Оқу үрдісін кезекті және мақсатқа бағытталған түрде жүзеге асыруға негізделген. Оқытушылардың студенттерге қойылатын талаптары медициналық колледжде оқудың жалпы қағидаларына сәйкес негізделіп жасалған:
Дәрістер мен тәжірибелік сабақтарға міндетті түрде, үнемі қатысу.
Дәріске міндетті түрде қатысу. Рейтинг есептеген кезде жіберілген әрбір дәріс (1 сағаттық) 1 балл шегеріледі.
Орындау түрі әркелкі болатын СӨЖ-ң 4 түрін міндетті орындау.
Студент СӨЖ-н тақырыптық жоспарға сәйкес сол тарау бойынша аралық бақылауға дейін 1 апта бұрын тапсыру керек.
Аралық бақылауды тақырыптық жоспарға сәйкес тапсыруы тиіс. Аралық бақылау теория бойынша сұрақтарға жауап беруден және тәжірибелік дағдыларды (зертханалық жұмыстарды орындау және безендіру) тапсырудан тұрады.
Жіберген сабақты өтеу жіберілген сабақ саны көрсетілген оқу бөлімінің рұқсат қағазы болғанда ғана жүргізіледі.
Студент сабаққа кешікпей келуі тиіс.
Сабаққа таза, үтіктелген ақ халатпен келуі керек.
Профессор-оқытушылар құрамымен, оқу-көмекші құрамның қызметкерлерімен және студенттермен құрмет тұтарлық қарым-қатынаста болу.
Топтардағы талас тудырған мәселелерді колледждің оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен ашық түрде талқылау.
Колледж мүлкіне: жиһазға, құралдарға, гүлдерге, химиялық ыдыстарға және т.б. жанашырлықпен қарау.
Пәнді оқу мақсаты:
Білім алушыларды дүниежүзі тарихының негізгі оқиғалары мен процестерін тереңдете және жан-жақты оқытуын қамтамасыз ету негізінде тарихи санасы қалыптасқан, азаматтық-патриоттық қасиеттерге ие, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтейтін, тарихи білім мен дағдыларын оқу процесінде және әлеуметтік жағдайда белсенді әрі шығармашылықпен қолдана алатын тұлға қалыптастыру.