі тиіс.
Қашықтықтан оқытуға арналған білім беру платформалары мен сервистер жиыны.
Аудиторияны қашықтықтан онлайн-режимде басқару, ұйымдастыру шеберлігі, қызықты, сандық мазмұнды жобаларды дайындап, білім алушылардың білімін объективті бағалау, студенттердің үлгерімін талдау және есептілікті уақытында қалыптастыру – бұлардың бәрі оқытушыларға үлкен жауапкершілік жүктейтін міндеттемелер. Қашықтықтан білім берудегі проблемалардың бірі – көбінесе зертханалық жағдайларда сынақ жұмыстарын жүргізудің мүмкін еместігі еді. Microsofteams (MS Office365 пакетіне кіреді) оқытушыға онлайн дәрістерді, семинарлар мен тәжірибелік сабақтарды өткізуге көмекші болса, жоғары оқу орнының әкімшілігіне өткізілетін сабақтарға мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Оқытушылар өз сабақтары бойынша лекцияларды трансляциялай алады, ал студенттердің онлайн трансляцияны кез келген уақытта пайдалануларына мүмкіндігі бар. Негізгі ресурс – dl.iitu.kz. порталы арқылы оқытушылар студенттердің белсенділігіне қарай баға қояды, олардың сабаққа қатысу белсенділігін бағалайды.
Google Classroom платформасы оқуға арналған Google-дің пайдалы қызметтерін біріктіреді. Платформада өз сабақтарыңызды / курстарыңызды құруға, қажетті оқу материалдарын студенттермен бөлісуге, студенттерге тапсырмалар ұсынуға, оқушылардың тапсырмаларын бағалауға және олардың үлгерімін бақылауға және студенттермен қарым-қатынасты ұйымдастыруға болады.
Google Classroom нұсқаулары https://www.iitu.kz/ru/articles/show/222.
Мектептер, колледждер мен университеттер сонымен қатар YouTube-ті оқыту кезінде қолдана алады: https://www.iitu.kz/ru/articles/show/216 және PowerPoint сайтында дәрістер жасайды. https://www.iitu.kz/ru/articles/show/214 Zoom zoom.us/
Бейнеконференциялар мен вебинарларды өткізуге арналған сервис. Тегін нұсқада 40 минутқа дейін және 100 адамға кездесулер өткізуге болады. Оқушылар кездесуге телефон арқылы (zoom бағдарламасын орнату ұсынылады) немесе компьютер арқылы қосыла алады. Кездесудің әрбір қатысушысы дауыстап сөйлеуге, бейнематериалды көрсетуге және экранды кеңейтуге мүмкіндігі бар.
Facebook Live
Facebookтан тікелей бейне хабар тарату. Live трансляцияларды іске қосып, онлайн сабақ өткізуге болатын сыныптың жабық тобын жасаңыз. Бұл тегін және уақыт бойынша шектеулер жоқ.
Instagram Live
Instagram арқылы бейне трансляция. Егер оқушылар сізге қосылып тұрған болса, онда олар эфирге шығу туралы хабарлама алады, сіз трансляцияны өз аккаунтыңызда жүргізе аласыз. Немесе сыныпқа жабық аккаунт құру арқылы онлайн кездесулер жүргізуге болады.
WiziQ www.wiziq.com/
Онлайн-оқытуды ұйымдастыру сервисі. Оқушылар қосылатын сынып құрылады (олар осы ортада аккаунт жасауы тиіс). Мұнда қарым-қатынас жасауға, тапсырмалар мен хабарландырулар жариялауға және онлайн-кездесулер жүргізуге болады. Курс пен бейне кездесуге тегін нұсқада тек 10 қатысушы ғана қосыла алады.
Periscope
Тікелей эфир өткізуге арналған қосымша. Оқушылар сіздің трансляцияңызды көру үшін, оларға осы қосымшаны телефонға орнатып, аккаунт жасау керек.
Skype
Бейнеконференция өткізуге арналған сервис. Әрбір оқушының Skype аккаунты болуы керек. Сынып тобы құрылады және белгілі бір уақытта топтың барлық қатысушылары қосылатын қоңырау соғылады.
.
Meetings, ZOOM бағдарламасының ақпараттық жүйесінің өзіндік мынадай артықшылықтары бар екеніне көз жеткіздік: оқытушының да, студенттің де оқытудың уақыты мен орнын тиімді таңдай білуі; білімнің тиянақтылығы; оқытушы мен студенттер арасындағы кері байланыс; білім берудің дифференциациясы мен тұлғалық жекелілігі; уақыт үнемділігі; ата-ана бақылауы (ата-аналардың білім беру үрдісін және оқытушылармен қарым-қатынасын бақылау мүмкіндігі).
Достарыңызбен бөлісу: |