Қ.Жұмаділовтің “Тағдыр” романы қазақ халқы басынан кешірген ауыр бір кезең – екі империяның алаштың ата қонысы болған сайын даланы екіге бөліп, шекара сызығын жүргізген кезеңін арқау еткен. Романда алуан мінезді, алуан тағдырлы кейіпкерлер характері сомдалып, болмысы ашылады. Тарбағатайдың күнгейін мекен еткен халық тағдыры, Цинь империясының аз халықтарға жүргізген саясаты шынайылықпен шығарманың өзегіне алынған.
Романдағы Демежан бейнесі .Оқырман бұл кейіпкермен роман оқиғасының басында Шәуешек аймақтық губернатор – Ши-амбының қарауында тілмаш болып қызмет істеп жүрген кезінен танысады. Өзгелерге ұқсамайтын ерекше тағдыры бар Демежанның өмір жолы, тіршілік соқпағы, Шәуешек аймағының әміршісіне бағынатын мекендерде тіршілік кешкен қазақ руларымен тығыз байланыста көрсетіледі. Қала өмірінің өзіндік ерекшеліктері, дала тіршілігі, күнделікті өмірге еніп жатқан жаңалықтар нанымды суреттелген.
2
22
Ш. Құсайынов «Томирис» драмасы. Бірінші көрініс
Шахимардан Құсайынов «Томирис» драмасы.
Бірінші көрініс Тәуелсіздік алған Қазақстанның драматургиясында тарихи бейнелер мол-мол суреттеле бастаса, соның бір шырайын шығарған туынды – Шахимардан Құсайыновтың «Томирис» драмасы.
Бұл пьеса -Томирис патшайымның өмір сүрген б.э.д 503 жылдардағы ата-бабамыздың атамекенді қалай сүйгенін, қалай қорғағанын, қалай сақтағанын суреттеген биік парасатқа жетелейтін көркем туынды. Томирис туралы Геродот жазбаларынан жеткен мәлімет парсының елдерді бағындыруға бет алған Кир патшаның қан аңсаған басын қанға бөктіріп, «іздеп келгенің қан болса, қанып іш!» деп, дүниені сақ қызының әлемді дүр сілкіндірген қайратты ерлігі арқылы қайталанбайтын бейнесін танытады. Томиристің осындай ерлігі қазіргі қазақ қызының әрқайсысының бойынан табылатыны сөзсіз.
2
23
Ш. Құсайынов «Томирис» драмасы. Екінші көрініс
Ш. Құсайынов «Томирис» драмасы. Екінші көрініс.Шығарманың мазмұндас әлемдік шығармалармен үндестігі. Шығармадағы көркемдеуіш құралдар мен айшықтау амалдарының кейіпкер бейнесін ашудағы ролі. Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығы.
2
24
Ш.Мұртаза «Тәуекел той» әңгімесі
Ш.Мұртаза «Тәуекел той» әңгімесі.Тәуелсіздік жылдарындағы әлеуметтік-рухани дағдарыстар, экономикалық-тұрмыстық ауыртпалықтар, одан кейінгі бірте-бірге еңсе тіктеудің,қиындықтарды еңсерудің қазақ поэзиясында бейнеленуіне Ш.Мұртазаның шығармалары көркемдік ізденістерінің өзгешелігімен жаңа қоғамдағы жаңа әдебиеттің талаптарына сай келетін деңгейде назар аудартады.
«Тәуекел той» әңгімесінің атының өзі айтып тұрғанындай, шығармаға қазіргі замандағы бәсеке тойы арқау болған. Бақталастық пен күндестіктің шегінен асқынғандығы сонша, той десе жанын салатын қазақ бүгінде дәстүрлі тойларды жоғалтып, тойдың өзін бәсекеге
айналдыра бастады. Даңқ пен дақпыртқа мастанған жандардың өзгеден асып
түсу мақсатында тойдан кейін қарызға белшесінен батып жатуы –бүгінгі күннің шындығы.
2
25
Шығарманың жаңашылдығы
Шығарманың жаңашылдығы.
Шығармадағы оқиғаның қазіргі заманмен байланысы. Ұқсас шығармалармен үндестігі. Композициялық-сюжеттік құрылымы.