Философия және мәәдениеттану пәні, мақсаты және қызметтері. Мәдениет ұғымының тарихи қалыптасуы, даму кезеңдері, қызметі мен әдістері. Таным мүмкіндіктері мен шекаралары. Ғылыми таным ерекшеліктері. Болмыс – онтологияның орталық категориясы.Ежелгі Қытай философиясы мен мәдениеті. Ежелгі Үндістан мәдениеті мен философиясы. Ежелгі Мысыр және Вавилон мәдениеттері. Антика мәдениеті мен философиясы. Ортағасырлық Шығыс және Батыс философиясы. Орта ғасыр мәдениеті. Қайта Өркендеу дәуірі философиясы. Қазақ даласының ежелгі мәдениеті мен өркениеті. Көшпелі өркениет құндықытары. Халық ауыз әдебиеті мен шешендік өнер. Жаңа дәуір философиясы. ХVІІІ ғасырдағы Еуропаның ағартушылық философиясы. Жаңа заман мәдениеті
Кіріспе:
Философия — адамзат баласының сонау ықылым заманнан басталған білімі, қоғамдық сананың формасы, болмыс пен танымның жалпы заңдылықтары туралы ілім. Кез-келген адамды әлем, қоршаған орта, қоғам, дін, діл, білім, саясат, мәдениет секілді мәселелер бей-жай қалдырмайтыны айдан анық. Міне, осы іспеттес мәселелер философия пәнінің негізгі қарастыратын бөлімдері болып табылады. Философия сөзі грек тілінен аударғанда - даналыққа деген махаббат мағынасын білдіреді. Б.з.д. 7-6 ғ.ғ. Ежелгі Үндістан, Қытай және Грекия жерлерінде бір уақытта пайда болады. Мәліметтерге сүйенсек, «философия» терминін алғаш қолданған Антика дәуірінің атақты пәлсапашысы (философы) және математигі Пифагор.Философия дүниеге көзқарастың бір түрі. Дүниеге көзқарас - дүние туралы жалпы пікірлер жиынтығы және адамның әлемдегі орны жайлы көзқарасы. Тарихи тұрғыда қарайтын болсақ, дүниеге көзқарас үш негізгі типтен тұрады: Мифологиялық, діни, философиялық.