Қашықтықтан оқытуға арналған



бет7/17
Дата31.12.2021
өлшемі73,82 Kb.
#22153
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Байланысты:
kazak debieti

Электронды ресурстар:

  1. Сандық білім беру ресурстары:

  2. «Duolingo» сайт

  3. «Memrise» портал

  4. «Udemy» сайт

  5. «edX» сайт

  6. «Coursera» сайт

  7. «Skillshare» сайт

  8. «Лекториум» сайт

  9. «Универсариум» сайт.





3.Пәннің тақырыптық жоспары
3.1 Дәрістің тақырыптық жоспары




Тақырыптар атауы

Қысқаша мазмұны

Сағат саны

I Бөлім. Қалың елім, қазағым

1

Абай шығармашылығы.

Абай мұрасының зерттелу жайы;  ақынның өмір жолы, туып-өскен ортасы мен әдеби мектебі, тәлім-тәрбиелік мәні зор қарасөздері, өлеңдері, аудармалары мен поэмалары, поэзияға қойған биік мақсаттары.  

2

2

Абайдың ақындық мектебі

Абай шығармашылығындағы тұлға болмысы, толық адам танымдарының идеялық-көркемдік ұстаным негізіндегі байламдарын байыпты бағдарлауға назар аударылады.

2

3

«Сегіз аяқ»

Абай шығармашылығы. «Сегіз аяқ» өлеңі.

Абайдың өз заманы, дәуірі және оның адамдары жайлы ой толғанысы, әлеуметті сынауы, халқын еңбекке үндеуі, өлеңнің ырғақтық, құрылымдық ерекшеліктері, өлеңде ақынның өзекжарды ойларын кестелі тілмен өрнектеуі, халықты мәдениет, прогрестік даму жолына бағыттаудағы идеялары қарастырылады



2

4

«Өлең-сөздің патшасы.«Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» өлеңі

Абайдың өз заманы, дәуірі және оның адамдары жайлы ой-толғанысы, әлеуметті сынауы, халқын еңбекке үндеуі, өлеңнің ырғақтық, құрылымдық ерекшеліктері, өлеңде ақынның өзекжарды ойларын кестелі тілмен өрнектеуі, халықты мәдениет, прогрестік даму жолына бағыттаудағы идеялары қарастырылады.

2

5

«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңі


Абайдың «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»

өлеңінде еңбекші халықтың мүддесі, ақынның өзі өмір сүрген қоғамның тарихи шындығы бейнеленген. Өлеңде заманның кемшілік, қайшылықтары сыналып, «Бас-басына би болған өңкей қиқым» деп, елдің сиқын бұзып жүрген мансабы жоғары шенеуніктердің психологиясы туралы тұжырымы, ұлттық мінез психология-сының көркем жинақталып, Абайдың адам жанының сырлары жөніндегі танымы өрнектелген.




2

6

«Лай суға май бітпес қой өткенге», «Болыс болдым, мінеки»өлеңдері.

Хакімнің «Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңі - үлкен үміт күткен баласы Әбдірахманның өліміне байланысты туған өлең. Қараңғылық шырмауына шатылған елдің надандығына ыза болған ақын жан наласына сырын қапысыз қабылдар, айтса түсінер, ақылдасса ой бөлісер сүйікті ұлынан айрылу қайғысы қосылып, «берген бе тәңірім саған өзге туыс» деп мұңдануы, ақын көңіл жайлауынан ел көшкендей болып құлазуынан Абайдың діні - ақылдың, сыншыл ойдың діні байқалады.


2

7


Он жетінші қарасөз. Отыз екінші қарасөз. Отыз үшінші қарасөз

А.Құнанбаевтың он жетінші қарасөзіндегі адамгершілік, имандылық, адалдық, парасаттылық, еңбекқорлық, қайырымдылық сияқты ізгі қасиеттер жайындағы ойлары, ақыл, қайрат, жүрек туралы философиялық ой түйін

А. Құнанбаевтың «Отыз екінші» қарасөзі

Отыз бірінші қарасөздің жалғасы іспеттес. Ғылымға шын құмарланбай, бақастық үшін шұғылданса, шала мейірмен ізденсе, нәтижесі де шала болатынына көз жеткізуі. Сондай-ақ адал еңбекпен тапқан, жетіліп алған білімді сақтау, құрметпен игеру керектігін, ғылыммен ақылды сақтайтын сауат мінез екенін баса көрсетуі. Білімді адам бір қызық үшін, не пайда табу үшін емес екендігін жеткізу, бүгінгі күннің өзекті мәселелерімен байланыстыра жеткізу.


2

8

«Масғұт» поэмасы

«Масғұт» поэмасы .Поэманың тақырыбы, идеялық-көркемдік маңызы, поэмадағы шығыстық сарындар, ақынның шығармасына арқау еткен адамгершілік идеясы, поэманың тәрбиелік мәні.

2

9

Эссе. «Абай

Құнанабайұлы қазақ халқының мақтанышы»



Өлеңдегі еңбекші халықтың мүддесі, ақынның өзі өмір сүрген қоғамның тарихи шындығын бейнелеуі, заманның кемшілік, қайшылықтарын сынауы.

2



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет